9. Кейіпкерлері кімдер? Кімні? ?мір жолы баяндалады?
Шы?армада?ы басты кейіпкер – ?айрош (?айыр?али Сма??лов) - ?мірде бол?ан адам.
?кесінен ерте айырыл?ан ?айыр?алиды анасы Би?айша ?зі ?сіріп, жастайынан білім алу?а ??штар оны? жолына еркіндік береді. Оралда о?ып, елге орал?ан ?айыр?али 1939 жылы ?скер ?атарына ша?ырылып, сол жа?тан Отанын жаудан ?ор?ау?а со?ыс?а аттанады. Ал 1943 жылы ?арашада Керчь т?біндегі майданда к?рсеткен ерен ерлігі ?шін ?.Сма??лов?а Ке?ес Ода?ыны? Батыры ата?ы беріледі. 1945 жылы елге оралады. ?міріні? со??ы к?ніне дейін жас ?рпа??а білім берген батыр а?а республикамызды? ?зге айма?тарында жазушы ?.М?сіреповті? "?аза? солдаты" романыны? бас кейіпкеріні? прототипі реті?де жастармен кездесіп, оларды? ж?ректерінде Отан?а деген с?йіспеншілік пен адамгершілік деген зор ?асиетті? ?ялауына себепкер болды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын, “Жаңа достар” әңгімесін оқып келу
1. Ғ.Мүсірепов кім?
2. Ғ.Мүсірепов қай жерде дүниеге келді?
3. Ғ.Мүсіреповтің сүйсініп тыңдап, жатқа айтқан жырлары?
4. Ғ.Мүсіреповтің қандай пьесалары бар?
5. Ірі романдарын ата.
6. Ғ.Мүсіреповтің қандай шығармаларымен таныстық?
7. Үзінді қандай романнан алынған?
8. Шығарма оқиғасы қай жерде болған?
9. Кейіпкерлері кімдер? Кімнің өмір жолы баяндалады?
Мұғалімнің қосымша мәліметі (түсіндірме күнделігі)
“Қазақ солдаты” романы – КСРО мен Германия соғысы жылдарын бейнелейтін, жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін тарихи шығарма.
Романнан алынған үзіндідегі оқиғаГурьевқаласында (қазіргі Атырау) болған.
Шығармадағы басты кейіпкер –Қайрош (Қайырғали Смағұлов)- өмірде болған адам.
Әкесінен ерте айырылған Қайырғалиды анасы Биғайша өзі өсіріп, жастайынан білім алуға құштар оның жолына еркіндік береді. Оралда оқып, елге оралған Қайырғали 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан Отанын жаудан қорғауға соғысқа аттанады. Ал 1943 жылы қарашада Керчь түбіндегі майданда көрсеткен ерен ерлігі үшін Қ.Смағұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1945 жылы елге оралады. Өмірінің соңғы күніне дейін жас ұрпаққа білім берген батыр аға республикамыздың өзге аймақтарында жазушы Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының бас кейіпкерінің прототипі ретіңде жастармен кездесіп, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік деген зор қасиеттің ұялауына себепкер болды.
(Қай кейіпкердің сөзі екенін табу)
-О, қасқаңның жатысын-ай!...
Мен әлі өліп көрген жоқпын! – дедім тайынғым келмей.
“Анау ағасы, мынау інісі екен...” деген ойдың келуі-ақ мұң екен, Айдаш есіме түсіп кетіп, жалғызсырай бастадым.
- Атың ат емес екен... Сендей жеке батырға түк лайығы жоқ...
- Өзі орысша- қазақшаға судай!
- Оқу керек! Адамның басы қарбыз емес.
- Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді, - деді Шегенге риза көзбен қарап.
- Е, сен қалай қаштың “дегдом” қуғанда?
- Шпана, бұзақылардың бірі болып жүре ме деп, жоламап едік. Ондайлар да болады. Олар бізге жолдас емес.
- Алтын жатса – алмаймыз.
I. Шығармадағы тілдің көркемдегіш құралдарын талдау:
1. Сөйлемдердегі фразеологизмдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
- Ар жағын білмеймін, тас болып қатып қалсам керек.
- Мен жасқанбауға бел байладым.
- Ересек бала бір қозғалыспен көз ілестірмей, шолақ шалбардысырғытып, жерге түсірді.
2. Шығармадағы мына сөздер тілдің қандай көркемдегіш құралына жатады:
Билегендей, бұзаудың көзіндей, бұлшық еттері болаттай, әміркен етіктің ұлтанындай.
3. Портрет дегеніміз не? Шығармада кімдердің портреттері суреттелген, тауып оқыңыз.
4. Кейіптеу дегеніміз не? Шығармадан кейіптеуді тауып оқы.
5.Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі
пейзаждеп аталады.
Балалар қандай жағдайда танысты?
Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарады деп ойлайсың?
Оған қандай қамқорлық жасады?
Шегеннің үш түрлі өсиеті.
(дәптермен жұмыс)
Қайрош
Шеген
Бораш
Осы үш баланың арасында қандай қарым-қатынас пайда болды?
- Сабақта қандай шығарманы талдадық?
- Кімнің шығармасы?
- Кейіпкерлер бейнесінен (Шеген, Бораш, Қайрош) өзіңе қандай үлгі алдың?
Ғабит Мүсірепов - ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға
Үйге тапсырма: “Менің достарым” тақырыбына шығарма жазу