kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жамбыл Жабаев. «?теген батыр» дастаны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Білімділік - айтыскер а?ын, Жамбылды? ?мірбаяны мен шы?армашылы?ын о?ытуда о?ушылар?а жан-жа?ты білім беру ?шін а?ынны? ту?ан хал?ына, оны? ?дебиетіне сі?ірген е?бегін таныту.
  2. Дамытушылы? о?ушыларды? ой-?рісін дамыту, ?дебиетті с?юге баулу, а?ын туралы ?осымша деректер келтіру ар?ылы п?нге ?ызы?ушылы?ын ояту.
  3. Т?рбиелікадамгершілікке, ?айырымдылы??а т?рбиелеу, а?ын ?мірін ?лгі ету, Отанын,?нерді с?юге баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жамбыл Жабаев. «?теген батыр» дастаны. »

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. «Өтеген батыр» дастаны.

Мақсаты:

  1. Білімділік - айтыскер ақын, Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан-жақты білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін таныту.

  2. Дамытушылық оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдебиетті сүюге баулу, ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын ояту.

  3. Тәрбиелікадамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, Отанын,өнерді сүюге баулу.

Түрі: Танымдық сабақ

Типі: Жаңа сабақты меңгеру

Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, интеративтік тақта, слайд.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих.



Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу.

-Түгендеу.

-Жұмылдыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1. “Сағындым”, “Балалық шақ”өлеңдерін жатқа сұрау.

2. “Білімдінің сөзі - ем”, “Балалық шағың – патшаның тағы” тақырыбына шағын эссе жазу.

3. Өлеңді талдау.

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

Қарашығым, құлыным!” деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.



  • Шумақ –

  • Тармақ –

  • Бунақ –

  • Буын –

  • Ұйқас -

қ – жауап.

  1. Мағжан кім?

  2. Мағжанның қайтпас, қайсар мінезін өзінің қай өлеңінен байқауға болады?

  3. “Сағындым” өлеңінде ақын нені, кімдерді сағынады?

  4. Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?

  5. “Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!” – деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Бүгінгі өтетініміз Жамбыл Жабаев. «Өтеген батыр» дастаны.

Менің өмірім

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей — көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан, –

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді.

Жамбыл Жабаевтің түрлі суреттері, қалаларда орнатылған ескерткіштері, ақынның өмірінің соңында тұрған үйінің суретін көрсетемін. Жамбылға арнап «Жамбыл» атты кино түсірілкенін және басты рөлде Шәкен Аймановтың ойнағанын айтыс суреттерін слайдтан көрсетемін.

Жамбылдың ұстазы Сүйінбай Аронұлының суретін көрсетемін.

Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бөктеріндегі Алматыға жақын Қарақыстақ ауылында 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты ақын жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастайынан жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған.

Ақын Қожахмет Тұрлыбайұлы бір өлеңінде:

Сүйінбай он жасында қалды жетім,

Жылаумен секпіл басқан екі бетін.

Жетімді жетілдіріп, жүйрік еткен

Алланың көрмеймісің құдіретін,

Сүйінбай – ХІХ ғасырдың 30- жылдарынан 80- жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын.

Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: «Осы шабысыңнан тайма! Өлең жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!» - деп бата береді. Жамбыл да :

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай!

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай!

Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл құйындай!

Екпінімі іліккен,

Кетер ме екен жығылмай.

деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.

ІV. Жамбылдың шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады:

  1. Байларды, халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайтын өлеңдері. Мысалы: “Сәт сайланарда”, “Мәңке”, “Шалтабайға”.

  2. Ұлы Отан Соғысы жылдарында жазылған өлең-жырлары. Мысалы: “Ленинградтық өренім”, “Аттандыру”,”Отан әмірі”, “Ата жаумен айқастық”, “Өмір мен өлім белдесті”.

  3. Айтыстары. Мысалы: Айкүміспен, Бұрым қызбен, Сарамен, Сарбаспен, Досмамбетпен, Құлмамбетпен, Шашубай және т. б

  4. Дастандары: “Өтеген Батыр”, “Сұраншы Батыр”

«Өтеген батыр» дастаны.

Өтеген батыр (1699-1773) – XVIII ғасырдың І-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1470 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар.

Өтеген батыр – ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйімбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.С.Смирнова, С.Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар.

V. Қорытынды:

1. Тест сұрақтары:

1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде. С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж. Көкшетау облысында.

2. Жамбылдың шығармасы.

А)``Сұраншы батыр`` В)``Қыс``

С)``Сағындым`` Д)``Жүйрігім``

3.Жамбылдың ұстазы кім еді?

А) Абай В) Тезек төре

С) Cүйінбай Д) Шашубай

5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді?

А) Білімге В) Еңбекке

С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.

6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?

А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында.

С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.

2. Бес қатар өлең жолын құрастыру

1. Зат есім (Жамбыл)

2.Сын есім (Талантты, әділ)

3.Етістік (Айтысады, жеткізеді, дәлелдейді)

4.Сөйлем құрау (Жамбыл- жыр алыбы)

5.Бір синоним (Ақын)

VІ. Оқушыларға үй тапсырмасын беру: Жамбыл Жабаевтың өмір жолын және «Өтеген батыр» дастанын оқу, мазмұндау.



VІІ. Оқушыларды бағалау.















  1. «Айтыс»- деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Айтыс – «айт» етістігінен туған зат есім өз мағынасымен алғанда «айтыс» екі кісінің сөйлеуі. «Ақынға қара сөзден өлең оңай» - дегендей, өлең сөзбен қақтығысу ең биік өнер.

  1. Айтыстың қандай түрлері бар?(блок, схема)

Оның 9 түрі бар. Олар: Бәдік айтысы, Салт айтысы, Өлі мен тірінің айтысы, Жар-жар айтысы,Қыз бен жігіт айтысы, Жұмбақ айтысы, Жануарлармен адам айтысы, Ақындар айтысы, Осы күнгі айтыс.

  1. Қазақ айтысының тарихында алатын өзіндік орны бар қандай ақындар бар?

Олар: Сүйінбай, Жамбыл, Біржан мен Сара, Мұхамеджан Тазабеков, Дәулет Кәпұлы, және т.б.















5.Осы сипаттардың бәрі Жамбылдың бойында толық болған.

6.Жамбыл кіммен айтысқаны( слайд)

Олар: Сарбас, Бұрым, Досмамбет, Құлмамбет, Сайқал, Айкүміс және т. б.

Жамбыл- айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңнің атақты ақындарымен айтысып, бірде бірінде жеңілмеген.

Топтау стратегиясы





1881 жылы



Мәтінмен жұмыс.

Айтыстан үзінді оқылады.

  1. Балалар осы айтыстағы Қарынбайдың сараңдар, т.б сөздердің мағынасын ойланайықшы.

  2. Құлмамбетке қандай сурет берер едіңдер?

  3. Оқушы мәтін бойынша өз ойын жазбаша білдіреді.



Бұл тақырып бойынша не белгілі еді?

1.Жамбыл Құлмамбет сияқты бір жақты, бір сарынды емес, ойлауы кең жөнді жауап береді.

2.Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік қасиеттерге сүйінеді.

3.Жамбыл өзінің руы- тайпасы көлемінде қалмай, бүкіл қазақ елінің Жонқайт, Бұқар жырау,Баита атты ақындарын ту қып көтеріп, олардың өзінің рухани қазынасы дейді.

4.Ақша қатынасы мен еңбекті жоғары қояды.

Осы күнгі ақындар айтысы мен Жамбыл заманындағы айтыстың ерекшелігіне тоқталу.

Мұхамеджан Тазабеков- айтыскер ақын. «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде бала Жамбылдың рөлін ойнаған.

Мұхамеджан: Жамбыл:

Уа, Мэлс, тектілікке сай Адамдықты айт, ерікті айт, батырықты

болайық, айт,

Бұл айтыс- шайқасатын Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

майдан анық, Қарынбайдай сараңдар толып жатыр.

Арғы атаң найза ұстаған Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт.

батыр еді.

Атқан оғы тиетін ойға

барып.

Үрнес- тірлес іріден сөйлесенші,

Әңгіме айтқан жан болмай шой-

ға барып,

Қайран біздің қазатың ұрпағы да,

Майшабақтай барады- ау майдала-

нып.

Осы өлең жолдарынан Мұхамеджан қарсыласын жеке емес, бүкіл қазақ жастарын мәртілікке, ірілікке шақыратын ой тастайды. Ал Жамбыл адамдық, батырлық, елдік жоқ жерде тірлік жоқ жерде адам мен мал басының көптігінде ешқандай қасиет болмайтынын дәлелді жеткізеді.

Қорытынды.

Венн диаграммасы.



Жамбыл Құлмамбет







Бағалау.

Үйге тапсырма: үзінді жаттау.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Жамбыл Жабаев. «?теген батыр» дастаны.

Автор: Азимжанова Жанатк?л Ж?ма??л?ызы

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 180917

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Жамбыл Жабаев « ?теген батыр» дастаны"
    ["seo_title"] => string(42) "zhambyl-zhabaiev-otieghien-batyr-dastany-1"
    ["file_id"] => string(6) "255642"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447955943"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Жамбыл Жабаев "?теген батыр" "
    ["seo_title"] => string(32) "zhambyl-zhabaiev-otieghien-batyr"
    ["file_id"] => string(6) "157764"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421651399"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ж. Жабаев 10 сынып "
    ["seo_title"] => string(20) "zh-zhabaiev-10-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "217999"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433566828"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Саба?ты? та?ырыбы: Жамбыл Жабаев. «?теген батыр» дастаны. "
    ["seo_title"] => string(60) "sabak-tyn-tak-yryby-zhambyl-zhabaiev-otieghien-batyr-dastany"
    ["file_id"] => string(6) "180889"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425274428"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства