Просмотр содержимого документа
«Қыздарға әсемдік жарасады»
Сабақтың тақырыбы:Қыздарға әсемдік жарасады Мақсаты: а) Білімділік:Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланы бойына сіңіре отырып сыпайылыққа, достық қарым-қатынасты қалыптастыруғаталғаммен киінуге, қыздарды сыйлауға, әсемділікке,сұлулыққа құштарлығын арттыру Ә) Тәрбиелік:Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, аналарға, қарындастарға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту. Көрнегілігі:қанатты сөздер
-Балалар,ыңғайланып отырып,көзімізді жұмамыз.Әсемдік,сұлулық деген сөздерді ести отырып,көз алдымызға сол әсем,сұлу нәрселерді елестетеміз.Ең алдымен табиғат сұлулығын соншалықты қараған сайын қарай бергің келеді.Ондағы сұлу нәзік гүлдерге,самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз.Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап,оның ұшар басына шыққымыз келіп кетті.Сол сәтте табиғат анамыз естіп тұрғандай,бізді әртүрлі түстермен әсем көрінетін кемпір қосаққа айналдырып,аспан аясына орналастырды.Қандай керемет!
Сол сияқты адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар,әдемілікті аңсайды.Сен жұлдызды аспанды тамашалап,әуеннің сазына елтиіп,бидің ырғағын сезін.Сол сәтте айналаңды мекендейтін тұрағын әдемілеп,сәндеуге болатынын білесің.Сенің өміріңді әсем ететін тағы бір күш-ол өнер.Адам сұлулықты табиғат арқылы,өнер арқылы сезіне отырып,өз өмірін сұлуландыру өз қолымызда екенін,сол себепті қолымыздан келгенше өмірімізді көркейтетін табиғатқа қамқор болу-әрқашан біздің жадымызда екенін естен шығармайық.Осы сұлулық пен әсемдікті,жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп,бұрынғы қалпымызға келейік.Көзімізді ашамыз.
Адамзат өс білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді,ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі.
«Отан отбасынан басталады» дейміз, ал біздің қалай өмір сүріп жатқанмыз әке-шешенің, ата-әженің,аға-інінің,апа-сіңлінің бір-біріне деген қарым-қатынасына тығыз байланысты.
Отанымыздың да, отбасымыздың да алтын бағасы-әйел адам, әйел-ана, ол да қыз болған. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі,кішіге үлгі болатындай,әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Міне, сондықтан анаға кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болу қажет. «Аяғына қарап асын іш,анасына қарап қызын ал» деген ата-бабамыздың асыл сөзі осының айғағындай.Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болу керек?Қыз-өмірдің қызғалдағы,қыздар-болашақ ана, бақыт-байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. «Тәлімді ана –тәрбиелі келін»атанады.Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты.Ішкі жан дүние-мінез-құлық.Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең,сыртқы бейнең қанша сұлу болып,әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды.
Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсін,керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы,мұғалімі жоқ па?»деген ойға қалады.Ерсі бояну да көңілге қолайсыз әсенр қалдырады.Көпшілік орындарда қаттыкүлу,қатты сөйлеу,мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу,ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөздер айтып,айғайлап сөйлеу өте ұят,өзімшіл,өркөкіректтікті көрсетеді.Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек.Үлкенді сыйлатын,кішіні сыйлайтын-жақсы қыз,өнегелі,тәрбиелі қыз.
Ақ жолға бастайтын 7 жетекші бар,осына бойына сіңіре білген,қалыптастыра білген адам-тәрбиелі адам.
Адамның басшысы-ақылы
Жетекшісі-талап
Жолаушысы-ой
Жолдасы-кәсіп
Қорғаны-сабыр
Қорғаушысы-мінез
Сынаушысы-халық
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін,жаза қадам баспауы үшін мынадай 10 талап қойған
Әдепті
Ар-ожданы пәк болу
Кеңпейіл кешірімді болу
Мейір-шапағатты болу
Ақыл-парасатты болу
Сабырлы-салмақты болу
Адал,ақ-жарқын болу
Моральды-мұратты болу
Өжет,батыл болу
Ұят намысты болу
Инабатты қыз өсіру ниетімен тиым сөздерді де пайдаланған, қызға 40 үйден тыйым болған:
Жарыса сөйлеуге
Жалғыз қыдыруға
Жыртақтап күлуге
Орынсыз ұрынуға
Басқаларға қол тигізуге
Сумаң қылыққа
Талтайып отыруға
Шалқайып жатуға
Тамақты обырлана асауға
Ұрлық-қарлыққа
Ұятты мүшелерін ашып жүруге
Көзімізді жұмып,бір сәт баяу музыканы тыңдап, әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды,ол оның мәні десекте қателеспейміз. Өйткені еңбек-адамды адам еткен болса,сұлулық –адам бойын қуаныш,әсем сезімге бөлей отырып сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Осы сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге түйіп алайық.Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.