kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселелер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Курста жүйелі түрде жүргізілген жұмыс түрлерін бағдарлама барысында көрсетіп, практикалық жолмен меңгертуге ұсыныстар берілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселелер»





"Қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселелер"атты элективтік курстың бағдарламасы

Қарағанды қаласы

№13 ЖББОМ КММ

Автор – құрастырушы

№13 ЖББОМ КММ-нің

қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Садихина А.Д

Элективтік курстың оқу бағдарламасы «Қазақ тілі курсының өзекті мәселелері»

(орыс сыныптарында 9 – сынып оқушыларына арналған, жалпы сағат саны – 17сағат)

Түсінік хат.

Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мәртебеге ие болуына байланысты білім беру саласында көптеген оң өзгерістер болып жатқаны баршамызға аян. Қазақстанның болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін орыс тілді мектептерінде қазақ тілі пәнінің маңызы өте жоғары екендігі күн тәртібінен түспейтіні, оның мәртебесінің биіктігі әрбір ұлтжанды қазақ азаматының жүрегіне түйген тұмары болуға тиіс.Ұсынылып отырған «Қазақ тілі курсының өзекті мәселелері»атты курс бағдарламасы тілдік ортаны қалыптастыру барысында кез болатын грамматикалық қиыншылықтардан шығу үшін қажет. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу, грамматиканы жете меңгеріп, тілдік жағдаяттарда дұрыс қолдана білу дағдысын қалыптастыруға арналған. Осы бағдарлама курсынан алған оқушылардың білімдері әрі қарай ортада қолданыс табуына өз септігін тигізеді. Курс жыл бойына 9 сынып оқушыларына арналып, аптасына 0,5сағаттан,17 сағат жүргізіледі. Бағдарлама құру барысында оқушылар мен ата аналардың ұсыныстары назарға алынды.





Курстың мақсаты:

- оқушылардың мемлекеттік тілде ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін өсіру, дұрыс сөйлеу, білім деңгейін тереңдету және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

- оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін ұштастыра отыра , олардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

- курста жүйелі түрде жүргізілген жұмыс түрлері оқушыларды қоршаған ортадағы қиыншылықтардан шығуға зор мүмкіндіктер туғызу, әрі практика барысында қолдан білу.

Бағдарламаның міндеттері:

1.Оқушылардың білім деңгейлерін тереңдете түсетін жаттығу жұмыстарын жүргізу.

2.Арнайы тақырыптар бойынша үйренген сөздік қорларын күнделікті өмірде ауызекі сөйлеуге арналған мәтін түрлерін дайындау.

3. Оқушылармен мектеп бағдарламасынан тыс жағдаяттар құру барысында,жүйелі грамматиканы дұрыс қолдану барысын қадағалау.

4.Ауызша білгендерін сауатты жаза білуге баулу.

5.Кез келген қоршаған ортада тілдік қатынасқа сауатты тіл байлығымен түсе алатындай жұмыс түрлерін орындату.

Танымдық бағыт

Білім беру арқылы тілдік материалдардың тіл жүйесіндегі орны, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білу қажеттілігін қалыптастыру көзделеді.

Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдауын, түсіну, ой қорыту әрекеттерін жетілдіру, танымдық белсенділіктерін күшейту бағытында жұмыс түрлері жүргізіледі.

Практикалық бағыт

Оқушының грамматикалық білім жүйесін қалыптастыру, уақытпен санаса отырып, нақты, ұтымды жауап беруді ұйымдастыру, ой-өрісін дамытатын зерттеулік, шығармашылық, іскерлік бағыттарында жұмыс түрлерін түрлендіру, білім алудағы жеке жауапкершілікті арттыру іске асады.

Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес элективтік курстың тақырыбын анықтау

Мемлекеттік тілде сөйлеумен бірге сауатты жаза білу – оқу процесінің өзекті мәселелерінің бірі болып отырғандықтан, сабақ барысында жүргізілген жұмыс түрлеріне берілген уақыт аздық етіп отыр. Сондықтан қосымша жүргізілген элективті курстар арқылы, грамматикалық жаттығуларды пысықтауға болады. Оқушылар онда алған білімдерін сабақ барысында толық қолдануларына болады. Сондықтан осы бағдарлама орыс сыныптарында мемлекеттік тілде сауатты сөйлей отыра, сауатты жазуға өз қосар үлесі мол деген сенімдеміз.

Жалпы оқу процесінің сипаттамасы, әдістері, жұмыстың түрлері

Пәнді оқыту жұмысы тақырыптың принципке негізделіп, коммуникативті бағытта функционалды – жүйелік әдісті қолдану негізінде, орыс тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыру жолымен іске асады. Бағдарлама бойынша берілген тақырыптың қайсы болса да мәтін деп алынып, тіл дамыту жұмыстарының барлық түрлері жүргізіледі. Яғни мәтінді тыңдау, оны оқу; сауатты жазу; сөздік жұмыстарын жүргізу; сұраққа жауап әдісімен диалогтар құрастыру; ережелерді түсіндіру,грамматикалық жаттығуларды жүргізу; тыныс белгілерімен жұмыс істеу; тест сұрақтарына жауап беру,т.б..

Сөйлем құрату, грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы. Ғылым мен техниканың жылдан жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты шәкірттерге дәріс беруде жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білімін көтеруде үлкен әсер етіп отыр.

Жаңатехнологиялардықолдану:

- Деңгейлепоқытутехнологиясы (Ж. Қараев);

- Ұжымдықоқытутехнологиясы;

- Интерактивтікжәнекомпьютерліктехнологиялар;

- Жазужәнеоқуарқылыоқушылардың сын тұрғысынанойлауындамыту.

Тәсілдер: электрондық оқулықтар, презентациялар, интернет, ақпараткөздері, тесттер.

2. Мазмұны.

«Қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселелер» курсы орыс сыныптарында мемлекеттік тілді меңгерту сабақтарының, яғни практикалық қазақтілі сабақтарының заңды жалғасы ретінде қарастырылып, бір-бірімен байланысқан, бірізді әдістемелік жолмен меңгеріледі.

Яғни, 9-сынып оқушылары мемлекеттік тілді қатынас құралы ретінде игере отыра,сауатты жаза білулері де керек. Екінші тілді оқытудағы принциптердің бір-екіжақты іс-әрекетін негізге алу. Бұл принцип бойынша оқытушы сабақта тек білім беріп қана қоймай, сол білімді оқушылардан оларды сабаққа белсене қатыстыру арқылы “қайтарып” алып отырады. Яғни оқушы сабақта материалды меңгергенін, тілдік іс-әрекет әдісі арқылы көрсетіп отырады. Курс барысында жан-жақты ұйымдастырылған жұмыстар арқылы оқушылар сауатты жазып, үйреніп қана қоймай, сөздік қорлары молайып, тілге деген құрметтері арта түседі.

Курс бағдарламасы:

Тақырып№1.Фонетика-4сағат

Дыбыстардың жіктелуі мен буын түрлеріне тоқтала отыра,сөздерді буынға бөле білуді, дұрыс тасымалдау жолдары түсіндіріледі.Үндестік заңын буын үндестігі мен дыбыс үндестігінің сақталу жолдарын білу.Ықпалдың түрлерін, орфография мен орфоэпиялық заңдылықтарды қадағалау, оқушылар жазба, ауызша жұмыс барысында дұрыс орындау үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу. Диалог пен монолог барысында осы заңдылықтардың дұрыс қолдану барысын қадағалау.

Тақырып№2.Лексика-3сағат

Сөз және мағына, сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажырата білу оны мәтін арасында тапқызып,талдау жүргізу. Көп мағыналы сөздер, омонимдер, синонимдер, антонимдерді үйрете отыра, жұмыс барысында дұрыс қолдана білу, грамматикалық жолдарын үйрету.Тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер,сөздік құрамды дұрыс қолдана білу мен оларды сөйлем арасынан тапқызу, жұмыс түрлерінде қолдану.

Тақырып№3.Морфология-4сағат

Сөз таптарына талдау жасата отыра, олардың жасалу жолдарын,құрылымын,түрленуін,тәуелдену,жіктелу,септелу,зат есімнің мағыналық түрлерін,жалпы есім мен жалқы есім, сын есімнің мағыналық топтарын, жасалу,сын есім шырайларын жасау, оны сөйлем барысында қолдану жолдарын көрсету,есімдіктің мағыналық түрлері мен етістіктің дара және күрделі,болымды және болымсыз етістіктерді,сабақты және салт етістіктер,үстеу мен шылаудың сөйлеу барысында қолдану жолдарын түсіндіру.

Тақырып№4.Синтаксис-6сағат

Сөз және сөз тіркестері, сөздердің байланысу тәсілдері,байланысу түрлері,сөйлем мүшелерін түсіндіру, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері, жай сөйлемнің түрлері,құрмалас сөйлемнің түрлерін сөйлем барысында талдатып, синтаксис жұмыстарын жүргізу. Оқушылармен сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мен тұрлаусыз мүшелерін ажырата алатындай жаттығу жұмыстары жүргізіледі.






















ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

11 сынып

Тақырыбы

Сағат саны


Мерзімі

1

Дыбыстардың жіктелуі





2

Буын





3

Үндестік заңы





4


Ықпалдың түрлері




5

Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы





6

Омоним,синоним,антонимдер





7

Кірме сөздер





8

Түбір және қосымша





9

Негізгі және туынды сөздер





10

Сөз таптары





11

Үстеу. Шылау сөздер.





12

Жай сөйлемнің түрлері





13

Құрмалас сөйлем





14

Сөйлем мүшелері





15

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері





16

Оқшау сөздер





17

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем




Оқушы нені білуі тиіс:

• қазақ тілінің фонетикасын, үндестік заңын, оларды сөйлемде дұрыс қолдану;

• лексиканы, сөздіктердің түрлерін, атқаратын қызметін білу;

• етістіктердің жасалу жолын ;

• есімдіктің түрлерін, жасалу жолын;

• етістіктіңболымсызтүрініңжасалуын;

• етістікшақтарыныңжасалужолын ;

• есімшеніңжұрнақтарындұрысқолдану;

• көсемшеніңжасалужолдарын;

• етістүрлерінажырату;

• шылаусөздердіңтүрлерін, олардықолдану;

• жалғаулардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін;

• қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасын;

Оқушы нені үйренуі тиіс:

• өзара сөйлесу;

• мемлекеттік тілге қатысты мәліметті әңгімелеуді;

• деңгейлік тапсырмалар негізінде сауатты жазуға;

• қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасының ерекшеліктерін;

• тілдік тәсілдерді,стильдік құрылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйрену, дағдылану;

3.Курстың нәтижесі:

Курсты бітірген оқушылар келешекте мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, грамматикалық тұрғыдан сауатты,қоршаған ортадамемлекеттік тілде қатынасқа түсе алатындай дәрежеге жету.

Олар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.

4.Методикалық-ақпараттық бөлімі.

Оқушылардың диагностикалық оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:тест жұмысы.

Оқушы сынақ алады (баға “4”-тен төмен болмау керек) келесі шарттар бойынша: міндетті жұмыстардың орындалуы 3-тен кем болмау, тапсырмаларды уақытында тапсыру, мұғалім ұсынған стандарттық талап бойынша жұмыстарды әзірлеу.

Қосымша ұпайлар төменгі шарттар бойынша қойылады:

• міндеттітапсырмаларданбасқаөзіндіксапалыорындағантапсырмаға;

• Интернет-технологиялардықолдану;

• өзжұмысыбойыншапрезентацияныорындау

Пәнаралықкіріктіру:

- орыстілі;

- қазақтілі.

5. Қолданатын әдебиеттер тізімі.

1. Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова “Қазақ орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы”. Келешек-2030, Көкшетау. 2007 ж.

2. С.Исаев, Г.Нуркина. Сопоставительная типология казахского и русского языков. А., 1996 г..

3. Б. Қапасова. Оқушыанықтамасы. Қазақтілі. 5-11 сыныптар. “Арман-ПВ” баспасы, 2004 ж.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілін оқытудағы өзекті мәселелер

Автор: Садихина Алмагуль Дюсенбаевна

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359810

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Педагогикалы? ?ызметті? ?зекті м?селелері ж?не шешу жолдары "
    ["seo_title"] => string(74) "piedaghoghikalyk-k-yzmiettin-oziekti-m-sielielieri-zh-nie-shieshu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "147776"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419493958"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Баяндама «Дінтану негіздері курсын о?ытуды? ?зекті м?селелері» "
    ["seo_title"] => string(69) "baiandama-dintanu-nieghizdieri-kursyn-ok-ytudyn-oziekti-m-sielielieri"
    ["file_id"] => string(6) "218875"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1433939155"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "?аза? тілін о?ытуды? т?рбиелік негіздері "
    ["seo_title"] => string(46) "k-azak-tilin-ok-ytudyn-t-rbiielik-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "194679"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427802313"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Математиканы оқытудың өзекті мәселелері."
    ["seo_title"] => string(45) "matiematikany_ok_ytudyn_oziekti_m_sielielieri"
    ["file_id"] => string(6) "414420"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494492291"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(249) "Баяндама "ИННОВАЦИЯЛЫ? ?ДІСТЕР МЕН О?ЫТУДЫ? А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН ДАМЫТУ" "
    ["seo_title"] => string(157) "baiandama-innovatsiialyk-distier-mien-ok-ytudyn-ak-parattyk-tiekhnologiialaryn-k-azak-tili-sabag-ynda-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "168187"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423205372"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства