kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама «Дінтану негіздері курсын о?ытуды? ?зекті м?селелері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Дінтану негіздері курсын о?ытуды? ?зекті м?селелері»

Курсты енгізуді? ма?саты: О?ушыларды? діни т?сінік ?а?идаларын ?алыптастыру, жас жеткіншекті ?ауіпті діни бірлестіктерді? ы?палынан ?ор?ау, оларды? экстремистік ж?не террористік іс-?рекеттерге ?осылып кетуінен са?тандыру. Т?пкі ма?сат – елімізде ?алыптас?ан рухани тынышты? пен ынтыма?ты са?тап, одан ?рі дамыту.

Курсты енгізуді? міндеттері:

негізгі діндер мен конфессияларды? пайда болу тарихынан ж?не оларды? ?азіргі таралуынан ма?л?мат беру;

дінні? м?ні, аны?тамасы, шы?уы тегі, ??рылымы, жіктелуі мен т?рлерін о?ытуды? ерекшеліктерін зерделеу;
о?ушылар?а діндерді? д?ниетанымды? ж?не психологиялы?–педагогикалы? негіздері ашып к?рсету;

о?ушыларды? діни салауаттылы?ын к?теру ар?ылы оларды? рухани-адамгершілік ?асиеттерін дамыту;

ой-?рісіне, сана-сезіміне залалды діни а?ымдарды ажыратып, оларды? таратылуына ?арсы т?ру ?абілеттерін жастарды? бойында ?алыптастыру;

діни сипатта?ы т?збеушілікке негізделген кез келген с?з бен істі логикалы? тере? ?арастырып, ж?йелі талдай білу ж?не т?пкі теріс ниетін аны?тау;

ел  Президентіні? ?лемде бейбітшілік пен конфессияаралы? келісім орнату аясында?ы ролін ай?ындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама «Дінтану негіздері курсын о?ытуды? ?зекті м?селелері» »

Тақырыбы: «Дінтану негіздері курсын оқытудың өзекті мәселелері»

Курсты енгізудің мақсаты: Оқушылардың діни түсінік қағидаларын қалыптастыру, жас жеткіншекті қауіпті діни бірлестіктердің ықпалынан қорғау, олардың экстремистік және террористік іс-әрекеттерге қосылып кетуінен сақтандыру. Түпкі мақсат – елімізде қалыптасқан рухани тыныштық пен ынтымақты сақтап, одан әрі дамыту.


Курсты енгізудің міндеттері:

негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі таралуынан мағлұмат беру;

діннің мәні, анықтамасы, шығуы тегі, құрылымы, жіктелуі мен түрлерін оқытудың ерекшеліктерін зерделеу;
оқушыларға діндердің дүниетанымдық және психологиялық–педагогикалық негіздері ашып көрсету;

оқушылардың діни салауаттылығын көтеру арқылы олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;

ой-өрісіне, сана-сезіміне залалды діни ағымдарды ажыратып, олардың таратылуына қарсы тұру қабілеттерін жастардың бойында қалыптастыру;

діни сипаттағы төзбеушілікке негізделген кез келген сөз бен істі логикалық терең қарастырып, жүйелі талдай білу және түпкі теріс ниетін анықтау;

ел Президентінің әлемде бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату аясындағы ролін айқындау.


Пәнаралық байланыс:

  • Дінтану курстарының тақырыптарына байланысты пәндер тізімін жасау керек.

  • Бағдарламадағы материалдарды зерделеуде тарихпен, тіл және әдебиетпен, географиямен, физикамен, бейнелеу өнерімен пәнаралық байланыстардың болуы ескерілуі тиіс.



Сабақтың түрлері:

Дінтану негіздері оқулықтары акдемиялық стильде баяндалады, оны оқушы өздігінен оқып түсініп кетуі оңай емес, сондықтан оқушылар жұмысын ұйымдастырудың мынадай әртүрлі формалары мен өзгеше сабақтарды қолданып өткізумен қол жеткізуге болады: “сұрақ-жауап”, “пікірталас сабақ”, “ойды қозғау”, “әңгімелесу”, “сипаттау және бейнелеу” ғылыми-практикалық конференция, мектеп спектаклі, мини-жоба қорғау, «СТО технологиясы», тірек-сызбалар, кестелер қолдану.

Курсты оқытудың өзектілігі:
Тәуелсіздік жылдары Отандық қоғамдық ғылымдарда, оның ішінде тарих ғылымында да дінтану бағытында өзгерістер мен жаңарулар қалыптасты. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы діни, мәдени тәжірибелер бұл бағыттағы өзгерістер легіне Қазақстан қоғамының теориялық және әдіснамалық жағынан әлі жеткілікті дайын еместігін, «біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғанын» көрсетті. Бұл, әсіресе, діннің сыртқы атрибуттарына басым бағыт беріліп, оның ішкі шынайы мазмұнын игерудегі іркілістерден көрінеді. Жаңадан жүздеген мешіттер, діни бірлестік-басқармалар, мекемелер, арнайы оқу орындары ашылғанымен діни құндылықтарды толыққанды игеруде сәйкессіздіктер туындап отырғанын да атап өткен жөн. Мәселенің күрделілігі сондай, кейде мектептер мен арнайы орта оқу орындарындағы кейбір ұстаздар мен тәрбиешілердің өзі қарапайым діни ұғымдар мен анықтамаларды ажырата алмайтын болып шықты. Мысалы «дін» мен «конфессия» ұғымдарын ажырата алмау, сондай-ақ қазақтардың ислам дінінің қай ағым-тармағына жататындығын анау-мынау емес, зиялылардың кейбір өкілдерінің есеп бере алмау жағдайлары да кездесіп отырғаны жасырын емес.
Қазақстан билігі елдегі діни ахуалды мемлекеттік тұрғыда реттеуде аз жұмыс атқарған жоқ. Оның бірден бір көріністері ХХІ ғасырдың басында Астана қаласында әлемдік дәстүрлі діндердің үш бірдей конгресінің өтуі. Әлемдік дәстүрлі діндердің І құрылтайы 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде, ІІ құрылтайы 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде, ІІІ құрылтай 2009 жылы 1-2 шілдеде өткізілді. Сьездерде әртүрлі әлемдік ресми діндер мен конфессиялардың жоғарғы басшылары қазіргі заманғы діни үдерістердің барысын талқылап, өркениеттердің арасындағы халықаралық бейбітшілікті сақтаудағы әлемдік діңдердің жауапкершілігіне айрықша мән беріп, діни экстремизмнің кез келген көріністерін айыптады. Католик шіркеуі басшысы Рим папасының тұнғыш рет Қазақстанға келіп литургия өткізуі де, біздің еліміздің осы бағытта атқарып жатқан сындарлы саясатының жемісі. Бұл, әсіресе, 130 дан астам ұлттар мекендейтін Қазақстан үшін өзекті.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 22 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы» деп аталатын № 353 бұйрығының маңызы ерекше. Осы оқу жылынан бастап, елімізде «Дінтану» сабағының мектеп бағдарламасына енгізілуі, мектеп мұғалімдері үшін аса жауапты сәттердің бірі болды. Өкінішке қарай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз. Мамансыз дінтану пәнін жүргізу – ең үлкен қателік. Егер де оқушылардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе, оның дүниетанымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз. Республика бойынша «Дінтану негіздері» пәнін жүргізетін мұғалімдерге курстар ұйымдастырылып, сертификаттар берілді. Осы мұғалімдерге тағы да курстар көптеп ұйымдастыру бүгінгі күннің талабы. Сонымен қатар «Дінтану негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы қиындық туғызады.

Мұның барлығы мәселені стратегиялық тұрғыдан шешудегі маңызды іс-шаралар. Алайда, жаңа дінтану пәнінің еңгізілуі, алғашқы оқулықтардың төңірегіндегі қызу айтыс-тартыстардың туындағанын да біз қалыпты қабылдауға үйренуіміз қажет. Дискуссияның барысы жаңа пәнді оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілерінің өзектілігіне арналды, келелі пікірлер білдірілді. Олар негізінен жаңа пәнді оқытудың практикалық мәселелеріне арналды және пәнді оқыту тарих пәні мұғалімдеріне жүктелген дұрыс деген пікір айтылды. 2009 жылы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің жетекшілігімен құрастырылған «Дінтану негіздері» атты оқулық ұсынылып, аталған оқулық сан рет толықтыра отырып, бас-аяғы 11 мәрте сараптамадан өтпей, ақыры арнайы сараптау комиссиясымен «оқу құралы» ретінде бекітіледі. Ал БАҚ беттерінде Ғарифолла Есім құрастырған «Дінтану негіздері» оқулығының мектеп оқушыларының түсінігіне өте ауыр болып келетіні және тым ғылыми әрі монографиялық сарынға ие екені жазылып жатты. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігіне профессор Досай Кенжетайұлының жетекшілігімен құрастырылған «Дінтану» оқулығы сараптамаға ұсынылады. Сараптамадан өткен бұл оқулықты Білім министрлігі де бекітеді.

Бүгінде мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге руханияттылықтың тек дінмен өлшенбейтіндігін ұғындыру және діннің ғылымға қарағанда өте күрделі мәселемен айналысатындығын, ұғындыру айрықша өзекті. Қазақстан республикасында «Дінтану» пәнінің оқытыла бастауы – ұстаздар қауымынан зор жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі жаһандану заманында жастар үшін күресте, демек, еліміздің болашағы үшін күресте, ұстаздар қауымы өз тұғырынан табылуы тиіс.
Қазіргі Қазақстанның саясаты әлемде бейбітшілік пен конфессиялық келісім, рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталған. Бұл поликонфессиялық, полиэтникалық жағдай қазақстандық қоғамда өзекті тақырып. Діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған жасампаздық тәжірибесін жастарға беру — бүкілхалықтық қажеттілікке айналды.

Қазақ халқының әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкәрім, Ы. Алтынсарин сияқты ойшылдары мен ағартушылары өз еңбектерінде адамның ішкі жан дүниесінің қыр-сырын ұғуда, оның қоршаған табиғи және қоғамдық ортамен үйлесімді дамуында, рухани-адамгершілік биік қасиеттерге ие болуында діннің тәрбиелік әлеуетінің аса мол екендігін ашып көрсетті.

Діни ұғымдардың даму тарихы Қазақстан мәдениетінің дамуына және өркендеуіне едәуір әсерін тигізді. «Дінтану негіздері» бағдарламасының басты мақсаты — жастар бойында жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру.

Жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Бүгін жұртшылық арасында діннің беделі артуда, діни нанымдар мен діни бірлестіктердің саны өсуде. Бұл өсімді жастар құрап отыр. Біз конфессиялық сан алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі санаулы елдің біріміз. Қазақ халқы діни көзқарасы терең, діни мәдениеті жоғары ұлттардың қатарына жатады. Тек осы дәстүрді бүгінгі уақыттың ерекшеліктеріне сай тереңдете білуге тиіспіз. Себебі, дін – жоғалтуға болмайтын рухани қазына. Ал әлемдік және ұлттық дәстүрлі діндер тарихын танып-білу жастарымызға, тіпті, шетелдерді былай қойғанда, тек өзіміздің Қазақстанды мекен ететін көптеген этностардың рухани құлшыныстарының, олардың адамгершілік мүдде-мақсаттарының ортақтығын біліп-түсінуге көмектесетіні анық.

Кез келген дәстүрлі діннің діттегені – күллі адамзат арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті уағыздау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «өзара сыйластық пен түсіністік, өзгелердің кие тұтқан құндылықтарына құрметпен қарау – адамдар арасындағы бауырмашылдықтың, сүйіспеншілік пен тыныштықтың және төзімділіктің басты шарты саналады» деп салиқалы сөз айтқан еді.

Бабаларымыз ұстанған асыл дініміз –исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. Бүгінде имандылыққа бет бұрған жастарды мешіттерден жиі көруімізге болады. Бұл, әрине қуантарлық жағдай. Бірақ сол жас азаматтарымыздың діни санасы мен діни білімдері қалыптасқан ба? Мәселе осында. Тек қана хадистер мен уағыздарды жаттап алған жастарымыздың діни білімдері бар деп айта аламыз ба? Пайғамбарымыз «Дін мен білім бірге жүреді» деген екен. Білімі бар адамның иманы болары сөзсіз. Сондықтан, мектеп қабырғасындағы оқушылар арасында дінтану және құқық сабақтары жүйелі өткізіліп, тиісті органдардың қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуі тиіс.

Соңғы жылдардағы алыс-жақын мемлекеттердегі лаңкестік оқиғалар мен діни экстремизмнің көріністері өз елімізде қандастарымыздың, әсіресе оның ішінде жастарымыздың өзге дінге өту көріністері мен экстремистік парақшалардың көптеп таратылуы біздің аймақ үшін жан-жақты назар аударуды қажет ететін мәселеге айналып отыр. Сонымен бірге, айта кететін тағы бір жайт, жастардың шетел теологиялық оқу орындарына заңсыз кетуі. Бұл жағдайдың қоғамымыздың дінге бет бұрып, халықтың діни білім алуға деген талпынысынан туындап отырғаны белгілі. Жастардың теологиялық оқу орындарына кетуіне білім алудың толығымен шетелдік медреселер есебінен қаржыландырылатындығы, олардың елге келген соң жергілікті діни ұйымдарға жұмысқа орналасу мүмкіншілігі болатындығы себепші болуда. Онда білім алып жатқан қазақстандықтардың лаңкестік және экстремистік ұйымдардың ықпалына түсу қаупі де жоқ емес. Олар елге оралған соң жастарды тек араб тіліне үйретіп қана қоймай, ислам дінінің басқа діндерге қарағанда үстемдігі туралы экстремистік идеологияны насихаттауы да ықтимал.

Соңғы жылдары отандастарымыздың, әсіресе, жастардың рухани дамуына кері әсері бар әртүрлі жағдайларды байқаймыз. Мәселен, бұл ретте жарнама мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамгершілік құндылықтың, ар мен ұяттың аяққа тапталуын айтуға болады. Сонымен қатар, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне теріс әсерін тигізіп жатқан кейбір теледидар хабарларының қатерге айналғанын баршамыз біліп отырмыз. Зиянды ойындардың, адамның есін шығарар есірткі мен ішкіліктің теледидар арқылы көп насихатталуы жастардың өз Отаны мен отбасына, дініне, салт-дәстүріне деген көзқарастарын өзгертіп жатқанын жасыра алмаймыз. Бүгінгі жастардың ой-өрісі мен талпынысы, салт-дәстүріне деген көзқарастары әрқилы. Осы тұрғыда олар жалпыадамзаттық мәңгілік рухани адамгершілік құндылықтарды бірінші кезекке қоя білсе, ұтылмас еді. Онсыз тұлға толыққанды қалыптаса алмайды. Жастар бойындағы жаман қылықтарға қарсы иммунитет – дін, рухани адамгершілік және моральдық ұғымдар. Діни тәрбие адам бойындағы ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятады. Дін адамды төзімділікке, бөтен ойларға кеңдікпен қарауға үйретеді. Бұл, әсіресе, көп дінді, көп этносты Қазақстанда өте маңызды.

Осындай тәрбие болмаған жағдайда қылмыс, экстремизм, төзімсіздік, дінаралық, ұлтаралық алауыздық пен текетірес секілді құбылыстар көрініс табуы ықтимал. Осындай құбылыстардың болуын қалайтын, елдегі ахуалдың тұрақсыздануы үшін қолынан келгенін аямайтын күштердің де бар екені жасырын емес. Арнайы діни білімнің болмауы, шала сауаттылық та экстремизмге әкеліп соқтырады. Жастарға шынайы діни білім беріп, олардың білім көкжиегін кеңейтіп, адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалану, сондай-ақ дін мен мектептерді шебер байланыстыру нүктелерін дұрыс таба білу, бүгінгі заманда оң нәтиже берері сөзсіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоғам, мемлекет және дін қызметкерлері жастарды дұрыс тәрбиелеуде күш біріктірсе ғана көздеген мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын болады.

Жастардың иманды, дінге жақын болғаны, күнәсіз таза өмірге ұмтылғаны жақсы әрине. Алайда, олардың бірқатары білімнің таяздығынан адастырушылардың соңына еріп, фанатизмге бой ұрып, тіптен сойқаншыл лаңкестердің қолшоқпарына, құрбандығына айналып кетіп жатады.

2011 жылы Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Дін істері департаменті құрылды. Сондай-ақ сол жылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңы қабылданды. Осыған байланысты Дін істері департаменті, білім беру бөлімдері оқушылар арасында діни экстремизмнің алдын-алу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуде. Оқушыларға адамгершілік, имандылық, патриоттық, құқықтық, толеранттық тәрбие беру күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Сондықтан бұндай бірлескен жұмыстар одан әрі өзінің жалғасын табады.

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулеттің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары.

Бүгінгі Қазақстан халқы рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру салтын қалыптастыру жолында екендігі баршаға мәлім. Бұл жолда мақсатқа жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғары деңгейі болып табылатын толеранттылық қасиетімізді сақтай білуіміз қажет. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал, мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді. Қазақстан Республикасы – түрлі конфессиялардың мекені. Әрбір конфессияның өзіне тән діни білім қоры бар. Соны пайдаланып кәдеге жарату үшін қоғам өмірінде діни білім беру жүйесін қалыптастыру қажет. Қоғамымыздың бүгінгі басты мәселелерінің бірі – еліміздегі түрлі діндерді ұстанушылар арасында экстремистік көзқарастардың орын алуына жол бермеу. Бұл жастардың рухани білім алуы арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін. Жастардың рухани білім алуын діндер де, мемлекет те, қоғам да әрқашан қолдаған. Елімізге келген әр түрлі секталар жат түсініктері мен пиғылдарын халық санасына, әсіресе жастар санасына сіңіруге бар күшін жұмсауда. Сондықтан мектептерде оқушыларды секталардың шырмауынан сақтау мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілуде. «Дінтану негіздері» пәнінің тек мектеп бағдарламасына емес, сонымен бірге еліміздің барлық оқу орындарының жоспарына енетін болса, қоғамымыздың мәдени және әлеуметтік өміріндегі тәрбиесінің айнымас негізі қаланар еді. «Дінтану» пәнін оқыту азаматтарға діни құндылықтардың маңыздылығын үйретіп қана қоймай, оларға құрметпен қарауға, қоғамымыздың мәдени әрі әлеуметтік көріністеріне түсіністік таныту сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде, басқа да оқу орындарында жастарға толерантылық тәрбие беру, діни экстремизмнің алдын-алу, түрлі секталардан сақтандыру іс-шараларының жүргізілуі және «Дінтану» пәнін оқыту арқылы діни идеялар мұхитында өз жолын адаспай таба білетін азамат тәрбиеленеді.

Қазақстанда халықаралық, дінаралық келісім, өзара татулық пен сыйластық ежелден қалыптасқан үрдіс. Аллаға сансыз шүкір, бұл құдай тағаланың Қазақстан Халқына нәсіп еткен ұлы сыйы, нығметі, әрі біздің ата-бабамыздан қалған құнды мұра. Осындай үлкен қазынаның қадіріне жетіп, оны сақтап, молайту – перзенттік борышымыз.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Н.Назарбаев. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Астана. 2008ж, 31 бет.

  2. Әбсаттар Қажы Дербісәлі. Ислам және заман. Алматы. 2003ж.

  3. Н.Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана. 2007 ж.

  4. Байтенова Н, Затов Қ, Рысбекова Ш, Бейсенов Б, Борбасова Қ, Құрманалиева А, Мейрбаев Б. Қазақстандағы діндер. Алматы. 2008 ж.









5




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама «Дінтану негіздері курсын о?ытуды? ?зекті м?селелері»

Автор: Каиркулова Анар Самигуллиевна

Дата: 10.06.2015

Номер свидетельства: 218875


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства