2.Үй жұмысын тексеру. Сәбит Дөнентаевтың қысқаша өмірбаянын сұрау.
«Ой» фельетоны
3.Жаңа сабақ: С.Сейфуллиннің өмір жолына тоқталу
Мағынаны тану. Ой қозғау.
С.Сейфуллин кім?
С.Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.
1894ж-Қарашілікте дүниеге келді.
1905ж-Нілді орыс-қазақ мектебіне түсті(Өспен ауылы)
1913ж-Омбы семинариясына түсті.
1916ж-Бұғалы мектебін ашты.
1922ж-«Асау тұлпар» өлеңдер жинағы шықты.
1926ж-Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленді.
1938ж-С.Сейфуллин өмірден өтті.
1.Оқушыларға С. Сейфуллин және оның мұражайы туралы қысқаша бейнероликті тыңдату.
Ойларын жинақтап кластер құру.
«Далада» өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.
1922ж- «Асау тұлпар» өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңі.
2 Ой толғау:
1 — қатарға — өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтып беру. 2 — қатарға — өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салып, сол өлең жолдарын оқып беру. 3 — қатарға — табиғат туралы төрт жол өлең құрастыру.
3 Өлеңді талдау: «Далада» өлеңі
1.Авторы: С.Сейфуллин 1894 — 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: жастарға мақсат, арман- тілектерге жетер жолында аянбай,
тынбай күресу
Жанр түрі: Лирика (арнау- жарлай арнау)
Идеясы: Жастар арқылы еркіндікке, теңдікке қол жеткізуі
Өлеңнің түйіні: өмірде қалыс қалмай, әрқашан тек биікте самғаңдар!
4 Шығармашылық тапсырмалар:
Жастар деп отырғанымыз кімдер?
Сәкен неге жастарға сенім артып отыр?
Сәкен өмір сүрген заман мен қазіргі заман қандай?
Қазіргі заман жастары мен бұрыңғы кезең жастарын салыстырайық
Ол үшін білім алуымыз керек!
5 Жастарға арналған мақал- мәтелдер айтайық
6 «Далада» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
4 Сабақты бекіту: қорытынды тест
Мен бірнеше сөйлемдер оқимын, олар дұрыс немесе бұрыс болуы мүмкін, менің ойыммен келіссеңдер + келіспесеңдер- деген таңба қойылады.
С.Сейфуллин Сарыарқаның даласында Қарағанды облысында туған. 2. Оның «Өткен күндер» өлеңдер жинағы 1894 жылы Қазан қаласында басылып шықты. 3. Сәкеннің шын аты — Сырымбет. 4. С.Сейфуллин 1916 жылы Омбыда оқытушылар семинариясын аяқтайды. 5. Оның «Далада» өлеңінің негізгі тақырыбы — бостандық. 6. Өлеңде жас баладай — теңеу болады. 7. С.Сейфуллиннің поэмалары: «Далада», «Аққудың айрылуы», «Қызыл ат»