kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С.Сейфуллин "Далада " ?лені

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы:  С.Сейфуллин  «Далада».

Саба?ты?  ма?саты:
Білімділік:
С.Сейфуллин ?мірбаяны мен шы?армашылы?ын таныту,  жа?а ма?л?маттар  алуына жа?дай  ту?ызу, ?ле?ді теориялы?  жа?ынан  талдай  білуге  ?йрету;
Дамытушылы?:
Алашты?  арда?ты  азаматтары  а?са?ан  халы??а  адал  ?ызмет  ету  ?абілетіні?  дамуына,  ?з  бетінше  талдау  ж?мыстарына  машы?танып, т?йінді  ой, ?зіндік  пікір  ?алыптастыруына  жол  ашу;
Т?рбиелік:  Елімізді?  т?уелсіздігі т?ра?ты  болуы  ?шін  к?ресе  алатын  білімді  ?рпа?  т?рбиелеу.
Саба?ты?  ?діс – т?сілі:  с?ра? – жауап,  т?сіндіру,  ?дебиет теориясымен  ж?мыс,   СТО.
К?рнекілігі:  С.Сейфуллин  портреті, электронды  к?й  дискісі,   интерактивті  та?та,  асау  т?лпар.                                                                           Саба?ты? формасы: топты? ж?мыс                                                                     Саба?ты? ?дісі: сыни т?р?ысынан ойлау, о?у мен жазуды дамыту.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С.Сейфуллин "Далада " ?лені »

Сабақтың  тақырыбы:  С.Сейфуллин  «Далада».

Сабақтың  мақсаты:
Білімділік:
С.Сейфуллин өмірбаяны мен шығармашылығын таныту,  жаңа мағлұматтар  алуына жағдай  туғызу, өлеңді теориялық  жағынан  талдай  білуге  үйрету;
Дамытушылық:
Алаштың  ардақты  азаматтары  аңсаған  халыққа  адал  қызмет  ету  қабілетінің  дамуына,  өз  бетінше  талдау  жұмыстарына  машықтанып, түйінді  ой, өзіндік  пікір  қалыптастыруына  жол  ашу;
Тәрбиелік:  Еліміздің  тәуелсіздігі тұрақты  болуы  үшін  күресе  алатын  білімді  ұрпақ  тәрбиелеу.
Сабақтың  әдіс – тәсілі:  сұрақ – жауап,  түсіндіру,  әдебиет теориясымен  жұмыс,   СТО.
Көрнекілігі:  С.Сейфуллин  портреті, электронды  күй  дискісі,   интерактивті  тақта,  асау  тұлпар. Сабақтың формасы: топтық жұмыс Сабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау, оқу мен жазуды дамыту.
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі.
а)  Оқушылардың  сәлемдесуі,  түгендеу.
ә)  Оқушы  зейінін  өлең  жолдарымен  сабаққа  аудару.
"Ғибрат алар артыңа іс қалдырған, Шын бақыт, Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!" деп Шәкәрім ақын жырлағандай артына, кейінгі ұрпаққа ғибрат аларлықтай іс қалдырған қоғам қайраткері, дарынды ақын, жазушы, қазақ әдебиетінде орны ерекше біртуар тұлға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналады. Сыныпты үш топқа бөлеміз."Баяндаушылар","Зерттеушілер","Ақындар" Қызығушылықты ояту.Психологиялық дайындық (көңіл-күй дайындығы) Үш топ бір-біріне жылы лебіз білдіреді.(1мин) Әр топ өз басшыларын сайлайды. Ой қозғау. Үй тапсырмасын сұрау.Мағжанның "Қазақ тілі" өлеңін жаттап келу . Мағынаны тану."Баяндаушылар "тобы С.Сейфуллиннің өмірбаянын дайындап келу тапсырылған.

Интерактивті  тақтадан  С.Сейфуллиннің  өміріне  байланысты  хронологиялық  кесте  бойынша  түсінік  берді.  Сәкен  Сейфуллин  - ақын,  қоғам  қайраткері,  драматург,  жазушы,  ұстаз,  зерттеуші.
1894 ж.  Қарашілікте  дүниеге келді.
1905 ж. Нілді  өзен  орыс – қазақ   мектебіне  түсті.
1913 ж. Омбы  семинариясына  қабылданды.
1916 ж. Бұғалы  мектебін  ашты.
1922 ж. «Асау  тұлпар»  өлеңдер  жинағы  шықты.
1926 ж. Гүлбаһрам  Батырбекқызына  үйленді.
1936 ж.  Еңбек  Қызыл  Ту  орднеімен  марапатталды.
1938 ж. С.Сейфуллин  өмірден  өтті. "Әдебиетшілер" тобына арнау өлең туралы мәлімен әкелу тапсырылған.
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты. "Зерттеушілер" тобына төрт түліктің бірі - жылқы туралы зерттеп келу тапсырылған. Жылқы иесі-Қамбар ата. Жылқы сійкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Қымызы пайдалы. Ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды. Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген. Жаңа сабақ. Бүгінгі танысатынымыз «Абайдың  інілері,  қазақтың  ірілері – Сәкен,  Ілияс, Бейімбет»  деп  ақын  жырлағандай, бүгінгі  сабағымызда  Үш  бәйтерегіміздің  бірі – Сәкен  Сейфуллиннің   1922  жылы  жарық  көрген  «Асау  тұлпар» кітабының  алғашқы  бетіне  арнау  түрінде  жазылған   «Далада»  өлеңімен  танысамыз.  Бұл  өлең  жинақпен  сабақтас  сағынды  кең  дала,  еркіндікті   аңсау,  жастарға  арнау  деген  3  бөлімнен  тұрады.  Осы  арнау  жинақтың  негізгі  идеясын  ашады.  «Сарыарқа»  күйі  ойналып  тұрады.  Дала  суреттері  слайдпен  көрсетіледі.  Оқушыларға  мұғалім  төмендегі  өлеңді  мәнерлеп  оқып  беріп,  көз  алдарына  нені  елестете  алғанын  сұрайды.
Есіп  кеп,  майда  желдер  таудан  асып,
Құшақтап  аймалайды,  амандасып.
Естіген,  көрген – білген сырын  маған
Айтысты  қуанысып,  сыбырласып.
...Күлімдеп  гүл  шашақтар  басын  иді,
Құшақтап  майда  ескек  жел  беттен  сүйді:
Қуаныш  сырын  айтқан  ғашығындай, 
Ескектің  көкірегіме  лебі  тиді.
Оқулықпен  жұмыс.  Өлеңді  бірнеше  оқушы  оқулықтан  мәнерлеп  оқиды.  Интерактивті  тақтадан  аттың,  ат  үстінде  ән  салған  баланың  және  Сарыарқаның  сағымды  кең  даласы  туралы  суреттер  көрсетіліп,  оқушылардың  қандай  ой  түйгендерін  айтқызамын.
Интерактивті  тақтада  жетекші  тапсырмалар  жазулы  тұрады.
1.Асау  тұлпар  мен  кең  дала  дуэті
2.Асау  тұлпар  арыны
3.Асауға  мінген  ақын
4.Ақынның  салған  әні
5.Ақын  әніне қосылған  табиғат
6.Жастарға  аманат
Мұғалім  жаңа сабақты  өзі  түйіндеп береді.  Біз  ақын  Сәкеннің  поэзия  тілімен  салған  суретін  көз  алдымызға  елестетеміз.  Алты  жасар  тұлпар  мен  кең  дала  дуэті, табиғат  көрінісі.  Сол далада  арындап  шапқан  асау  тұлпар  арыны,  асауға  мінген ақын сипаты. Ақынның  кеудесін  мақтаныш  сезімі  кернеп  кең  дала  төсінде  салған  әнінің  құдіретіне  бүкіл  табиғат  қосылып  үндесуі.  Ең  соңында  автордың ел  болашағы  жастарға  тапсырған  аманаты.  Міне,  ақынды  толғандырған, өлеңіне  арқау  болған  мәселелер  осылар. – Аманатты жастар  ақтай ала  ма? – деген  сұраққа  жауап  беретін   сендерсіңдер.  

Кесте толтыру

Өлеңнен алған әсерім

Менің пікірім





Дәптермен  жұмыс.  Өлеңнен  теңеулерді  1 – ші топқа, риторикалық  сұраулы  сөйлемдерді 2- ші  топқа тапқызыпр  дәптерлеріне  жазғызу.
Теңеу:
Танаулары  шелектей,
Ырсылдап  демі  көріктей,
Көздері  оттай,  өріктей.

Риторикалық  сұраулы  сөйлемдер:
Өрге  қарай  орғыса,
Өр  не  қылмақ  асауға?
Желге  қарай  орғыса,
Жел  не  қылмақ  асауға?
«Ой  түю»  стратегиясы:     Сұраққа  жауап  беру
1.Қазақстан  Республикасы  1991  жылы  не  алды? (Тәуелсіздік)
2.Қалай  келді? ( Күреспен)
3.Не  үшін  күресті  ( Әділдік,  егемендік, тәуелсіздік)
4.Нені  қалайды? ( Жасампаздықтың  жарқын  жолын,  бейбітшілікті,  ынтымақтастықты,  келісімді.)
5.Бұл  қандай  күн?  ( Азаматтықтың  ақ  таңын  атырған  күн)
6.Нені  білуің  керек?  ( Бостандықтың   бағасын,  еркіндіктің  қадір – қасиетін)
Бағалау.
Үй  тапсырмасы.  Мәнерлеп  оқып,  көңілге  түйгендеріңді  мазмұндап  жазыңдар.
Қорытынды. «Саржайлау»  әні  орындалады. Жайлау, Сарыарқа, дала, суреттері  көрсетіледі.























































6 сынып Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт».
Сабақтың білімділік мақсаты: А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен, тілші, әдебиетші, көсемсөз шебері, ақын және аудармашылығын таныту; «Қара бұлт» мысалының мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларға өз ойын ашық айтуға көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп, рөлге бөліп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру.
Тәрбиелік мақсаты: автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.
Көрнекіліктер: Ахмет портреті, аударма өлеңінен үзінді, шығармалар жинағы.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: мотивациялық, танымдық сабағы
Сабақтың формасы: топтық жұмыс
Сабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау, оқу мен жазуды дамыту.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс, шетел әдебиеті, география.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың мақсаты және эпиграфымен таныстыру.
«Ғибрат алар артыңа іс қалдырған,
Шын бақыт,
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!» деп Шәкәрім ақын жырлағандай артына, кейінгі ұрпаққа ғибрат аларлықтай іс қалдырған, қазақ тілі емлесі мен әдебиет қағидаларының негізін салушы ғалым, қоғам қайраткері, мысалшы, дарынды ақын, қазақ әдебиетінде орны ерекше біртуар тұлға Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығына арналады.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
Балалар суретке назар аударыңдаршы. Суретте не бейнеленген? (қара бұлт) Қара бұлт біздің көңіл - күйімізге қандай әсер береді? (көңіліміз жабырқаңқы болады) Ендеше бүгінгі сабағымыздағы барлық тапсырманы орындап, қөңілімізге жақсы ауа райын орнатайық.
Сыныпты үш топқа бөлеміз: «Баяндаушылар», «Зерттеушілер», «Ақындар».
Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық(көңіл-күй дайындығы).
Үш топ бір - біріне жылы лебіз білдіреді. (1мин)
Әр топ өз басшыларын сайлайды. Топ басшысы өз тобының жауап берген оқушыларының «Бағалау парағына» баға қойып отырады.

Ой қозғау. Үй тапсырмасын сұрау. Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін жаттап келу.
Мағынаны тану. Ыбырай, Абай, Шоқандар салған ағартушылы - демократтық бағытты жалғастырушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянын «Баяндаушылар» тобы дайындап келу тапсырылған.
Интерактивті тақта арқылы өмірбаян деректерін толықтыру.
1) 1872жылы дүниеге келді; 2) 1891 жылы орыс - қазақ мектебін бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 - 1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде оқытушы және қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
1909 жылы 1 шілдеде Семей қаласының түрмесіне жабылып, қазақ болыстарынан тыс жеріне жер аударылды. Ағартушылық қызметінен қол үзбей, 1934 жылға дейін айдауда жүреді. 1937жылы 8 желтоқсанында атылады.
Шығармашылығына шолу бейнесюжет арқылы жасалады. Соның ішіндегі «40мысал» кітабына тоқталып, мысал жанрын талдау.
«Зерттеушілер» тобына мысал жанры туралы мәлімет жинақтап әкелу.
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс,, балық өсімдік дүниесі, кейде адам да қатыстырылады.
Мысалда қулық – түлкі бейнесімен, зорлық, зомбылық - арыстан бейнесі, қастандық – қасқыр бейнесі арқылы адам бойындағы жағымсыз қылықтар тұспалдап көрсетіледі. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі болады.

- Мысал дегеніміз не? Мысал жанрының даму тарихын зерттеп келген «Зерттеушілер» тобына сөз кезегін береміз.
- Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті шағын көркем шығарма.
Грецияда - Эзоп
Франция - Лафонтен
Англия - Томас Мур
Германия - Х. Геммерт
Орыс әдебиетінде - В. Трерановский, Кантемир, А. Сумароков, И. В. Крылов.
Қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытқан - Абай, Ыбырай, Ә. Бөкейханов, С. Көбеев, С. Дөнентаев, А. Тоқмағамбетов.
Уағыздап нақтылап айту тәсілі жоғалмай, халықтың мақалдарымен, нақыл сөздерімен ұштастырады.
«Әдебиетшілер» тобы:
- А. Байтұрсынов мысалдарда қазақтың әлеуметтік өмірінің шындық жақтарын бейнеледі және ғибраттары мол.
Аллегория - (грекше «пернелеп айту») деп мысал өлеңіндегі құбылуды айтады. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады.
Мысалда қулық - түлкі бейнесі, зорлық - арыстан, қастық - қасқыр бейнесінде берілген.
- (Бір мысалды жатқа оқу) 5 - сыныпта А. Байтұрсыновтың қандай шығармаларымен таныстыңдар? (Аққу, шортан һәм шаян, «Балықшы мен балық», «Өгіз бен бақа».
«Аққу, шортан һәм шаян»
Мысалын еске түсіріңдерші Ақын нені айтқысы келді? Ақын аудара келе өзінің жанынан қандай жолдарды қосты?
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Жаңа сабақ. Бүгінгі танысатын мысалымыз А. Байтұрсыновтың «Қара бұлт» өлеңі.
1. Сөздік жұмысын жүргіземін
Аптап - өте ыстық, көк - аспан, құр - жәй, пәрменінше - бар күшімен, қайран қалу - таңқалу, қайыр - пайда.
Жалпы география пәнінен бұлт туралы не білесіңдер? Оның табиғаттағы маңызы туралы айтып кету.

2. Электрондық оқулықтан мәтінді тыңдату.
Миға шабуыл.
Өлеңде не туралы айтылғаны жөнінде, қандай кейіпкерлер қатысқанын сұраймын.(Бұлт, шаруалар, қурап тұрған егін)

2«Баяндаушылар» тобына тапсырма. Әр шумағын оқыта отырып мазмұнын аштырамын. Өз сөздерімен мазмұнын баяндап береді.
Ұлылар үндестігі. Мақтаншақтық туралы айтқызып, Абайдың қай шығармасында айтылатынын ойға түсіру.

3«Зерттеушілер» тобы. Рөлге бөліп сахналандыру. Екі оқушы: бірі - тау, екіншісі - автор.
4. «Әдебиетшілер» тобы: Поэтикалық талдау жасау.(Шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратып, көркемдегіш тәсілдерін мәтіннен табу. Бұлттай – теңеу, әпитет, кейіптеу)
Мәтінді тағы бір мәрте мәнерлеп оқыту. Сұрақтарға жауап:
1) Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?
2) Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?
Жаңа сабақты бекіту.

ІҮ. «Венн диаграммасы»
БҰЛТ адам ТАУ
ойындағы қасиеттер
● Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
● Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Бұлт қандай бейне?
● Тау қандай бейне?
● Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?
Бұл мысалда ғибрат алар қай шумақ? Оқыту.
Егерде сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге.
Венн диаграммасы арқылы Тау бойындағы, бұлт бойындағы қасиеттерді тапқызып, таудың, бұлттың мінез - құлықтарын ашқызу. Адам бойындағы қасиеттермен, өмірмен байланыстыра айтқызу.
Ақын мысалындағы байлық үшін, мансап үшін, жақсылығы өз басынан артылмаған, сусап, құрғап тұрған егінге тамбай, онсыз да суы көп теңізге барып бар пәрменінше жаңбырын құя салған қара бұлтты адам бойындағы қандай қасиетке теңер едіңдер?
«Дәптермен жұмыс» мәтіннен синоним, антоним сөздерін теріп жазу.
Синоним - тамбау, жаумау; пайда, қайыр;
Антоним - жаумай - құя салу;

«ҮІІ. «Ой қорыту» (пікіралысу)
- Қайырымдылық деген не?
Қазіргі заманда қайырымдылық керек немесе керек емес.
С. А. Назарбаеваның фотосуретін көрсетіп, «Бөбек» қайырымдылық қоры туралы айтып кету.

ҮІІІ. «Топтастыру» стратегиясы (топтық жұмыс)

Түйін:
Адам - өмірге қонақ.
Мақсат - бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, қайырымды, адал өмір сүру.
ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма: 1. «Қара бұлт» өлеңін жаттау
2. Тақырыптық сурет салып келу.
3. «Анама хат» өлеңін талдап келу.





































К Қазақ әдебиеті

( 6 «б» сынып )



Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?»

өлеңдерін оқыту



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерінің мазмұнын ұғындыра отырып ақынның өршіл де жігерлі бейнесін таныту.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ойлау, пайымдау

қабілеттерін дамыту, әдеби – теориялық білімдерін шыңдау.

Мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды өз ана тілінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге,

жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі



Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту



Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Блумның сұрақ қою өлшемі» әдісінің II кезеңі,

ойға шабуыл, ойландыру, талдау.



Сабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаевтың портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, «Жұмабаевтар әулетінің шежіресі» кесте.



Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу

ә) Кезекшілермен жұмыс

б) Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар қою.

«Мен – қазақ », «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдерінің мазмұнын сұрау

«Мен – қазақ» өлеңін жатқа сұрау





3. Жаңа сабақ

- Балалар, бүгін біз сендермен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз.

Таныспас бұрын осы жерлес ақын жайында кім не біледі?

( Оқушылардың ойын білу )

- Өте жақсы. Олай болса интерактивті тақтаға назар аударайық.

Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Мағжан Жұмабаевтың өмірімен танысу.

( Қысқаша конспект жасап алу )

Электрондық оқулықта берілген М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

«Блумның сұрақ қою өлшемі»

Білім бойынша: Өлеңнің негізгі тақырыбы не?

Түсіну: Ақынды толғандырған тіл тағдыры екеніне көз жеткіз

Қолдану: Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?

Талдау: Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін

дәлелдеп көріңдер.

Жинақтау: Мемлекеттік тіл туралы сұхбат жүргізу.

Баға: Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті?

- Өте жақсы, ал енді тілге байланысты мақал – мәтел айтып көрейікші.

( Айтылған мақал – мәтелдерін талдатып, мағынасын ашу)



Балалар М.Жұмабаевтың келесі өлеңі «Мен кім?» деп аталады.

Электрондық оқулықта берілген М.Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Балалар, өлеңде Мағжан өзін кімге балаған?



«Мен кім?» өлеңі бойынша ойға шабуыл

нұр теңіз





жолбарыс арыстан





жерде - жел көкте - бұлт





тұлпар жалын



күн



-Неліктен ақын өзін осылай бйнеледі еп ойлайсыңдар?

- Ал, сендер, өздеріңді кімге немесе неге балар едіңдер? Не себепті?

-Бұл өлеңде ақынның лирикалық қаһарманы кім?



Интерактивті тақтаға назар аударту. Электрондық оқулық бойынша «Әдеби-теориялық ұғымдар» модулінен метафора, эпитет туралы мәліметті тыңдау, дәптерге жазу, қайталап тыңдау.

«Қазақ тілі» мен «Мен кім?» өлеңдерінен көркемдеуіш құралдарды тапқызу, дәлелдеу, дәптерлеріне жазғызу.

Электронды оқулықтан интерактивті тапсырманың №7 (2) орындау.



Сабақты қорыту:

«Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сабақты қорыту.

Үйге тапсырма:

1. Ұнаған өлеңді жаттау

2. «Бабам тілі – мәңгілік» атты тақырыпта ойтолғау немесе эссе жазу



ері қайту

Сабақтың тақырыбы: Әбу Сәрсенбаев «Сен, құрметте оны, қарағым», «Туған жер» өлеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұнын меңгерте отырып, лирикалық мәніне тоқталу;

ІІІ. Сабақтың міндеті: б) Өлең тақырыбы мен идеясын ұғындыру

т) Оқушыларды туған елді сүюге, қорғауға тәрбиелеу

д) Оқушыларды өлең мазмұнын аша білуге, тіліне, көркемдігіне талдай білуге дағдыландыру;

ІҮ. Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Ү. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

ҮІ. Әдісі: Сөз әдісі, түсіндірмелі, баяндау, сұрақ-жауап.

ҮІІ. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)

2) Үй тапсырмасын сұрау: а) Ғ. Мүсірепов "Жапон балладасы" (мазмұны)

Шолу сұрақтар: а) Әңгіме неше бөлімнен тұрады?

ә) Неліктен "Жапон балладасы" деп аталған?

б) Бөлімдерін ата.

в) "Арқаның әңгімесінде" не айтылады?

г) "Көздің әңгімесі" не туралы?

д) "Тастың әңгімесі не жайында?

е) Баллада туралы тоқталу.

Актуалдау; -Жақсы, балалар, сонымен әңгімеден қандай әсер алдыңдар? Жапон халқы қандай халық? Осындай атом бомбасынан қаншама адам зардап шекті? Қаншама адам мүгедек болып қалды? Ал адамдар қандай жағдайларда мүгедектікке ұшырауы мүмкін?

- Соғыста

- Зілзалада

- Табиғат зардаптары , Су тасқыны, өрт кездерінде

- Олай болса, біз бүгін Ұлы Отан соғысынан елін қорғап, мүгедек болып оралған соғыс ардагері туралы жазылған Әбу Сәрсенбаевтың "Сен құрметте оны, қарағым" өлеңімен танысамыз.

Жаңа сабақ: Әбу Сәрсенбаев "Сен құрметте оны, қарағым"

(Өлеңді мәнерлеп оқып шығу)

1) Өлеңде не туралы айтылған?

2) ІІ дүние жүзілік соғыс туралы не білесіңдер, ақын сөзін кімдерге арнаған?

3) Соғыс мүгедектерін көргенде сендердің бойларыңды қандай сезім билейді?

Дамыту: Жоспар

1. Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

2. Денесін оқ пәршелесе де

Ел намысын қорғап қалды.

3. Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолда аяғын.

- Жақсы, балалар, Ұлы Отан Соғысы қай жылдары болғанын білесіңдер ме?

- Бұл кезеңдегі батырлардан кімдерді білесіңдер?

- Олар біздің келешегіміз үшін күресті. Осы тәуелсіздік жолында еліміз тағы қандай қиындық кезеңдерді бастан кешірді? Желтоқсан ерлерінен кімдерді білесіңдер?

-Балалар, биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойладық. Ал сол тәуелсіздік бізге оңайлықпен келді ме?

- Біз бұл тәуелсіздікке ата-бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің төгілген қанымен, аққан терімен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен қол жеткізген елміз.

- Қан майданда шайқасқан талай ерлеріміз, ең болмаса сүйегіміз туған жер топырағына жетсе деп, майданға кетерде"бір уыс топырақты" ақ орамалға түйіп алып кеткен еді.

Туған жер дегенде тебіренбейтін көңіл, бұлқынбайтын жүрек бола ма? Әбу Сәрсенбав та өзі майдан даласында жүрсе де, туған еліне арнап "Туған жер" өлеңін шығарған болатын.

Туған жер.

а) Туған жер топырағы

ә) Қайда жүрсем, өзің тұрдың есімде

б) Сен — ұлысың, адам — сенің жемісің

в) Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер. Өлең кімге арналған?

Лирика — ақынның сезімін, көңіл-күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр ғып шертетін өлең.

-Бұл өлең қандай ұйқаспен жазылған?

-Неше шумақтан тұрады?

- Неше буынды өлең?

Бекіту:

І қатар: "Отан ұшін отқа түс, күймейсің" (ой-толғау)

ІІ қатар: " Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер " (ой-толғау)

ІІІ қатар: «Мен үлгілі боламын ба» (ой-толғау)

Үлкенді сыйлай аламын ба? (шығарма)

Қорыту: Иә, балалар, туған жерді қастерлеу, Отанды сүю, үлкенді сыйлау, кемтарға күлмеу — біздің ата-бабамызда бар қасиеттер. Олай болса, Б. Момышұлы айтқандай: "Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет! Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет" сөзін санамызда берік ұстауымыз қажет.

Үйге тапсырма:

1) Өлеңдерді жаттау

2) "Жан жылуы" бағдарламасы туралы өз ойың

3) "Шұғылалы Шалқар" тақырыбында өлең, шағын әңгіме жазу.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

Ақпаратпен бөлісу:
  • Google

  • Facebook

  • Печать

Похожее

Ілиястың «Ағынды менің Ақсуым» өлеңі (7-сынып)

В "Қазақ әдебиеті"

М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы Павловка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлегенова Бахытгүл Бекентайқызы Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу. Сол арқылы алдын ала берілген тапсырма бойынша Түркістан қаласының тарихы туралы оқушылардың әдеби, тарихи тұрғыдағы өзіндік зерттеу…

В "Қазақ әдебиеті"

ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВТІҢ «АНА» ӨЛЕҢІ

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы Ақай ауылы 99 орта мектеп  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кулмурзаева Газиза Касымовна   ТӨЛЕГЕН   АЙБЕРГЕНОВТІҢ   «АНА»  ӨЛЕҢІ Сабақтың мақсаты: білімділік - ақын өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, өлеңді оқыта отырып, идеялық мазмұнын ұғындыру; тәрбиелік - өлең арқылы аналарын сүюге, құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу; дамытушылық - өлеңді…

В "Филология"

tagged with Қазақ әдебиеті

  • Қазақ әдебиеті

ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Начало формы

Конец формы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С.Сейфуллин "Далада " ?лені

Автор: Казбекова Нурсулу Сабитовна

Дата: 27.01.2015

Номер свидетельства: 162449


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства