Сабақтың ортасы 20 мин 10 мин 5 минут | «ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай» «Көшпенділер» фильмінен үзінді. 1. 1723 жылы - Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне ұрыс бастайды. 2. 1726 жылы - Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар жеңіледі. 3. 1749жылы - әр түрлі бағыттағы дипломатиялық қарым – қатынастар жасалады. Сонымен Абылай хан XVIII ғасырдың 30 жылдары ішінде Қазақ хандығын басқарған мемлекет қайраткері, халықаралық саясатта дипломат. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 - 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгермен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерлерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Абылай хан хандыққа 25 жасында келіп, 48 жыл абыроймен басқарады. Тапсырма «Ментальды карта» әзірлеу (Бейнежазба барысында) б) Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы. Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», т.б. Биік тауға жарасар «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасайды. Адам өмірінің кезең – кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда» т.б.жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді. Сонымен бірге елді бірлікке шақыру идеясы да аңғарылады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істерін жырлағаның көреміз. Қырық беске келгенде, Жақсы мен жаман демедің Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының Атының басын бір кезеңге тіредің,- дейді. Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырай әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді. Алайда, жырау ханның барлық іс-әрекет, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қостай бермеген. Үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі келелі кеңеске көнбеген тұста ол ханды аяусыз сынап, ашы шындықты бетке айтып отырған, Бұл тұста біз жыраудың көрші орыс елімен соғысуды ойлаған Абылайға тоқтау айтып, болашағы зор елмен тату-дос болуға шақырғанын көреміз. Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі, әр өлеңінде тақырып пен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір-бірімен сабақтасып жатқан үлгі өнегеге толы жырлар екенін көреміз..Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Жыраудың толғауларынан асқақ қаһармандық рухтың лебі Тапсырма І топ Абылай хан – тарихи ұлы тұлға ІІ топ Абылай хан бейнесі - Бұқар жыраудың шығармалары ізімен ІІІ топ Бұқар және Абылай арасындағы байланыс 2. Сөздікпен жұмыс: Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау. Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Боғдыхан - Қытай императорының моңғол тіліндегі атауы. Стелла – ескерткіш құлпытас. Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі. Ақын - өз жанынан өлең шығаратын сөз шебері а) Кубизм ойыны (сұрақ - жауап) оқушыларға кубик беріледі, кубикті ортаға тастап түскен саны бойынша сұраққа жауап беруі тиіс. 1.(жасыл түс жағы) Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері. 2.(қызыл түс жағы) Абылайдың ішкі саясаты. 3.(көк түс жағы) Абылайдың Ресеймен қарым –қатынасы. 4.(сары түс жағы) Қазақ – жоңғар қатынастыр 5.(қара түс жағы) Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі. 6.(қоңыр түс жағы) Абылайдың қазақ тарихында алатын орны «Қос жазба» күнделігі | https://www.youtube.com/watch?v=sTY0HtaC-Mk https://www.zharar.com/kz/olen/9846-abylay_khan.html |