Білімділік: Колледжде білім алып жатқан жас жеткіншектердің бойына патриоттық сезімді насихаттап, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөнінде білімдерін жетілдіру;
Тәрбиелік: жас жеткіншектерге ақын-жазушы, ғалымдардың ақыл да нақыл сөздерін сіңірте отырып, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге, ұлттың қамын жейтұғын дарынды да ынталы жастарды тәрбиелеу;
Дамытушылық: «Жігіт сұлтаны - 2017» сайысы арқылы білім алып жатқан ұландардың бейімділігін анықтау және шығармашылыққа баулу. Сайыс барысында серілеріміздің сөз мәнерін, тіл шеберлігін, сахна мәдениетін сақтау, ой өрісін дамыту, сегіз қырлы бір сырлы болып бой түзеуіне жол көрсету. Мәдениет ордасына айналған қарт Семейдің төрінде білім нәрімен сусындап жүрген серілеріміздің азаматтық құндылықтары мен жігіттік саналарын дамытуға үлес қосу.
Сайыстың шарттары:
Әрбір қатысушы төменде көрсетілген алты кезеңге толық қатысуы қажет:
А) «Мен Алаштың ұлымын!» атты алғашқы кезеңде сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтулері қажет. Берілетін уақыт 4 минут;
Ә) «Білімді мыңды жығар» атты келесі кезеңімізде серілеріміз қазақстан тарихы және салт-дәстүрге байланысты қойылатын сұрақтарға тиянақты, толық әрі нақты түрде жауап бере білулері шарт. Берілетін уақыт 2 минут;
Б) «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнер) бұл кезеңде сайысқа қатысушы серілеріміз өз өнерін көрсетулері керек. Атап айтқанда, ән айту, би билеу, пародия көрсету, қолөнер туындысын қорғау, т.б. Берілетін уақыт – 4минут;
В) «Батамен ел көгерер» (бата беру)- атты кезеңде сайысқа қатысушы сері жігіттер бата беру дәстүрін паш етіп, қазақтың бай ауыз әдебиетіне жиылған көрерменді тәнті етулері қажет. Берілетін уақыт – 3 минут.
Г) «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталатын бесінші кезеңде сері жігіттеріміз қазақ әдебиетінің кең көлемін қамтитын бай ауыз әдебиетіміздегі батырлар жырынан сахыналық қойылым қойып, өздері жанына жақын көрген кез-келген бір батырдың бейнесіне еніп, рөл сомдаулары қажет. Берілетін уақыт 4 минут.
Ғ) Күш атасын танымас (спорттық сайыс) атты соңғы кезеңде сайысқа қатысушы серілеріміз сахнада 16 килограмдық гір тасын бір қолмен көтеру қажет.
(Би орындалады)
(«Жігіт сұлтаны - 2017» бейне ролик жүргізіледі)
1 жүргізуші
Амандасу барша сөздің мәнін берген
Имансыз айтылмайды әнім төрден
Армысыздар әдеппен сәлем бердім
Ізет етіп қазақтай танымды елге!
2 жүргізуші
Бармысыздар Семейдің сабырлы елі
Самалымен жазылған сыр хаттары
Тарихын тасқа жазған түркілердің
Қазақтай қайсар ұлттың ұрпақтары!
1 жүргізуші:
Өмір деген сынақ пенен бақыттан Жаратылған зымыраған уақыттан Ерің болса тіреп жүрген жаныңда Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан
2 жүргізуші:
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
1жүргізуші:
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуін «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше бақыт санаған.
2-жүргізуші:
Иа, дұрыс айтасың. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
1-жүргізуші:
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
2-жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
1-жүргізуші:
Нағыз қайсар жігітті,
2-жүргізуші: Нағыз бұлбұл жігітті,
1-жүргізуші: Нағыз дүлдүл жігітті,
Бірге:
Анықтайтын кез келді!
2 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық! Ата жолын жалғамақ Ел дәстүрін қолдамақ Ел намысын қорғамақ. Ұлдар шықсын ортаға, Бүгін сері атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны - 2017» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды зор қошеметпен шақырайық!
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Сәлем бердік сіздерге төрағалар,
Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.
Бісмілләмен бастасақ бұл сайысты,
Аруағы бабаның қолдап алар.
2-жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда сан түрлі
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе бүгінгі жас та болса талантты да талапты серілеріміздің өнерін бағалап, әділ де оң баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Таланттарын табайық, – деп, өнер сүйер қауымды бүгінгі «Жігіт сұлтаны - 2017» сайысының барысымен таныстырып өтейін.
1-жүргізуші:
Әрбір қатысушы төменде көрсетілген алты кезеңге толық қатысуы қажет:
А) «Мен Алаштың ұлымын!» атты алғашқы кезеңде сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтулері қажет. Берілетін уақыт 4 минут;
Ә) «Білімді мыңды жығар» атты келесі кезеңімізде серілеріміз Қазақстан тарихы және салт-дәстүрге байланысты қойылатын сұрақтарға тиянақты, толық әрі нақты түрде жауап бере білулері шарт. Берілетін уақыт 2 минут;
Б) «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнер) бұл кезеңде сайысқа қатысушы серілеріміз өз өнерін көрсетулері керек. Атап айтқанда, ән айту, би билеу, пародия көрсету, қолөнер туындысын қорғау, т.б. Берілетін уақыт – 4минут;
В) «Батамен ел көгерер» (бата беру)- атты кезеңде сайысқа қатысушы сері жігіттер бата беру дәстүрін паш етіп, қазақтың бай ауыз әдебиетіне жиылған көрерменді тәнті етулері қажет. Берілетін уақыт – 3 минут.
Г) «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталатын бесінші кезеңде сері жігіттеріміз қазақ әдебиетінің кең көлемін қамтитын бай ауыз әдебиетіміздегі батырлар жырынан сахыналық қойылым қойып, өздері жанына жақын көрген кез-келген бір батырдың бейнесіне еніп, рөл сомдаулары қажет. Берілетін уақыт 4 минут.
Ғ) «Күш атасын танымас» (спорттық сайыс) атты соңғы кезеңде сайысқа қатысушы серілеріміз сахнада 16 килограмдық гір тасын бір қолмен көтерулері қажет.
1-жүргізуші:
Әр кезең 5 балдық жүйемен бағаланады.
2 – жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны - 2017» байқауын бастаймыз. Серілерімізге сәттілік тілейміз.
(сайысқа қатысушылар сахнадан шығып кетеді)
1-жүргізуші:
Ал қанекей, қырандар,
Босқа қарап тұрмаңдар,
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар.
2-жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Семейдің серісі деп жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Жігіттерге сәттілік тілейікші.
1-жүргізуші:
Егемен елдің іші азатпыз ғой,
Бөлінбейік біз өзі аз-ақпыз ғой.
Қайтеміз, танысқанда руға бөліп,
Бәріміз бір атадан – Қазақпыз ғой!
2-жүргізуші:
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың «Мен Алаштың ұлымын»-деп аталатын алғашқы кезеңіне кезек береміз.
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы «Мен Алаштың ұлымын» деп аталатын бірінші кезең бойынша серілеріміздің өнерін бағалап өтсе:
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1 – жүргізуші: Ақыл – көрік бойларына жеткені Айқын талай сынақтардан өткені. Оған дәлел баршамызды өзімен Тез арада таныстырып өткені.
2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен Туып өскен мекені, еліменен. Хабардар боп тұңғиық ойға шомдық, Қасиетті қастерлі жеріменен.
1-жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріне еріңдер.
Білімді бір сәт тексеріп,
Жарысқа түсіп көріңдер!
2-жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – дей келе сайысымыздың «Білімді мыңды жығар» деп аталатын келесі кезеңіне кезек береміз.
1-жүргізуші:
Бұл кезең бойынша сайысқа қатысушылар берілген 2 санат бойынша ұяшықтарды таңдап жауап береді. Әр қатысушы кез-келген екі санат бойынша екі ұяшықты таңдап, берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
2-жүргізуші:
Қазылар алқасына құлаққағыс: Бұл кезең бойынша ұпай сандары ұяшық нөміріне байланысты емес, 5 балдық жүйемен бағаланады.
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
2-жүргізуші:
Серілеріміздің «Білімді мыңды жығар» атты кезеңдегі білімдерін бағалап, ұпай сандарын анықтау үшін қазылар алқасына кезек береміз:
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Құрбым, саған жігіттердің бойында қандай қасиеттер болғаны маңыздырақ?
2-жүргізуші:
Шынымды айтсам, мен үшін жігіттің бойында адамгершілік қасиеттермен қатар, кеңпейілділік қасиеттері болуы керек деп ойлаймын.
1-жүргізуші:
Құрбым, мен сенің ойыңды түсіндім. Сенің айтпақ болғаның, сері жігіт сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі болуы керек демексің ғой.
2-жүргізуші:
Иә, дұрыс айасың, Жігітке жеті өнер де аз, жетпіз өнер де көптік етпейді демей ме, дана халқымыз?
1-жүргізуші:
Қалай ойлайсың, осы жерден әңгімемізді көпке созбай, сері жігіттеріміздің өнерін тамашалауға кезек берсек.
2-жүргізуші:
Онда не тұрыс, Семейдің серілеріне кезек беріп, өнерлерін тамашалайық ағайын.
1-жүргізуші:
Парасатты ер жігіт, Ақылымен әр іс біледі. Өнерің барда жігіттер, Тоқталып сірә, іркілме. Жұрт қарасын қызығып, «Бәрекелді!» деп шіркінге.
2-жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты, Би билеп, ал біреуі ән салыпты. Сұлтандар жарысынан бәйге алуға, Жігіттер аянбай-ақ жан салыпты, - дей отырып, сайысымыздың «Өнерлі өрге жүзер» деп аталатын келесі кезеңін бастаймыз.
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы бүгінгі сайыстағы «Өнерлі өрге жүзер» атты кезеңде көрсеткен серілеріміздің өнерін бағалап, ұпай сандарын айтып өтсеңіздер:
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Күн көзіндей күлімдеп, Көңілді болып жүрейік. Бүгінгі болар сайысқа Жүректен ақ жол тілейік!
2-жүргізуші:
Ниет, ықылас білдіру, Әр адамға аманат! Ата - баба дәстүрі - Батаны біл жамағат! – дей келе «Батамен ел көгерер» деп аталатын келесі кезеңге кезек береміз.
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы «Батамен ел көгерер» атты кезеңде көрсеткен серілеріміздің өнерін бағалап, ұпай сандарын айтып өтсеңіздер:
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Талаптың мініп тұлпарын
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді іңкәрің
Бейнетін қиын көрмедің.
2-жүргізуші:
Құрбым, саған қазақ ауыз әдебиетінде эпостық жырлардағы қай образдар ұнайды?
1-жүргізуші:
Қазақ ауыз әдебиеті бай ғой. Шынымды айтсам, маған барлық эпостық жырлар кейіпкерлері ұнайды. Алайда, олардың арасынан Қобыланды батыр жырының шоқтығы биік мен үшін.
2-жүргізуші:
Олай болса, құрбым, келесі кезекте серілеріміздің актерлік шеберліктерін байқасақ, қалай қарайсың?
1-жүргізуші:
Сенімен толық келісемін. Ендеше серілеріміздің сахналық қойылымдарын тамашалап, актерлік шеберліктеріне назар аударатын сәт те келіп жеткен сияқты.
2-жүргізуші:
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз – дей келе «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталатын кезеңімізді бастаймыз.
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы «Болмасаң да ұқсап бақ» атты кезеңдегі жігіттеріміздің өнерін бағалап, актерлік шеберліктерін саралап, ұпай сандарын айтып өтсе:
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
1-жүргізуші:
Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай. Күш өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай
2 – жүргізуші: Әй, ер жігіт, ер жігіт, Ей, өр жігіт, өр жігіт. Атыңа ерік бер, жігіт. Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Күш атасын танымас» деп аталатын соңғы кезеңіне кезек береміз.
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді – өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар жастарымыз еліміздің ертеңгі өнерін дәріптеп, көкке көтерер әншілеріміз бен бишілеріміз болмасына кім кепіл?
1-жүргізуші:
Осымен «Жігіт сұлтаны-2017» байқауы да мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, Семейдің өнерлі өрендерінің өнеріне тәнті бола отырыңыздар.
ӘН
Ән
Ән
Ән
Би
2-жүргізуші:
Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы.
1-жүргізуші:
Жігіттің көркі өнері,
Талап – кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
2-жүргізуші:
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар.
Серілердің де бүгінде
Өзіндік дара үні бар.
2-жүргізуші:
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт» - ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт» - дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт» - еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнеріне баға беріп, білімдері мен біліктерін бағалап, бағасын беретін сәт те келіп қалған сынды.
Шыққан Сері мықтысын!-дей келе «Жігіт сұлтаны - 2017» сайысына қатысқан барлық үміткерлерімізді қошеметпен сахна төріне шақырамыз.
1-жүргізуші:
______________________________- 1 курс студенті
2-жүргізуші:
_______________________________ – 1 курс студенті
1-жүргізуші:
________________________________ – 1 курс студенті
2-жүргізуші:
________________________________ – 2 курс студенті
1-жүргізуші:
__________________________________ – 2 курс студенті:
2-жүргізуші:
___________________________________- 2 курс студенті .
2-жүргізуші:
Құттықтайық ал енді Сері атанған баланы Өрге жүзіп өнері, Тауға өрлесін талабы. Қуаныштан жанары, Шоқтай болып жанады,-дей келе бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беріп, сайыс жөнінде өз пікірлерін білдіріп, серілеріміздің өнеріне баға беру үшін қазылар алқасын зор қошеметпен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Келешек қой осылар, барға шүкір,
Алдарында ақ қанат арманы тұр,
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.
Әрқайсысы үлесін алғалы тұр,-дей келе, әр қатысушыны тиесілі номинация бойынша марапаттауға кезек берейік:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны - 2017» 2. «Дарынды жігіт» 3. «Сегіз қырлы, бір сырлы». 4. «Өнерпаз жігіт»
5. «Шымыр жігіт»
6. «Алғыр жігіт»
7. «Сері жігіт»
8. «Көрермен көзайымы»
2– жүргізуші: Иә, құрметті қонақтар. Сері жігіт дегенің он саусағынан өнер тамған, күміс көмей, жез таңдай әнші, бес қаруын сайлаған батыр, тілі мірдің оғындай, ойы ұшқыр, қырағы, қанаты талмас қайсар болуы керек емес пе?
1-жүргізуші:
Ендеше бүгінгі «Жігіт сұлтаны - 2017» аталымын иеленіп, бүгінгі сайыстың жеңімпазы атанған сері жігітіміздің бойында осындай қасиеттері бары сөзсіз. Бүгінгі серілеріміздің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын демекпіз!
2-жүргізуші:
Ей, жігіттер! Ел ертеңін нұрлы етпек
Жүру парыз ата-салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, оқытушылар, студенттер және сайысқа қатысушы талапкерлер баршаңызға алдағы уақыттарда жемісті еңбек, табысты қызмет тілейміз.