kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жігіт с?лтаны сайысы (т?рбие са?аты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:   О?ушыларды? бойына хал?ымызды?  ?дет- ??рыпы мен салт-   д?ст?рін сі?іре отырып ??рметтеуді ?йрету. ?лы Отан Со?ысы батырларыны? ерлігін д?ріптеу ар?ылы  елін,Отанын с?юге  т?рбиелеу.

Бай?ау шарты:

  1. «Жеті атасын білген ?л, жеті ж?ртты? ?амын жер. ».

Таныстыру,жеті атасын жат?а айту.

  1. ?лы Отан Со?ысы батырларына арнал?ан  жырлар

( Бауыржан, ?лия, М?нш?к,Ра?ымжан ?ош?арбаев т.б.) бір ?ле? жат?а м?нерлеп о?у.

  1. « ?нерлі істе – жеміс бар»   ?з ?нері  (?н, би, к?рніс т.б.)
  2. «Білімдіден шы??ан с?з.» сайыс?а ?атысушыларымызды? ?дет-??рып,д?ст?ріміз жайлы білімдерін бай?айы?.
  3. «?ке к?рген о? жонар»?й ж?мысы: (?зіні? ?олымен істеген б?йымын ?келіп, жасалу технологиясын т?сіндіру)
  4. «Батамен ел к?герер, жа?бырмен жер к?герер».

Бата беру ( дастар?ан?а, бала?а, батыр?а, елге т.б.)
?ойылатын талаптар:
1. ?лтты? киім.
2.Сахна м?дениеті.
3. С?йлеу м?дениеті, ?з ойын ?тымды жеткізе білу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жігіт с?лтаны сайысы (т?рбие са?аты) »

Тәрбие сағаты



Тақырыбы: Жігіт сұлтаны


Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың әдет- ғұрыпы мен салт- дәстүрін сіңіре отырып құрметтеуді үйрету. Ұлы Отан Соғысы батырларының ерлігін дәріптеу арқылы елін ,Отанын сүюге тәрбиелеу.



Байқау шарты:

  1. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. ».

Таныстыру,жеті атасын жатқа айту.

  1. Ұлы Отан Соғысы батырларына арналған жырлар

( Бауыржан, Әлия, Мәншүк,Рақымжан Қошқарбаев т.б.) бір өлең жатқа мәнерлеп оқу.

  1. « Өнерлі істе – жеміс бар» Өз өнері (ән, би, көрніс т.б.)

  2. «Білімдіден шыққан сөз...» сайысқа қатысушыларымыздың әдет-ғұрып,дәстүріміз жайлы білімдерін байқайық.

  3. «Әке көрген оқ жонар»үй жұмысы: (Өзінің қолымен істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру)

  4. «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер».

Бата беру ( дастарқанға, балаға, батырға, елге т.б.)
Қойылатын талаптар:
1. Ұлттық киім.
2.Сахна мәдениеті.
3. Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.


1-жүргізуші:: Құрметті қонақтар “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға қош келіпсіздер!
2-жүргізуші:       Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Қырандардың қосында.


1-жүргізуші:       Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар

Бастап жігіт өнерін

Алыстарға самғаңдар


2-жүргізуші:       Құрметті көрермен қауым!

Ендеше сайысқа түсетін жігіттерді қол  шапалақтап, қошеметтеп ортаға шақырайық.( Жігіттеріміз музыка ырғағымен ортаға шығады)


1-жүргізуші:       Сайысқа қатысушы жігіттеріміз көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек?- деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.

2-жүргізуші :«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. ».

Таныстыру,жеті атасын жатқа айту.



Ән:Соғыстан қайтқан солдаттар

Орындайтындар: Жасмина,Зейін,Назерке.





Ұлы Отан Соғысы батырларына арналған жырлар

( Бауыржан, Әлия, Мәншүк,Рақымжан Қошқарбаев т.б.) бір өлең жатқа мәнерлеп оқу.

1-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты.

2-оқушы «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

1-оқушы: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ендеше, жігіттеріміздің батыр аға, апаларымыз жайлы өлең, жырларын тыңдайық.

1.Абуталип Сәлім

2.Жанайдаров Темірлан

3.Сексенбай Асан

4.Заутбек Ерболат

5.Мұрат Зейін

6.Байбосын Фархат

7.Шәркен Нұрасыл

8.Әбдіқадыр Әліби

9.Мұхат Еркебұлан

Ән: Жойылсын соғыс

Орындайтындар: Тұрсынай,Әліби,Фархат.

2-жүргізуші:       Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)

« Өнерлі істе – жеміс бар» Өз өнері (ән, би, көрніс т.б.)

1.Абуталип Сәлім ән: Қош келдің Наурыз!

2.Жанайдаров Темірлан вальс

3.Сексенбай Асан өз шығармашылығынан: өлең оқу.

4.Заутбек Ерболат ән:

5.Мұрат Зейін

6.Байбосын Фархат ән:

7.Шәркен Нұрасыл ән: Дастарқан

8.Әбдіқадыр Әліби күй: Келіншек

9.Мұхат Еркебұлан


1-жүргізуші:       Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.



2-жүргізуші:       Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көптегі.
Көңіліңді шатсезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
«Білімдіден шыққан сөз...» сайысқа қатысушыларымыздың әдет-ғұрып,дәстүріміз жайлы білімдерін байқайық.

Сұрақтар:  Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.
№1 асық.   Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1.      Түйе – Ойсылқара
2.      Жылқы – Қамбарата
3.      Қой – Шопаната
4.      Ешкі – Шекшеката
5.      Сиыр – Зеңгі баба

2 асық.  Бес ақыл ,бес дұшпан.
№3 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
1. Жылқы – құлын
2. Сиыр – бұзау
3. Қой – қозы
4. Ешкі – лақ
№4 асық.   Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№5 асық.   Қазақ халқының ер балалары ат үстінде жүріп ойнайтын ұлттық

ойын түрлерін ата.
№6 асық.  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

7 асық. Жеті атаны талдап беру.( ата, әке, бала,немере, шөбере, шөпшек,

немене)

8 асық.Үш жұрт 1.Ағайын жұрт 2.Нағашы жұрт 3.Қайын жұрт.

9 асық . Жеті қазына 1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел.3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат.

5.Қыран бүркіт.6. Берен мылтық.7.Жүйрік тазы(ит).

10 асық Бес қару.1.Садақ. 2.Мылтық. 3.Найза. 4.Қылыш. 5Айбалта.

1-жүргізуші 5. «Әке қөрген оқ жонар» үй тапсырмалары бойынша

өзінің қолымен істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.

2-жүргізуші: 6.«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер».

– деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің дастарқанға, балаға, батырға, елге т.б. бата берсін!
(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)

Ән: Туған жер

Орындайтын : Нұргелді Жасмина












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жігіт с?лтаны сайысы (т?рбие са?аты)

Автор: Досанова Ботагоз Жаппаровна

Дата: 23.04.2015

Номер свидетельства: 205190


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства