kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақау Дәуренбеков «Менің Қазақстаным»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құрметті оқырмандар !

Биылғы жылы, яғни 2016 жылы  - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы тойлануда. Бүгін біз сіздермен бірге,тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, белгілі қаламгер,жерлес жазушы Жақау Дәуренбековтің 70 жасқа толу мерей тойына арнап «Менің Қазақстаным» атты тренинг өткізгелі отырмыз. Тренингке қош келдіңіздер!

Бүгінгі кеш,ерекше кеш. Себебі, оқырмандарымызды,өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу және  жазушы Жақау Дәуренбековтың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету мақсатына құрылған. Бүгінгі кешімізге  жазушы Жақау Дәуренбековтың қаламынан ұшталып жарық көрген , осы уақытқа дейін оқырмандар жүрегінен орын алған «Менің Қазақстаным» атты танымдық кітабы арқау болады. Яғни, балаларға әріптер арқылы танымдық тағылым беру мақсатына негізделеді.Олай болса, кешімізді  кітаппен жұмыс жасау бағытында, мәтін авторы Жақау Дәуренбековтың өмір жолымен таныс болудан бастаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақау Дәуренбеков «Менің Қазақстаным»»

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Жақау Дәуренбековтың «Менің Қазақстаным» кітабынан әңгімеленеді.

Шара түрі : Әдеби подиум

Мақсаты: -Белгілі қаламгер Жақау Дәуренбековтың 70 жасқа толу мерей тойын атап өту;

-Оқырмандарды өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу, оларға жазушы Жақау Дәуренбековтың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету.


Дәйекті сөздер: « Жақау- нақты іс - әрекеттің адамы.Жүрегі жұмсақ,ниеті таза, қайырымды.

М. Қожақметова

«Арамызда көпке танымал бір-ақ кісі бар.Ол- Жақау Дәуренбеков.Біз үшін оның беделі ,абыройы Сәбит Мұқановтан бір кем...»

Б.Мұқай

Бағдарламасы :

І .Кіріспе : «Үшкөлден» ұшқан түлек - / Өмірі мен шығармашылығына шолу /

ІІ .Негізгі бөлім : «Менің Қазақстаным» : /Кітаппен жұмыс/

Мәтіндер тақырыптары :

- Отаным Қазақстан

-Тәуелсіздік толғауы

- Қайратым -қайсарым

- Президентіміз -Нұрсұлтан

- Конституция - Ата заңымыз

- Жалауымда- күн мен қыран

- Елтаңбамда -елдігім мен ерлігім

-Әнұраным-өр үнім

- Астана Елордам

- Ілім -білім қос қайнар

- Ырысым -ынтымағым

ІІІ. «Ойдауа» - Ж.Дәуренбековтың ой өрімі аясында пікір алмасу;

ІҮ .Қорытынды: «Ақ толқын жазушы » кітап көрмесіне библиографиялық шолу /


Құрметті оқырмандар !

Биылғы жылы , яғни 2016 жылы - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы тойлануда. Бүгін біз сіздермен бірге ,тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай , белгілі қаламгер ,жерлес жазушы Жақау Дәуренбековтің 70 жасқа толу мерей тойына арнап «Менің Қазақстаным» атты тренинг өткізгелі отырмыз. Тренингке қош келдіңіздер!

Бүгінгі кеш ,ерекше кеш. Себебі, оқырмандарымызды ,өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге баулу және жазушы Жақау Дәуренбековтың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ету мақсатына құрылған . Бүгінгі кешімізге жазушы Жақау Дәуренбековтың қаламынан ұшталып жарық көрген , осы уақытқа дейін оқырмандар жүрегінен орын алған «Менің Қазақстаным» атты танымдық кітабы арқау болады. Яғни, балаларға әріптер арқылы танымдық тағылым беру мақсатына негізделеді.Олай болса, кешімізді кітаппен жұмыс жасау бағытында , мәтін авторы Жақау Дәуренбековтың өмір жолымен таныс болудан бастаймыз.


/ Жақау Дәуренбековтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу беріледі /

І. «Үшкөлден ұшқан түлек» - шолу


1946 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сарбасат ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөл елді мекенінде туған. Сексеуіл стансасындағы №423 орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Арал қаласындағы №177 мектепте аға пионер вожатый болып бастаған. 1965 жылы Арал аудандық «Толқын» газетінде әдеби қызметкер болып істеген.
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1971 жылы бітірген. Оқып жүріп 1970 жылдан бастап «Жас Алашта» (бұрынғы «Лениншіл жас») жұмыс істей бастаған. Жастар газетінде әдеби қызметкер, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, «Өнер» баспасында бөлім меңгеруші, Бас редактордың орынбасары болып істеген. 1994 жылдан бері республикалық «Ана тілі» баспасының директоры.
Мектеп қабырғасында жүрген кезден газетжурналдарда мақала, очерк, әңгімелері үзбей жарияланып тұрған. Алғашқы жинағы «Бөгенауыл балалары» кітабы 1970 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Одан кейін «№28 комсомол билеті» (1978), «Шұғыла шақ» (1980), «Ауылым – алтын бесігім» (1985), «Алғашқы сабақ» (1971), «Саяқ» (1979), «Күн ұясы» (1984), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім – Қазақстан» (2001), «Ойдауа» (2007), «Жағалау» (2007), Шығармаларының үш томдығы (2006–2008), «Шағала» (2008) атты кітаптары шықты. «Күн ұясы», «Саяқ» («Соғыс ойыны») повестері «Жалынның» дәстүрлі республикалық жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Сөз киесі» (1996) кітабы толғамдық зерделеу сипатында жазылған.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002–2007 жж.).Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған. Бірнеше дүркін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.


ІІ . «Менің Қазақстаным» - таным әңгіме


1-оқырман : /

Отаным -Қазақстан.Туған жерім ,туған елім.Елім - қазағым.

Өмірімізді,өзімізді көріп-Бұл қазақ дейді. Әнімізді ,жырымызды көріп -бұл қазақ дейді.Ерлігімізді , тірлігімізге қарап -бұл қазақ дейді.Дархандығымызды ,дастарханымызды көріп- бұл қазақ дейді.Тұрқымызды ,ғұрпымызды көріп көріп - бұл қазақ дейді.Өзімізді ,сөзімізді тыңдап -бұл қазақ дейді.Қазақ деген ғажап -дейді.

Сол үшін мақтанамын,шаттанамын!


/ «Отан» /

2-оқырман : / Қайратым -қайсарым /

Желтоқсан қаһарманы Қайратты кім білмейді?!Қазақтың қайсар ұлы:

-Қайрат деген атым бар,

-Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты -құрбандық»,

Атам десең атыңдар !

деп қаскөйлерге қаймықпай қарсы тұрғаны ерліктің ерлігі.Елінің мақтаны , егемендігіміздің қайсары Қайрат Рысқұлбеков небәрі 22-ақ жыл ғұмыр кешті.Бірақ халқын сүйіп , халқын қорғап , халқын әлемге танытып, табындырып кетті.

/ «Желтоқсан» --------------------------/

3-оқырман : / тәуелсіздік толғауы /

Сен білесің бе? Ендеше ,құлақ сал тыңда.

Тәуелсіздік -талай ұрпақ арманы еді.

Тәуелсіздік талай ұрпақ күресі еді.

Қазақ тар жол тайғақ кешулерді басынан кешірді.Халық -жасампаз.Төзеді, қайсарланады,өзегінен қуат алады.Тәуелсіздікке осылай ілесті, күресті.Намысы қуат берді, санасына шуақ берді. Желтоқсан жарқ етті. Дүйім ел дүр сілкінді. Желтоқсан желі осылай азаттықты аңсаған қазақтың арманы боп алаулады.

Тәуелсіздігіміз 1991 жылы 16 желтоқсанда жария етілді.Әлемде 192 мемлекет бар.Өркениетке бет түзеген Қазақстан қазір осылардың қатарынан о елеулі орын алды.

Тәуба.Егемен елміз.Тәуелсіз ұлтпыз.

4-оқырман : /Президентіміз -Нұрсұлтан /


Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті.Ол қазақ топырағының төл перзенті.Қарапайым ауылда , қарапайым отбасында өскен. Талабына табанды, оқуына алғыр болды.Ырысты –еңбектен, игілікті –ілімнен іздеген.Шымыр білек шойын құюшы , құрыш қайрат көрікші . металлург.. Бәрінде де озат болып оза шапқан өр жүректің иесі.Халқымыздың сеніміне бөленген Нұрсұлтан бүгінде әлемге әйгілі қайраткер , тарихтың ұлы тұлғасы. «Бағдары –бірлік , татулық , ынтымақ.Жолы –нұрлы жол.»


5-оқырман : / Конституция -ата заңымыз /

Еліміз егемен болды. Тәуелсіздік туы желбіреді. Ата заңымыз қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Ата заң қабылданды.

Оның беташары: «Біз , ортақ тарихи тағдыр біріктірген , Қазақстан халқы»,деп басталады.Ата заңда :

-Биліктің бастауы –халық,-мемлекеттік тіл –қазақ тілі ,-деген жолдар бар. Әділеттің ақ жолы осыдан бастау алады.Оны білу – борыш, орындау –абырой , өмір қазығы еті – құрметті.

6-оқырман : / Жалауымда -күн мен қыран /

Туыма қарасам көңілді мақтаныш кернейді. Ой шарықтайды, көңіл қалықтайды. Туым – көк байрағым , әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп асқақ желбіреп тұр.Оны алыстан танисың:мөп-мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет.Сол көгілдір зеңгір ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан күн, күнді қанатымен көтеріп қалықтап ұшқан қыран қандай кербез.Оған өміріміздің қаййнарындайй қазақтың ұлттық өрнегі өріле берілгені қандай жарасымды.Бұл тудың авторы қазақтың белгілі қылқалам шебері Шәкен Ниязбеков

7-оқырман : /Әнұран -өр үйім /

Әнұраным –менің Отанымның салтанатты үні.Өр үні.Өміршең үні.Әнұран –тереңнен тербеп, алысқа сермеген арманшыл тілектің , қайратты білектің , бұлқына соққан жүректің жарқын үні.Бейбіт тірліктің елдігі, байтақ жердің кеңдігі, қайсар халықтың ерлігі өрілген үн-өмір сазы.

Әнұранымызға қарап күн сәулелі қыран самғау Қазақстан келбетін көреді.

8-оқырман : / Елтаңбамда -елдігім мен ерлігім /

Елтаңбам қандай тамаша!

Қазақтың кең даласы , күн сәулелі шаңырағы , құс қанатты пырағы, көгілдір нұрлы шуағы , күн сәулелі ұраны – бәрі осында.Олардан жерімнің жұпары, елімнің рухы еседі.Ендеше Елтаңбаға көз салайықшы, ортада қазақтың қарашаңырағы , күн сәулесіндей уықтар шаңырақтан шашырай шапағын шашқандай , екі жақтағы қанатты пырақтар арыынды да , қарымды , жоғарыыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.

Осы бір әсем де асқақ Елтаңбамызды суретшілер –Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов

/ елтаңба /

9-оқырман : / Астанам -елордам /

Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы , төскейі шұрайлы.Айнала көкорай бел, көк шалғын.Осынау өлке бас қалаға айналды.Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. 1997 жылы Ақмола мекені –Астана шаһарына , елордасы Астана қаласына айналды.

Жасай бер, жайнай бер, еліміздің бас қаласы!

/ Өлең /

10-оқырман : /Ілім -білім қос қайнар /

Ертеңін ойлаған ел ілімді дамытады, білімді байытады.Іргелі ел ізгіліктердің Отанына айналады.Ізгіліктер оқумен , тоқумен ,ізденумен келеді.Отанымыздың мерейі оқу , білім ,ілім арқылы асқақтайды, шалқиды, щаттанады.Осыны жадымызда ұстайық.

11-оқырман : /Ырысым -ынтымағым /

«Ырыс алды ынтымақ»-дейді халық.Ендеше есімізде болсын: Күнде, түнде, тау да, бау да, дала да, ауыл мен қала да бәрі-бәрі , онда тұратын барлық бала да –ырыс.

Оның бәрін көріп –біліп ,бағасын біліп , қадірін түсініп өскеніміз дұрыс.


/ Ән. «Достық» /

/ Ортаға оқырмандар шығып, үш тілде «Қазақстан» туралы автордың мәтінін айтады /

12-оқырман :

13-оқырман : Я горжусь своей Родиной. Это многонациональное государство Казахстан. Мой Казахстан – это самая дорогая, важная, драгоценная, горячо любимая страна. Это Родина моя…

14 -оқырман : We are very fond of Kazakhstan. I Live my Kazakhstan


/ Ортаға балалар шығып, Жақау Дәуренбековтың «Кел жаттап алайық» өлеңін орындайды/

Бір -Баянауыл ,балқашым

Екі - Екібастұз ,Ертісім

Үш -Үстүртім мен Ұлытау

Төрт -Тарбағатай , Торғайым

Бес-Бурабайым ,Бұлантым

Алты -Алатауым , Алтайым

Жеті -Жетісуым , Жайығым,

Сегіз-Сырдария , Сарыарқам

Тоғыз -Түркістаным , Тобылым

Он - Ордабасы! Отаным !

Хормен : Біз Қазақстанды шексіз сүйеміз!


/Ән : «Алға Қазақстан» , орындайтын --------------------- /

ІІІ . «Ойдауа » - / Пікір алмасу /

Кітапханашы : Балалар!

Жақау Дәренбековтың мақал -мәтел мәндес , озық ойдың кәусар бұлағындай «Ойдауа» кітабы жазушының көсемсөз бен көркемсөзден ой өрген жаңа қырынан танимыз.Сондықтан бүгінгі кеш аясында, оқырманының көркем ойын кемелдендіруге қосқан үздік үлесін айту парызымыз.Дәл қазір сол кітаптың бір үзіндісін талдаймыз.

Қазіргі таңда «Интернет дәуірінде кітап оқылмайды» деген сөздер естіліп қалады. Шынымен солай ма?

/ Залға сұрақ , залдан жауап тыңдалады /


Авторды тыңдайық:: «Күмбезі көп елдің діні мықты, кітабы көп елдің тілі мықты», «Кітап – тілдің құндағы», «Даналықтың дәні кітапта», «Кітап мәдениеті дегеніміз – адам мәдениеті», «Гәп – қанша кітап оқығаныңда емес, қандай кітап оқығаныңда». Балалар, жазушы Жақау Дәуренбековтың бұл пікірлері қарапайым айтылса да, шындығымен құнды. Сендердің сөздеріңе қарасам, кітаппен дос сияқтысыңдар. Ендігі кезекте, жазушы Жақау Дәуренбековтың шығармалары топтастырылған «Ақ толқын жазушы» атты кітап көрмесіне назар аударайық .

«Ақ толқын жазушы» -кітап көрмесіне библиографиялық шолу беріледі /


Қорытын сөз : Құрметті оқырмандар!

Бүгінгі кеш бастамас бұрын айтқанымыздай ерекше өтті. Балалар еліміз бен жерімізді әріптермен әңгімелеу негізіне құрылған автордың «Менің Қазақстаным» атты кітабы арқылы кеш аясында үлкен ой түйдік. Тәуелсіз еліміз гүлденіп көркейе берсін, елдің дамуына үлес қосып келе жатқан қаламгер Жақау Дәуренбековтің қаламынан әлі талай , балаларға арналған құнды тың туындылар күтуіміз заңды. Жазушының ғұмырлық ғибраты мен өмірлік өнегесінен үлгі алар жастарымыз көп болсын !..



Пайдаланылған әдебиеттер :


- Дəуренбеков Ж. Менің Қазақстаным /Ж.Дəуренбеков.-Алматы:Ана тілі, 2001.- 39б.


-Дəуренбеков Жақау //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 121 б.


- Абылаев Т. "Үшкөлден" ұшқан түлек: Жазушы Жақау Дəуренбеков - 60 жаста // Толқын.- 2006.-15 шілде































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жақау Дәуренбеков «Менің Қазақстаным»

Автор: Утегенова Мейрамкуль Маханбетжановна

Дата: 14.11.2016

Номер свидетельства: 358880

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "?аза? ?дебиеті п?нінен 6 сынып?а арнал?ан  саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(61) "k-azak-diebiieti-p-ninien-6-synypk-a-arnalg-an-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "198906"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428488596"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""МА?АЛ-М?ТЕЛДЕР" туралы "
    ["seo_title"] => string(24) "mak-al-m-tieldier-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "181495"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425364555"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства