kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлы тұлғалы кемеңгер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсарин       1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Ыбырай молдадан хат таныған.1857 жылы мектепті үздік бітіріп шығады.бітірген соң өз еліне тілмаш болып қызмет етеді.1864 жылы            8 қаңтарда мектеп ашып, мұғалім болды.Ол тұңғыш педагог.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлы тұлғалы кемеңгер"»


Тақырыбы: «Ұлы тұлғалы кемеңгер»

Мақсаты: 1.Ы.Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына
мектептер ашқан алғашқы ағартушы ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру.

2.Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру қабілеттерін дамыту.Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл
байлығын дамыту.
3. Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ақын суреті, нақыл сөздер,слайд
Түрі: аралас ( музыкалық монтаж, сахналау)
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (музыка ойнап тұрады)
Қоңыраудың үні естіледі
Мұғалім:
-Қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім?

-Ыбырай Алтынсарин

1-жүргізуші: Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин – елімнің алтын бағы.

2-жүргізуші: Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин – даланың қоңырауы.

Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Ыбырай молдадан хат таныған.1857 жылы мектепті үздік бітіріп шығады.бітірген соң өз еліне тілмаш болып қызмет етеді.1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып, мұғалім болды.Ол тұңғыш педагог.

«Кел, балалар, оқылық» өлеңі

2-жүргізуші: Ән «Ұстазым» орындайтындар 5-сынып оқушылары

1-жүргізуші: Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады. Балғожа сөзге шешен, тілге ұста, би ,беделді болған.

«Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңі

2-жүргізуші: «Ананың сүюі» өлеңінде түн ұйқысын төрт бөлген ананы қадірлеуді айтады.

«Ананың сүюі» өлеңі

«Бұл кім?» өлеңі

1- жүргізуші: «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясы- қазақ қауымына өркениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Өмірді көркейтуші,өркениетті болашақтың иесі-жастар, ал жастардың көркі-білім,мәдениет деп ұқты.

«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңі
2-жүргізуші: «Өзен», «Жаз» өлеңдері табиғат көрінісін суреттеуге арналған.Табиғат көрінісін адамдардың тіршілігімен байланыстыра суреттейді.Негізгі идеясы-туған ел табиғатын суреттеу арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойына табиғатты,Отанды сүю сезімдерін дарыту мақсатынан туған.

«Өзен» өлеңі

Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертінді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат тауып басылады. Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да Шуылдап желмен бірге бас ұрады... Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды, Тасыса су бармаған сай қалмайды. Тасыған өзен судың қуатымен Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды. Ел қыстап күн көреді жаныбында, Дәм болар алуан - алуан балығында... Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында. Құдіретін құдайымның көресін бе? Не нәжіс тоқтар өзен денесінде... Арыстан демалуға суға кірсе, Балықтар шымшып ойнар терісіне...




«Жаз» өлеңі

Күй «Янка »

1-жүргізуші: «Азған елдің байлары», «Азған елдің хандары»,«Залым төреге» өлеңдерінде елдегі теңсіздікті,әлділердің үстемдігін баяндайды.

«Азған елдің байлары» өлеңі

«Азған елдің хандары» өлеңі

«Залым төреге» өлеңі



2-жүргізуші: «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!» өлеңдерінде жастарға ақыл-кеңес беріп,жақсы мен жаманды ажырата білуге шақырады.

«Әй,достарым!» өлеңі

«Әй,жігіттер!» өлеңі

1-жүргізуші: Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды. Былайынша айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

«Қарға мен түлкі» өлеңі

«Қайырымды түлкі»өлеңі

2-жүргізуші: Ы.Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін қалады. Ол - тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Ы.Алтынсариннің «Екі жолдас», «Бір уыс мақта», «Қисық ағаш», «Таза бұлақ», «Шеше мен бала», «Ақымақ дос», «Тазша бала», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Талаптың пайдасы», «Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Байұлы», «Мейірімді бала», «Дүние қалай етсең табылады», «Жиренше шешен», «Бай мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. әңгімелері бар.


«Әке мен бала» әңгімесінен көрініс тамашалаңыздар!


1-жүргізуші: Алтынсарин – ел үшін соққан жүрек,

Сезіп оның дүрсілін шаттанды көп.

Қалың қардың жібіткен мұз денесін

Алтынсарин – аңқылдақ алтын күрек.

Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі

үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.

2-жүргізуші: Денесі оның Тобылдың жағасында,

Мүсіні тұр Қостанай қаласында.

Ыбырай бұлағының мөлдір суы

Шүпілдейді білімнің шарасында.

Ыбырай Алтынсариннің жұмысы жастарды үш тілді игеруге, сауатты және жоғары білікті маман болуға шақыратын елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үндеуімен үлеседі.

1-жүргізуші: Құрметті,ұстаздар,оқушылар!Ыбырай Алтынсаринге арналған «Ұлы тұлғалы кемеңгер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.







Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,
Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын,
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір - біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз.
Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт өткен.
Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.
Отыз ұлым бар ғой деп көптік ойлап,
Құдайым отызын да әлек еткен...
Жылаған Дәуіт патша тоба қылып,
Өзінің бенде екенін сонда біліп,
Мұнан соң тақ Сүлеймен туды дейді,
Отыз ұлға бір өзін жора қылып.
Ескендір патша болып дүниені алған,
Қалмаған бұл жалғанда ешбір арман.
Жалғыз - ақ өлмеске айла табамын деп,
Ізденіп мәңгі суын соған барған.
Мәңгіден су ішкенге өлім болмас,
Ескендір мұны сұрап білгені рас.
Су әпкел деп жіберді уәзірлерін,
Уәзірі қасындағы Қыдыр Ильяс.
Екеуі барды суға, судан ішті,
Бір кесе патша үшін және алысты.
Енді қайтіп, жүрелік деп тұрғанда,
Бір адамға сол жерде көзі түсті.
Сұрасты мұнда отырған неткен жансыз,
Қарасақ келбетіңе мұсылмансыз?
Сонда ол кісі өз жайын баян етті:
Мен - дағы бір патша едім еш күмәнсіз.
Өлмеске мен де осындай талап еттім,
Бір күні осы суға келіп жеттім.
Әрбір іс уақытында қызық екен.
Ақыры өз басыма азап еттім.
Бір заман әлек болды барша елім,
Қалмады қыдырмаған ешбір жерім.
Кемдіктің неше түрлі бәрін көріп.
Ах енді өлім болса маған дедім.
Дүниені неше айналып неше кездім,
Өз жаным мен денемнен өзім бездім.
Маған өлім бермеді құдай тағала,
Енді тастап дүниені мұнда келдім.
Ах, деді Қыдыр Ильяс қайтып келді,
Сонда да кеседегі суын берді.
Ішейін деп Ескендір ұмтылғанда,
Су Ескендір аузына бармады енді.
Тағында тақ Сүлеймен нағылмады,
Өмірін соңындағы шағындады.
Нушеруан діні кәпір әділ өтті,
Дозаққа соның үшін жағылмады.
Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін,
Жиясыз оны - дағы бір жан үшін.
Әзәзіл періштенің бастығы екен,
Не болды тәкәппарлық қылған үшін?
Аюпты сегіз жылдай мың құрт жеді,
Болыпты бөлек - бөлек соның тәні...
Мал-жаннан, ру, туған бәрі беріп ,
Далада жалғыз жатып «Алла» деді.
Малды алды, баланы алды сабыр етті,
Дұшпандар мысқыл атып жәбір етті.
Разымын не берсең де Құдайым деп,








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Ұлы тұлғалы кемеңгер"

Автор: Адилханова Жанар Капиятовна

Дата: 18.12.2016

Номер свидетельства: 370825

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "?лы т?л?а?а та?зым "
    ["seo_title"] => string(23) "u-ly-tu-lg-ag-a-tag-zym"
    ["file_id"] => string(6) "236164"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443973357"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "«Кеме?гер елбасы- ырысы елімні?» атты білімділер сайысы"
    ["seo_title"] => string(53) "kiemienghierielbasyyrysyielimninattybilimdiliersaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "285036"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454079557"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Мәңгілік Елдің кемеңгері – Елбасы!""
    ["seo_title"] => string(31) "m_ngilik_eldin_kemengeri_elbasy"
    ["file_id"] => string(6) "593925"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1638982923"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Кеме?гер к?шбасшы"
    ["seo_title"] => string(24) "kiemien-ghier-koshbasshy"
    ["file_id"] => string(6) "287017"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1454425731"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ыбырай Алтынсарин - кеме?гер адам"
    ["seo_title"] => string(32) "ybyraialtynsarinkiemienghieradam"
    ["file_id"] => string(6) "336396"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1467104452"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства