Просмотр содержимого документа
«Нұрпейіс атты дауыл жыр»
Ақтөбе облысы
Темір ауданы
Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Есенғалиева АлмагүлСапақызы
Нұрпейіс атты дауыл-жыр!
(әдеби- сазды кеш)
Мақсаты:
а) Нұрпейіс Байғаниннің өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, ақынның бұрын сирек жарияланған өлеңдерін оқушылар назарына ұсыну;
ә) поэзияны сүюге үйрету, оның құдіретін сезіндіру;
б) оқушылардың өлең, көркем сөз оқу қабілеттерін дамыту,өлең жазуға қабілетті балалардың талабын ұштау.
Көрнекілігі: Н.Байғанин портреті, ақын өмірі туралы слайдтар.
Барысы:
1- жүргізуші:Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар,оқушылар! Нұрпейістану үйірмесінің оқушылырымен ұйымдастырылған «Нұрпейіс атты дауыл жыр» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер
Отан деген бір сөзден
Салалап жырым тарайды,
Отанға жетер баға жоқ,
Кім де болса өз елін,
Туып өскен өз жерін,
Ең қымбаттан санайды.
Нығайтуға отанын
Қалыңдатып іргесін
Құрыштай құйып қалайды,
Көсегемді көгерткен,
Жігіт еткен, ер еткен,
Бақытымды өрлеткен,
Сый-құрметін көрсеткен
Елін сүйген азамат
Осылайша қарайды.
Ар-намысынты ер жігіт,
Әрқашанда елінің
Кәдесіне жарайды.
ІІ-жүргізуші: Сіздерді Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ,көрнекті халық ақыны, атақты жыршы әрі жырау Нұрпейіс ата атымен аталатын мектеп балабақшада оқып, білім алып жатқан ұрпақтарының өнерлерін тамашалауға шақырамыз. («Біздің көл» әні орындалады)
Нұрпейіс Байғанин – ерекше көркем, айрықша әсерлі, аса өнімді шығармашы лық иесі, жыраулық дәстүр мен жазба әдебиет арасындағы алтын көпір іспетті сөз зергерлерінің бірі. Екі кезең әдебиетін ұштастырудағы маңызды орын осы ақын шығармашылығына тиесілі. Ол қазақ поэзиясындағы дәстүр жалғастығының ең белсенді үдерісін жасаушылардың қатарынан саналады. (І-слайд)
І-жүргізуші: Көрнекті халық ақыны, атақты жыршы әрі жырау бұл бабамыз 1860 жылы Нұрпейіс Байғанин 1860 жылы Орал губерниясы, Темір уезінде қазіргі Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Әкесі Байғана жалшылықпен күнелткен, шаруасы төмен адам болған. Ақынның анасы – атақты Бұқарбай жыраудың қызы Үміт күміс көмей әнші, әрі суырып салма ақын екен. Ірі айтыстарға қатыспағанымен, орайы келген жерде қатар-құрбы, замандас қайныларының мінез-құлқын әзілдеп өлеңге қосып, тапқырлығымен көзге түсіп отырған.
ІІ жүргізуші:
Анадан қасиет дарыған болашақ ақынның өлең-жырға, домбыраға құмарлығы балаң сәби кезінен басталыпты. 13 жасынан бастап ақындыққа анық бет бұрған Нұрпейіс “бала жырау”, “жаяу жыршы” атанып, елге таныла бастайды. Жас кезінде-ақ Әбубәкір Кердері, Мұрат Мөңкеұлы, Марабай Құлжабайұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Шернияз Жарылғасұлы секілді дүлдүлдермен жолдас болып, солардың ақындық өнегесінен тәлім алады. Белгілі жыршы-жыраулардан үйренген жыр-дастандарын да ақын жастайынан жырлаған. Өзі туып-өскен өңірдің той-жиыны Нұрпейіссіз өтпейтін болған. (ІІ- слайд)
І-жүргізуші:1938 жылы Нұрпейіс Байғанин Жамбыл творчествосының жетпіс бес жылдық тойына шақырылып, май айында алғаш рет Алматыға келеді. Тойға арқалы ақын құр қол келмейді, даңқты ақын ағасына арнап «Ғасырдың қарт бұлбұлы», «Жамбылға» т.б. бірнеше жыр шашуын ала келеді. Жамбыл мерекесі үстінде Нұрпейіс еліміздің түкпір-түкпірінен келген көптеген дүлдүл ақындармен кездесті, тілдесті, сөз жарысына түсті. Бұл жағдайдың да ақынға үлкен әсер етіп, қанат бітіргені сөзсіз. Осы жолы өзі де алдына жан салмас дарынды төкпе ақын екенін танытты. Бұрын аты Ақтөбе облысынан басқа жерге тарай қоймаған жырау бұл сапарынан бүкіл елге танылған Нұрпейіс ақын болып қайтты. Осы кезден бастап Нұрпейіс ақынға айрықша көңіл бөлініп, оның творчествосына ерекше жағдай жасала бастады. Жазушылар одағы оған арнайы әдеби хатшы бөлді.
Нұрпейіс ақынның алғашқы әдеби хатшысы болып Ақтөбе облысындағы белгілі ақын, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын Ахмет Ескендіров белгіленді.
1-оқушы: «Ғасырдың қарт бұлбұлы»
2-оқушы: «Жамбылға»
І-жүргізуші: 1939 жылы Н.Байғанин Ақтөбе облыстық Советінің алғашқы шақырылған сайлауында депутат болып сайланып, облыстық Советтің бірінші сессиясын өлеңмен ашты. Сөйтіп, Нұрпейіс Байғанин қоғам қайраткері ретінде де өз өмірін халық өмірімен тығыз байланыстырып отырды. Сессияларға, партия конференцияларына, тілшілер слеті мен шаруашылық мамандарының мәжілістеріне үзбей қатысып, бірде ақыл-кеңесін айтып отырса, енді бірде жұмыста кездесетін кемшіліктерді өлеңмен өткір сынға алды. 1940 жылы Н.Байғаниннің ақындық, азаматтық еңбегі жоғары бағаланып «Құрмет белгісі» орденімен наградталды. Бұл құрметке риза көңілмен шығарған «Қуаныш жыры» орыс тіліне аударылып, кешікпей «Известия» газеті бетінде жарияланды.
7-оқушы: «Қуаныш жыры» ( ІІІ- слайд)
І-жүргізуші: Н. Байғанин негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты жыр, батырлық жырын , дастандарды өте көп білген, көп жырлаған ақын. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған «Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз туындыларын шығарды. Бірақ, ақын репертуарындағы соншалықты мол қазына кезінде түгел жазып алынбаған, хатқа түспеген
І –жүргізуші:Қоғамдағы әйел тұрмысы, әйел теңсіздігін, әйелдің өз бас бостандығы үшін күресін көрсету Нұрпейістің көптеген шығармаларының негізгі тақырыбы болды. Ақынның бұл идеясын толығырақ дәлелдеу үшін оның «Аккенже», «Нарқыз» атты екі поэмасын алуға болады. «Ақкенже» поэмасының сюжеті негізінде өмір шындығынан, ақынның өз көзімен көрген оқиғалардан алынған. «Нарқыз» поэмасының негізгі идеясы қазақ әйелінің өз теңдігі үшін жасаған жан қиярлық ерлігін көрсету. Ақынның мақсаты-ел азаматы, намыс, кек иесі болған күрескер қыздың образын жасау
Сахналық көрініс: «Нарқыз»
ІІ-жүргізуші: Нұрпейіс Байғаниннің жырлары көп тақырыпты. Ол үн қосып, өз шығармаларына тақырып етпеген мәселе кемде-кем. 1941-1945 жылдары Нұрпейіс сол кезеңнің мүддесіне сай, қысқа-қысқа үгіттік өткір өлеңдерге өзгеше ден қойды. Өлеңдерінде Отанға төнген бар қауіп дәл шыншыл күйінде суреттелген.
8-оқушы: «Жау талқандалады»
9-оқушы:«Отан үшін»
10-оқушы: «Қарулан, халық,қарулан»,
11-оқушы:«Зор майданға шапшаң бар» (ІІІ слайд)
І-жүргізуші: Оның соғыс жылдарындағы шығармашылығы табысты болды. Бұл кезеңдегі ақынның шығармалары еркін, әрі тамаша өмір үшін күреске арналған. Ол эпостардағы халықтық қаһармандықты көрсете отырып, жеке батырлар мен майдандағы оқиғалар жөнінде өлеңдер мен дастандар шығарады.
12-оқушы:«Батыр туралы жыр»,
13-оқушы: «Батыр ұлға»
14-оқушы: «Жеңіс үшін»
ІІ жүргізуші: Ақының «Ер туралы жыр», «Жиырма бес» атты поэмалары патриотизмнің күшін, оның маңызын көрсететін нағыз батырлық дастандар. Ақын поэмаларының ішіндегі айрықша көзге түсетіні «Ер туралы жыр» мен «Жиырма бес». Бұл поэмалардың басты кейіпкерлері -Москваны неміс фашистері басқыншыларынан қорғауға қатынасқан даңқты 28 батырдың бірі, Кеңес Одағының Батыры Нарсұтбай Есболатов пен Отан қорғауда көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Төлеген Тоқтаров.
8-оқушы:«Ер туралы жыр»
9-оқушы:«Жиырма бес».
І-жүргізуші: Нұрпейіс көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған ақын. Сондықтан да ол сөзге бай, қазақ халқының қисапсыз мол сөз қазынасын түгел меңгере білген, үйрене де пайдалана білген адам. Нұрпейіс шығармалары терең мағыналы, өткір тілді болып келеді. Нұрпейіс жырлары кестелі шешендік сөзге, мақал-мәтелге, афоризмге толы.
10-оқушы:«Отарба»
11-оқушы:«Зор майданға шапшаң бар»
12-оқушы: «Ақын шабыты»
13-оқушы: «Ақын» дәстүрлі термемен айтылады.
ІІ-жүргізуші: Нұрпейіс өлеңдері соншалықты әсерлі, жанды, жалынды суретті болып келеді. Айтайын деген ойын көз алдыңа айқын етіп елестетіп отырады. Нұрпейіс жырларын оқығанда оқушының жалықпайтыны да, еліге, құмарта оқитыны да содан.
14-Оқушы: «ҚАЙТПАС ЖҮРЕК БАТЫР»
Көңілдің қазына жиһазы
Жиналған асыл затым бар.
Қызыл тіл жүлде алған шақ,
Айтайын десем халқым бар.
Жыр төкпейтін күн есес,
Щарықтады шат ұлдар.
Өрім өрген өлеңнен
Үзенгілес ақындар.
Төрт аяғым тең жорға,
Ұмытпас мені ғасырлар
Қол ұстасып халықпен –
Жасасқан бірге жасым бар.
Тарихтың кілті қолымда
Шежіре шешен атым бар
І-жүргізуші: Нұрпейіс Байғанин 1945 жылы Ұлы жеңіс күніне аз қалғанда, 9 апрель күні дүние салды. Бірақ оның артында Қазақстанның шындық бейнесін суреттейтін, қазақ халқымен бірге жасайтын мұхиттай терең, әрі таусылмас мол мұрасы — тамаша жырлары қалды. Ол соңына мол әдеби мұра қалдырған көрнекті халық ақыны.