kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?дептілік ? ?демілік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Хал?ымыз ерте кезден-а? ?депті жо?ары ба?алай білген.?аза?ты? ?лдары мен ?ыздарыны? ?не бойынан ?дептілік ?асиеттері бай?алып т?р?ан.?арак?з с?луларды? ?ола? шашы тобы?ына т?сіп, ж?ріс-т?рысы биязы, мінезі жайдарлы, ?лкендерге кішіпейіл, кішіге мейірімді бол?ан.Жігіттер еліне, жеріне ы?ыласты, ?лкенге де, кішіге де ?ам?оршы бола білген.Кімге болса да ?она?жай, сыпайы, ?деппен ж?н с?расып, мейман?а т?рін ?сын?ан халы?пыз.?намды ?арым-?атынас жасай білген ? ?дептілік.

    ?р заманда ?р халы??а т?н ?деттер мен ??рыптар ?мірге келіп, солар?а сай ?деп ?а?идалары туындап, ?асырдан-?асыр?а жал?асып, ?ласып жатады.

    ?дептілік ? барлы? адам?а жарасатын ?асиет.Адамны? бала жасынан ал?ан т?рбиесіне, ?скен ортасына, т??ірегіндегі адамдармен ?арым-?атынасына байланысты ?алыптасатын ?асиет. «Болар елді? баласын с?німен емес, с?лемінен танимын» ? деген екен ?ариялар.С?лем ? ?дептілікті? белгісі.С?лемдесе білу ? ?лкен м?дениеттілікті? белгісі, ол жасы ?лкенге ??рметті, кішіге ізеттілікті к?рсетеді.С?лемде де имандылы?, инабаттылы?, к?ргенділік бар.С?лем бергенде лауазымына, та?ына ?арама, адамгершілігіне табын.?аза? хал?ында, егер ?лкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да кіші адам о?ан с?лем беруге міндетті.

2. С?лемдесу жолдары.

  1. ?йге ?лкен адам келгенде орны?нан т?р.
  2. ?ос ?олы?ды ?сынып, «ассалаума?алейкум»,- деп с?лемдесу керек. «Ассалаума?алейкум» деген с?з «Алла оны жарыл?асын, ?олдасын» деген ма?ынаны береді.
  3. Егер келген адамны? жасы кіші болса, ол ?мтылып ?ос ?олын ?сынып амандасады, ?лкен адам орнынан т?рмайды: «уа?алейкумассалам» деп жауап береді.
  4. Арасында «привет» немесе «чао» деп ?олды к?тере салатындарымыз да кездеседі.Б?дан арылу керек.Олай амандасу?а болмайды.
  5. ?ыз баланы? ?дептілігі оны? с?йлеген с?зінен, істеген ісінен, ?рт?рлі жа?дайда ?зі?-?зі ?стай білуінен к?рініп т?рады.?ыз бала?а ?лкендерге «саламатсыз ба, ана?» - деп с?лемдесуі керек.

?ыздарды? ?асиетін:

?ыз емес, ?ызды? аты ? ?ызыл алтын,

К?рінер тол?ан айдай ж?зі жар?ын.

?лкенні? алдын орай с?з с?йлемес,

Хал?ыны? са?тай білген ізгі салтын,

? деп бойында?ы арты? ?асиетін бас?алар?а ?лгі етеді.Сонды?тан ?аза? атына заты сай азаматтар ?сіру ?шін ?ыздардан мейірімділікті, инабаттылы?ты талап етеді.Амандасу кезінде дауысты? ыр?а?ы инабаттылы?ты, имандылы?ты к?рсетуі керек.?йткені, с?лемдесуді? ?зі м?дениеттілікті к?рсетеді.

3. Телефонмен с?йлесу м?нері.

  1. Е? алдымен телефон со??ан адам ?зіні? кім екенін айтып, амандасуы ?ажет.
  2. Телефон?а жауап беріп т?р?ан адам да ?зіні? аты-ж?нін айтып, амандасуы ?ажет.
  3. Жалпы ереже ? телефон со??ан адам, ?детте, бірінші ая?тайды.Тек кейбір жа?дайларда, егер сіз беделді, ата?ты адамдар?а телефон со?са?ыз, сол адам ??гімені ая?тайды.
  4. ??гіме ая?тал?ан со? ?те сыпайы ?оштасу керек.
  5. «Жылы-жылы с?йлесе?, жылан інінен шы?ар»,- деген, ?р?ашан анайы т?рден г?рі, сыпайы т?рді пайдаланып, «рахмет» с?зін айту керек.
  6. Телефон с?хбаты негізі он минуттан аспауы тиіс.

4. ?ашан телефон со?у?а болады?

  1. ?детте та??ы сегізге дейін ж?не кешкі сегізден кейін телефон со?ып, адамдарды? мазасын алу д?рыс емес.Сонымен ?атар та??ы ас, т?скі ас, кешкі ас мезеттерінде де телефон со?у ?депке жатпайды.
  2. ?йге телефон со?ып, ?зі?ізді? кім екені?ізді айтып, ?ажет адамды ша?ыруын ?тініп, мазасын ал?аны?ыз ?шін кешірім с?ра?ыз.
  3. Бас?а жерге ?ателесіп телефон со?са?ыз, міндетті т?рде кешірім с?ра?ыз.
  4. Телефон трубкасын д?рыс, ауыз?а та?ап ?стау керек.
  5. Бір уа?ытта телефонмен ж?не та?ы бас?а біреумен ?абаттасып с?йлеспеу керек.

5. К?шеде кездескенде...

  1. К?шеде таныс адамды кездестіргенде е? алдымен амандасу ?ажет.
  2. Негізінен ары ?арай ??гіме жал?астыруды? ?ажеті жо?.Б?л ниетті келесі адамнан к?ту керек.
  3. К?шеде ??гіме ?ыс?а бол?аны ж?н.
  4. ?а? жолды? ортасында т?рып алмау керек.Адамдарды? жолын б?гемеу керек.Д?рысы к?шені? бір жа?ына ?арай шы?ып т?ру керек.
  5. Кездескен адамы?ызбен с?йлесу барысында са?ыз шайнау, ?айта-?айта са?ат?а ?арау, менсінбегені?ізді сынап к?рсету, асы?ысты? білдіру м?дениетсіздікті? белгісі.
  6. Егер танысы?ызды? ?асында бейтаныс болса онымен де амандасу керек.
  7. Б?л жа?дайда ??гіме басталма?ан ж?н ж?не таныс адамы?ызды? ?асында?ы серігіні? ?рі ?арай ж?ре беруге толы? ?а?ысы бар.
  8. Еш уа?ытта ?дейі к?рмегенсіп, б?рылып кету жа?сы ?ылы??а жат?ан емес.
  9. ?асы?ызда серігі?із болса, кездескен адаммен таныстыр?аны?ыз ж?н.
  10. Егер жедел шаруа?ыз болса, сыпайы т?рде т?сіндіріп, кешірім с?рап, ?оштасу керек.Шаруа?ыздан ?алмау?а тырыс?анды?ы?ызды? еш о?асы жо?.

6. ?алалы? к?лікте ж?ру т?ртібі.

  1. ?алалы? к?лікте ж?ру ?деп пен т?ртіпті ?ажет етеді.К?лікке е? алдымен балалар, ?ариялар, ?йел адамдар, м?гедектер мінеді.
  2. Автобуста?ы орындарды да осы адамдар?а ?сынады.Б?л ережені е? алдымен жас адамдар ?ада?алау керек.
  3. Сізге ?сын?ан орын ?шін рахмет айтуды ?мытпа?ыз.
  4. К?лікте газет, журнал о?у?а болады, біра? бас?а адам?а кедергі жасамау керек.
  5. ?алалы? к?лікте тама? жеу, ішу, темекі тарту м?дениетсіздікке жатады.К?ліктегі адамдар?а тесіле ?арау?а болмайды.
  6. К?ліктен т?сер кезде ер адам бірінші т?сіп, бас?аларды? т?суіне к?мектеседі.

7.  Би.

Вальс ? биді? ерекше т?рі.Негізінен ер адамдар ?йел адамдарды биге ша?ырады.Жігіт ?ызды биге ша?ыру барысында келесі ерекшеліктерге назар аудару ?ажет:

  1. Би барысында ер адам басымдылы? к?рсетіп, биге икемділік танытуы ?ажет.
  2. Егер бойжеткенні? ?асында жігіт не ?лкен апасы болса, солардан р??сат с?рау керек.
  3. Би ая?тал?ан со? рахмен айты?ыз, ал бойжеткен с?л жымиса бол?аны.
  4. Билеу барысында билеу ара?ашы?ты?ын ба?ылау ?ажет.
  5. ?йел адам бейтаныспен билеуге ?арсылы? білдіруге ?а?ысы бар.
  6. Билеу барысында ?осылып ?ле? айту м?дениетсіздік болады.

8. Г?лді ?алай сыйлау керек?

  1. Г?лді? саны 12-ден ж?не та? сан болу керек.
  2. К?йеуге шы??ан ?йел адам?а еш?ашан раушан г?лін табыс етпейді.
  3. Жас ж?байлар?а астра г?лін сыйланды деп айту ?ате.
  4. Ауруханада?ы адам?а г?л апар?ан кезде ерекше м??ият бол?ан ж?н.Мысалы: а? нарцисті? ж?пар исі ?лы болып келеді.
  5. Негізінен ?йел адам ер адам?а г?л шо?ын сыйлама?аны ж?н.Егер ?те жа?ын бол?ан жа?дайда ?ана табыс етуге болады.
  6. Ал ?й иесі г?лді дереу су?а салып, ?семдеп ?ою керек.

9. Сіз ?она?тасыз... 

«Ша?ырма?ан жерге барма, ша?ыр?ан жерден ?алма» - деп хал?ымыз біліп айт?ан.

  1. Ескертусіз, ша?ырусыз ?она??а бар?ан м?дениетсіздік болады, себебі сіз?й иесін ?андай ?иын жа?дай?а ?алдырасыз.
  2. Ал ?она??а бар?ан кезде тура айтыл?ан уа?ытында бар?ан ж?н.Тым ерте бару немесе к?ттіріп, кеш бару д?рыс емес.
  3. ?она??а бар?ан кезде ж?пар иісті г?л шо?ын немесе шоколад ?орабын тарту етсе?із, керемет болар еді.
  4. ?йдегі кішкене б?лдіршіндерге де к??іл б?лген ж?н. «Иесін сыйласа?, итіне де с?йек сал» - деген бар.
  5. ?она??а баламен бару?а да?дыланба?ан д?рыс.
  6. Бас?а адамды ренжітуден, мерекені б?зудан, шектен тыс ішімдік ішуден алша? болы?ыз.

 

?орытынды.

Адамны? с?лулы?ы, ?арым-?атынаста?ы сыпайылы?, ?дептілік, адамгершілік ?асиеттер ? адамны? к?ркі. «Адам к?ркі ? ш?берек» деген с?з бар.Біра? адамны? ?з с?лулы?ын ?зіні? жан с?лулы?ымен салыстырмау керек.?рине ?демілік жа?сы.Ол таби?атты? ?айталанбас белгісі.?демі болып, біра? ?депсіздігі к?п болатын болса, ондай адамны? жанына к?п ешкім жуи бермейді.Сонды?тан т?р ?демілігінен г?рі, жан ?демілігін ?спеттеу, соны жо?ары к?теру, адамны? санасына сі?іру керек.?азір ?кініштісі, бізді? жастарымызды? к?бі байлы?ты бірінші орын?а ?ояды.М?мкін заманны? мынадай халі осылай ойлау?а м?жб?р ететін шы?ар.Байлы? ба?ыт ?пермейді, байлы? ба?ыт емес.Біз азатпыз, ?з ?міріміз, ?з билігіміз ?зімізде.Енді тек сол азат ?мірді ?дептілікпен, адамгершілікпен жарасымды ?ткізе білсек бол?аны.Ол ?з ?олымызда.Мынау ?демі таби?атта, ?демі ??былыстарда адамдарды? бір-бірімен ?арым-?атынаста болуы, б?рі бізге сырттай ?сер етіп, бізді ?зіне ба?ындырушы.Біз тек т?нні?, арзан ?ызы?ты? ??лы болып ?алмай, еркімізді же?іп, адамшылы?ы жо?ары, ?депті де м?дениетті азамат бола білейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?дептілік ? ?демілік» »

8 орта мектеп














«Әдептілік ─ әдемілік»





Дайындаған: Картина. Л.Ә














2014 – 2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік ─ әдемілік»

Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге және иманды да инабатты болуға шақыру.

Көрнекілігі: Тақырып, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

  1. Негізгі бөлім.

  2. Сәлемдесу жолдары.

  3. Телефонмен сөйлесу мәнері.

  4. Қашан телефон соғуға болады?

  5. Көшеде кездескенде. . .

  6. Қалалық көлікте жүру тәртібі.

  7. Би.

  8. Гүлді қалай сыйлау керек?

  9. Сіз қонақтасыз.

Қорытынды.


1. Халқымыз ерте кезден-ақ әдепті жоғары бағалай білген.Қазақтың ұлдары мен қыздарының өне бойынан әдептілік қасиеттері байқалып тұрған.Қаракөз сұлулардың қолаң шашы тобығына түсіп, жүріс-тұрысы биязы, мінезі жайдарлы, үлкендерге кішіпейіл, кішіге мейірімді болған.Жігіттер еліне, жеріне ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқоршы бола білген.Кімге болса да қонақжай, сыпайы, әдеппен жөн сұрасып, мейманға төрін ұсынған халықпыз.Ұнамды қарым-қатынас жасай білген ─ әдептілік.

Әр заманда әр халыққа тән әдеттер мен ғұрыптар өмірге келіп, соларға сай әдеп қағидалары туындап, ғасырдан-ғасырға жалғасып, ұласып жатады.

Әдептілік ─ барлық адамға жарасатын қасиет.Адамның бала жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңірегіндегі адамдармен қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет. «Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танимын» ─ деген екен қариялар.Сәлем ─ әдептіліктің белгісі.Сәлемдесе білу ─ үлкен мәдениеттіліктің белгісі, ол жасы үлкенге құрметті, кішіге ізеттілікті көрсетеді.Сәлемде де имандылық, инабаттылық, көргенділік бар.Сәлем бергенде лауазымына, тағына қарама, адамгершілігіне табын.Қазақ халқында, егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да кіші адам оған сәлем беруге міндетті.

2. Сәлемдесу жолдары.

  1. Үйге үлкен адам келгенде орныңнан тұр.

  2. Қос қолыңды ұсынып, «ассалаумағалейкум»,- деп сәлемдесу керек. «Ассалаумағалейкум» деген сөз «Алла оны жарылқасын, қолдасын» деген мағынаны береді.

  3. Егер келген адамның жасы кіші болса, ол ұмтылып қос қолын ұсынып амандасады, үлкен адам орнынан тұрмайды: «уағалейкумассалам» деп жауап береді.

  4. Арасында «привет» немесе «чао» деп қолды көтере салатындарымыз да кездеседі.Бұдан арылу керек.Олай амандасуға болмайды.

  5. Қыз баланың әдептілігі оның сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, әртүрлі жағдайда өзің-өзі ұстай білуінен көрініп тұрады.Қыз балаға үлкендерге «саламатсыз ба, ана?» - деп сәлемдесуі керек.

Қыздардың қасиетін:

Қыз емес, қыздың аты ─ қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орай сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын,

─ деп бойындағы артық қасиетін басқаларға үлгі етеді.Сондықтан қазақ атына заты сай азаматтар өсіру үшін қыздардан мейірімділікті, инабаттылықты талап етеді.Амандасу кезінде дауыстың ырғағы инабаттылықты, имандылықты көрсетуі керек.Өйткені, сәлемдесудің өзі мәдениеттілікті көрсетеді.

3. Телефонмен сөйлесу мәнері.

  1. Ең алдымен телефон соққан адам өзінің кім екенін айтып, амандасуы қажет.

  2. Телефонға жауап беріп тұрған адам да өзінің аты-жөнін айтып, амандасуы қажет.

  3. Жалпы ереже ─ телефон соққан адам, әдетте, бірінші аяқтайды.Тек кейбір жағдайларда, егер сіз беделді, атақты адамдарға телефон соқсаңыз, сол адам әңгімені аяқтайды.

  4. Әңгіме аяқталған соң өте сыпайы қоштасу керек.

  5. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығар»,- деген, әрқашан анайы түрден гөрі, сыпайы түрді пайдаланып, «рахмет» сөзін айту керек.

  6. Телефон сұхбаты негізі он минуттан аспауы тиіс.

4. Қашан телефон соғуға болады?

  1. Әдетте таңғы сегізге дейін және кешкі сегізден кейін телефон соғып, адамдардың мазасын алу дұрыс емес.Сонымен қатар таңғы ас, түскі ас, кешкі ас мезеттерінде де телефон соғу әдепке жатпайды.

  2. Үйге телефон соғып, өзіңіздің кім екеніңізді айтып, қажет адамды шақыруын өтініп, мазасын алғаныңыз үшін кешірім сұраңыз.

  3. Басқа жерге қателесіп телефон соқсаңыз, міндетті түрде кешірім сұраңыз.

  4. Телефон трубкасын дұрыс, ауызға тақап ұстау керек.

  5. Бір уақытта телефонмен және тағы басқа біреумен қабаттасып сөйлеспеу керек.

5. Көшеде кездескенде. . .

  1. Көшеде таныс адамды кездестіргенде ең алдымен амандасу қажет.

  2. Негізінен ары қарай әңгіме жалғастырудың қажеті жоқ.Бұл ниетті келесі адамнан күту керек.

  3. Көшеде әңгіме қысқа болғаны жөн.

  4. Қақ жолдың ортасында тұрып алмау керек.Адамдардың жолын бөгемеу керек.Дұрысы көшенің бір жағына қарай шығып тұру керек.

  5. Кездескен адамыңызбен сөйлесу барысында сағыз шайнау, қайта-қайта сағатқа қарау, менсінбегеніңізді сынап көрсету, асығыстық білдіру мәдениетсіздіктің белгісі.

  6. Егер танысыңыздың қасында бейтаныс болса онымен де амандасу керек.

  7. Бұл жағдайда әңгіме басталмаған жөн және таныс адамыңыздың қасындағы серігінің әрі қарай жүре беруге толық қақысы бар.

  8. Еш уақытта әдейі көрмегенсіп, бұрылып кету жақсы қылыққа жатқан емес.

  9. Қасыңызда серігіңіз болса, кездескен адаммен таныстырғаныңыз жөн.

  10. Егер жедел шаруаңыз болса, сыпайы түрде түсіндіріп, кешірім сұрап, қоштасу керек.Шаруаңыздан қалмауға тырысқандығыңыздың еш оқасы жоқ.

6. Қалалық көлікте жүру тәртібі.

  1. Қалалық көлікте жүру әдеп пен тәртіпті қажет етеді.Көлікке ең алдымен балалар, қариялар, әйел адамдар, мүгедектер мінеді.

  2. Автобустағы орындарды да осы адамдарға ұсынады.Бұл ережені ең алдымен жас адамдар қадағалау керек.

  3. Сізге ұсынған орын үшін рахмет айтуды ұмытпаңыз.

  4. Көлікте газет, журнал оқуға болады, бірақ басқа адамға кедергі жасамау керек.

  5. Қалалық көлікте тамақ жеу, ішу, темекі тарту мәдениетсіздікке жатады.Көліктегі адамдарға тесіле қарауға болмайды.

  6. Көліктен түсер кезде ер адам бірінші түсіп, басқалардың түсуіне көмектеседі.

7. Би.

Вальс ─ бидің ерекше түрі.Негізінен ер адамдар әйел адамдарды биге шақырады.Жігіт қызды биге шақыру барысында келесі ерекшеліктерге назар аудару қажет:

  1. Би барысында ер адам басымдылық көрсетіп, биге икемділік танытуы қажет.

  2. Егер бойжеткеннің қасында жігіт не үлкен апасы болса, солардан рұқсат сұрау керек.

  3. Би аяқталған соң рахмен айтыңыз, ал бойжеткен сәл жымиса болғаны.

  4. Билеу барысында билеу арақашықтығын бақылау қажет.

  5. Әйел адам бейтаныспен билеуге қарсылық білдіруге қақысы бар.

  6. Билеу барысында қосылып өлең айту мәдениетсіздік болады.

8. Гүлді қалай сыйлау керек?

  1. Гүлдің саны 12-ден және тақ сан болу керек.

  2. Күйеуге шыққан әйел адамға ешқашан раушан гүлін табыс етпейді.

  3. Жас жұбайларға астра гүлін сыйланды деп айту қате.

  4. Ауруханадағы адамға гүл апарған кезде ерекше мұқият болған жөн.Мысалы: ақ нарцистің жұпар исі ұлы болып келеді.

  5. Негізінен әйел адам ер адамға гүл шоғын сыйламағаны жөн.Егер өте жақын болған жағдайда ғана табыс етуге болады.

  6. Ал үй иесі гүлді дереу суға салып, әсемдеп қою керек.

9. Сіз қонақтасыз. . .

«Шақырмаған жерге барма, шақырған жерден қалма» - деп халқымыз біліп айтқан.

  1. Ескертусіз, шақырусыз қонаққа барған мәдениетсіздік болады, себебі сізүй иесін қандай қиын жағдайға қалдырасыз.

  2. Ал қонаққа барған кезде тура айтылған уақытында барған жөн.Тым ерте бару немесе күттіріп, кеш бару дұрыс емес.

  3. Қонаққа барған кезде жұпар иісті гүл шоғын немесе шоколад қорабын тарту етсеңіз, керемет болар еді.

  4. Үйдегі кішкене бүлдіршіндерге де көңіл бөлген жөн. «Иесін сыйласаң, итіне де сүйек сал» - деген бар.

  5. Қонаққа баламен баруға дағдыланбаған дұрыс.

  6. Басқа адамды ренжітуден, мерекені бұзудан, шектен тыс ішімдік ішуден алшақ болыңыз.


Қорытынды.

Адамның сұлулығы, қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, адамгершілік қасиеттер ─ адамның көркі. «Адам көркі ─ шүберек» деген сөз бар.Бірақ адамның өз сұлулығын өзінің жан сұлулығымен салыстырмау керек.Әрине әдемілік жақсы.Ол табиғаттың қайталанбас белгісі.Әдемі болып, бірақ әдепсіздігі көп болатын болса, ондай адамның жанына көп ешкім жуи бермейді.Сондықтан түр әдемілігінен гөрі, жан әдемілігін әспеттеу, соны жоғары көтеру, адамның санасына сіңіру керек.Қазір өкініштісі, біздің жастарымыздың көбі байлықты бірінші орынға қояды.Мүмкін заманның мынадай халі осылай ойлауға мәжбүр ететін шығар.Байлық бақыт әпермейді, байлық бақыт емес.Біз азатпыз, өз өміріміз, өз билігіміз өзімізде.Енді тек сол азат өмірді әдептілікпен, адамгершілікпен жарасымды өткізе білсек болғаны.Ол өз қолымызда.Мынау әдемі табиғатта, әдемі құбылыстарда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынаста болуы, бәрі бізге сырттай әсер етіп, бізді өзіне бағындырушы.Біз тек тәннің, арзан қызықтың құлы болып қалмай, еркімізді жеңіп, адамшылығы жоғары, әдепті де мәдениетті азамат бола білейік.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Педагогика тағылымдары», Алматы, Рауан ─ 1993 ж.

  2. «Мақал-мәтелдер және жұмбақтар жинағы»,Алматы ─ 1992 ж.

  3. «Қазақстан әйелдері» журналы.№3, 1990 ж.,№4 1993 ж.

  4. «Аталы сөз», Қайнар ─1972 ж.































8 орта мектеп















(тәрбие сағаты)


Дайындаған: Картина Л.Ә














2014 – 2015 оқу жылы




  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Баяндама.

  3. Концерттік бағдарлама.

  4. Желтоқсанның жылнамасы.

  5. Қорытынды.


1 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қадірлі ағайын!

2 – жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті қонақтар!

«Сарыарқа» күйі ойналып тұрады.

Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңі оқылады.

Оян, қазақ!

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал қараң боп,

Қарағым енді жату жарамасты.

Үйренген халықпыз ғой келешекке,

Талпынып, ұмтылмайтын кеңшілікке.

Осындай білінген соң мінезіміз,

Кімде-кім біздің жұртты елсініп пе?

Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,

Кеттің ғой отқа күйіп, өрттен қашпай.

Әр халық Айға кетіп жатсадағы,

Біздің жұрт шегінеді қадам баспай.

─ Ах, десе іштен қайнап шығар жалын,

Қазақтың кім күзетер мүшкіл халін.

Бірлігі жоқ алты ауыз халықпыз ғой,

Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.

Боз бала өнер-білім үйренбедің,

Ел кезіп, өсек айтып сүйреңдедің.

Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,

Жан қиып, қызмет етіп, халыққа жаққан.

Зәуреше халыққа пайда келеме деп,

Бұл өткен сол ниетпен қызметім.

Білдіру білмегенге білгеңінді,

Өзімнің деп білемін зор міндетім.

1 – жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті қонақтар!

Сол бір жылы он алтыншы желтоқсан,

Ашу-ыза намыспенен астасқан.

Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жыл еді,

Жас қазақтар шықты алаңға бас қосқан.

Жастарымыздың алаңға шығуы түрткі болған Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Д.Қонаевты алып тастап, орнына сырт елден Кольбинді тағайындауы.

Ал, негізгі түрткісі Қазақстанды орыстандыру әрекеті, Ресейдің үстемдің саясаты.

Елінің намысын қорғап шыққан қазақ жастары осы қанды оқиғаның құрбаны болды.Оларға «нашақор», «ұлтшыл», «маскүнем» деген айыптар тағылып, жазықсыз жалаға ұшырады.

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік құтты болсын, ағайын,

Татулықтың дәмін татқан әрдайым.

Елің аман, өніп-өсіп өркендеп,

Желбіресін мәңгі көкте жалауың!

Сауалды естіп отырған қазақ жастары Брежнев алаңына жиналып, 1986 жылы 17 желтоқсанында саағат 8:45-де жастар көтерілісі болды.Бұл жастардың мақсаты өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болуына асықты.

Монтаж: «Жүрегімнің мәңгі мұзы ─ Желтоқсан» өлеңінде өз тарихы бар.Бұл ─ алаңға айбарланып шыққан жастарға жүрегі бұрғаны үшін Астанадан алыс Жезқазғанға қызмет ауыстыруға мәжбүр болды.

Бұл ақын Ілиястың жан сыры:

Жүрек қарып желтоқсанның ызғары,

Тар кеудемде мұз болып қатып тұр әлі.

Көзді жұмсам елестейді бар алаң ─

Шыққан қазақ ұлдары мен қыздары.

Қарсы тұрды сол ызғарға жел ескен,

Сана оянып, бас көтерді күреспен.

Ел намысын бөгде аяққа таптатпай,

Түн түнегін ыдыратты сірескен.

Шықты алаңға ұран алып албырт жас,

Ұлт теңдігін сақтау үшін қосып бас.

Бөлмей бәрін туыстықпен бір тұрған,

Төкпекші боп елі үшін қан мен жас.

Үстемдігін Орталықтың қаламай,
Сырт басшысын өзіміздей санамай.

Ел намысын ту қып биік көтеріп,

Шықты бәрі қауіпке де қарамай.

Тұсау салып тізгіндеген Орталық,

Ар намысты қорлады ғой қол салып.

Сабап, сүйреп, итпен қуып, су шашып,

Қарлы мұзда қанын шашты жоса қып.

Қазақ қызы . . . мың тірілген, мың өліп,

Қос бұрымы шашқан судан мұз болып.

Тоңсадағы аналыққа аямай,

Тепсе-дағы аяз қарып, сыз сорып,

Сыр бермеді заты нәзік қыз болып.

Екі аяқтан екеу-екеу ұстаған,

Сүйреп келеді., шашын жайып тастаған.

Жанды жерін тілсе-дағы қатқыл мұз,

Ауырсынып ешкімге тіл қатпаған.

Көріп тұрмын шыдамымды тұмшалап,

Ішім жалын, сыртым тұман құлпылап.

«Қорғаушының» бірі болып жүгірем,

Ары-бері шыр-пыр болып шарқырап.

Қолдан берер шамалы боп көмегім,

«Қойыңдар», - деп қастарына келемін.

Ұстағансып, қашырамын сөзбенен,

«Түсіп қолға бекер таяқ жемегін».

Топта тұрған жас жігіттер дауыстап,

«Қазақ бар ма, келгін қашпа алыстап».

Деген кезде шыдамадым қатардан,

Бөліндім де бардым жалғыз жақындап.

─ Аға, кімсің? Айтшы бізге жасырмай,

Қашан біздер күн көреміз бас ұрмай?

Қашан бізге теңдік тиер ел болып,

Өз жеріңнен құт-береке қашырмай?

Дегенде мен қалдым тұрып, дағдарып,

Айтқан сөзі жүрегімде мұң қарып.

Айтуға мен бар ойымды батпадым,

Жан-жақтағы тыңшылардан жасқанып.

Тоқтау болды тек айтқаным оларға,

Ол айтқаным ақыл болып қонар ма?

Мұз бүркеніп таяқ жеген кілең жас,

Бүргелі тұр қыран құстай сонарда.

─ Бар, айтыңыз ЦК-дағы дәулерге,

Кольбин кетсін, салмасын де әуреге.

Қойса орыс ─ қойсын қазақ жерінен,

Түсінісіп келетұғын тәубеге.

Шегініп мен шыға бердім арадан,

Қарауыл боп көп көздерге қадаған.

Айтқан сөзі ішті өртеп барады,

Ауыр болып пышақ тілген жарадан.

Кімге айтам, қалай айтам жасаған?

Қалай ғана көмегімді жасасам.

Тырнағынан құтылады жыртқыштың,

Жемі болмай ауыздағы асаған.

Деген оймен тұрдым босқа шарам жоқ,

Қолдан келер тоқтатуға амал жоқ.

Түн жартысы ауған шақта бөлшектер,

Ұрып-соғып быт-шыт қылды аяу жоқ.

Қашып барад жан ұшырып бір-бірлеп,

Жалп құлайды ұрған кезде гүрсілдеп.

Жығылғанын жиып, теріп көлікке,

Жағдайына қарамай-ақ сүйрелеп.

Құрбаны боп кете барды көптері,

Қара күштің тұрған жалмап өрттері.

Намыс үшін бәрін-бәрін қиса да,

Сағы сынып, жасып тізе бүкпеді.

Міне, бүгін зал кетпей күресің,

Теңдік алды туған елің сүйетін.

Арттыруға тәуелсіздік таңдарын,

О, ерлерім, көп қой қосқан үлесің.

Ұлтшылдарды ел бұзарды қумадың,

Ұстамадың, қуып жүріп ұрмадың.

От басыңда телефонмен шошытып,

Өлігін біз әкелеміз күтсін, - деп.

Басшысымақ тыңдамады сөзімді,

Тәлкек етіп жаудан әрмен сезіңді.

Ақырында мәжбүр етті кетуге,

Жаламенен жұқартып ой-төзімді.

Қудаланды қанша қазақ күдікпен,

Жапқан жала қармағына іліккен.

Шүкіршілік ақырында ақталды,

Елі үшін азап шеккен күйікпен.

Батырларын халқы бәрін мақтан қып,

Жатыр әне жырға қосып дастан қып.

Есімдерін елі қастер тұтады,

Кеткендердің жас өмірін құрбан боп.

(Ілияс Қындыбаевтың өлеңі).


1 – жүргізуші: Толды міне он бес жасқа желтоқсан,

Қанын төгіп қыршын кетті көп жастар.

Қайрат, Ләззат, Ербол менен Сәбира,

Тәуелсіздік туын ұстап қол бастар.

Міне, сол оқиғадан бері 15 жыл өтті.Бүгін біздер үшін құрбан болған апа-ағаларымызға тағзым етіп, 1 минут еске алайық.

2 – жүргізуші: Қаһарман қыз, ғажап қыз,

Ұрандады Ләззат қыз.

«Біз қазақпыз, қазақпыз!»

Өмір керек азапсыз.

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз.

Көрініс: «Желтоқсан құрбандарының соты».

Қайрат Рысқұлбековтың анасының жоқтауы:

Бөрілі байрақ ту алған,

Жау көрсе жағы суалған.

Дос көрсе жаны қуанған,

Далад көшіп шубалған.

Арты атан сенің көлт еді,

Арманда өткен боздағым.

Алатау ма еді қонысың,

Опат болдың сол үшін?!

Соққысын қарша боратып,

Қасқыр итке талатып,

Ара түскен қарағым.

Намысыңды көкпар ғып,

Арманыңды шоқпар ғып

Адам емес қояндай.

Аулағанға аямай,

Қасындағы серігің,

Қанға бөгіп жатқанда,

Қорған болған қарағым!

Атағың кетіп аспанға,

Халық іздеп жатқанда.

Қайтейін, Қайрат, тәубе етем!

Мамық болсын, қара жер,

Бақұл бол, бақұл, әй көкем,

Тәубе, тәубе, тәубе етем!

Қайраттың сотынан үзінді көрініс.

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек атқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар!

Аруағыңмен жебей көр!

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем тілім жетпейтін,

Кез болдың мынау заманға.

Жоламай ешкім қасыма,

Бара қалсаң сәлем айт,

Сырттағы құрбы досыма!

«Ақтық сөзің не?» -деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын соны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ

Қорлайды беріп қайтадан!

Титыққа орыс жетпесін,

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін!

Салт санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын!

Ел көркейтер азамат,

Қызғаныштан тозбасын!

«Ақтық» сөзді енді мен,

Сотқа да бір айтайын:

─ Кінәдан таза басым бар,

21 ғана жасым бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар!

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар!

Менде етермін, етермін,

Мен келмеске кетермін!

Көрмеген қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Хош аман бол, артымда

Ағайын туған азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!

Ән: «Көтер, ана, басыңды!»

Кешір ана қысқа болды ғұмырым,

Үміт артқан құлады ғой тұғырың.

Оныменен ортаймайды отбасы,

Елің үшін құрбан болды бір ұлың.

Кешір ана, қасиетті анашым,

Жамандыққа кім қияды баласын.

Желтоқсанның жел жылатқан желінде,

Жауыз жандар жапты-ау қақақ жаласыз.

Сабыр ана төге берме жасыңды,

Өтті-кетті жауынды күн жасынды.

Қазақпыз ғой, мың өліп, мың тірілген,

Көтер ана, көтер ана басыңды!

Кешір ана саналы да ұлы ана,

Аяусыздан аяушылық сұрама.

Бір боздағынт кеткеніне құрбан боп,

Сағыңды ешкім сындыра алмас сірә да.

Кешір ана жан едің ғой тамаша,

Түстім рас арым үшін араша.

Қаным күймей қайтып қарап тұрайын,

Достарымды қабан итпен таласа.

Кешір ана ақтығымды білгенмін,

Кісі қанын жүктейтұғын кім едім.

Арам түгіл торғай екеш торғайдың,

Тіршілігім қорғасам деп жүр едім.

Кешір ана әппақ еді тілегің,

Қыршынынан қиылды бір тірегің!

Есімімді ескерусіз қалдырмас,

Аман болса ардақты ана ─ Ұлы елім!

Хор: «Желтоқсан желі».

1 – жүргізуші: «Қарабауыр қасқалдақ» әнін бүгінде білмейтін қазақ жоқ.Ал оның авторы Лесбек Аманов екенін көпшілік біле бермейді.Жұрт қасқалдақты ─ Қонаев, шүрегейді ─ Кольбин деп таниды. «Халық айтса, қалып айтпайды» ─ деген сөз бар ғой.Сол жұрттың айтқаны дәл келіп жатқан жоқ па?

Ән: «Қарабауыр қасқалдақ». Орындайтын: Тасанова Г.

2 – жүргізуші: Бірақ, әділеттік қашанда жеңбек.Желтоқсан оқиғасының ағы мен қарасын ашу үшінм арнайы комиссия құрылды.Соның нәтижесінде желтоқсан толық ақталды. 16-шы желтоқсан Демократиялық Жаңару күні деп жарияланды.Сөйтіп, арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы онмыңдаған Алматылықтар аза тұтуға жан-жақтан келген азаматтар бас қосып, Республика алаңына 1986 жылы желтоқсан құрбандарына арнап «Ескерткіш тақта» орнатылды.

Тақпақ: «Желтоқсан», оқитын: Елеусізова Д.

Болды уақыт ырғағы құбылмалы,

Жағы тынбас төбеттер ырылдады.

Шырқыраған шындығының түн болмады,

Құрбандыққа шалынды шыбын жаны.

Күшіңменен ісіне қарамады,

Ала қойдай бөлектеп алалады.

Астауыңнан ас ішкен қаншық иттер,

Артынан кеп айғайлап, абалады.

Аласталып ортадан құран наның,

Ашынудан аспадың, тұра алмадың.

Қонаевты қорлаған қозғаушы күш,

Бетін бермей қойды ғой «Правданың».

Қарапайым қазақты шетке итеріп,

Мазақ етті, қорлады, ұлтыменен.



Желтоқсан жылнамасы.

  1. Желтоқсан оқиғасының басталуына Д.А.Қонаевтіы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босатылып, орнына Г.Кольбиннің жасырын түрде және халыққа қорлайтындай түрде тағайындалуына тікелей түрткі болды.Бұл ұсынысты желтоқсанның 16-да өткен Пленумда КОКП ОК саяси бюросыныңт атынан Г.П.Разумовский жасады.Желтоқсан оқиғасын осы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумының шешімі тұтандырды.Сол күннің кешінде қалалық ішкі істер басқармасы мен Республика қауіпсіздік комитетіне жергілікті халық өкілдері арасындағы пленум шешіміне көңіл толмау хабарлар түсті.Қаладағы жағдай мазасыз деп бағаланды.Әсіресе студент, жұмысшы жатақханаларында қызу талқылау жүріп жатқан.

  2. Ұзақ жылдар бойы тұншықтырылып келген әділет үнінің алғаш рет ашық айтылғанына жығыла жаздауға шақ қалған ұлттық намыс туының қайта желбірегеніне міне, биыл он екі жыл болды.Бүкіл бір елдің сүйегіне таңба түсіретін әділетсіз шещім қолданып, халықтың намысын таразыға салған сын сағатта дүлей күшке қайыспай қарсы шыға білген жастарымыздың қайсар мінезі ұрпақтан-ұрпаққа жететіндігін көрсетті.Ес жиып, еңсе көтергеніміздің бастапқы қадамы сол күндерде жасалды.Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының тарихынан лайықты орын алатыны сөзсіз.

  3. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі 12 жылда біздің Республикамызда, елімізде, бүкіл дүние жүзінде көп өзгерістер болды.Сол ызғарлы күндер мен түндерде талдың обалына қалған орталық қазір біржолата күйреді, барлық жерде ұлттық сана-сезім оянып, егемендіктің, тәуелсіздіктің тулары бірінен соң бірі көтеріле бастады.Біздің елімізде де көптеген игі істер істелді.

  • 1991 жылы желтоқсанның 1-де Қазақ елі бүкіл халық болып Н.Ә.Назарбаевты Президент етіп сайлады.

  • Өз билігіміз өзімізге тиді, өз байлығымызға өзіміз ие болдық.

  • Өз тіліміз, дініміз, әдет-ғұрпымыз, дәстүріміз қайта оралды.

  • Арыс азаматтарымыз ақталды.

  • Елім деп еңіреп өткен есіл ерлердің, ел билеген азаматтардың есімі бұрынғыдай қастерленді.

  • Қазақстан тәуелсіз мемлекет, ол БҰҰ-на мүше болды.

  • Қазақстанның ұлттық әскері, әнұраны елтаңбасы, жалауы болды.

  • 1992 жылы қыркүйек айының 28-і мен қазан айының 4-і аралығында Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы болып өтті.

  • 17 желтоқсан ─ Демокртиялық Жаңару күні болып белгіленді.

  • 1993 жылы 28-і қаңтарда Жаңа Конституция қабылданды.

  • Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары белгіленді.

  • «2030 жылға қарай Қазақстан Орта Азия барысына айналады және дамушы елдерге үлгі болады», ─ деп еліміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенім білдірді.

Хор: «Менің Қазақстаным».

Өзіңдікі ─ Туың да,

От пен ауа, суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буыңда!

Хор: «Әнұран»



















«Тілім менің ─ тірлігімнің айнасы»

Мақсаты:

Қазіргі кездегі жастарды өз ана тілін құрметтеуге, қадірлеуге, өз ана тілін әрқашан биік ұстауға тәрбиелеу және олардың ана тіліне деген сүйіспнешілігін арттыру.


Көрнекіліктері:

Түрлі-түсті шарлар, Қабырға газеті, плакаттар.

1- жүргізуші:

- Тілім менің!

Осы тілде шежірем, жырым менің,

Асан қайғы, Қорқыт күйі,

Тағдырыммен тағдырлас мұңым менің.

2- жүргізуші:

- Тілім менің!

Тіршілігім, тынысым, құным менің,

Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ,

Тіл кесілсе не болмақ күнім менің

1- жүргізуші:

- Тілім менің!

Тұтастығым, елдігім, үйім менің,

Ел қорғаған ерлерге рух берген,

Осы тілде толғады биім менің.

2- жүргізуші:

- Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің,

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

1- жүргізуші:

Туған тіліміз ─ баға жетпес байлыңымыз.Сондықтан тілімізді қорғау баршамыздың да міндетіміз.Туған тілімізді қадірлеу мақсатымен бүгінгі кешіміздің тақырыбын «Тілім менің ─ тірлігімнің айнасы» деп атадық.Ендеше қош келіпсіздер, құрметті тіл жанашырлары.

- Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім,─

деп әйгілі ақын Жұбан ағамыз зор мақтаныш, асқақ сеніммен шабыттана жырламап па еді!

2- жүргізуші:

Иә, жүрегінде қазақтың қаны бар әр қазақ баласы осылай тебіренсе, арманымыздың орындалып, қазақтығымыз көкке еркін көтерілер еді.

Олай болса, келесі кезекте «Қазақ» биі. Орындайтын Бакжанар, Ақерке, Шолпан

1- жүргізуші:

Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20- қаңтардағы жарлығына сай қыркүйек айының 22-сі «Тіл мерекесі» боп аталып келеді.Кешегі кеңес дәуірінде бұратана болған тілімізге енді ғана теңдік тиді.Қаншама қиындықпен келген тәуелсіздігімізге де «тәубе» дейміз.Тәуелсіздік айғағы ─ мемлекеттік рәміздерімізбен қатар ─ Ата Заңымыз.

Осы заң Қазақстан Республикасында тіліміздің қолданылуының құқықтық негіздерін мемлекеттің олардың оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

3-бап. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар.

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан тілді қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

6-бап.Мемлекеттік тіл жөніндегі қамқорлығы.

Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолданылуына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды.

Енді кезекті тақпаққа береміз.

2- жүргізуші:

Туған жері ─ түп қазығы, айбыны,

Туған тілі ─ сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі және туған тарихы. . .

Келесі кезекте ән «Туған жер».Орындайтын Ақжүніс.

1- жүргізуші:

- Сенің әрбір тынысыңнан күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем.

Иә, біреу ана тіліне деген жанашырлығын осылай білдірсе, енді біреулер өз ана тіліне менсінбеушілік танытады.

Келесі кезекте «Психологиялық тренингі»

2- жүргізуші:

Жүрек пернесін дөп басатын, селсоқ жатқан сезімді селт еткізер мың бұралған бишілерге кезек береміз. «Татар биі».

1- жүргізуші:

Сүйемін туған тілді ─ анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Тақпақ. Айғаным.

2- жүргізуші:

Әйгілі ақынымыз Қ.Мырзалиев «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген еді.Әрине, көп тіл білген жақсы, ал тілімізді тұғырынан тайдырмау ─ парызымыз.Қазіргі өз тілінде сөйлегісі келмейтін қандастарымызды көргенде қаралай жанымыз ашиды.

Олай болса келесі кезекте күнделікті өмірімізден көрініс.(көрініс).

1- жүргізуші:

Иә, ағайын, елім деп еңіреген ел болсақ, тілімізді, дінімізді, елдігімізді ұмытпайық.

Бүгінгі кешіміздің мақсаты да осы болатын.

2- жүргізуші:

- Уа, халқым, алдыңда ұлы күндер

Тәуелсіздік, теңдікке жүгініндер!

Білімің де, үнің де азат бәрі,

Ұрпақ үшін ұран сап жүгіріңдер! – деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Ыстық ықыласты көңілдеріңіз үшін сіздерге зор алғысымызды айтамыз.

Екеуі қосылып:

- Тіліміз тұғырынан таймасын, ағайын.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«?дептілік ? ?демілік»

Автор: Картина Лиза ?лжан?ызы

Дата: 26.03.2015

Номер свидетельства: 191955

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Әдептілік-әдемілік" ашық сабақ ТДО сыныптарында"
    ["seo_title"] => string(47) "dieptilik_diemilik_ashyk_sabak_tdo_synyptarynda"
    ["file_id"] => string(6) "348184"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476157274"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Әдептілік-әдемілік"
    ["seo_title"] => string(20) "dieptilik_diemilik_2"
    ["file_id"] => string(6) "370982"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482080642"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "«Әдептілік – әдемілік белгісі»тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(44) "dieptilik_diemilik_bielghisi_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "439081"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510810701"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?дептілік - ?демілік."
    ["seo_title"] => string(17) "dieptilikdiemilik"
    ["file_id"] => string(6) "291907"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455199111"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Сабақтың тақырыбы:«Әдептілік -әдемілік» 7 «а» сынып"
    ["seo_title"] => string(48) "sabak_tyn_tak_yryby_dieptilik_diemilik_7_a_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "435172"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509267956"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства