kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Воспитательный час "Мой Казахстан - моё будущее"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:
  1.     Оқушылардың білім беңгейін, сөздік қорын дамыту;
  2.     Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат – міндеттер туралы мағлұмат беру;
   3.     Отанын сүюге, ел-жұртын құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу
   4.Саяси саналылыққа,достыққа, адамгершілікке, елінің мұрасын      жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
5.Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға 
қалыптастыру. 
Тәрбиелік байланыс: Ақыл – ой тәрбиесі. 
Адамгершілік тәрбиесі:
Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Қ.Р. картасы. Видеоролик : «Қазақстан тәуелсіздігіне 25жыл»,слайд

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Воспитательный час "Мой Казахстан - моё будущее"»


Максаты:

1.     Оқушылардың білім беңгейін, сөздік қорын дамыту;

2.     Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат – міндеттер туралы мағлұмат беру;

3.     Отанын сүюге, ел-жұртын құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу

4.Саяси саналылыққа ,достыққа, адамгершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
5.Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға 
қалыптастыру. 

Тәрбиелік байланыс: Ақыл – ой тәрбиесі. 
Адамгершілік тәрбиесі:
Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі

Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Қ.Р. картасы. Видеоролик : «Қазақстан тәуелсіздігіне 25жыл»,слайд


Күтілетін нәтиже:

-оқушылардың тұған жеріне деген сүйіспеншілігі артады,өз ойын ортаға салып еркін айта алуды ,талқылауды үйренеді.

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Білу




5 мин

Психологиялық сәт «Күлкі сыйлау»

Видеоролик қойылады


Оқушылар бір-біріне күлкі сыйлайды.

Оқушылар тамашалаған видеороликті түсіндіру арқылы жаңа тақырып не туралы екендігін айтып береді.

2-бөлім

Түсіну

Қолдану

12 мин




Оқушыларды топқа бөлу


“Миға шабуыл”әдісі арқылы сұрақ жауап

1.Мәңгілік ел дегеніміз не?

2.Тәуелсіздікке дейін қандай тарихи оқиғалар болды?

3.Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен қандай ұлы тұлғаларды айта аласындар?


Оқушылар стикерлер арқылы 2 топқа бөлінеду

3-бөлім

Талдау

Жинақтау

10 мин

Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен бүгін «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз.



1-топ «Осы шақ»

2-топ «Болашақ»пен байланысты постер дайындап ,ортада өз ойларын айтып қорғайды

4 –бөлім

Бағалау

3мин



Сіз өзіңізді ел Президенті деп санасаңыз,Мәңгілік Ел идеясын іске асыру үшін қандай жұмыстар атқарған болар едіңіз?

Ауызша жауап береді

5 – бөлім

Рефлексия

1 мин

Бас бармақ әдісі

Оқушылар бас бармағы арқылы сабақтың өтілу барысын түсіндіреді

Уйге тапсырма

1

мин

«Мен Елімнің патриотымын» тақырыбында эссе жазу

(100сөз)

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
















































Тақырыбы: Мәңгілік ел-жалпы ұлттық идеясының құндылықтары.



Мұғалім сөзі:

 Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешемін. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мейрам боламын. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады.  Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе, атсалыса біледі. Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдау ы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлықсаласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәнінідегі тарихи құжат.
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жеті бес жылдық кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз.

Елбасының Жолдауында әдеттегідей әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді.Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары.  Бұл жоспар біздің дамыған 50 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Жолдауда айтылғандай, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардыңкөмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен» байланысқанша, «Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық. 
Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды. 
«Өткен шақпен» байланыс. 
1-оқушы. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 
2-оқушы. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 
3-оқушы. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 
4-оқушы. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 
5-оқушы. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
6-оқушы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
7.-оқушы 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 
8.-оқушы

Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 

Мұғалім сөзі
9. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері. 


1-оқушы

. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. 
Келді алыстан аңсатып, армандатып, 
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, 
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме

Мұғалім: (Оқушыларға тәуелсіздік алғаннан кейін қандай өзгрістер болғаны туралы сұрақ қояды)

2-оқушы Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы. 
8. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепте білім алып отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз. 


«Болашақпен» байланыс. 
Мұғалім:Сұрақ. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді? 
1. Біз 33жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? 
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 
2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2050 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 
Мұғалім: «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады?» деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма береміз
Оқушылар «Алыс болашақ арманым»тақырыбында 2 топқа бөлініп постер дайындайды. 

Оқушылар өздерінің болашақтағы асқақ армандарыңды сүреттеп ,айтып шығады.


Қорытынды:Мен бүгінгі тәрбие сағатымызды Елбасымыздың мынадай сөздерімен аяқтағым келіп тұр

«Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын» 

                                                                   (Қазақстан халқына Жолдауынан)

Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысындар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз елінді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атанындар «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Воспитательный час "Мой Казахстан - моё будущее"

Автор: Ханходжаев Ахрархан Турсунходжаевич

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393680

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(170) "Воспитательный час "Достойный сын казахского народа", посвящённый юбилею Мухтара Алтынбаева"
    ["seo_title"] => string(102) "vospitatiel-nyi-chas-dostoinyi-syn-kazakhskogho-naroda-posviashchionnyi-iubilieiu-mukhtara-altynbaieva"
    ["file_id"] => string(6) "298932"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456416730"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Семейный час. Тема: «Мой Казахстан!»"
    ["seo_title"] => string(36) "siemieinyi-chas-tiema-moi-kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "301931"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457013830"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Классный час на тему: "Волшебное путешествие по стране Казахстан" "
    ["seo_title"] => string(73) "klassnyi-chas-na-tiemu-volshiebnoie-putieshiestviie-po-stranie-kazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "104579"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1402734569"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Я улыбаюсь мыслям своим об Отчизне родной!""
    ["seo_title"] => string(45) "ia_ulybaius_mysliam_svoim_ob_otchiznie_rodnoi"
    ["file_id"] => string(6) "384661"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485543878"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Воспитательный план для 8-го класса"
    ["seo_title"] => string(38) "vospitatiel-nyi-plan-dlia-8-gho-klassa"
    ["file_id"] => string(6) "282012"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453637465"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства