Білімділік: Қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, жаңадан меңгерген сөздерді есте сақтап, сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу, етістікті қайталау;
Дамытушылық: Ауызша, жазбаша ойлау мен сөйлеу қасиеттерін дамыта отырып, өз пікірлерін айта білу;
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық өнерін дәрелтеу, дүниетанымын кеңейту, халықтық дәстүрді сыйлауға, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс –тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, аударма жұмыс
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар «Қазақтың ұлттық ойындары», тірек сызбалар, Венн диаграммасы, слайдтар « Төрт түлік мал»
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а).Сәлемдесу
б).Кезекшімен сұхбат
1. Сабағымызды тілді жаттықтыру жұмысынан бастайық.
- Балалар, біз қай мемелекетте тұрамыз?
- ҚР Президенті кім?
- ҚР рәміздерін атап беріңдер.
- ҚР мемлекеттік тіл қай тіл?
- Қазақстан қандай мемлекет?
«Күн шұғыласы» ойыны. (слайд №1)
бейбіт сүйгіш
Қазақстан
тәуелсіз
көп ұлтты
Балалар, тақтаға қарап , мақал –мәтелдерді толықтырыңдар. (слайд №2)
Туған жер - ........... (алтын бесік)
Отансыз адам - .............. (ормансыз бұлбұл)
Отан ................ (оттан да ыстық)
Халықтың ортақ үйі ...........(Отан)
Жақсы. Енді, балалар, ҚР қанша ұлт өкілдері тұрады?
Қандай ұлттық ойындар білесіңдер?(слайд №2)
Салки Лото
Бәйге
Ұлттық
ойындар
Жмурки Сақа Тоғызқұмалақ
Қазір, балалар, бір орыс және бір қазақ ұлттық ойындарының айырмашылығы мен ұқсастығын айтып беріңдер.
Екі оқушы тақтаға шығып, Венн диаграммасын толтырады.
(слайд №2)
Бәйге Салки
ұтып алу
адамдар
қуып жету
Аататтт
II.Жаңа тақырып.
Балалар, бүгін біз ерекше сабақ өтеміз. Сабақтың тақырыбы «Ұлттық ойындар».
1). Тақтада лексикалық тақырып бойынша тірек сызба берілген. Осы сызбаға қарап, мұғалім оқушыларға «Елтану.Ұлттық ойындар» тақырыптары бойынша мәлімет береді. (слайд №3)
2). Интербелсенді тақтада видиофильм арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Балалар, қасиетті Ұлы далада Шығыс пен Батыс ғажайып нұрын шашқан көшпенділер мәдениеті, әдет-салты, ұлттық ойындары қалыптасты.Нәресте дүниеге келгенде тәрбиеге байланысты салт- дәстүрлері бар. Олар: шілдехана, бесік той, тілашар, сүндет той т.б.Қазақ халқы ұлттық ойындарда көбісінде малдың сүйегін, қой құмалағын пайдаланды. Халық малды аса қадірлеп, оны өсіруге ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Тоғызқұмалақ», «Сақа»...........Ұлттық ойындары әсіресе ат спортымен негізделген. Солардың ішінде қыз қуу, көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге алу......... Қазақтың ұлттық ойындары еңбектенуге, ойлауға, тапқырлыққа, шешемділікке негізделген. «Тоғызқұмалақ»– есепке ойлауға үйретеді. Осы ойынды ұлы ақын Абай ерекше бағалап, көңіл бөлген. Оны нағыз есеп ойыны деген. «Асық» ойыны- қазақта әр үйдің баласы сойған малдың, әсіресе қойдың асығын жинайды. Асықты бояйды. Балалар асықтарды белгілеген жерге тігіп, көмбеден атып тигізу керек. Осы ойын ептілікке, мергендікке үйретеді. «Арқан тарту» ойыны көбінесе мерекелерде, тойларда өткізіледі. Ойынға ұзын жіп немесе арқан керек.Ортадағы көлденең сызықтан кім бұрын арқанды тартып өткізсе,солар жеңіп, жүлде алады. «Алтыбықан» - халқымыздың ұлттық ойын – сауығының бір түрі. Атыбақан көшпелі халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады. Жастар алтыбақанға жиналып, көңіл көтереді.Екі жас алтыбақанда тербеліп,ән салады.Қазақ халқы ерте заманда аңшылық кәсіппен шұғылданды. Олар бұлғын, сусар, түлкі сияқты аңдарды бағалы терісі үшін, арқар, тауешкі тәрізді аңдарды еті үшін аулады.Қыран құстарды асырап, баптап, аң – құсқа малу «саятшылық» деп аталады. Балаларды жас кезінен осы қиын да қызықты өнерге үйретіп, танымын шыңдап отырған.Бұл дәстүр қазіргі кезде қайта жанданып жатыр. Ұлттық ойындардың бәрін айтып болар емес.
- Балалар, бейнефильмде қандай ұлттық ойындарымен таныстық?
- Жақсы. Мен сендерге қазақ халқы төрт түлік малға ерекше көңіл берген екенін айттым, енді сендер төрт түлік малға қандай жануарлар жатады екенін айтып беріңдер.
Балалар,қазір сендер «Ойлан, тап» ойынын ойнайсыңдар. Осы ойында сендер әріптерді орны ауыстырылған сөздерді дұрыс тауып айтыңдар және қандай сөз ұлттық ойындарға жатпайды екенін белгілендер. (слайд № 7)
Өзінді тексер.( слайд №8).
( оқушылар істеген тапсырманы тексереді)
III.Сөздік жұмыс.( слайд №9).
Үйіру – кружить, сбрасывать
Ұпай – очко
Түспесе – если не окажится
Соғылған – сбитый
Шышылған – разбросаный
Кезек – очередь
Орта – центр
Басқа – другие
Бірге – вместе
Саналу – считаться
Осылай – так
Айтып, хомен қайталау
Сөз тіркесін, сөйлем құрастыру
«кім дұрыс орындайды» (слайд № 10)
Ойынның шарты: сөздердің аудырмасын тауып, сәйкестір.