МақсатыТабиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Табиғат тынысын тарылтпайық"»
Тақырыбы: «Табиғат тынысын тарылтпайық»
МақсатыТабиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.
Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады. Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын, Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған тынысың. Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың, Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың! Табиғаттың сұлу-сымбат мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан ашырлық ерекше орын алған.
Тиме аққуға! Мендейлердің атын ал, түйесін ал, Тиме аққуға! Аққудың киесі бар. Мендейлердің затын ал, биесін ал, Тиме аққуға аққудың иесі бар… Кеудемде жүрек барда басыла ма ой, Тиме аққуға кіршіксіз асыл ар ғой, Тимеңдерші көлімнің көркі болсын. Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой…
Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
“Ұя бұзба! Балапанға тиме” деп, Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек “Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын, Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп, “Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама Өсиетің қандай ғажап, жан ана!
Табиғатты тарылтпайық. Мөлдір кәусар тынысын. Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың. Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың. Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.
Қорытынды
Табиғат – бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз.