Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік - ел мұраты»
Театрландырылған көрініс
І көрініс
Сахнада милициялардың қолына түскен екі жігіт отырады. Ішке екі милиция кіреді. Біреуінің қолында бір стакан су болады, ысқырып: Эй, Фамилия (2 рет)?
Дастан: Антонов.
Милиция: Почему Антонов?
Дастан: Антонов потому что?
Милиция: Ты что издеваешься? (стакандағы суды бетіне шашып қалады)По морде казах, фамилия Антонов.
Дастан: Слушйте. почему вы нам кричите? Мы что приступник какой? На каком основане нас здесь держите?
Милиция(айқайлап): потому что вы наркоманы, убицы....
Азат: Тыңдашы, мен дәретханаға барғым келіп тұр. Босатшы мені...
Милиция: Оңбаған. Шыда
Азат(жұлқынып, қатты даусымен): Қанша уақыт төзуге болат.
Милиция: Қайда?Куда? (Азаттың ішінен тізесімен бір соғады. Азат бүктетіліп жерге отыра қалады.) Тұр, өтірік істемей.
Азат пен Дастан милицияларды итеріп, қаша жөнеледі.
Милиция: Қу, ұста, не қарап тұрсыңдар?
Азат пен Дастан қашып кетеді. Милициялар артынан қуалай жөнеледі.
ІІ көрініс.
Иттің үрген, қойдың маңыраған дауысы естіледі. Ортаға ауыл әкімі мен екі милиция және Азаттың әкесі шығады.
Милициялар:
Әкесі: Қалай барды екен, ә! Ақылым жетпейді. Менің тәрбиемді алған. Мұндай іске баруы мүмкін емес. Миым жетпейді. (басын ұстайды)
Әкім: Әй,қойшы. Сабыр ет Иманбай. Әй, ақыл-естен айырылған ішкіштер-ай. Есірткіден бастары айналған. Біздің көргенімізді олар көрген жоқ. Қиыншылық та, жоқшылық та, аштық та өссе ғой біз сияқты, көрер едім.
Милиция: правильно.
Әкесі: Аш та, жалаңаш та болдық. Соның өзін де жұмған аузымызды аштық па? Алаңға шығып шу көтермек түгіл, бір ауыз сөз үшін ит жеккенге айдаған жоқ па?!
Әкім: (милицияға қарап) Иә, ал енді келістік пе сонымен?
Милиция: Былай, шал.Бізден жасырам деп ойлама.Келсе протокол толтырам, этаппен Алматыға бірақ айдайм. Мұны сен ұмытпа. Бұл жоғарыдан келген бұйрық. Мен көрсетем сендерге жариялықтың әкесін.Ұмытпа осыны.
Әкім: Жарар.Кеттік. Хорошо-хорошо. Өзім айдатам.
ІІІ көрініс.
Милиция машинасының гудогі естіліп, кетіп қалады.
Әкесі үйге қарай беттейді: Құдай-ай, сақтай гөр.
Шешесі дастархан жайып жатқанда Азат үйге кіріп келеді.
Шешесі: Азат!
Азат: Апатайым менің.
Шешесі (құшақтап бас салып, бетінен сүйіп): құлыным менің, ботақаным.
Азат: Ассаламағалейкүм, көке!
Әкесі: Уағалейкүмсалам, төрлет.
Шешесі: О, жаратқан ием, не жазып едік саған! Не істеген олар саған (жылап)
Азат: болды апа, тамағымды ішіп алған соң өзім де кетем.
Шешесі: қайда барасың, мына түрінмен.Құдайым-ау, не істейм?
Әкесі: Ей, боздай бермей тамағың бер.
Шешесі: құдайым-ау, үсті басын су-су...(шөмішпен сорпаны сапырыстырып): жей ғой.Тойып ал.Сорпа ішесің бе? Құлыным менің
Азат: Өтірік, жала. бәрі де өтірік. Өңкей білгіштер.
Әкесі: Сабыр ет болды. Алған үлгің қайда, тәрбиең қайда? Кісіге, тірі жанға сені қол көтереді деп ойламаймын. Тегің, тәлімің бар емес пе? Анаң анау еңіретіп.... ал мына әкеңді жерге қаратып отырғанын не қылғанын. Айт, қане мына сойқаннан кейін не істемексің?
Азат: мына былжырақтың бәрі өтірік. Біз де кінә жоқ.
Әкесі: Жә, суырылма. Радио өтірік айтпайт. Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесің деген. Оу, жоғары адамдарда сенің шаруаң қанша? Оқуыңды оқып, өз жөнінмен жүре бермейсің бе?
Азат: қайдағы жөн. Әне 40 жыл бойы аузыңды ашпай соқаға жегілдіңіз. Соғыста болдыңыз. Жараландыңыз. Сол еңбегіңіздің рахатын көрдіңіз бе? Кәне, қайда, мына жапырайған үйіңіз бе? Әлде анау қораңыздағы 5-6 ешкіңіз бе? Ол да болса сіздікі емес.
Әкесі: Доғар сөзді.
Азат киініп алып, үйден шығып кетеді.
4-көрініс.
Түрме іші. Азат хат жазып отырады.
Апа, көке! Кездесуге келер де бір шоқ дала гүлін ала келіңдерші! Ырым болсын. Жақында мейрам ғой. Қонақтар келіп қалғандай болсын. Өзіме келсем денсаулық жаман емес. Ертеңнен кешке дейін шексіз қиялға берілем де жатам. Тамағым тоқ, тұрмысы да жақсы бұл жердің. Тек қана бір арманым...бостандық... Жоғары сотқа да, Горбачевқа да, бәріне де хат жаздым. Жазықсыз сотталғаным туралы...Кім біледі, арты не боларың. Аяқтарына жығылатын мен емес. Жазымыштан озымыш жоқ. Бір құдайдың өзі сақтар. Көріскенше.Сәлеммен Азат.
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым
«Қарашығым, құлыным» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым
Апа, көке! Кездесуге келер де бір шоқ дала гүлін ала келіңдерші! Ырым болсын. Жақында мейрам ғой. Қонақтар келіп қалғандай болсын. Өзіме келсем денсаулық жаман емес. Ертеңнен кешке дейін шексіз қиялға берілем де жатам. Тамағым тоқ, тұрмысы да жақсы бұл жердің. Тек қана бір арманым...бостандық... Жоғары сотқа да, Горбачевқа да, бәріне де хат жаздым. Жазықсыз сотталғаным туралы...Кім біледі, арты не боларың. Аяқтарына жығылатын мен емес. Жазымыштан озымыш жоқ. Бір құдайдың өзі сақтар. Көріскенше.Сәлеммен Азат.