kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шын дос

Нажмите, чтобы узнать подробности

досты??а байланысты т?рбие са?аты

ашы? саба? етіп алу?а болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«шын дос»

Сынып: 6а

Тәрбие сағаты: Шын дос – таусылмас қазына

     Сабақтың мақсаты:  оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке,әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

                                   Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру .

Жағымды ахуал орнату.

 - Топтастыру

І-топ:

ІІ-топ:

ІІ-топ:

II. Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары: (сөзжұмбақ арқылы)

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме. (слайд 3

Досым саған сенемін, сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген-адамның көрігі екен.

Достық деген-ақылдың серігі екен. – деген Қазақтың ақиық ақыны М. Мұқағалидың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды бастағым келіп отыр.

Ендеше «Достық» сөзіне анықтама беріп көрейік.

 Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

      Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Видеоролик: Шеге   Екі дос ертегісін тыңдау (слайд 4)

     Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-          Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

   Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

 

ІҮ. Топтық жұмыс:   осы видеороликке байланысты қандай ой түйдіңдер. Әр топ постер ма ауызша........

Ассосация «Дос қандай болу керек?»(слайд 5)

                                жомарт

                                адамгершілігі мол

                                қарапайым

                                мейірімді

                                кешірімді

                                адал

ДОС                        төзімді

                                ақылды

                                сабырлы

                                салмақты

                                кек сақтамайтын

V. Ұлы адамдардың достық туралы айтқан нақыл сөздері.

1. Дос адам артық сұрамайды.

                                           Махмұт Қашқари.

2. Дос достың кемшілігін кешіре береді.

                                          Жүсіп Баласағұн.

3. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.     Абай.

4.Екі ердің достығы асулардан асырар,

                Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

                                         Мұзафар Әлімбаев.

5.Қоссыз қазақ болса да,

                Доссыз қазақ болмаған.

6. Дос табу оңай – сақтауы қиын,

                Жау табу оңай – тоқтауы қиын.

                                         Жүсіп Баласағұн.

ҮІ. Мақал-мәтелдер (слайд 6)

           1) Білімдімен дос болсаң,

            Сасқанда ақылын айтар.

            Білімсізбен дос болсаң,

            Топ ішінде бетін қайтар.

            2) Дұшпан біреу болса да аздық етер,

            Досың мың болса да аздық етер.

            Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

            Заттың жаңасы жақсы,

            Достың ескісі жақсы.

  V. Сергіту сәті: ән айту

VI.Жағдаяттан шығу: (слайд7)

А)Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ә)Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

Б)Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

В)Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Г)Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.  Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?


ҮІІ. «Ойға ой» «Жалғастырып көр» ойыны (слайд 8)

А) Доссыз адам қанатсыз кұспен тең. Өйткені...

ә) Мың сомың болғанша, мың досың болсын. Өйткені....

б)Досы көпті жау алмайды. Өйткені...










VII. Сауалға жауап іздеу. (слайд 9)

1.Біздің сынып қандай?

2.Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

3.Хаттарға жауап:

 

VIII. ҚОРЫТЫНДЫ : (слайд 10) Мұғалім:

Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:

-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.

-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:

-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.

Ендеше оқушылар, мен де сендерге әрқашан да адал және айнымас достық тілеймін.

Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
шын дос

Автор: Алдамжарова Индира Туралыкызы

Дата: 30.09.2016

Номер свидетельства: 346851

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Шын дос - асыл қазына"
    ["seo_title"] => string(21) "shyn_dos_asyl_k_azyna"
    ["file_id"] => string(6) "388985"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486469844"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "шын дос - таусылмас ?азына "
    ["seo_title"] => string(26) "shyn-dos-tausylmas-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "207329"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430403196"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Дос болайы?-б?ріміз"
    ["seo_title"] => string(21) "dos-bolaiyk-b-rimiz-7"
    ["file_id"] => string(6) "302137"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457075200"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) ""Дос" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(15) "dos_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "471683"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527739506"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Дос  ж?не  досты? "
    ["seo_title"] => string(19) "dos-zh-nie-dostyk-2"
    ["file_id"] => string(6) "188816"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426755085"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства