kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары "Отбасы жарастығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сынып оқушыларына арналған "Отбасы жарастығы" атты сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Отбасы жарастығы"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Қаратерек ЖОББМ

Мерзiм:

Тақырып: 11 сабақ Отбасы жарастығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат, татулық, сыйластық, түсінушілік , кешірімділік

Мұғалiм: Кайсина Ляйля Кулумхановна

Сынып: 5а

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «сыйластық», «махаббат» туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасындағы жарастық туралы білім беру.


Міндеттері:

Білімділік: Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық: Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: өзара сыйластық, жағымды қарым-қатынас, кешірімділікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар,мәлiметтер) оқулық, дәптер, интербелсенді тақта, музыка , түрлі түсті бояу, қылқалам, қарындаш.

Сабақ барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңi. Бес «Т» сақтау керектігіне тоқталып кету,

    2. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

  1. Үй тапсырмасын тексеру

жаңа сабақтың тақырыбын ашу


Ескертулер:

5 «Т» сақтау;

Тәртіп

Татулық

Тазалық

Тыныштық

Талап

3.Сабақтың дәйексөзі.

« Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»

-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ойларыңды дәлелдеп беріңдер.

Оқушылар оқиды, қайталайды, жаттайды.

Оқушылар ойларын айтады.

  1. Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы.

«Шіріген қартоп» туралы аңызды айтып береді

    1. Сендердің бойында ашуланшақтық бар ма?

    2. Қай кезде адамдарға ренжисіңдер?

    3. Адам кекшіл болу керек пе?

    4. Осы аңыздар қандай ой түйдіңдер?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тақырып бойынша тапсырмалар

1 тапсырма: сахналық жұмыс

«Таным тағлымы» аңызын оқып, рөлдерге бөліп сахналап көрсету.

2 тапсырма : Адамның өзін-өзі тану бақыты тақырыбында әңгімелесу жүргізу

3 тапсырма : Егер де істі адамның қатарында болғың келсе, күніне бір рет, болмаса жұмасына немесе айына бір рет өзіңе өзің есеп бер

6.Топпен ән айту.

«Жақсы адамдар» әнін айту

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:


  1. Үй тапсырмасы.

Сауалнамаға жауап беру.


8.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған әсерлерінізді бойларыңызға сіңіріп, жүрегімізге түйіп алайық. Айналамызға нұр шашайық!

Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақ жоспары "Отбасы жарастығы"

Автор: Кайсина Ляйля Кулумхановна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 389079

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Отбасы жарасты?ы"
    ["seo_title"] => string(20) "otbasy-zharastyg-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "210246"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431407790"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Отбасы жарастығы 5 сынып Өзін - өзі тану пәні"
    ["seo_title"] => string(45) "otbasy_zharastyg_y_5_synyp_ozin_ozi_tanu_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "360484"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479578673"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Отбасы жарасты?ы 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(22) "otbasyzharastygy5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "309157"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458747878"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Өзін –өзін тану.Отбасы жарастығы"
    ["seo_title"] => string(33) "ozin_ozin_tanu_otbasy_zharastyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "403655"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490594833"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) ""Отбасы жарасты?ы" 5 сынып?а арнал?ан ашы? саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(50) "otbasyzharastygy5synypkaarnalganashyksabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "313877"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459574690"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства