kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отаны бірді? - тілегі бір

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солт?стік ?аза?стан облысы    

Айыртау ауданы

Саумалк?л селосы

Саумалк?л №1 орта мектебі

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі

Копешова Гульнар Нурпеисовна

 

Саба?ты? та?ырыбы: Отаны бірді? – тілегі бір.

Саба?ты? эпиграфы: “Т?рбие басы – тіл, ?нер алды – тіл” (М.?аш?ари).

Саба?ты? ма?саты: Адам ?міріндегі тілді? ма?ызын ашып к?рсету, о?ушылар?а тілі бірді? – Отаны бір екендігін ??ындыру.

Саба?ты? міндеттері:

Білімділік: ?аза? тіліні? к?ркемдігін сезініп, мемлекеттік тілді ?адірлеп, ?астерлеуге ?йрету, о?ушыларды? ой-?рісін, білім де?гейін к?теру.

Дамытушылы?: О?ушыларды? тіл байлы?ын, еркін с?йлеу шеберлігін ж?не ?з беттерінше ж?мыс жасау ?абілеттерін дамыту, мемлекеттік тіл м?ртебесін к?теруге ат салысу?а ша?ыру. 

Т?рбиелік: ?рбір о?ушыны? Отан?а деген с?йіспеншілігі мен патриотты? сезімін ояту, ?лттар арасында?ы ынтыма?тасты?ты ны?айту ж?не саналы да парасатты азамат т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі емес саба?.

Саба?ты? типі: пікір талас, жарыс, еске т?сіру, сайыс саба?ы, аралас саба?.

Саба?ты? к?рнекілігі: слайдтар, тест тапсырмалары, кеспе карточкалар, тірек сызбалар, таблица, красворд, ребус, кластер, балы? с?йегі, ?рмекші сызбасы.   

П?наралы? байланыс: орыс, а?ылшын тілдері, ?аза? ?дебиеті, физика.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отаны бірді? - тілегі бір »

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Саумалкөл селосы

Саумалкөл №1 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Копешова Гульнар Нурпеисовна



Сабақтың тақырыбы: Отаны бірдің – тілегі бір.

Сабақтың эпиграфы: “Тәрбие басы – тіл, Өнер алды – тіл” (М.Қашқари).

Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі тілдің маңызын ашып көрсету, оқушыларға тілі бірдің – Отаны бір екендігін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қазақ тілінің көркемдігін сезініп, мемлекеттік тілді қадірлеп, қастерлеуге үйрету, оқушылардың ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, еркін сөйлеу шеберлігін және өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 

Тәрбиелік: Әрбір оқушының Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және саналы да парасатты азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың типі: пікір талас, жарыс, еске түсіру, сайыс сабағы, аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тест тапсырмалары, кеспе карточкалар, тірек сызбалар, таблица, красворд, ребус, кластер, балық сүйегі, өрмекші сызбасы.

Пәнаралық байланыс: орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, физика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (шығармашылық жұмыс).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Таныстыру.

  • Кіріспе бөлім (Мұғалімнің сөзі).

  • «Мақал-мәтелдер» сайысы.

  • «Тіл туралы пікірлер» сайысы.

  • «Өлеңдер» сайысы.

  • «Тапқыр болсаң, озып көр» (1 сөзден бірнеше сөз құрау) 1-2-3 топ.

  • «Ойлан тап» (Антонимдік қатарын жазу) 1-топ.

  • «Ұшқыр ой мергені» (Синонимдік қатарын жазу) 2-топ.

  • «Кім жылдам?» (Адасқан әріптерден сөздер құрау) 3-топ.

  • «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!» (Логикалық сұрақтар) 1-2-3 топ.

  • Мәтінмен жұмыс. 1-топ

  • Диалог құру. 2-топ

  • Тест тапсырмалары. 3-топ

Психологиялық дайындық: Балалар, сабағымызды бастамас бұрын сіздер бір-бірлеріңіздің көздеріңізге мұқият қарап, қолдарыңыздан ұстап, сәл жымиып күлімдеңіздер және бүгінгі сабақ табысты өту үшін әр топ бір-бірлеріне 3 тілде өз тілектерін білдірсін.

Ал мен сендерге Оқуда алғыр бол!

Өмірде әділ бол!

Қиында батыл бол!

Еңбекте батыр бол!

Ақылға кемел бол!

Еліңе керек бол! – деген бата бергім келеді.

  • Сайыс сабағымызды бастамас бұрын әді-қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық! Ал енді әр топ өздерін таныстырсын.

1-топтық аты: «Білімділер»

Ұранымыз: «Білімділер мен дос бол – тарыққанда ақыл береді».

2-топтық аты: «Тапқырлар»

Ұранымыз: «Тапқырлармен дос бол –  адамшылығыңды біледі».

3-топтың аты: «Ойшылар»

Ұранымыз: Ойшылармен дос бол – ұшқыр ойымен бөліседі.



Кіріспе бөлім. Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі күні біздің елімізде жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың қай-қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз және мақтанышымыз!

«Тілдің арқасында біреуді-біреу танып біледі, бір халықты екінші бір халық таниды» - деп Р.Ғамзатов ағамыз айтпақшы, тілсіз адамзат баласы өмір сүре алмаған болар еді. Тіл – адамға ғана біткен байлық. Тіліміздің бай қорын кең пайдалану – бүгінгі ұрпақтың еншісінде.

Ұлы Достық!
Жазира – өлке, гүл маусым,
Жасыл әлем, саған мәңгі нұр жаусын!
Қарсы алдыңнан тарқамасын тыңдаушың,
Мың құбылтқан, бұлбұл болсын жырлаушың!

Қане, балалар, достық туралы қандай өлең-жырлар білесіздер, ортаға салайық.

Шыңғыс

Қазақ жері достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем – мерейлі, ырыс-бағы. 
Күрестерде, еңбекте, мерекеде, 
Мұнда сан ұлт, қолдасып ту ұстады! 

Настья

Достық деген – сан ғасырдың ғажабы,
Доссыз өткен әр секундтың азалы.
Дос дегенің – мына өмірдің ажары,
Доссыз болу жалғыздықтың азабы.

Г. Наташа

Достық бізге тым ыстық, 
Бірлік-байлық, ырыс-құт. 
Жарқырасын күніміз, 
Жаса-жаса тыныштық! 
Герта

Тәуелсіздік кіндігін,
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың,
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн!
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

Мұғалімнің сөзі:
Құтты болсын мерекесі тілімнің, 
Асқақтасын көк байрағы елімнің!

Ана тілін құрмет тұтқан жас өрен,

Арта берсін, арта берсін бірлігің! - деп сайыс сабағымызды бастайық.

1 сайыс

І топ: «Жалғасын тап» (Мақал-мәтелдер сайысы).
Тіл тас жарады...(тас жармаса, бас жарады) Ойнап сөйлесең де...(ойлап сөйле)

Аз сөз – алтын, ... Тіл – ақылдың...
Тілі жеткенше сөйлеген шешен, ... Тіл – тәтті, ...

Тіл тас жарады, тас жармаса ... Тілден артық ...

Піл көтермегенді, ... Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...

Жеті жұрттың тілін біл... Жақсы сөз ...

Қаһарлы сөз ... Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ...

Бас кеспек болса да, ... Жыланның уы тісінде, адамның уы ...

Айтылған сөз, атылған ... Бал тамған тілден ...

ІІ топ «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!» (Тіл туралы ой- пікірлер).

  1. Халық бар жерде – тіл бар. Тіл бар жерде – өнер бар.

Өнер бар жерде – жанкүйер бар.

  1. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, оның қуанышы.

  2. Тілдің мерейі – елдің мерейі.

  3. Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

  4. Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу – өмірден алған ең

үлкен сыйың.

  1. Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың.

  2. Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің, әдептіліктің өлшемі болып табылады.

ІІІ топ «Өнер алды – қызыл тіл» (Тіл туралы өлеңдер сайысы).

2 сайыс

«Тапқыр болсаң, озып көр» (3 топқа бірдей 1 сөзден бірнеше сөздер құрастыру)

Қазақстан

Халықтарының

Өнеркәсіптері

3 сайыс

1-топ: «Ойлан тап» сайысы (Антонимдік қатарын жазу)

Биік Жоғары Таза Кең Қалың

Жуан Жарық Қуаныш Арық Ащы

2-топ: «Ұшқыр ой мергені» сайысы Мына сөздерге синонимдес сөздер табыңдар.

Білім алу – оқу – үйрену – білу.

Ғылым – білім – ілім.

Ғалым – ғұлама, оқымысты.

Ұстаз – мұғалім – оқытушы.

Сабақ – дәріс, - оқу.

Парыз – борыш – міндет.

Жәрдем – қолғабыс – көмек.


3-топ «Кім жыдам?» сайысы (Адасқан әріптерден мақал құрау).

л, е, і, і, ш, – а, т, л, н, ы, б, с, е, к, і.

Жауабы: (Ел іші – алтын бесік) Синоним сөз – Отан.


4 сайыс

«Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» 3-топқа бірдей.

Логикалық сұрақтар:

  1. Кім барлық тілде сөйлейді?

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?

  3. Теңізден қандай тастар табылмайды?

  4. Елеуішпен су әкелуге бола ма?

  5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың бұл не?

  6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды?

  7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады?

  8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?

  9. Неліктен су отты сөндіреді?

  10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады, қалыңы ма, жұқасы ма?

5 сайыс

1-топ Мәтінмен жұмыс (оқып мазмұндау, сұрақтар құрастыру).

2-топ Еркін тақырыпқа диалог құру.

3 – топ Тест тапсырмаларын орындау

Қорытынды:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ» - деп айтқандай, біз келер

ұрпақты «Отан, тіл, халық, достық»- деген сөздерді жиі айтып, бұл сөздердің мағынасына мән беріп, оларды бір-біріне, Отанына, еліне, жеріне, тіліне жанашыр етіп тәрбиелесек, болашағымыз жарқын, ертеңіміз гүлді болмақ деген сенімдемін! 

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! – деп бүгінгі сабағымызды аяқтағым келеді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Отаны бірді? - тілегі бір

Автор: Копешова Гульнар Нурпеисовна

Дата: 17.11.2014

Номер свидетельства: 131705

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Адам ;ж?не Отан"
    ["seo_title"] => string(16) "adam-zh-nie-otan"
    ["file_id"] => string(6) "317923"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460463908"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "?зін - ?зі танудан " Бір ша?ыра? астында "  атты саба? "
    ["seo_title"] => string(49) "ozin-ozi-tanudan-bir-shan-yrak-astynda-atty-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "217503"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433365257"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "?лттар досты?ы"
    ["seo_title"] => string(13) "ulttardostygy"
    ["file_id"] => string(6) "257456"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448337482"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Қазақ тілі-менің ана тілім»"
    ["seo_title"] => string(26) "kazak_tili_menin_ana_tilim"
    ["file_id"] => string(6) "527579"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1574094943"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Бізді? тілек-досты?"
    ["seo_title"] => string(18) "bizdintiliekdostyk"
    ["file_id"] => string(6) "276890"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452794216"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства