Мақсаты:
1.Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2.Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.
3.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,суреттер, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Барысы:
І. Сәлемдесу.
– Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық.
Шаттық шеңбері. - Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Шарды беру» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін білдіреді
