Сынып жетекшісі Скабаева Ш.С.
Тәрбие сағатының тақырыбы: | Мен оз Отанымның патриотымын! |
Жалпы мақсаты: | «Патриот» туралы түсінік беру. Әр оқушы бойында Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру. |
Міндеттері: | -оқушыларда қазақстандық патриотизм сезімін ояту, бейбітшілік сүю, ұлттық келісім, Отан туралы оқушы білімдерінің ауқымын кеңейту; -оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,өз туған жеріне, халқына деген мақтаныш сезімін оялату . |
Оқыту нәтижесі: | 1.Патриот туралы жалпы түсінік алады 2.Оқушылар өз Отанының патриоты бола алады. |
Ресурстар | 1.Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаз 2.Слайд, Сурет |
Тәрбие сағатының өту барысы |
Тапсырмалардың түрлері | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру сәті | 2 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. | |
Топқа бөлу | 5 мин | Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу (тұртбұрыш, үшбұрыш, шаршы) | Оқушылар топқа бөлінеді |
Гимн орындалады | | | |
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. | 7 мин | «Тілектер ағыны». Әр топ мүшесі шеңбер құрып тұрады. Содан кейін қатысушылар бір-бірінің қолынан алып, жақсы тілек айтады. | Тілек : Саған сәттілік тілеймін! Керемет шабыт келсін! т.б |
«Ойға шабуыл» арқылы басты сөзді табу | 5 мин | «Менің Қазақстаным» деректі фильм Сұрақтар оқылады 1.Депутаттар сайланып қабылданатын ұйым.(Парламент) 2.Қазақстан Қарулы куштер.... (Армия) 3.Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығын бұзылуы(терроризм) 4.Мемлекеттік басқару нысаны.(Республика) 5.Құмырсқа жиналатын ұя. (Илеу) 6.Ең ыстық, ең қажетті, мақтанатын мекен....(Отан) 7.Ел Рәмізіне жататын... (Ту) | Сұрақтарға жауап береді ПАТРИОТ деген сөз шығады. |
1-тапсырма | 10 | 1 топ.өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. 2 топ. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. 3 топ. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі | Топ мүшелері жеке өз ойларын қағазға түсіреді. |
2-тапсырма. Сурет көру | 5 | Патриоттар суретін көрсету | Әр топ суреттен сөйлем құрастырады,талқылайды. Пікірлерімен бөліседі. Қорытынды жасайды |
4. Сергіту сәті. | 7 мин | Музыка қою. «Дирижер болу» | |
Рефлекcия | 3мин | Рефлексия алғы сөздерін беру. | Оқушылар рефлексия жазады. |
Сынып жетекшісі: Скабаева Ш.С.