kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен елімнің патриотымын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл 9 сыныпқа  білім сабағы ретінде өткізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен елімнің патриотымын»

Күні:

Тақырыбы: Мен елімнің патриотымын

Мақсаты:

  • Оқушыларға Елбасы жолдауындағы Мәңгілік ел- Ұлттық идеясының құндылықтары мен ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі туралы жалпы мәлімет беру.

  • Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 

  • Оқушыларды ұлтжандылыққа, еңбексүйгіштікке, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, әдеби -монтаж
Көрнекіліктері: суреттер, сөзжұмбақ,слайд
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Теориялық тренинг:
Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан қандай мемлекет?
Отан дегеніміз не?
ІІ. «Отан» сөзіне ассоциация құру

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
Биыл қандай мерекелер аталып өтілуде?

-Ел Тәуелсіздігіне неше жыл толады?

-Астанада қандай көрме ашылады?

Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Мен елімнің патриотымын » деп аталады.

Хор: Әнұран.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Кезеңдері:
1. Менің елім-Қазақстан
2. . Ата Заңым - мақтанышым

3.Елбасының «Қазақстан жолы 2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» жолдауындағы «Мәңгілік ел- Ұлттық идеясы»
4. Қазақстан әлем орталығына айналады

1.Менің елім-Қазақстан.
Қазақстан шығысында ҚХР –мен, оңтүстік шығысында Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресей мен шекдің салт-дәстүраралас болып жатыр.Ал теңіз шекаралары арқылы Әзірбайжанмен және Иранмен шектесіп жатыр.Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі. Қазақстан болып өз алдымен егеменді ел болғандықтан өзіміздің салт-дәстүріміз, тіліміз, дініміз, жеріміз,Отанымыз, рәміздеріміз бар. Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ.

2. Ата Заңым - мақтанышым

Тура жиырма бес жыл-сері күн шалқығалы,

Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.

Көк байрағын алашым желбіретіп,

Содан бері алмастай жарқылдады.

Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Жастар өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шықты.Елімізге өз тәуелсіздігін алып берді.

-Тәуелсіздік үшін жанын қиған қандай боздақтарымызды білесіңдер?

- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995 жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

14-бап

1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

15-бап

1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16-бап

1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы5.

17-бап

1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

18-бап1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

3. Елбасының «Қазақстан жолы 2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» жолдауындағы «Мәңгілік ел- Ұлттық идеясы»

«Қазақстан -2050» «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция» деп көрсеткен болатын.

Қазақстандықтардың алдында тұрған аса маңызды міндет «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру

Елбасымыздың халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз,мүддеміз,тағдырымыз бір,сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте,татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп,ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар,ел ертеңі-білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
Қазақстан -2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.Елбасының әр Жолдауы - толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Әдеби-монтаж:Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)

4. Қазақстан әлем орталығына айналады

Алдағы уақытта елімізде халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі ұйымдастырылып өткелі жатыр.Көменің мақсаты еліміздің тарихы мен салт-дәстүрін, тілін , этникалық мәдениетін, достықтың белгісі мен елдер арасындағы байланысты нығайту екндігі мен әлемгеөз мүмкіндігіміз бен жеткен жетістігімізді көрсету болып табылады.

Қазақстандық ұйымдастырушылардың мәліметінше ,Астанаға келетін қонақтардың 75 пайызы, қазақстандықтар,15 пайызы-ҚХР келетін туристер,шамамен алғанда 75 мың қытай көрмені тамалалауға келеді.Бүгінгі күні 75 мемлекет пен 14 халықаралық ұйымдар қатысатындықтарын білдірген.

«ЭКСПО-2017» көрмесі ұйымдастырудың тағы бір жақсы жағы Қазақстан мен халқы «елорданы және елді дамытудағы бір қадам» болып табылады.

5.Қорытынды.«Мен – Отанды сүйемін»- бөлімі (слайдпен таныстыру)

  • Сендер, Ұлы Отанды сүйе отырып ортақ шаңырағымыз аясындағы достықты сақтауға міндеттіміз.

  • Ең негізгі мақсат пен  талап-адал болу. Тек адал адам ғана өз Отанын сүйеді; қауіпсіздігін ойлайды,  тіпті қорғаныс жағдайында күреске белсенді түрде  қатынаса  алады. Біздің еліміздің жастары Қазақстан патриотизмінің  шынайы келбетін көрсетті.1986 жылы Желтоқсан оқиғасында жастар ата-бабаның үлкен тәжірибесін қабылдап, оны көрсете білді. 18 жылдық тарихы бар, тәй -тәй басқан  Қазақстан – тәуелсіздік жемісін көрді.

  • Ой жарысы: (Слайдта жазылған).

  • Сұрақтар:

  1. Мен – Қазақстан патриотымын.

  2. Қазақстан – менің Отаным.

  3. Мен – елімнің ертеңімін.

  4. Қазақстан – мен үшін жауапты болса, менде елім үшін жауаптымын.

  5.  Патриотизм сөзіне анықтама.

Мазмұны: Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.

Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта  істей алмаймын» дегенді жеңе білу.

Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.«Мен – Отанды сүйемін»- бөлімі (слайд)

  • Сендер, Ұлы Отанды сүйе отырып ортақ шаңырағымыз аясындағы достықты сақтауға міндеттіміз.

  • Ең негізгі мақсат пен  талап-адал болу. Тек адал адам ғана өз Отанын сүйеді; қауіпсіздігін ойлайды,  тіпті қорғаныс жағдайында күреске белсенді түрде  қатынаса  алады. Біздің еліміздің жастары Қазақстан патриотизмінің  шынайы келбетін көрсетті.1986 жылы Желтоқсан оқиғасында жастар ата-бабаның үлкен тәжірибесін қабылдап, оны көрсете білді. 18 жылдық тарихы бар, тәй -тәй басқан  Қазақстан – тәуелсіздік жемісін көрді.

  • Ой жарысы: (Слайдта жазылған).

  • Сұрақтар:

  1. Мен – Қазақстан патриотымын.

  2. Қазақстан – менің Отаным.

  3. Мен – елімнің ертеңімін.

  4. Қазақстан – мен үшін жауапты болса, менде елім үшін жауаптымын.

  5.  Патриотизм сөзіне анықтама.

Мазмұны: Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.

Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта  істей алмаймын» дегенді жеңе білу.

Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.

«Мен ХХІ - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!» - деген елбасымыздың қорытынды сөзінде ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз.Олай болса, тек білімді болайық!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Мен елімнің патриотымын

Автор: Есенеева Әсемгүл Кәдірбайқызы

Дата: 20.10.2016

Номер свидетельства: 350740

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Мен - елімнің патриотымын"
    ["seo_title"] => string(27) "mien_ielimnin_patriotymyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "428571"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1505675731"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мен, елімнің патриотымын !"
    ["seo_title"] => string(23) "men_elimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "560671"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1603203079"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен -?з елімні? патриотымын!" "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-oz-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "164008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422555441"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Мен, өз елімнің патриотымын."
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_10"
    ["file_id"] => string(6) "432050"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507808517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства