kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстандағы діни ағымдар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстандағы діни ағымдар»


Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы діни ағымдар

Сабақ мақсаты:Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.

Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

Жоспар:

1. Ислам туралы не білеміз?

2. “Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас

3. “Абайлаңыз секта!.... Дінімізге берік болайық!”

4. “Өз - өзіне қол салу - ауыр күнә”

5. “Не істер едің?" оқушылар арасындағы топтық жұмыс. Жағдаяттардыңшешімін табу.


Мұғалім: Тәуелсіздік алғаннан бері жиырма жыл аралығында Қазақстанда жан-жақты салада даму байқалды. Қазақстанның орасан зор пайдалы қазба байлықтары мен территориялық  орналасуы елдің бірқалыпты дамуына апарды. Осы қысқа уақыт аралығында Қазақстан еліміз бүкіл әлемге танылып, бұрынғы ТМД кеңістігінде алдыңғы қатарлы елдер санатына енді. Алайда, Қазақстан басшылығының басты мақтанышы — ол ұлтаралық,  дінаралық келісім болып саналады. Оған дәлел сансыз ұлттар мекендеген елімізде осы жиырма жыл аралығында ешбір көтерілістер, ұлтаралық жанжалдар тіркелмеді. Астана қаласында 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер жиыны, сондай-ақ еліміздің ОИК ұйымына басшылық етуі, 2010 жылғы Еуропаның Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болуы осы ауызбіршілік, әлем алдында бейбіт ел боп танылуымыздың айқын айғағы. Сонда да, бес саусақ бірдей емес дегендей, еліміздегі осы жетістіктерде бағаламайтын, оны жоққа шығарып, халық арасында іріткі салғысы келетін азаматтар бар.

АТАЛҒАН АҒЫМДАРДЫҢ ҚАТЕ КЕТКЕН ТҰСТАРЫ

Бұл ағымдардың қазіргі қоғамға қауіпті тұстарын айтар болсақ, кейбір салафиттердің басшыларға бағынбауын айтуға болады, олар ұстанымы бойынша — мемлекет басшылары толығымен мұсылман болмайынша, оны Ислам мемлекеті деп айтуға болмайды, соның нәтижесінде осы салада салафиттік пікірді насихаттауды басты міндет деп санайды. Елбасының айтқан қаулылары, қабылдаған заңдары оларға жүрмейді. Осы әрекеттерімен іс жүзінде Құран аяттарына қарсы келуде.

1) “Әй мүминлер! Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар…” “Ниса” сүресі, 59 аят.

2) Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: «Кедейлікте де байлықта да, саған ұнайтын да, ұнамайтын да және сені құр қалдырса да әміршіңді тыңдап, оған бағынуға тиістісің» деді.

Сонымен қатар, қазақ жерінде шыққан әулие, діндарларды олардың ұстанған жолы – «суфизмді» жоққа шығарады. Егер олар айтқандай сопылық жол түпкілікті қате болатын болса, осы уақытқа шейінгі ата-бабаларымыз адасқан ба?! Әрине бұл тұрғыда барлық сопыларды бір деңгейге қоюға болмайды. Олардың арасында салафиттердің ғалымы ибн Таймия келтірген хақ Ислам жолындағы сопылар да бар, сондай-ақ қабірлерді мінәжат етіп, ұстаздарының қолын сүйіп, пір тұтатын да адасқан  пенделер кездеседі.

Салафиттердің сыртқы сипаттарына келер болсақ, олардың суфисттер-тариқатшылар секілді арнайы киім кию тәсілі жоқ, алайда бір ерекшеліктері ол – шалбар балақтарын қысқартуы. Олардың бұл әрекетке баруларындағы басты дәлелдері Пайғамбарымыздың (с.а.у) Мекке мүшріктеріне етектерін қысқарту жөнінде айтқан ескертуін алға тартады. Егер хадистің мәтінінің толық мағынасын келтірер болсақ, ол нақтылы сөзбе-сөз етек қысқартуға шақырады бұны салафиттер де сөзбе-сөз алады, алайда оның негізгі мағынасы тәкаппарлықтан тию, өйткені сол кездегі арабтар өздерінің байлықтарын көрсету мақсатында ұзын етегі салбыраған киімдер киген, осымен олар өздерінің беделін көрсетеді, Пайғамбарымыз (с.а.у) осыған тиым салған, ал оның шалбар қысқаруға қандай қатысы бар екені белгісіз!

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, кәзіргі қоғамда аталған діни топтарды айыра білу, біздер үшін маңызды. Оларды сыртқы келбеттері, дінге шақыру әрекеттері әртүрлі. Олардың ықпалына еріп кетпеуден қазіргі жастарымызды сақтауымыз керек. Діни мәселеде кез келген сұрақ туған жағдайда, жалпы Ислам ғибадаттарды орындау мақсатында ҚМДБ бекіткен имамдарына хабарласуымыз міндет, сондай-ақ Діни Басқарманың келісімсіз жарық көрген кез келген Ислам әдебиеті түрлерінен сақ болғанымыз жөн.


Сұрақ:

Біздің дініміз Ислам болғандықтан ҚұранКәрім көрсеткен жолмен ғана жүруіміз керек;

Дін Ислам шарттары мен қатар ата - баба жолын да ұстануымыз керек

Мұғалім: «Абайлаңыз секта!... Дінімізге берік болайық!»(Діни экстремизм)

Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не?

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп таңылған діни ұйымдардың тізімі жасалған.

(кесте тақтаның көмегімен көрсетіледі.)

Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.

Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әліде болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.

(Оқушылардың діни ағымдардың істеріне байланысты пікірлері тыңдалады.)

Мұғалім: «Не істер едің?» оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.

1) ҰБТ - дан жоғары ұпай жинап, қаладағы жоғарғы оқу орнының біріне қабылдандың. сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып сенің дінге деген көзқарасыңдыбілмек болып сұрақтар жаудырды.

осы жағдайдағы сенің іс әрекетің қандай? олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе? шешіміңді дәлелде?

2) сыныпқа жаңадан оқушы келді. онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.

осы жағдайдағы сенің іс әрекетің қандай? ұсынысқа көзқарасың туралы ойыңды бөліс.

Келген қонақтардың пікірлерін тыңдау.

«Шындық-өмір айнасы» деп аталады.
Мұғалім: Ей, адамзат!
Тоқта, ойлан! Жүре бермей тырысып.
Кетіп қалма залымдармен ығысып.
Сен өзіңе басшы қойып дайында,
Құран деген кітаптардың ұлысын.
Оқушылар, ислам дінінің ұлылығын танып-біліп, тақырыпты ашып біліп отырсыздар. Осыған орай мен сіздерге ой тастағалы отырмын. 
-Қазір жастар неге өзгедінге өтеді? /оқушылар пікірі/
Мұғалім: Олай болса, оқушылармына қағиданы есте ұстаңыздар.
Діни ұйымдарға еліктеуді ескерту шаралары:
1. Көшеде ,қоғамдық орындарда бөгде адамдармен сөйлесуден бас тартыңыз.
2. Көшеде ,қоғамдық орындарда және т б жерлерде діни әдебиеттермен танысуды ұсынса, оны алмауға тырысыңыз. Алған жағдайда ата-анаңызға, мектептегі педагогтарға /психолог, әлеуметтік педагог т б/ көрсетіңіз.
3. Егер бөтена дамдар лекция тыңдауға ,семинарға қатысуға , таныс емес жерлерге шақыратын болса, барудан бас тартыңыз. Мекенжайыңыз, телефондарыңыз ,жақына дамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз. 
4. Егер сізді адамдардың рухани өмірі , дін қызықтыратын болса, онда сізге көмектесетін ата-анаңыз, мектептегі мұғалімдеріңіз. Олар сізге арнайы әдебиеттер ұсынып, әңгіме жүргізеді.
5. Егер сіз діншіл адам болсаңыз , онда ата-анаңыздың ұсынған дінін қолдаңыз.

Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. Өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.

Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам имандыболуыкерек.

Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керекболса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп,жаман жолмен былықпа!


Тыңдағандарыңызға рахмет!












5 мектеп-лицей







Ашық тәрбие сағаты:


«Қазақстандағы діни ағымдар»




Сынып : 7 «В»

Сынып жетекшісі: Князова Б.Б.












2018-2019 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстандағы діни ағымдар

Автор: Князова Балзира Бақытжанқызы

Дата: 21.01.2019

Номер свидетельства: 496428

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Та?ырыбы:  Д?ст?рден тыс діни а?ымдар"
    ["seo_title"] => string(38) "tak-yryby-d-sturdien-tys-dini-ag-ymdar"
    ["file_id"] => string(6) "287014"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454425541"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "?неге са?аты  І. Та?ырыбы: «Теріс діни а?ымдар ж?не олардан са?тану жолдары» "
    ["seo_title"] => string(82) "onieghie-sag-aty-i-tak-yryby-tieris-dini-ag-ymdar-zh-nie-olardan-sak-tanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "159407"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421902071"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?аза?станды? патриотизм-?о?амны? ?лы ??ндылы?ы "
    ["seo_title"] => string(54) "k-azak-standyk-patriotizm-k-og-amnyn-u-ly-k-u-ndylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "149876"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420358305"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Теріс діни ағымның жетегінде кетіп адасқандар"
    ["seo_title"] => string(46) "teris_dini_agymnyn_zheteginde_ketip_adaskandar"
    ["file_id"] => string(6) "494874"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547236118"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру – уақыт талабы"
    ["seo_title"] => string(56) "okushylardyn_dini_sauattylygyn_kalyptastyru_uakyt_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "571689"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1611836052"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства