?неге са?аты І. Та?ырыбы: «Теріс діни а?ымдар ж?не олардан са?тану жолдары»
?неге са?аты І. Та?ырыбы: «Теріс діни а?ымдар ж?не олардан са?тану жолдары»
Батыс ?аза?сан обылысы. Жа?а?ала ауданы
Жа?а?ала коледжі
1 курстар арасында ?ткізілген т?рбие са?аты
А?ылшын тілі п?ніні? о?ытушысы:
Рахимова Райса Бекболатовна
?неге са?аты
І. Та?ырыбы: «Теріс діни а?ымдар ж?не олардан са?тану жолдары»
ІІ.?неге са?атыны? ма?саты:
Ма?саты: ?азіргі кезде ?о?амымызды, жас?спірімдерді? санасын улап жат?ан деструктивті діни а?ымдарды? саны уа?ыт ?ткен сайын к?бейіп барады. Оларды? ?аншама о?ушылар білмейтін т?рлері бар. Сонымен ?атар оны? адам санасына, ?міріне деген ?аншалы?ты зиян келтіріп жат?аны туралы о?ушылар?а м?лімет бере отырып, алдын –алу жолдарын т?сіндіру.
Теріс діни а?ымдарды? т?л?а?а кері ?серлері, оларды? ?рекеттері туралы шынайы а?параттарды о?ушылар?а ?амтамассыз ету
3. О?ушыларды? деструктивті діни а?ым?а деген к?з ?арастарын, пікірлерін білу , сыни т?р?ысынан ойлау ?абілеттерін дамыту.
ІІІ. ?неге са?атыны? барысы:
1.?йы мдастыру б?лім
ІІ. Ой ?оз?ау.
О?ушылар?а дін ге к?з?арастарын білу ма?сатында сауалнама ?ткізу.
ІІІ. ?аза?станда тара?ан теріс діни ?йымдарды? тарихымен ерекшеліктерін ?р?айсысын жеке т?сіндіру.
IV.Теріс діни а?ымдар?а арбалып ?алмауды? жолдары. (Кітапша тарату.)
V. Теріс діни а?ымдар?а тартыл?ан адамдарды? психологиясында?ы ?згерістер.
VI.Пікірталас
VII .Рефлексия. «Бес ?адам.»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?неге са?аты І. Та?ырыбы: «Теріс діни а?ымдар ж?не олардан са?тану жолдары» »
Батыс Қазақсан обылысы. Жаңақала ауданы
Жаңақала коледжі
1 курстар арасында өткізілген тәрбие сағаты
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы:
Рахимова Райса Бекболатовна
Өнеге сағаты
І. Тақырыбы:«Теріс діни ағымдар және олардан сақтану жолдары»
ІІ.Өнеге сағатының мақсаты:
Мақсаты: Қазіргі кезде қоғамымызды, жасөспірімдердің санасын улап жатқан деструктивті діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама оқушылар білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқаны туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, алдын –алу жолдарын түсіндіру.
Теріс діни ағымдардың тұлғаға кері әсерлері, олардың әрекеттері туралы шынайы ақпараттарды оқушыларға қамтамассыз ету
3. Оқушылардың деструктивті діни ағымға деген көз қарастарын, пікірлерін білу , сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
ІІІ. Өнеге сағатының барысы:
1.Ұйы мдастыру бөлім ІІ. Ой қозғау.
Оқушыларға дін ге көзқарастарын білу мақсатында сауалнама өткізу. ІІІ. Қазақстанда тараған теріс діни ұйымдардың тарихымен ерекшеліктерін әрқайсысын жеке түсіндіру.
IV.Теріс діни ағымдарға арбалып қалмаудың жолдары. (Кітапша тарату.)
V. Теріс діни ағымдарға тартылған адамдардың психологиясындағы өзгерістер.
VI.Пікірталас
VII .Рефлексия. «Бес қадам.»
1.Ұйы мдастыру бөлімі
Кіріспе сөзі:
Халқымыз ұрпағына «жаманнан жирендіріп, жақсыдан үйрен деген отырған. Казіргі заманда әртүрлі діни ағымдардың жасөспірімдер арасында көптеп таралуы, алаңдатарлық жайт.
Елбасымыз дін туралы халыққы былай деген болатын:
«Діни экстремизмді алатын болсақ,ол адамдар арасына ірткі салуға,өшпенділік отын тұтатуға,қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады.Пиғылы бөтен,қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ,онда ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман,Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке,бірлік тыныштық болады» ІІ. Ой қозғау.
Оқушыларға дін ге көзқарастарын білу мақсатында оқушыларға жеке –жеке сауалнама өткізу.
ІІІ. Қазақстанда тараған теріс діни ұйымдардың тарихымен ерекшеліктерін әрқайсысын жеке түсіндіру. Ата бабамыз кіршіксіз таза ұстап келген дін ислам діні саналы түрде ұстанған . 1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» дегенді білдіреді. 2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, дұрыс өмір сүру жолын көрсете білген . 3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні. 4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
Алайда дінімізді бұрмалап адастырушы діни ағымдар Қазақстанға 1990 жылдардан бастап етек ала бастады.Олардың түрлері ұстанымдарына тоқталайық
Видео ролик .
Шәкәрімнің теріс діни ағымдар туралы айтқан сөзі
Діни ағымдар атаулары
Пайда болуы
Ахмади (Қадияни) ағымы
Үндістанның Пенджаб өлкесі Қадян қаласында пайда болған. Ғұлам Мұртазаұлы Ғұлам Ахмад Қадяни(1835-1908)
Ахмадилықты қабылдамаған әр мұсылман
кәпір.Жаназаларға кірмейді,бөлек жерленеді
Арақ ішу,апиын,
героин қолдануға рұқсат береді
Исматуллашылар тобы
Пәкістаннан келген Исматулла Мақсұм негізін салған
Зікірді мұсылманшылықтың негізгі шарты
деп біледі.
Намаз оқымайды
Уаххабилік-діни-саяси ағым
УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. Мухаммед ибн Әбдел Уаһһаб
Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың
қажеті жоқ депесептейді
Салаф
ІУ ғасырда Арабияда п.б.Ахмад ибн Таймийя .уаһһабилік ілімнің жалғасы
Бүгінгі заманның озық тәсілдерін
мойындамайды.
Пайғамбар заманына кері оралуды мақсат
етеді
Әт-Тәкфир уәл Хижра
«Кәпірлерге» қарсы жиһад ұранын алға
тартады .
Бабизм-Бехаизм
Иранда пайда болған
Құранды да Мұхаммед пайғамбарды да
жоққа шығарады
Хизбут-Тахрир
1953 жылы Мысырда құрылған «Мұсылман бауырластар» қоғамының Палестинадағы бөлімшесі
Саяси және діни сипаттағы экстремистік
террорлық ағым
«Иегово куәлары»
АҚШ-та құрылғанМилтон Эриксон
Сиқырлау әдісін қолданады.Ақырзаманнан
кейін
адамдар қайта тіріледі деп сендіреді
Халықаралық Кришна санасы қоғамы
Нью-Йорк 1966 жыл
Индустерге тән вегетариандық тамақтану
,отбасынан ажырасып бөлек тұру,транс
күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады
Айталық, теріс жалған ағымдар отанға қауіп төнсе де отанды қорғаудан бас тартуды секта мүшелерінің миына әбден сіңіріп тастаған. Яғни, адам бойындағы отаншылдық сезімін жойған. Сонымен қатар, жақын адамы өлім аузында жатып, қан беру керек болса, қан бермейді. Бұл секталар спортпен шұғылданғанды да қолдамайды. Бұл секталардың басты мақсаты - өздерінің қауымына кірген жаңа мүшелерін есінен адастырып, үй, басқа да заттарын өздеріне алып қалу . Мәселен, дүниеден қайтқан кісі үшін құран оқуға, құдайы ас беруге, намаздан кейін тәспі қолдануға, жамағатпен дұға жасауға, бет сипауға, мәзһаб ұстануға, қабірлерге кесене немесе қоршау салуға, марқұмның жетісін, қырқын, жылын беруге қарсы. Қоғамда қалыптасқан салт-дәстүрлерді мансұқтап, мемлекеттің заңы мен құқықтық жүйесіне қарсы шығады. Сонымен қатар, намаз оқымаған жағдайда мейлі ата-ана болсын, ағайын туыс болсын мұсылман емес деп, қарым-қатынасты үзуде. Өз ата-анасына қарсы шығып, намаз оқымағандықтары үшін кәпір санап, тіпті, берген асын ішуден бас тарту, , қараусыз қалған жетімдерді көбейту оқиғалары қоғам ішінде көрініс бере бастады.
Өйткені, деструктивтік діни ұйымдар қоғамда берілетін барлық ақпараттарды жоққа шығаруға тырысады. Қалай? Мысалы, теледидар көру, радио тыңдау, қоғамдық газеттер оқуды және өз мүшелерінен басқалармен, қоршаған ортамен байланысты, ақпарат алмасуды барынша шектейді. Сенушілерге тек өз әдебиеттерін, аудио және бейне материалдарын насихаттайды. Жаңадан мүше болып кірген адамның бос уақытының болмауын қадағалайды. Сөйтіп, оның жеке өмірін қатаң кесте бойынша жүргізеді. Яғни, секта бір сөзбен айтқанда, адам психологиясын өз дініне, өміріне, еліне, ата-анасына және т.б. қарсы қойып, араздастыруды көздейтін, түп-төркінінде қазақ елін құртуға әкелетін – діннің ең қауіпті бағыты.
Шынтуайтына келсек, мұсылмандық жолға бет бұрдық деген қыздарымыздың қазақ аруына тән емес паранджа киюі, жігіттеріміздің ұсқынсыз сақал қоюы қоғамда дүдәмал ой туғызып отыр. Әдебиетіміз бен тарихымызда жастайынан сақалды жөнсіз өсірген мәдениетті естіген жоқпыз. Біз мұнымен кімге еліктейміз? Осы салаға бет бұрған қыз-келіншектердің құдды бір қазаға ұрынғандай қара жамылып, бет-ауызын тұмшалаған қылығы жаныңа батады. Дұрыс, әурет жеріңді жауып жүру шариғатта парыз саналғанымен, бүркемелеп паранджа киіп, қазақша орамал тартуға болмайды деген сөз жоқ. Қазақта қара- қайғының, ақ–жаулықтың белгіс
Деструктивті діни ағымдардың қарапайым адамдарды мынандай айла-әдістермен еліктіретіні анықталуда
Деструктивті діни ұйымдардан бас бостандығын алу мүмкіндігі туған жағдайда да, көбіне сөз жүзінде шектеліп жатады. Ия, қателесіп өзге дінге бет бұрған адамдардың қайтадан еркіндікке оралуы неғайбыл құбылыс, олардың санасы қорқыныш, психологиялық жәбір көру, тіпті өзін-өзі қол жұмсауға дейінгі әрекеттерге барады.
Көп жағдайларда, діни ұйымдардан өз бетімен кеткенде, тіпті арнайы мамандар мен жақын адамдарының көмегі бола тұра, ол адам өзін басқа қоғамның адамы ретінде сезінеді. Сондықтан, ол адамдардағы проблемалар төмендегідей сипатта болады:
Жаңадан қабылданған “шәкірт” ұйым мүшелерінің психологиялық қысымына ұшырайды. Ол осы жерде дәстүрден тыс діни ағымдардың “назарына бөленеді”. Нәтижесінде, судай жаңа діни ағымдардың осы “бақытты отбасының” бір мүшесіне айналуға деген құштарлығы күшейе түседі. Топтасып ән шырқау, бір-бірімен төс қағыстырып құшақтасу, мадақтау сияқты кішкентай балаларды алдайтын тәсілдердің барлығы ұйымда кеңінен қолданылады.
Дәстүрден тыс діни ағымдар мүшелері қоршаған ортасынан іргесін аулақ салып, өз бетінше бөлек өмір кешеді. Ал ұйымнан тысқары әлемнен қол үзген адам уақыт өте келе “ұстазының” айтқандарының анық-қанығына ой жүгірту, оны шынайы өмірмен салыстыру мүмкіндігінен айырылады
Қауіпті діни ұйымдарда мүшелерінің ойлау қабілетін тежейтін түрлі әдістемелер қолданысқа ие. Мәселен, бір сарынды әндерді жиі шырқату, бір қимылдарды үнемі қайталатудың ақыры адамды психологиялық тәуелділікке ұрындырады.
“Рухани тұрғыда шынығу” үшін ұйқыдан бас тартқандар мадақталады. Тоя тамақтанбау рухани тұрғыда жетілуге көмектесетін диета деп саналады. Сондай-ақ, ұйымға жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қорытуына мүмкіндік бермеу үшін ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, дәстүрден тыс діни ұйым санатына қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады.
IV.Теріс діни ағымдарға арбалып қалмаудың жолдары. (Кітапша тарату.)
Бірінші оқушылардың өздерінен теріс діни ағымдарға арбалып қалмаудың қандай жолдарын білесіздер деп сұрадым. Олардың ойларын тындағаннан кейін өзім толықтырып түсіндіріп өтемін.
Бірінші ереже
Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін тақырыбындағы диалогқа араласпағаның жөн, немесе лекция тыңдауға,семинарға қатысуға таныс емес жерлерге шақыратын болса барудан бас тартыңыз, мекен-жайыңыз, телефондарыңыз, жақын адамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз.
Екінші ереже
Көшеде,қоғамдық орындарда және т.б жерлерде діни әдебиетпен танысуды ұсынса,оны алмаңыз.Егер діни кітаптарды оқығың келсе тек Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сараптамасы мақұлданған кітап екендігіне көз жеткізіңіз.
Үшінші ереже
Бұл діни миссияларсветтік атауларды жамылады. Егер де Сізді, ағылшын тілінің ақысыз курсына шақырса – бұған сеніп қалма, олар жаңа ілімді жаймен оқуға сені көндіруге тырысады
Төртінші ереже
Кейбірдеструктивті діни ұйымдардажаңа адамдармен танысқанда қолданатын термин сөздері бар: «Осыған дейін Сізге, осыншама ақылды екендігіңізді қалайша ешкім айтпаған!», «Сізге бұндай қасиет қайдан дарыды!» және сізге көмектесем деп ақша ұсынуыда мүмкін, Сіз одан бас тартыңыз. Себебі миссионерлердіңбасты мақсаты – сізді ұйымға қалай да болса кіргізу. Сондықтан да өте сақ болғаныңыз жөн!
Бесінші ереже
Егер сізді адамдардың рухани өмірі,дін қызықтыратын болса,онда сізге көмектесетін ата-анаңыз,оқытушыларыңыз.Олар сіздерге арнайы әдебиеттер ұсынып,топ сағаттарын өткізіп,әңгіме жүргізеді.
Жетінші ереже
Егер басқа конфессия туралы сыни пікірлер айта бастаса, онда бұл деструктивті діни ұйымдардың белгілері болып табылады.
Сегізінші ереже
Егер сен болашағыңның жарқын болғанын қаласаң, өзге діннің жетегінде кетем өз өміріңді өкінішке айналдырма! Ойлан
Тоғысыншы ереже
Ғаламтордан діни мәліметтерді іздеме. Дін туралы дұрыс жауапты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Дін істері департаменті, Сектаға қарсы орталықтардың сайтынан іздеу.
V. Теріс діни ағымдарға тартылған адамдардың психологиясындағы өзгерістері.
VI.Пікірталас
Оқушылар екі топқа бөлініп біреуі діни ағымдарды даттайды ,екінші топ діни ағымдардың қоғамға зиян еместігін айтады.
VII .Рефлексия.
Оқушылардың теріс діни ағымдар туралыосы тәрбие сағатында не түсінгендерінбілу мақсатында , келесіде толық мағұлмат беру үшін нені білгісі келетіндігін осы рефлексиядан байқайдым
Білемін
Білдім
Білгім келеді .
Қорытынды:
Сонымен, Оқушылар Дін- дегеніміз өте –нәзікте , ауқымды тақырып Жоғарда айтып өткендей мұндай деструктивті діни ұйымдар өмірлеріңізді , саналарыңызды бұзады.. Мен сіздерге айтарым теріс діни ағымдарға кіріп, олармен байланысып уақыттарыңды бос өткізгенше , алға ұмытылып уақыттарыңды игі істерге оқуға ,ізденіске, спортпен шұғылдануға білікті маман болып Еліміздің мақтанышына , ата-аналарыңыздың сүйкімді баласы болуға ұмытылыңыздар демекпін. Жақсыдан үйренуге ,жаманннан бойларыңызды аулақ ұстаңыздар.