Сабақтың мазмұны:
- Ойын барысы «Заң» атты қаланың айналасында жүзеге асады. Иммитацияланған қалада банк, мұражай,мектеп, кітапхана, дүкен, полиция, сот, әкімшілік, АХАЖ мекемелері орналасады.
- Әр бала өз білімі арқылы белгілі бір мекеменің тапсырмасын орындайды.Көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз саналып, «Заң»қаласының «Құрметті тұрғыны» атағын иеленеді.
- Барлық мекемелерге бір реттен артық кіруге болмайды және барлық мекемеге міндетті түрде кіріп шығу қажет.
- Ойынды өткізу үшін сыныптың барлық оқушылары. Бұл оқушылар аталған мекемелердің қызметкерлерінен сұрақтар алып жауап береді.
Сабақтың құрал-жабдықтары:
- сабақ өткізілетін кабинет парталардан бос болуы қажет.
- Қаладағы 8 мекеменің анықтамалық тақтайшалары болады.
- «Заң қаласының құрметті тұрғыны» деген грамотасы
- оқушыларға берілетін тапсырмалар