Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы бұл қазақтың бүтін тарихын қамтиды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның мәңгілік жері-Ұлы Дала Елі.»
Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!
Сабақтың мақсаты: «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі контекстінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу
Міндеттері:
Оқыту:
- Оқушылардың «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін игеруін қамтамасыз ету;
- оқушылардың (қазақстандық патриотизм, патриоттық акт, «Мәңгілік Ел», азаматтық, ұқсастық, менталдық, жалпы ұлттық бірлік, жалпы ұлттық идея, қоғамдық келісім, төзімділік) ұғымдарын меңгерулеріне көмектесу;
Дамытушылық:
оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды шешу жолдарын ұсыну;
оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және диалогтік сөз құру) дамыту;
Бос далада бостандығың болмаса! – деп Қадыр ақынның бостандықты жырлауы ата-бабамыздың аңсаған асыл арман, аманаты- азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа артқан сенімі еді… Ақын айтқан бостандық басымызға қонған бақ болатын. Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен асқан ұлы мұрат жоқ. Болмақ та емес. Сол тәуелсіздіктің арқасында елдің кеудесі қайта көтерілді. Рухы қайта шалқыды.Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жұрт қалпын сақтап қалғаны – оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қай кезде де өткен тарихтың өнегесін өз ұрпағы заманға сай жауапкершілікпен, кезеңге сай кемелдікпен, болмысқа сай бағамен, жағдайға сай мүмкіндікпен өлшеген. Ұлан далада сан ғасырлық қоғамдық құбылыстарды басынан өткізген ел мен халық үшін ұлы дала сахнасында болған тарихи оқиғалар ізсіз кеткен жоқ. Қазақстан небір сұрапыл соғыстарды, қайғылы күндерді басынан кешірді. Әйтсе де қазақ халқының атамекенді ардақтау, азаттықты аңсау сезімі өте терең, туған жерді қасиет тұту – қанына сіңген мінезі.Ең қасиетті де қастерлі, үкілеген тұмар- бостандық, еркіндік, тәуелсіздік болды.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның мәңгілік жері-Ұлы дала Елі».
Сабақтың кезеңдері:
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Кіріспе
Мәңгілік Ел идеясы
Қазақстан жері
Тәуелсіздіктің 25 жетістігі
Рефлексия.
Сабақты қорытындылау.
Тәуелсіздіктің арқасында жеткен жеті игілігіміз.
1. Біздің лайықты әрі ұлы еліміз - "Мәңгілік Ел" Отанымыздың он төрт мың километрден астам талассыз шекарасы оны біртұтас монолитке айналдырды. Ол барлық іргелес елдермен тату көршілестіктің шебіне айналды. 2. Ел бірлігі Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Бірлік, береке - біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Біздің рухани бірлігіміз - зайырлы мемлекет пен қоғамның басты іргетасы. 3. Төл мәдениетіміз бен ана тіліміз Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды. Біздің өнеріміз бен бай мәдени мұрамыз әлемнің рухани байлығына қосылды. 4. Индустриялық-инновациялық экономика XXI ғасырда барлық табысты ұлттардың жолын индустриялық әлеует пен инновациялар айқындайды. 5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Қажырлы еңбек етудің нәтижесінде қазақстандықтар қазіргі табыстарына қол жеткізді. Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді. 6. Астана Тәуелсіздігіміздің Ұлы тарихы елорданың жаңа орамдарында, алаңдарында, саябақтары мен сәулет өнерінің туындыларында айнадағыдай көрініс тапқан. Астанаға деген сүйіспеншілік - ол отанға деген перзенттік сезім. 7. Жаһандық жауапкершілік, барша адамзатқа ортақ бастамалар Қазақстан халықаралық қатынастарда сенімді орнықтыруға, халықаралық құқық негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған барлық бастамаларды қолдайды.
І «Мәңгілік ел» идеясы. Ұлттық идея-ел тәуелсіздігінің берік тұғыры.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы бұл қазақтың бүтін тарихын қамтиды.
Тарих пәні мұғалімі Сержан Бекетаев қонақта.
- Сержан Қалелұлы, «Ұлы дала елі», «Мәңгілік ел» идеясы жайында айтып өтсеңіз.
Оқушылармен жұмыс «серпілген сауал»
ІІ. Қазақстанның мәңгілік жері –Ұлы Дала елі.
Жері жоқ ел мемлекет бола алмайды,ал мемлекеті жоқ ел мәңгілік бола алмайды.Біздің мәңгілік болар негізіміз жеріміз бар.Қазақ жері қандай?
Қазақстан жер көлемі 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан.Қазақстан бес мемлекетпен шектесіп жатыр. Қазақстанның Қытай мемлекетімен шекарасының жалпы ұзақтығы 1783 км. Қырғызстанмен шекара — 1242 шақырымды, Түркіменстанмен арадағы шекара — 426 және Өзбекстанмен 2351 шақырымды құрайтыны анықталды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара құрлықтағы ең ұзын шекара болып саналады, оның жалпы ұзындығы 7591 шақырым.
Республика аумағының 10 пайызы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді. Қазақстанның ең биік жері-Хантәңірі шыңы /6995м/, ал ең ойыс жері-теңіз деңгейінен 132 м төмен Қарақия ойысы.
Ал енді өздерің географиядан алған білімдерің бойынша Қазақстанның жер бедеріне байланысты географиялық аймақтар туралы білетін ақпараттарыңды айтып өтіңдер.
Оқушылар Қазақстан жері туралы біраз құнды ақпараттармен танысып өттік. Қазір жаһандану үрдісі кең белен алған уақыт. Шет елдерде болу барлығымыздың арманымыз.Олай болса сендермен шетел ойыны ойнайық. Ойын шарты Сендер Англияға саяхаттап бардыңдар. Ол елдің өзіндік ерекшеліктерімен танысасыңдар.Ал сендер Қазақстанды қалай таныстырар едіңдер. «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» постер құрастыру, қорғау.
Қазақстан туралы қызық деректер видео ролик.
«Ұлы дала елі» дегенде бірден Қазақстанды тануы тиіс. Ал қазақтығымызды айшықтатын дүние аз емес. Ұлы даланы мекендеген ата-бабаларымыз жабайы жылқыны алғаш рет қолға үйретті. Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденді де. Адамзатқа аспандағы бүркітті аулап, қолға үйреткен Алтай, Тарбағатай бүгінгі Қазақстан территориясынан шыққан адамдар.Ұлы дала екенінін негіз болатын нәрсе ме, негіз болатын нәрсе. Мысалы үшін Қазақстан - алманың отаны. Ең үлкен алма Қазақстанда. Осы атауды пайдаланып тек Алматының емес, Қазақстанның атына да пайдалануға болатын нәрсе деп ойлаймыз. Адамзат ғарышқа бірінші аттанған мекен бұл Байқоңыр. Қазақстан даласында. Ұлттық құндылықтарымыз, салт дәстүріміз бен әдет ғұрыптарымыздың өзі бір төбе. Шетелдіктер өзгесін айтпағанда түрлі ою-өрнекпен өрнектелген ұлттық киім-кешектеріміздің өзіне қызыға қарайды. Ұлттық тағамдарымыздың орны ол бөлек. Дертке шипа беретін қымыз, шұбатымыздан бастап, бауырсағымыз бен ірімшік, құртымыздың өзіне тамсанады шеттен келген қонақ. Домбыра мен қобыздан төгілген әуезді әуендерге де балқымай тұра алмайды. Қысқасы, қазақ даласын Ұлы дала елі ретінде танытататын құндылықтарымыз жетіп артылады. Тек жеткізе белсек болғаны.
Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл. Осы жылдар аралығында қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес.
"Бірегейлік және бірлік" "Ұлттық валюта" "Ядролық қарусыз әлем" "Ғылым мен жаңа технологиялар" "Қазақстан Республикасының Президенті институты" "Отбасылық құндылықтар"
"Ұлт саулығы" "Спорт жетістіктері" "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы"
"Индустрияландыру" "Қуатты Қазақстан - қуатты өңірлер" "Астана" "Мәңгілік Елдің" мәңгілік құндылықтары"
Оқушылармен жұмыс
«Детальдарын қос» оқушылар алған білімдерін көрсету үшін берілген сөйлемді кеңейтіп айтады.
Бірінші топқа арналған сөйлемдер.
Ұлттық валютамыз - теңге.
Қазақстан Республикасы бес мемлекетпен шекаралас.
Қазақстанда ЭКСПО көрмесі өтеді.
Астана қаласы Қазақстанның елордасы.
Қазақстан Республикасының президенті “Мәңгілік Ел” идеясын жариялады.
Екінші топқа арналған сөйлемдер
Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды.
Қазақстанда рәміздер күні аталып өтіледі.
Қазақстан ядролық қарусыз мемлекет.
Қазақстанда қысқы универсиада ойындары өтеді.
Қазақстан – Ұлы Дала Елі.
Рефлексия. Бағдаршам
Қорытынды.Бүгінгі сабағымызды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзімен қортындылаймын.
– Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын!»