kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

І.Елтаңба,  Ту,  Әнұран  туралы   түсініктерін   нығайту. Рәміздердің  пайда   болуы   және   тарихтағы   маңызы   жайлы   түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының  есте  сақтауын  дамыту,  өз  ойын  дұрыс  жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды  Отан  сүйгіштікке,  адамгершілікке,  Отанына,  халқына адал  қызмет  етуге,  елінің  Туын,  Елтаңбасын,  Әнұранын   қастерлеп, құрметтеуге,   халқының  тегін,   тарихын   білуге  тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі" тәрбие сағаты»

Тәрбие  сағатының    тақырыбы:  Ел  рәміздері  елдігімнің  реңі,  теңдігімнің  тірегі.
Мақсаты:  

І.Елтаңба,  Ту,  Әнұран  туралы   түсініктерін   нығайту. Рәміздердің  пайда   болуы   және   тарихтағы   маңызы   жайлы   түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының  есте  сақтауын  дамыту,  өз  ойын  дұрыс  жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды  Отан  сүйгіштікке,  адамгершілікке,  Отанына,  халқына адал  қызмет  етуге,  елінің  Туын,  Елтаңбасын,  Әнұранын   қастерлеп, құрметтеуге,   халқының  тегін,   тарихын   білуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,  интербелсенді тақта

Кіріспе бөлім:
Біздер  тәуелсіз  қазақ  елінің  ең  жас  ұландарымыз. Сондықтан   өз жерімізді,  өз елімізді  әкелер мен  аталарымыз  сияқты  қадірлеуге,  сүюге қорғауға  тиіс  екенімізді  естен  шығармайық.
Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші,   тәуелсіздігіміз  тұғырлы  болып,  еліміздің символы –мемлекеттік  рәміздерді  қастерлеп,  құрметтеу  бәріміздің   міндетті   парызымыз   болып   саналады.

Әнұран  орындалады.
Мұғалім:
1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан   тәуелсіз  республика  болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш  Президент   болып   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев сайланды.

Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! – дей келе бүгінгі біздің ашық сабағымыз «Ел  рәміздері  елдігімнің  реңі,  теңдігімнің  тірегі» атты ашық сабағымызды бастаймыз. Ендеше мемлекеттік рәміздерге не жатады?

  • Елтаңба, әнұран және мемлекеттік туымыз

  • Дұрыс айтасыздар.

  • Ендеше мемлекеттік елтаңба туралы кім айтып береді?
    Бекзат: Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
 

Мирлан:  Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Айнұр: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы  Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы   рет   Қазақстан  Республикасының   Әнұраны   ретінде
«Менің Қазақстаным» әні   10 қаңтарда   2006 жылы,   Елбасын ұлықтау рәсімінде   орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Айнұр: Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

Барша   халық   таныған
Біздің   үміт,   тілекті.
Шырқалғанда   әнұран
Шаттық   кернер   жүректі
Жеңіс   туын   көтерген
Жарыстарда   сан   қилы,
Жетіп   бізге   шетелден
Көкке   әнұран   шалқиды.
Шәмші   атаның   сазды   үні
Жігер   беріп   қайратты,
Бәрімізді   мәз   қылып,
Жаңғыртады   аймақты.
Ойындар   мен   тапсырмалар

 Елтаңба дегеніміз не?

Негізі «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «гербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан елтаңбасындағы бесбұрышты жұлдыз нені білдіреді?

Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бесбұрышты жұлдыз.

Мемлекеттік ту дегеніміз не?

Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан туының көк түске боялу себебі?

Танымдық тұрғыдан алғанда, қызыл-оттың, жылу мен қанның, жасыл-шөптің, өсімдіктің, қара-жердің, суықтың, қараңғылықтың, ақ-судың белгісі болып саналса, зеңгір көк-аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады.

Қазақ халқының басына түскен қасіретті баяндайтын әлемдегі болмыс бітімі бөлек ұлттық әнұран?

Қазақтың «Елім-ай әні -әлемде теңдесі жоқ болмыс –бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел әнінің қуаты бүкіл халық басына түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимистік сезім оятатын қасиетінде жатыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің авторы кім?

Сөзін жазғандар:   Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған:   Шәмші Қалдаяқов
Мұғалім:  Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Ел рәміздері елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі" тәрбие сағаты

Автор: Сапарова Рима Абылаевна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406573

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен өз Отанымның патриотымын! тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(45) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "348107"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476122084"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Тәрбие сағаты Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы"
    ["seo_title"] => string(57) "t_rbiie_sag_aty_sara_alpysk_yzy_nazarbaievanyn_omir_zholy"
    ["file_id"] => string(6) "395902"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488132249"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Т?рбие са?аты "Ерлік – жан д?ниені? ?лы ?асиеті ""
    ["seo_title"] => string(42) "trbiiesagatyierlikzhanduniieninulykasiieti"
    ["file_id"] => string(6) "292731"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455339834"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства