kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ардақтайық ананы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен ашық

сабақ жоспары

Тақырыбы: «Зат есім»

2 «а»сынып

                                                                                                     Букенова А.Ж.

                                                             2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:Зат есім

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларға зат есім ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру.Зат есім  туралы білімдерін кеңейте түсу.Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
  2. Дамытушылық: Жаңа технология  элементтерн  пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту,сөйлеу тілін дамыту,білімдерін толықтыру,ойлау қабілеттерін жетілдіру.
  3. Тәрбиелік:Оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру,әдемі жазуға,тапқырлыққа,білімсүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,жеке, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: карточка, кесте, сематикалық карта,тест

Пәнаралық байланыс:Ана тілі,халық педагогикасы

                              Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

   - сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Қазір қандай сабақ екенін сұрадым.

 Психологиялық дайындық жасау.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш.

Тыныштықты сақтаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ Операциялық кезеңі

Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу. Ол үшін 18сурет таратылады ( доп, сағат,машина)

І-топ   « доп   »

ІІ-топ  «  сағат»

ІІІ-топ «машина»

-Балалар қазір бізде қазақ тілі сабағы.Сабағымызды бастамас бұрын мынаған көңіл бөлейікші.Плакатқа жазылған  сөзді оқимыз . « Білімін көп болса, досың көп болады»

Сендер де көп оқып білімді болсандар достарың көп болады.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру»

ІІ.Қызығушылықты ояту. « Ой қозғау»

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағын.Сөйлемдегі ой иесі боламын.Не істеді? Сұрағымен көркейемін, толамын.

-Бұл қай сөз табы деп ойлайсыңдар?  -Зат есім.

-Ендеше зат есім туралы білетінімізді есімізге түсірейік.Әр топтан жауап алу.Оқушылар өз ойларын айтады.

ІІІ.Мағынаны түсіну.

-Дұрыс, ал зат есім дегеніміз не?Зат есімге мысалдар келтіру.Ережені айту

Дәптерлерді ашып бүгінгі күн жазу.Көркем жазу сәті: Зз әрпі.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

Тапсырма№1 Төмендегі сөздерге жалғауларын жалғандар.
Оқушы, терезе, сабақ,жұмыс,гүл, дос, үй,бақша,сынып, доп, өзен, кеш,жұлдыз

Тапсырма№2 Артық сөзді тап.

Суретші, Астана, құрылысшы,әнші,ұшқыш.

Жаңбыр,алмұрт,дәптер,кітап,қалам.

Қыс, көктем,сыйлық,күз,жаз.

Мейрам,қаңтар,мамыр,сәуір,ақпан.

Тапсырма№3 Сәйкестендір

Әр оқушы жеке орындайды.

Тапсырма№4 « Ішіне  -сыртына» әдісі бойынша

 Зат есім бар сөздер ішіне жазу.

Жеңіс күні 9 мамыр –бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам.Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсің!

Сематикалық карта

Сан есім

Сын есім

Етістік

Зат есім

Ойнады

доп

әдемі

төртеу

биік

оқушы

биледі

оныншы

Сергіту сәті:

Тест « Зат есім білімін анықтау»

1.Зат есім нені білдіреді?

а) заттың саын    б) затттың қимылың   в) заттың атын

2.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а)Жандос    б) дәрі    в)  күлді

3. Бөлме деген сөзге қойылатын сұрақты тап.

а) Не істеді?  б)Не?     в) Кім?

4.-шы жұрнағы қай сөзге лайық?

а)ән     б) торғай    в) қобыз

5.Мәтіңді көрсет

а) б     б)Бала     в)Қыс.Қар жауып тұр.Ағаштар ақ көрпеге оранған сияқты.Төңірек түгел аппақ қар.

6. Жалқы есімдерді тап.

а)Ауыл,қала,ел.     б) Мәди,Алакөл, Ақтөс.   в)Қобызшы,жел

ІІІ. Бақылау – бағалау кезеңі

1. Қорытындылау  :   -Бүгінгі сабақтан біз не алдық ?

  • Жаңалық болатындай нені үйрендік ?
  • Қандай жұмыстар ұнады ?

2. Үйге тапсырма:  Карточкамен жұмыс

Күнделікті енді алайық.

Үй тапсырмасын жазайық.

Қазақ тіліден алған білімді.

Ұмытпай есте сақтайық.

3. Оқушыларды бағалау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ардақтайық ананы"»

Ардақтайық ананы.

Мұғалім: Біз ғана емес,

Қадыр тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Ән « Анашым »

Мұғалім: Бүгін наурыздың сегізі.

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

  1. оқушы: Шуақты көктем келді гүлін алып.

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

  1. оқушы: Той пердесін ашайық.

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп.

Ән маржанын шашайық.

  1. оқушы: Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін балаңның,

Аман сау бол, ақ мамам.

4 – оқушы: Сағындым мамық қолыңды.

Күтемін сенің жолыңды.

Сен үшін, ана, өмірде

Қиюға бармын жанымды.

Ән « Ана жүрегі »

Мұғалім: Бүгінгі мерекелік ертеңгілікке ауылымыздың Ардақты аналарын шығарғанбыз.( оқушылар гүл шоқтарын сыйлайды).

1 –оқушы: Ана- әлемдегі ең құдіретті, қасиетті сөз. Ана жастайынан өз баласын мәпелеп, тәрбиелеп өсіреді. Ананың балаға деген махаббаты бала бесікте жатқанда –ақ басталады.

2 – оқушы: Сенің жамандығыңды жасырып, жақсылығынды асырып жүретін –ана. Қиындықта әр кез сенімен бірге болатын да ана. Бұл өмірде бәріміз оған қарыздармыз.

3 – оқушы: Ана деген сөз терең мағынаны білдіреді. Жер бетінде анаға бас имейтін адам жоқ. Бәріміз де анамызға қарыздармыз.

4 – оқушы: Халқымызда мынандай бір нақыл сөз бар: « Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышынды өтей алмайсың» деген. Алайда, ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Ән « Ақ жаулықты аналар »

1 – оқушы: Әже деген – берекесі әр үйдің.

Әже деген – қамқоршысы сәбидің.

Әже деген – алыптардың анасы.

Әже деген – қонағы ғой пәнидің.

2 – оқушы: Асыл әжем! Ақ әжем!

Бесігімді тербеткен.

Қаршадайдан қолға алып

Баулыдың сен еңбекпен.

3 – оқушы: Мен әжемді сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген әжемді,

Қуантсам деп келемін.

Ән « Ақ әжем »

Нақыл сөздер ана туралы еске түсіреміз.

Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар, ол – ананың ақ сүті, күннің нұры, сібідің күлкісі.

*****

Назіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.

Мақал –мәтел ана туралы ортаға шығып айту.

Ән « Ана »

Мұғалім: 8 наурыз, бүгінгі –халықаралық әйелдер күні, жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. ­Өйткені, көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміз ұшан- теңіз. Аналарымызға, ұстаздарымызға шат көңіл, мықты деңсаулық тілейміз, -деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ән « Әрқашан күн сөнбесің »
























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Ардақтайық ананы"

Автор: Букенова Алмагуль Жумагуловна

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 415787

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Арда?тайы? ананы "
    ["seo_title"] => string(19) "ardak-taiyk-anany-1"
    ["file_id"] => string(6) "189358"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426872408"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Ардақтайық ананы!" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(33) "ardak_taiyk_anany_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "401706"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489984059"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "«Арда?тайы? ананы» "
    ["seo_title"] => string(17) "ardak-taiyk-anany"
    ["file_id"] => string(6) "167543"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423115651"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Арда?тайы? ананы"  т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(33) "ardak-taiyk-anany-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "221324"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435205242"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Арда?тайы?, ананы ! "
    ["seo_title"] => string(19) "ardak-taiyk-anany-2"
    ["file_id"] => string(6) "207593"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430558635"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства