kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тапқыр болсаң, талас жоқ сыныптан тыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында өткіздім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тапқыр болсаң, талас жоқ сыныптан тыс»

Бекітемін:

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Мақсаты: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін пысықтау, жан-жақты сауатты болуға үйрету; оқу білімге қызығушылықтарын дамытып озық болуға тәрбиелеу.

Барысы.

Жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік өрендерге талапкер,

Дос көңілден, адал аппақ ниетпен

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірін еріңдер!

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық Бұл сайыскерлеріміз көшбасшылардың көшбасшысы атануға сайысқа түскелі отыр.

Әділ қазы, ақ қағазға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеш біл.

Сайыскерлеріміздің білімін сараптап әділ баға берушілермен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың кезеңдері.

  1. «Кім шапшаң?» (15-сұрақ, әр дұрыс жауап -1 ұпай.)

  2. «­­­Өз таңдауынды жаса» (Ұяшық таңдау, соған сәйкес ұпай алу)

  3. «Сөз тапқанға...»

  4. «Дода» Жұмбақ шешу.

  5. «Ойлан, тап» (1 минут уақыт беріледі)

  6. « Білімді мыңды жығар» Мақалдың жалғасын табу.



1-кезең: «Кім шапшаң?»

Шақырамыз, келіңіздер жарысуға,

Күш, өнер, біліммен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанеки кім озады бұл сайыста?!



15-сұрақ қойылады, сұраққа бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді.Әр дұрыс жауап-1 ұпай.

1.Сын есім сұрақтары (қандай,қай)

2.Жердің кішірейтілген макеті (карта, глобус)

3.Абайдың азан шақырып қойған аты (Ибраһим)

4.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

5.Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)

6. «Бостандық таңы атты», «Адамдық борышың» кімнің өлеңі? (Шәкәрім)

7.16-желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

8.Конституциямыз қашан, қай жылы қабылданды? (30-тамыз,1995ж.)

9.Қазақ әліпбиінің атасы (А.Байтұрсынұлы)

10. Домбырамен күй шертетін адам (Күйші)

11. «Мейірім» әңгімесінің авторы кім, кейіпкерлерін ата? (С.Бегелин Шоқан,Шеген,Шыңғыс,Бейсен)

12.Қай жануар өз үйін арқалап жүреді? (Тасбақа)

13.2 аптада неше тәулік бар? (14 тәулік)

14.Кекілік құс па, жануар ма? (Құс)

15.М.Әуезовтың өмір сүрген жылдары? (1897-1961)



2-кезең: «Өз таңдауынды жаса».

Әр сайыскер дәрежесі бойынша ұяшықты таңдап, онда жасырылған сұраққа жпуап беріп ұяшықтың сыртындағы ұпайды иеленеді. Дұрыс жауап бермеген жағдайда екінші сайыскерге мүмкіндік беріледі.

1.Сөз таптарын ата? Олардың әрқайсысы қандай сұрақтарға жауап береді?

Зат есім кім? Не? Кімдер? Нелер?

Сын есім қандай? Қай?

Сан есім неше? Қанша? Нешінші?

Етістік не істеді, не ғылды? Қайтті

2. Қосымшаның неше түрі бар ата? Мысал келтір (Жұрнақ, жалғау)

3.Зат есімнің қандай түрлерін білесің ата? (жалқы және жалпы, көпше тұрі, жееше тұрі,негізгі зат есім туынды зат есім)

4.Адамның ішкі сезім мүшелерін ата? (Ми, қарын, қуық, бауыр, жүрек, бүйрек, өкпе,ішек)

5.Тұман мен бұлт неден тұрады? (судың өте майда тамшыларынан)

6.Топырақ деген не? (жердәң қсімдік өсетін беткі құнарлы қабат)

7. «Күлпаш.» мәтінінің авторы кім ,кейіпкерлерін ата?(Б,Майлин күлпаш, Қали, Мықтым)

8. «Мейірім» әңгімесінің авторы кім, кейіпкерлерін ата? (С.Бегелин Шоқан,Шеген,Шыңғыс,Бейсен)

9.Ы.Алтынсариннің қандай шығармаларымен таныстық ата? ( «Өнер, білім бар жұрттар», «Баланың айласы, «Таза бұлақ», «Өзен».)

10.Шаршы дегеніміз не? (Барлық қабырғалао тең төртбұрыш)

11.Алманың жартысы неге ұқсас? (Жүрекке ұқсас)

12.Кез-келген 0-ге көбейтсек не шығады?(0-дің өзі шығады)

(Ең аз ұпай жинаған 1 оқушыны шығарып саламыз)

Жүргізуші: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.



ІІІ-кезең. «Сөз тапқанға...»

Бұл кезеңде оқушылар мен ұсынған әріптердің ішінен әріп алып, қойылатын сауалға суырып алған әрпінен басталатын, мейлінше шапшаң, мағыналы жауап беруі тиіс.

1.Бос уақытта не істейсіз?

2. Серуендеуге кіммен шығасыз?

3.Қандай фильмдерді ұнатасыз?

4. Әртіс болғыңыз келе ме?

5. Жасың нешеде?

6. Аспанда қанша жұлдыз бар?

7. Бақа қайда мекендейді?

8. Ұнаған адамыңызға қандай жылы сөз айтасыз?

9. Ең әдемі есім

10. Жанұяда сіз нешінші баласыз?

11. Сіз қандай көшеде тұрасыз?

12. «Ит –адамның досы» дегенге сенесіз бе?

13.Әйгілі әнші немесе топ аты

14. Сүйіп тыңдайтын әніңіз

15. Сүйікті ісіңіз



  1. Неден қорқасыз?

  2. Бақыт деген не?

  3. Қандай кітап оқисыз?

  4. Достарын қандай?

  5. Әдемі киімге қалай қарайсыз?

  6. Сұлулықты қалай түсінесіз?

  7. Тәуелсіздікті қашан алдық?

  8. Абай кім?

  9. Оқу құралы

  10. Бір облыс ата

  11. Қандай адам батыр

  12. Достықты қалай түсінесіз?

  13. Дене мүшесінің бірін атаңыз.

  14. Басшы болуға қалайсыз?

  15. Болашақтағы арманыңыз

1.Өмірдегі мақсатыңыз

2. «Спорт-денсаулық кепілі дегенді қалай түсінесіз?

3. Аа тіліне көзқарасыңыз қандай?

4.Спорттың қай түрімен айналысасыз?

5. Адам көркі не?

6. Бос уақытта немен айналысасыз?

7. «Ақ халатты жандар» деген кім?

8.Ән айтуға қалай қарайсыз?

9. Қандай жануарды ұнатасыз?

10. Суретке кіммен түсесің?

11.Гүлдің қай түрін ұнатасыз?

12. Қалаға қашан барасың?

13. Сабақтан қашып кқрдіңіз бе?

14. Мұғалімің қандай адам?

15. Көз жанары деген не?


1.Шәмшінің қандай әндерін білесіз?

2. Қандай түсті ұнатасыз?

3.Бастық болсаң не істер едің?

4.Қой баққанды ұнатасыз ба?

5.Балмұздақтың қандай түрін білесің?

6. Анаңның қандай тамағы ұнайды?

7. Машинаның бір түрін атаіыз?

8. Түнде ұшатың құсты ата?

9. Қандай пәнді ұнатасыз?

10. Қараңғылықты ұнатасыз ба?

11. Сабаққа дайындалуға кім көмектеседі?

12. Қалаға кіммен барасыз?

13. Қандай ұлттық ойын түрін білесіз?

14. Қасқыр қандай жануар?

15.Анаңыздың алдындағы парызыңызды өтедім деп ойлайсыз ба?



4-кезең «Дода» Жұмбақ шешу.


1.Қалтамда жатыр тісі бар. 2.Бойлаған сайын тереңге,

Тістемей-ақ істер ісі бар Шығасын биік белеңге


(Тарақ) (Білім)

3.Түйістірді көзіңді көзіңе, 4.Жылжытады алға бізді,

Жолықтырды өзіңді өзіңе. Жылжымайды бірақ өзі

(Айна) (Сынып)

5.Жоқ өзіңде бас та, қас та, мойын да 6.Елу тісті, екі қолды.

Ұзындығы жазулы тұр бойында (Екі кісілік ара)

(Сызғыш)

7.Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, 8. Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,

Теңселіп , тербеледі адам соқса Мен мүдірсем, ол да мүдіреді

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен, (Көлеңке)

Не пайда, үндемейді адам жоқта

(Домбыра)


Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы , ойын шарты бойынша осы кезеінен кейін 2-оқушымен қоштасуға тиістіміз. Кіммен қоштасамыз?



Жүргізуші: Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім даген ақылшың

Қиындықтан өткізер


5-кезең. “Ойлан, тап! ( 1 минут уақыт беріледі)

Бұл кезеңде оқушыларға арнайы бір сөз беріледі. Сол сөздің әріптерінен сөздер құрастыру керек

«Бейбітшілік», «Конституция» .


6-кезең. “Білімді мыңды жығар» Мақалдың жалғасын табу.

1.Өнершінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөзі алтын)

2.Екі жақсы қас болмас, (Екі жаман дос болмас)

3.Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл)

4.Отан елдің анасы, (Ел ердің анасы.)

5.Ат адамның қанаты, (Ас адамның қуаты.)

6,Бал тамған тілден, ( у да тамар.)

7.Көз аласынан, (сөз аласы жаман.)

8.Жақсы байқап сөйлер, (Жаман шайқап сөйлер.)

9. Таяқ еттен өтеді, (сөз сүйектен өтеді)

10. Ұрыс ырысты қашырар, ( ынтымақ халықты асырар.)


Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

(Сайыс жеңімпазын анықтау. Қазыларға сөз беру.)

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Қатысып көңіл бөлгендеріңіз үшін көп-көп рахмет!
















Қарасай негізгі мектебі










Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

(Сыныптан тыс)



Сыныбы: 3

Өткізген: А.Ж.Абдрахманова

















2016-2017 оқу жылы

Қарасай негізгі мектебі










Тақырыбы: «Ана менің жүрегім»



Сыныбы: 3

Өткізген: А.Ж.Абдрахманова
















2016-2017 оқу жылы

Бекітемін: Ж.Мұқамбеди

Күні: 23.02.17.

Тақырыбы: Ана менің жүрегім

Мақсаты:Оқушыларға дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру; Анамызды сыйлауға, аялауға, құрметтеуге міндетті; мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.

Барысы:

Мұғалім: Бүгінгі «Ана менің жүрегім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Танымдық тәрбие сағаты 5 бөлімнен тұрады.

І.Ұшқыр ой,ұтымды жауап

ІІ. Сіз балаңызды білесің бе?

ІІІ. «Мен тамаша адаммын» (Тренинг)

ІV. Отбасылық социограмма

V. Әдеби монтаж.

Мұғалім: «Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана-шуақ шашатын таң екенсің.

“ Ана-өмір,ана бақыт, ана жүрек”

еп соққан жүрегімнің әні екенсің

Ана.Үш-ақ әріптен құралған «Ана» сөзінін астарында үлкен мін жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайна бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештеңе жоқ.

Мұғалім:Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл сөз маржандары кездеседі.Әрбір ана отының қшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп.аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні-түні, өмір бойы перзентінің тілегін тілейд. Керек десең жанын да беруге әзір тұрады.Не деген құдіретт мейірім десеңші...

І.Ұшқыр ой, ұтымды жауап

1)“Бақытыңды балаңнан ізде” деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

Мақал.

Бір бала атаға жете туады,

Бір бала атадан өте туады,

Бір бала кейін қарай кете туады

2)Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?

Мақал.

Баланың жақсысы сүйініш,

Жаманы –күйіні.

3) Сізді тәрбиелеген ата-ана мен сіз тәрбиелеген баланың арасында айырмашылық бар ма?

Мақал.

Бала-

Ананың бауыр еті, көз нұры.

4) “Тәрбие адамның тағдырын шешеді” дейді, сіз қалай ойлайсыз?

Мақал.

Тісі шыққан балаға

Шайнап берген ас болма

5)Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?

Мақал.

Қыздың аңқауынан сақта,

Ұлдың жалқауынан сақта.

Оқушыларға “Ана” сөзіне

топтастыру жасау.

Қамқоршы

Ұстаз

Ақылшы

Мейірімді







Ана

Дос



Жарық өмір

сыйлауы



өөөөөөөөмір сыйлау





Пана



Аяулы жан



өөөөөөөөмір сыйлау



Ән: «Ана туралы жыр»

Орындайтын: Орынбай Нұрикамал



Ана дейміз бәріміз аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана даген-бәйтерегі өмірдің.

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

ІІ.“ Сіз балаңызды білесіз бе?

( Ана-аналарға сол жерде сауалнама таратылады жазбаша жауап беріп оқиды.)

«Бала» деген сөзді топтастырады.

Көмекшіміз

Өмірімнің жалғасы



Ізбасарым



Бала



Қолғанатымыз.зз



Сүйенішімізз

Болашағымыззз









Оқушыларға: Суреттен мақал құрастырып шығару

1.Атасы тұрып, ұл сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.



2. Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.



3.Бала тәрбиесі –бесіктен

Бастадым сөзімді “Ана” деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

ІІІ. “Мен тамаша адаммын”(Тренинг)

Әр ата-анаға өзін көрсетіп, басқа адамдар біле бермейтін өз бойындағы жақсы қасиеттері, қабілеттері туралы мақтау сөздер айтып таныстыру мүмкіндігі берілді.

Аспаз

Шебер

Мейірімді





Мен тамаша адаммын





Еңбекқор



Ұқыпты

Қамқор







Оқушыларға: Отбасының суретін салу.

Мұғалім: Ана –біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сұріңіз.

ІV. Отбасылық социограма

Әр ата-ана өз отбасының құрамын дөңгелек шеңберлер арқылы қағаз бетіне бейнелеп,отбасы мүшелерін тиісті орындарға орналастырып, баяндап беру.( Оқушыларда салған отбасының суретіне тоқталады.) Мұғалім: Ана деген-асылы ғой даланың,

Ана деген-сағынышы баланың.

Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен

Бас иеміз алдында ананың.

V. Әдеби монтаж. 3-сынып оқушыларынан.

Маралым: Ана менің ,асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын.

Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын,

Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын,

Анашым менің, асылым, лағыл әнім,

Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.

Тілерің болса алдағы жерде анашым,

Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр –әнім!

Нұрикамал: Өмір ащы тұщы аралаған,

Сондықтан анам ойы дара маған.

Жайқалып жауқазындай өсіп келем,

Өсірген жеткізіп, панам Анам.

Бал Анам, асылАнам, таңым Анам,

Мен сенен қуат алам, жалын да алам.

Күн болып көңілімді күйге бөлеп,

Арнадың өміріңнің бәрін маған.

Нұрасыл: О,Анам, Алатаудай асқарымсың,

Жазылмаған өлеңім,дастанымсың.

Кеудеме симай жүрген жұмбақ сырым

Әрдайым өзің үшін ақтарылсын.

Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,

Анашым, нұр шашасың жүрегімде.

Сен болмасаң осылай бақытты боп,

Жарқылдап,шалқып-тасып жүремін бе?

Ән: “ Ана”

Орындайтын: Қамбаров Бекарыс



Бекарыс: Ардақты ана, аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтасың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрем, анашым.

Әлиасқар: Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде

Қуанышқа кенеле бер, анашым.

Мен ананы шуағы мол күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеімін.

Анам ылғи қамқор болып жүреді,

Сондықтан да жылда гүлдей түлеймін.

Қорытынды: Ана сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Жүректен жүрекке”

Ата-ана балаларымен бірге жұмсақ ойыншық жүректі қолына алып, жкек-жеке жақсы сөздер айтып шығып, соңында барлығы жүректі бірге ұстап, жоғары көтеріп «Анаммен бақыттымын» деген сөзді айтып сабақты аяқтайды.

Ән: «Анажаным»

Бекітемін: А.Кудайбергенова

Күні:20.02.17 Сыныбы: 3 Пәні: Әдебиеттік оқу


Саб.тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер О.Сүлейменов

Саб.мақсаты: Оқушыларға Тұңғыш ғарышкер өлеңінің мазмұнын ашып түсіндіру, ақынның өмірі туралы толық мағұлмат беру.

Саб.түрі: Жаңа сабақ

Саб.әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап

Саб.көрнекілігі: ақынның суреті,кеспе қағазы, слайд

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,назарлаын сабаққа аудару.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Абай шаңырағы» К.Оразалин


Өткенді еске түсіре отырып, «Ақиқат па,жалған ба?»


1. «Жазғытұры» өлеңінің авторы (І.Жансүгіров)

2. «Еңбекпен тапқан тиын» мәтініндегі кейіпкерлер (Анасы,ұлы,әкесі)

3. «Қош келдің наурыз» мәтінінің авторы ( М.Дулатов)

4. Ә.Қастеев (1905 жылы Семей дүниеге келген)

5. «Баланың айласы» мәтінінің авторы (Ы.Алтынсарин)

6. «Боран» әңгімесінің авторы (А.Байтұрсынұлы)

ІІІ. Сергіту сәті.

ІV. Жаңа сабақ.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ҚР-ның халық жазушысы

1936ж. 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген

О.Сүлейменов


«Арғымақтар», «Нұрлы түндер», «Асқардан асу», «Әр күн, арайлы таң», «Тұңғыш ғарышкер», «Тұңғыш ғарышкер

«Семей-Невада халықаралық қозғалысының жетекшісі атом полигоның жабуға үлкен үлес қосты










Гагарин, Юрий Алексеевич (1934-1968)

1961 жылы сәуір айының 12-сі күні Қазақстандағы Қызылорда облысының аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағынан алғашқы ғарышкерді ұшырды. Ол дүние жүзідегі тұңғыш

ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин еді.


Гагарин Юрий Т.Мұсабаев Т.Әубәкіров

Алексеевич

Т.Әубәкіров 1946 ж. маусымның 27-інде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 1991 жылы қазан айының 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

991 ж 2 қазанда

Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1991 ж 2 қазанда

Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.


Т.Мұсабаев

1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.

1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.

1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.

1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.

1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.

1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп, азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.

1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.


Оқулықпен жұмыс.

«Тұңғыш ғарышкер» О.Сүлейменов

Жазира бар ма мына далама тең!

Ғарышқа сол даламды ала кетем.

Аспанның сәуірдегі сан жолында

Ақ жолы Гагариннің ала бөтен.

Осы жол қайқаң етіп

Аспанға бір

Атылған асқақ шыңдай

Асқанда қыр,

Сақина жасап ұшып

Мұзбалақтар,

Қонады төңіректі басқанда іңір.

Ел де –ана,

Тарих та –ана,

Өлең де-ана,

Анамыз-мынау байтақ ғалам-дала.

Есімі Бостандықтың,

Табиғаттың-

Бәрі ана,

Анаң барда алаңдама!


Салбырап парашютте ноқат-денем,

Ақырын

Жер-Анаға тақап келем.

Тамаша!

Шырқап келем,

Жырғап келем!

Немене опат деген!

Апат деген!

Салқында,

Сабаңа түс,

Қызған қаным!

Көк иіскеп жата кеттім,

Қызғанбағын!

Тұра тұр,

Қаусырмасын парашюттың

Ағытып жіберейін,

Қызғалдағым!


Үйге тапсырма беру.

О.Сүлейменов «Тұңғыш ғарышкер» өлеңнің мәнерлеп оқу.

Бағалау.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланды.



Қарасай негізгі мектебі










Тақырыбы: «Тұңғыш ғарышкер»



Сыныбы: 3

Өткізген: А.Ж.Абдрахманова
















2016-2017 оқу жылы







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тапқыр болсаң, талас жоқ сыныптан тыс

Автор: Абдрахманова Әйгерім Жалғасбайқызы

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398973

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Химия п?нінен сыныптан тыс іс-шара. 8-сынып"
    ["seo_title"] => string(46) "khimiia-p-ninien-synyptan-tys-is-shara-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "261028"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449060535"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ойлан, ізден, тап."
    ["seo_title"] => string(16) "oilan-izdien-tap"
    ["file_id"] => string(6) "322928"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461695203"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "«Қызықты математика»"
    ["seo_title"] => string(23) "k_yzyk_ty_matiematika_3"
    ["file_id"] => string(6) "404212"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490703815"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "?ле? с?зді? патшасы сайыс "
    ["seo_title"] => string(27) "olien-sozdin-patshasy-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "210953"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431521922"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ле? с?зді? патшасы "
    ["seo_title"] => string(21) "olien-sozdin-patshasy"
    ["file_id"] => string(6) "210955"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431522021"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства