kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз - думан сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

псроаьспртаплоирф№ашопылваоиватиалтиод№лварпдгвгрпфгурпгврмлолвимбяьвмюоиамялоиаяювоватияваомиаитатияюосмирюяарпювоарпявоарпмюяаомтя№ваоя№аоитяювоаияюаоияювоаияод

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз - думан сценарийі»

№35 орта мектеп мемлекеттік мекемесі













(сыныптан тыс жұмыс)















Наурыз – думан



(наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шараның сценарийі)

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған, «Наурыз – думан» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Сондықтан бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын!

Келесі сөзді оқушыларға береміз.

Мақсаты:

  1. Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы мағлұмат беру. Салт – дәстүрлерді көрсету.

  2. Оқушылардың тіл дамыту, еске сақтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

  3. Қазақстан мерекелеріне, тіліне, тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, салт-дәстүрге өнерге құрмет көрсету.


Замир: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды.

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Наурыз келсе құт келгені халайық!

Шашу шашып ел боп

Қарсы алайық.

Мөлдір: Армысыздар!

Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар!

Наурыз тойы мереке,

Жаңа жыл-береке, болсын!

Ақ мол болсын!

Наурыз мерекесі құтты болсын! – деп ортаға Ақ әжені шақырайық

Ақ әже: Наурызым әкелсін деп береке, ырыс,

Ақ ниетпен қарсы алған өте дұрыс.

Берекеміз осылайша ортаймасын,

Шаңырақ биік тіккен шалқаймасын.

Босағама о, Наурыз құт болып – кіріп,

Елімнің ырысты ет кәрі-жасын!

(осыны айтып Ақ әже шашуын шашады)

Мөлдір: -Шығыс халықтарының күнтізбесі бойынша Наурыз – жыл басы. Ұлыстың Ұлы күнін ата – бабаларымыз былайша жырға қосыпты:

Ұлыс күні кәрі – жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Шалдар бата беріскен

Сақтай гөр деп терістен,

Кел, таза бақ, кел десіп,

Ием, тілек бер десіп.

Жаса Наурыз айымыз!

Жаса Наурыз тойымыз!

Замир : - Иә, Наурыз қуаныш пен шаттықтың мерекесі, шаруа мен еңбектің, татулық пен бірліктің мерекесі. Ендеше, Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Той тойға ұлассын. Сен қалай ойлайсың? Наурыз мейрамы қашаннан бері тойланып келеді?

Мөлдір: - Наурыз - өте ертеден келе жатқан мейрам. Бұл мереке күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер бетіне шаттық орнаған күн.

Замир: -Қазақ елі осы күнді Ұлыстың Ұлы күні деп атаған. Наурыз күні көрісуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып, төс қағыстырады. Ал әйелдер құшақтасады.

Мөлдір: -Тағы бір айтатын нәрсебұл күні адамдар бірін – бірі мынадай сөздермен құттықтаған: «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!», «Ұлыс береке берсін, Бәле – жала жерге енсін!»

Замир: -Енді бүгінгі біздің мейрамымызға Қызыр бабамыз келіп отыр. Ендігі сөзді Қызыр баба Сізге берейік.

Қызыр баба: Ау, аман ба, Жарандар!

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән

Жұрағатым қуанып,

Рақатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар!

Халық сүйген мейрам – бұл

Қарсы алайық, тұрыңдар!

(бәрі орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан Жаңа күн Наурызды қарсы алады)

Наурыз қыз - 1: Сәлем, ата-аналар!

Айналайын, бабалар!

Қызыр баба аман ба?

Жаса жайлы заманда

Уақыт үдеп, келдім мен

Бақыт тілеп адамға


Наурыз қыз-2: Ашық болсын Күніміз

Ашылады нұрымыз

Айтылады жырымыз.

Күн мен түн теңелді

Гүлмен жерді жайнатып

Гүлдендірем мен енді.

Жайнатамын гүл-гүлді

Сайратамын бұлбұлды.

Мерейлі жұрт тойласын.

Мейрам етіп бұл күнді

Мөлдір: -Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойы Наурызды,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

-Наурызға бүгін міне, ағылды жұрт,

Күттіріп, бар жұртымды сағындырып,

Аттаған есігімді жаңа ғана,

О, Наурызым құтты келдің жаңа жылым!

Ән: «Қазақ қыздары (өлеңді айтып бола бергенде, Алдар көсе домбырасын тарта әндетіп, мәз-мейрам болып келеді)

Алдар көсе: -Мен алдармын, алдармын,

Досымын адал жандардың.

Жақсыға талай серік боп,

Жаманды талай алдадым.

Мөлдір: -Қош келдің, Алдар аға, жақсы аға!

(оқушылар өлең оқиды)


Ерсұлтан: -Уа, ағайын, туысқан,

Наурыз күн туды шығыстан.

Сол тойға келдім шақырып,

Ат терлетіп алыстан.

Карина: -Тақпақ айтам жыл басы,

Құлағың сап тыңдашы.

Бар балаға өзімдей,

Тыныш өмір сыйлашы.

Самал: Тақпағым бар жаттаған,

Соны айтам мақтанам.

Бір жасқа мені өсірді,

Жаңа жыл жаңа аттаған.

Амина: Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханына елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.

Аида: -Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Мирас: Ақ қар жетіп, қыс өтіп.

Шырайлы шуақ жаз жетіп

Шаруаның ұлы кенелген

Құтты болсын, бұл Наурыз!

Мөлдір: Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен.

Замир: Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуы және баланың келешекте бай болуы деген ұйғарым болған.

Мөлдір: Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниеттен туған.

«Тұсау кесу» рәсімінен көрініс

Әже : Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төсейік.

Жарылқасын алдыңнан.

Тұсауыңды кесейік!

Тұсауыңды кесейік!

Күрмеуіңді шешейік.

(Сәбидің тұсауы ала жіппен кесіледі. Шашу шашылып, ән айтылады. Сәбиді жүгіртіп, жүргізеді. Барлық ырымдар жасалады.)

Әже: Қаз, қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам,

Тағы, тағы баса ғой,

Тақымыңды жаза ғой.

Қаз болса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Замир: Ән «Наурыз» орындайтын Турдиева Рано

Мұғалім сөзі: Осымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – думан» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты аяқталды. Наурыз мерекесін жылда төрт көзіміз түгел қарсы алайық!








































Қызыр баба: Ау, аман ба, Жарандар!

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән

Жұрағатым қуанып,

Рақатын тапты жан.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар!

Халық сүйген мейрам – бұл

Қарсы алайық, тұрыңдар!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Наурыз - думан сценарийі

Автор: Рахмитуллаева Назугум Навердиновна

Дата: 05.06.2017

Номер свидетельства: 420556

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Сценарий утренника  "Наурыз - думан" в младшей группе "Смешарики""
    ["seo_title"] => string(67) "stsienarii-utriennika-nauryz-duman-v-mladshiei-ghruppie-smieshariki"
    ["file_id"] => string(6) "312167"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459315113"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "22 наурыз "Алтын сақа" сценарий"
    ["seo_title"] => string(32) "22_nauryz_altyn_sak_a_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "417039"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495211272"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Сценарий утренника "Наурыз" для средней группы."
    ["seo_title"] => string(46) "stsienariiutriennikanauryzdliasriednieighruppy"
    ["file_id"] => string(6) "313648"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459517333"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сценарий 22 наурыз мерекесі"
    ["seo_title"] => string(29) "stsienarii22nauryzmieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "279905"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453301666"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Сценарий на на тему: "Наурыз - бізді? жа?а жыл!""
    ["seo_title"] => string(48) "stsienarii-na-na-tiemu-nauryz-bizdin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "277706"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452957868"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства