«Адамны? бір ?ызы?ы бала деген»-деп тегін айтпа?ан.Шыр етіп д?ниеге н?ресте келгенде ?уанба?ан жан бар ма? Сол с?биге берілетін ?лтты? т?рбие от басынан басталады.Біз б?гін сіздері? назарлары?ыз?а ?аза?ты? ?лтты? салт-д?ст?рлерін ?сынамыз.
Бауырлас?а т?нтіміз
Б?зылма?ан антымыз
Ке? даланы? ежелгі
?аза? деген хал?ымыз
?зге ?лттай бізді? де
Бар д?ст?р салтымыз /к?й ойналады/
?же келеді:
Наурыз ?келсін береке -ырыс
Д?нге толып т?рсын барлы? ыдыс
Жа?адан келіп жеткен жылды? басын
А? ??йып ?арсы ал?ан ?те д?рыс
Береке осылайша ортаймасын
Ша?ыра? биік тіккен шай?алмасын
Боса?ама Наурыз ??т боп кіріп
Елімні? ырысты ет к?рі-жасын
Ж?ргізуші: Рахмет ?же,?она? болып келген екенсіз т?рлеті?із.
?же: Балалар сендер ?лтты? та?амдарды білесі?дер ме? Мен сендерге наурыз к?же ?келдім./наурыз к?же туралы айтады/ немерелерді? та?па?тары:
Абылай: С?йінші! С?йінші! Д?ниеге с?би келді.Ерден ата немерелі болды.
Ж?ргізуші: сендер осы бесік туралы ?андай тиым с?здер,ма?ал-м?телдер білесі?дер?
1-бала: «Бос бесікті тербетпе»
2-бала: « Ел боламын десе? бесігі?ді т?зе»
Келін: баланы ?жеге береді.
?же: тамаша,ал енді н?рестені бесікке салайын./бесікке салады/
Ана:Рахмет,?же.
Ей,балалар,балалар
Енді ма?ан ?ара?дар
Наурызды тойлайы?
?ызы?ты ойын ойнайы?. Ойын «Итеріспек»
?же: Балалар,?мытып барады екенмін ?ой. Сендерге келе жат?анда жолда ?амбар атаны жолы?тырдым.Сол ша?ыра?та да б?гін ?уаныш.Немересіні? т?сау кесу тойына ша?ыр?ан еді,баршамыз сол ?уанышты с?тті? ку?сі болайы?./К?й ойналады/
Ж?ргізуші: Наурыз мейрамында ?аза? хал?ы «наурыз к?же» ішіп,к?й шертісіп,балуан к?рестіріп,ойын-айтыспен ?ткізген. Бізді? балалар да айтыс?а дайындалып келген екен, тамашалайы?.
Просмотр содержимого документа
«Сценарий 22 наурыз мерекесі»
Қош келдің әз-наурыз!
Павлодар қаласының № 19 жалпы орта білім беру мектебінің
жанындағы «ЖАУҚАЗЫН» шағын орталығының тәрбиешісі
Шона Жанар
мерекелік сценарий
даярлық тобы
Әуен ойнап тұрады Жүргізуші:
Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Келді наурыз сағынтып
Ұлысты қарсы алайық!
Балалардың шығуы /наурыз думан/
Жүргізуші:
Әнім де ,саған биім де
Құт қонақ өзі үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде Наурыз күлімде
Ән «Наурыз біздің жаңа жыл»
«Адамның бір қызығы бала деген»-деп тегін айтпаған.Шыр етіп дүниеге нәресте келгенде қуанбаған жан бар ма? Сол сәбиге берілетін ұлттық тәрбие от басынан басталады.Біз бүгін сіздерің назарларыңызға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ұсынамыз.
Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр салтымыз /күй ойналады/
Әже келеді:
Наурыз әкелсін береке -ырыс
Дәнге толып тұрсын барлық ыдыс
Жаңадан келіп жеткен жылдың басын
Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс
Береке осылайша ортаймасын
Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын
Босағама Наурыз құт боп кіріп
Елімнің ырысты ет кәрі-жасын
Жүргізуші: Рахмет әже,қонақ болып келген екенсіз төрлетіңіз.
Әже: Балалар сендер ұлттық тағамдарды білесіңдер ме? Мен сендерге наурыз көже әкелдім./наурыз көже туралы айтады/ немерелердің тақпақтары:
Абылай: Сүйінші! Сүйінші! Дүниеге сәби келді.Ерден ата немерелі болды.
Жүргізуші: қазақта жақсы хабар жеткізген адамға сүйінші береді.Мен саған кәмпит берейін./кәмпит береді/
Нәресте дүниеге келгенде жасалатын алғашқы той ол шілдехана.Ендеше баршамыз Ерден атаның үйіне барайық./күй ойналады/
1-бала: Ассалаумағалейкум, ата!
Ата:Уағалейкумсалам!
Жүргізуші: немерелеріңіздің бауы берік болсын.
Ана: Қонақпен еріп құт келеді демекші,аталарың екеуміз немерелі болып,қуанышқа кеңеліп отырмыз.Сендер жақсы келдіңдер.Немереміздің қуанышына ортақтасып,куә болыңдар.Немеремізге азан шақырып есімін қояйық.Ал,келінім немеремді алып келші.
Келін баланы алып келеді
Жүргізуші:
Туғаннан соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады «надан» деп.
Ана:Жарайсың.Ал,атасы немереңді ала ғой /баланы атаға береді/
Ата: Биссимиллаһи рахмани-рахим! Ұлыстың ұлы күні дүниеге келген екенсің сенің атың Наурызбай болсын./Наурызбай 3 рет/ баланы келінге береді/
Сәбиге бата:
Сүйкімді бол,
Өнер-білімге икемді бол.
Жақсы жолды таңда
Жамандық тәлім алма.
Басыңа сұр бұлт шалмасын,
Қырандай биік самғарсың. Әумин...
Жүргізуші: Ал ендеше балалар осы көктемнің шуақты күні дүниеге келген Наурызбайдың құрметіне «Көктем» әнін тарту етейік./ көктем әні/
Ана: Рахмет,әже.
Ей,балалар,балалар
Енді маған қараңдар
Наурызды тойлайық
Қызықты ойын ойнайық. Ойын «қол күрестіру»
Ана: Тойымызды жалғастырайық.Арамыздағы ең сыйлы ,жасы үлкен әжеміз Наурызбайды бесікке салып берсін.
Әже: Алдымен бесікті аластап алайын.
Алас-алас пәледен алас
Иесі келді пәледен қаш
Алас-алас пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас.
Жүргізуші: сендер осы бесік туралы қандай тиым сөздер,мақал-мәтелдер білесіңдер?
1-бала: «Бос бесікті тербетпе»
2-бала: « Ел боламын десең бесігіңді түзе»
Келін: баланы әжеге береді.
Әже: тамаша,ал енді нәрестені бесікке салайын./бесікке салады/
Ана:Рахмет,әже.
Ей,балалар,балалар
Енді маған қараңдар
Наурызды тойлайық
Қызықты ойын ойнайық. Ойын «Итеріспек»
Әже: Балалар,ұмытып барады екенмін ғой. Сендерге келе жатқанда жолда Қамбар атаны жолықтырдым.Сол шаңырақта да бүгін қуаныш.Немересінің тұсау кесу тойына шақырған еді,баршамыз сол қуанышты сәттің куәсі болайық./Күй ойналады/
Жүргізуші: Наурыз мейрамында қазақ халқы «наурыз көже» ішіп,күй шертісіп,балуан күрестіріп,ойын-айтыспен өткізген. Біздің балалар да айтысқа дайындалып келген екен, тамашалайық.
Айтыс: Даниял:
Айналайын халқым-ай
Болсын жүзің жарқын-ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай.
Амира:
Құтты болсын айтамын
Бүгін тойға халқым-ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын-ай.
Фарахат:
Айтыс айтыс болады
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен.
Амира:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қоса алдың ба мән беріп
Қанша болды санап бер.
Фархат:
Бірге төрт болады бес
Оны бәрі білетін
Сен дейсің бе саусағын
Санай алмай жүретін.
Дәмиля:
Тойға тарту етердей
Не сыйың бар еркем-ай
Жұмбақ,тақпақ,жаңылтпаш
Айтасың ба ертегі-ай
Даниял:
Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың халқам-ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам-ай
Дәмиля:
Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбақтарды шешердей
Жүйрік бізде жетеді.
Фархат
Көңіл қошын табайық
Неге керек келеке
Тойға келген халайық
Құтты болсын мереке.
Жүргізуші: Қазақтың той-думаны ойын-сауықсыз өтпеген ғой. Ендігі кезекті әжелерге берейік.Қамбар атамыздың немересінің тұсауын кесіп берсін.