kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің сүйікті-Ақтөбем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақтөбе қаласының ерекшеліктерімен оқушыларды таныстыру,жергілікті баспасөз,мәдениет өкілдерімен таныстыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің сүйікті-Ақтөбем»

Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Ярослав орта мектебі











Тәрбие сағаты: « Менің сүйікті – Ақтөбем»













Дайындаған: Абдуллин Абзал Базарбайұлы

Амантай Арай Абзалқызы











Ақтөбе - 2016









Бекітемін:

Күні: 21.11.16.

Сабақтың тақырыбы:Менің сүйікті - Ақтөбем.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Ақтөбе қаласының тарихы,географиялық ерекшелігі туралы мәліметтер мен таныстыру.Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген даңқты тұлғаларды анықтау.

2.Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге,өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.

3.Оқушылардың Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

1-жүргізуші.Арай: Шетсіз,шексіз ,қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды!

Шынымен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына қырына да.

2-жүргізуші. Абзал: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Бүгінгі «Менің сүйікті Ақтөбем» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

1-жүргізуші. Арай: Оқушыларды ортаға шақырамыз. Олар кеспе қағаздарды алады. Сондағы суреттер бойынша топқа бөлінеді.

1-топ.Кітаптың суретін барлар. 2-топ.Қалам.3-топ.Дәптер суретін алғандар.

Орындарына орналасады.

2-жүргізуші . Абзал: Сабағымыздың бірінші кезеңі . « Менің сүйікті -Ақтөбем»деп аталады. Мұнда оқушыларға Ақтөбе өңіріне қатысты тапсырмалар берілген. Ақтөбенің тарихы, орналасу ерекшелігі . (І кезең бойынша .Әрбір топқа тапсырмалар беріледі.)

1-топқа: 1.Ақтөбе қаласының тарихы.

2-топқа:1.Ақтөбе қаласының эмблемасының шығуы,онда қандай суреттер салынған, не үшін салынған?

3-топқа: 1.Ақтөбе қаласының географиялық ерекшелігі,климаты.Өзен-көлдері.

1-жүргізуші. Арай: Ақтөбе өңірінде тума талант дарындар жетерлік . Олардың кім екенін білесіз бе ?

2-жүргізуші. Абзал : Білемін,бірақ Ақтөбенің таланттыларын бүгінгі сабағымызда оқушыларымыз анықтасын. Еңбегімен ел жадында қалған тұлғаларды таныту. Ендеше, сабағымыздың екінші кезеңі «Ақтөбе жұлдыздары» деп аталады . Әр кезеңдегі өзінің еңбегімен танылған түрлі салада өз үлесін қосып жүрген, Ақтөбеден шыққан түрлі талант иелерін атауларыңыз керек. (Әр топқа тапсырмалар беріледі.)

ІІ кезең. Тапсырмалары.

1-топқа.

1.Ақтөбе өңірінен шыққан батырлар, билерді атаңыз.

2.Ақтөбеден шыққан танымал зергерді және тары өнімін өндіруден рекорд жасаған ерен еңбек иесін атаңыз .

3.Ақтөбеден шыққан эстрада жұлдыздарын атаңыз.

4.Пайдалы қазбаларды атаңыз.

2-топ.

1. Ақтөбеден шығатын баспасөз атауларын атаңыз.

2.Ақтөбеден шыққан қаламгерлер ақын-жазушылар атаңыз.

3.Ақтөбенің Байғанин өлкесінен шыққан «Ақбұлақ» әнін жазған композиторды атаңыз.

4. Қызыл кітапқа енген аң-құстарды атаңыз.

3-топ.

1.Ақтөбенің жоғарғы оқу орындарын атаңыз.

2.Ақтөбеден шыққан айтыскер ақындардың есімін атаңыз.

3.Ақтөбе өңірінің телевизия және баспасөз салаларында қызмет атқаратын журналистерді атаңыз.

4. Ақтөбе облысының әкімін атаңыз.



1-жүргізуші. Арай: Әр адамның туған жері өзіне қымбат, қаласы да даласы да сондай.Әрбір перзент туған жеріне, өлкесіне, Отанына қарыздар.Туған өлкені көркейтуге,гүлденуіне өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек. Егерде,сіздің қолыңызға билік берілсе туған жеріңізді қалай көркейтер едіңіз?

2-жүргізуші. Абзал : Алдымен туған жерімнің кемшіліктерін жоюға тырысар ем,табиғат байлықтарын сақтауға көбірек күш салар ем.Ал,оқушыларға осындай билік берілсе қандай істерді жүзеге асырар екен,мына тапсырма арқылы біліп көрейік.

1-жүргізуші. Арай: Сабағымыздың үшінші кезеңі. «Ойтолғасам деп едім…» деп аталады.

2- жүргізуші. Абзал: Мұнда үш топқа ортақ тапсырма. «Егер мен әкім болсам...»деген тақырыпта ой толғайсыздар. Егер сіз әкім болсаңыз Ақтөбені қалай өзгертер едіңіз?Қандай істер атқарар едіңіздер? Қиялыңыздағы Ақтөбені жүзеге асырар ма едіңіз?

ІІІ топқа. «Егер мен әкім болсам...» деген тақырыпта өз ойларын дәлелдеу.Әкім болсаңыз Ақтөбені қандай жетістікке жеткізер едіңіз,қиялыңыздағы Ақтөбені жүзеге асырар ма едіңіз?

1-жүргізуші. Арай:

Қарсыласпай, өлмедім, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан қайта тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,

« Мен қазақпын » дегенді айта тудым!

2-жүргізуші: Сабағымыздың келесі кезеңі «Мен- қазақпын» деп аталады. Мұнда әр топтан бір оқушы шығып, өлең оқиды.

1. Ерсайын Ақжол «Адамдық борышың»

2.Кеңесбек Клара «Қазақ тілі»

3. Бақытжанов Асылжан «Мен- қазақ»

1-жүргізуші. Арай: Бүгінгі сабағымызда Ақтөбе туралы мәліметтер алдық.Қаламыздағы тұлғалармен таныстық. ( Көрнекіліктермен таныстыру.)

2-жүргізуші.Абзал : Олай болса, оқушылардың білімін мына сөзжұмбақ арқылы тағы бір тексеріп көрейік.

(Әр топқа сөзжұмбақ таратылып береді. Оқушылар жауабын айтады.)



1.Арман қала.Астана.

2.Ұлт атауы. Қазақ.

3.Әр адамның туған жері.Отан.

4.Ақындар жазған туынды.Өлең.

5.Суда өмір сүретін тіршілік иесі.Балық.

6.Отансүйгіш адам.Елжанды

7. Елбасының қолға алған идеясы. Мәңгілік ел.

1- жүргізуші.Арай. Бүгінгі сабақта нені білдік, нені үйрендік, қандай әсер алдыңыздар? Сабақ сіздерге ұнады ма? Алған әсерлеріңізді стикерлерге жазып, өзіңіздің көңіл-күйіңізбен сәйкес келетін смайликтердің тұсына жапсырыңыз.

1-жүргізуші. Арай: Жалғасбаева Әлия ,Тағыбергенова Айнұрдың орындауында «Қазақ биі».

2-жүргізуші. Абзал: Асылжанның орындауында «Атамекен» әні . Асылжан әнді бастап орындайды,қалғанымыз осы әнді қосыла шырқаймыз. (Осы әнмен бүгінгі сабағымызды қортындылаймыз).

1-жүргізуші.Арай : Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып , тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!





































6



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Менің сүйікті-Ақтөбем

Автор: Амантай Арай Абзалқызы Абдуллин Абзал Базарбайұлы

Дата: 17.08.2017

Номер свидетельства: 425563

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Сүйікті ойыншықтарым"
    ["seo_title"] => string(22) "suiikti_oiynshyk_tarym"
    ["file_id"] => string(6) "384567"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485528989"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Сапалы білім беру мен білім алуда?ы жа?а т?сілдер "
    ["seo_title"] => string(55) "sapaly-bilim-bieru-mien-bilim-aludag-y-zhan-a-t-sildier"
    ["file_id"] => string(6) "176371"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424410434"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Окыту мен окудагы озгеристер "
    ["seo_title"] => string(33) "okytu-mien-okudaghy-ozghieristier"
    ["file_id"] => string(6) "232213"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442769137"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "«Мен Отанды с?йемін» атты ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(40) "mien-otandy-suiiemin-atty-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "137065"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417265692"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Сүйікті Отанымыз – Қазакстан"
    ["seo_title"] => string(27) "suiikti_otanymyz_k_azakstan"
    ["file_id"] => string(6) "445793"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1513869282"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства