kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мен Отанды с?йемін» атты ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?гізуші:

 

Мереке б?гін, ?лы к?н,

Бабалар рухы к?ксеген

Азат елді? ?лымын

Те?ессін т?бем к?кпенен

 

Арнасы бір, ?ні бір

А?а - арда?ты, іні - г?л

Ба?ыт туын к?терсін,

Т?уелсіздік к?ні б?л!

 

Армандарды жа?ындатты тым алыс,

Бізді? жа??а жеткен екен жылы а?ыс.

Егемендік ел ба?ыты ерте?і,

О, халайы?,

??тты болсын ?уаныш!

 

??рметті ата-аналар, апай-а?айлар, б?лдіршіндер, б?гінгі егеменді елімізді? еркіндік ал?анына 20 жыл толу мерекесімен шын ж?ректен ??тты?тай отырып, Мен Отанды с?йемін атты ша?ын орталы?та?ы ІІ с?билер тобыны? дайында?ан ерте?гілігіне ?ош келді?іздер дейміз!

Кезекте ортамыз?а ерте?гілігімізге ?атысушы б?бектерімізді «?аза? елі » ?німен ортамыз?а ша?ырамыз.

«Мен Отанды с?йемін» атты ерте?гілігімізді ашып беруге, алдымызда т?р?ан б?лдіршіндерімізге ?зіні? шын лебізін, тілегін білдіру ?шін  мектеп директорыны? бастауыш кластар ж?ніндегі орынбасары Манашев ?алдым?рат а?айымызды ?ол со?ып ?ошеметтеп сахна т?ріне ша?ырамыз.

Ежелден ата-бабамыз еркіндікті, те?дікті а?сап кеткен. Сол арман- тілегіміз орындалып, ?з т?уелсіздігімізді алды?. Т?уелсіздікті ал?анымыз?а да 20 жыл толыпты. ?ымбатты а?айын сол 20 жылды? мерейтой баршамыз?а ??тты болсын. Еліміз тыныш, ж?ртымыз аман болсын. Жас буын жеткіншектер, б?лдірш індеріміз бейбіт заманда ?мір с?рсін дейміз.

 

Т?уелсіздік ??тты болсын, а?айын,

20 жылды? тойлайы?шы талайын.

Алдымызда?ы б?лдіршіндер аман болсын,

Былдырла?ан тілдері?нен айналайын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мен Отанды с?йемін» атты ерте?гілік »

Жүгізуші:


Мереке бүгін, ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген

Азат елдің ұлымын

Теңессін төбем көкпенен


Арнасы бір, үні бір

Аға - ардақты, іні - гүл

Бақыт туын көтерсін,

Тәуелсіздік күні бұл!


Армандарды жақындатты тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік ел бақыты ертеңі,

О, халайық,

Құтты болсын қуаныш!


Құрметті ата-аналар, апай-ағайлар, бүлдіршіндер, бүгінгі егеменді еліміздің еркіндік алғанына 20 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Мен Отанды сүйемін атты шағын орталықтағы ІІ сәбилер тобының дайындаған ертеңгілігіне қош келдіңіздер дейміз!

Кезекте ортамызға ертеңгілігімізге қатысушы бөбектерімізді «Қазақ елі » әнімен ортамызға шақырамыз.

«Мен Отанды сүйемін» атты ертеңгілігімізді ашып беруге, алдымызда тұрған бүлдіршіндерімізге өзінің шын лебізін, тілегін білдіру үшін мектеп директорының бастауыш кластар жөніндегі орынбасары Манашев Қалдымұрат ағайымызды Қол соғып қошеметтеп сахна төріне шақырамыз.

Ежелден ата-бабамыз еркіндікті, теңдікті аңсап кеткен. Сол арман- тілегіміз орындалып, өз тәуелсіздігімізді алдық. Тәуелсіздікті алғанымызға да 20 жыл толыпты. Қымбатты ағайын сол 20 жылдық мерейтой баршамызға құтты болсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Жас буын жеткіншектер, бүлдірш індеріміз бейбіт заманда өмір сүрсін дейміз.


Тәуелсіздік құтты болсын, ағайын,

20 жылдың тойлайықшы талайын.

Алдымыздағы бүлдіршіндер аман болсын,

Былдырлаған тілдеріңнен айналайын.


Енді осы кішкентай бүлдіршіндеріміз яғни, ІІ сәбилер тобының орындауындағы шағын концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.


Жүргізуші:

  • Кәне, балалар айта қойыңдаршы, біз қай елде тұрамыз?

Балалар:

  • Тәуелсіз Қазақстанда!

Жүргізуші:

  • Тәуелсіздіктің арқасында халықтың қалауымен өз Елбасымызды сайладық, біздің Елбасымыз кім?

Балалар:

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Жүргізуші:

  • Балалар, біздің құндылықтарымыздың бірі – ел рәміздеріміз дүниеге келді. Ендеше, рәміздеріміз қалай аталады?


Балалар:

  • Ту, Елтаңба, Әнұран


Жүргізуші:



Қазақстан Республикасының Рәміздері қабылданып, Президент Н.Ә.Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!» деді.


Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, көк қыран сәні бар.

Көк байрақашық күн кеңесім,

Алтын күн белгісі жеңістің.


ҚР –ның мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі, онда шарықтап ұшқан дала қыраны және ұлттық ою - өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі.

Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жақсылықтың белгісі.

Қыран – бүркіт -тәуелсіздіктің белгісі.

Өрнек – салт – дәстүрдің белгісі.

Еліміздің нышандарын бекіткен күні Нұрсұлтан атамыз былай деді:

«Ұлттық рухты осыншама кемеліне жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек те артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!».

ҚР – ның Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесі, ол уықтар күннен тарап жатқан алтын сәулелер.

Елтаңбада тұлпар бейнесі дала пырағы, оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдыз әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Кұн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халықпыз.»Жұлдызың жарқырай берсін?»деген асыл арманын айтып тұрғандай.



Жүргізуші:

Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек бала - дағы ең кіші.

Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі


Бір топ бала рәміздер жайында тақпақ айтып береді.

( Ортаға Бексұлтан, Асылхан, Еркеназ, Динара, Жаннұр, Нұрылайым шығады)

Жаңарған берекелі еліміз бар,

Даласы гүлге толы жеріміз бар.

Кең өлкем, байлығы мол ынтымақты,

Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

Тәуелсіздік тұғыры ,

Биік болсын халайық.

Достығымыз жарасып,

Қосылып ән салайық.


Ортада бір топ қыздар Қуыршақтар әнімен.



Жүргізуші:


Тәуелсіз елім, ұлы елім

Сен десе соғар жүрегім

Өзіңдей елім барына

Шаттанып мәңгі жүремін


Барымда сенсің, бағым да,

Жалында елім, жалында

Бақыттымыз бар қазақ

Тәуелсіз елім барына!


Қазақ биі: Қамажай

Орындайтындар: Сабина, Сымбат, Айшат, Динара


Алтын күннің астында

Желбірейді туымыз

Қазақ деген халықтың

Ұлы менен қызымыз.


Ардақталды Астанам,

Мәртебелі бас қалам

Көркейе бер күн сайын,

Алға қарай бас қадам!

Астана жайында бір топ бала тақпақтарын айтып береді.

Ортаға Әли, Айшат, Салтанат, Сымбат, Махамбет, Сабина, Аяулым, Бердібек, Даниярды шақырамыз.



Айгөлек – ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билейміз дөңгелеп.


Би: Бипыл. Орындайтындар: Сабина, Динара, Сымбат, Жаннұр, Нұрылайым, Еркеназ, Салтанат


Ұлан – байтақ даламыз,

Отан – біздің анамыз.

Гүлдей болып жайнаған,

Біз бақытты баламыз.


Жарқын арай таңызым,

Тату өстік бәріміз

Торғайларға арналып

Шырқалады әніміз


«Торғай» әні. Орындайтындар: Сыбат, Динара, Сабина, Әли, Махамбет


Көгімде ұшып қыраным,

Шалқыды Әнұраным.

Аспанда туым желбіреп,

Қалықтай бер, жыр - әнім?


Елдің – елдігі,

Ердің – ерлігі - Әнұран!

Сезім – биігі, төзім иығы - Әнұран!

Әннің асылы,

Ұранның басымы - Әнұран!


(Әнұран орындалады)


Қазақстан туған өлкем мекенім,

Туған жерді мақтанышым етемін.

Ел басқарған Нұрсұлтандай атамыз,

Дарыса екен бізге сіздің батаңыз! – деген тілекпен тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Мен Отанды сүйемін» атты ертеңгілігіміз аяқталды.



























Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп






Шағын орталықтың ІІ сәбилер тобы



Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ертеңгілік




Мен Отанды сүйемін






Өткізген тәрбиешілер: Төлеу А.Б.

Әбибулла Б.Д




2010/2011 оқу жылы


Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп











Өткізгендер: Төлеу Айжан Бірлікқызы

Әбибулла Бибіжан Дәуітқызы




2010/2011 оқу жылы


Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп






Шағын орталық





АШЫҚ САБАҚ




Аквариум балықтарын мүсіндеу










Өткізген: Төлеу Айжан Бірлікқызы











2010/2011 оқу жылы

Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп



Шағын орталық



АШЫҚ САБАҚ










Өткізген: Төлеу Айжан Бірлікқызы







2010/2011 оқу жылы


Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп









АШЫҚ САБАҚ












Өткізген: Төлеу Айжан Бірлікқызы




2010/2011 оқу жылы


Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін міне сары жібек көйлегін киіп, күз де келді. Күзбен бірге күз берекесін де ала келді.


Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.


Барлығымыз «Алтын күз» елінің ертегісін тамашалайық. Ерте , ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Олар ерте көктемде бақшасына жеміс-жидектер, көкөністер отырғызып, егеді. Оларын күнбе-күн баптап су құйып, қарайды. Ол көкөністері мен жеміс-жидектері көп ұзамай көктеп бүр жара бастайды. Сөйтіп жаз айы да өтіп кетеді. Ата мен әженің бақшасындағы жеміс –жидектер мен көкөністер піседі. Көп ұзамай күн суытып, күз мезгілі де келеді.


О,алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап...


(Залға жапырақтар шашылады, балалар күз көрінісін беріп тұрған жерге қарай енеді.)

Күзге арнап алып келген тақпақтарын ортаға салады:


Бексұлтан:

Жеміс-жидек пісіп жатыр,

Түсіп жатыр бау-бақта.

Жапырақтар ұшып жатыр,

Түсіп жатыр жан-жаққа.

Салтанат:

Жапырақтың сарғайғаны,

Келген күздің сәні ме?

Әли:

Күз келіпті дегенше,

Мереке болсын десейші.

Динара:

Қонаққа келіп тұратын

Апайларымыз көбейсін

Қош келіпсіз біздің күзгі баққа!

Жаннұр:

Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.


Махамбет:

Шелек-шелек балымыз

Ағыл-тегіл дәніміз.


Асылхан:

Қызыл-сары, алтын көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақ тұл күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Еркеназ:

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.


Балалар біздің атамыз бен әжеміздің бақшасына күзбен бірге Күз ханшайымы да келіпті. Ендеше Күз ханшайымын қарсы алайықшы.


Балалар: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы!

Күз ханшайымы: «Сәлеметсіздер ме, балалар, жеміс – жидектер, көкөністер және қонақтар! Күз мерекесі баршамызға құтты болсын!»


Күйекте күйлі мал қанша,

Қырманда толы дән қанша.

Алтын күз әсем айналам,

Қараймын көзім талғанша.


Көңілді әуен ойналады. Осы кезде бақшаға аю, түлкі, қоян, көбелек келеді. Бақша дақылдарымын, балалармен, келген қонақтармен амандасады.


Бердібек: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.


Сымбат:Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.


Данияр:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрғаным ол мен – қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Айшат:

Көктеп ерте шырмалып,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым-қияр, теріп ал,

Жиі-жиі суарып.


Аяулым:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат киіндім.


Сағыныш:

Картоп – біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Біз тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз!


Арман:

Асханадан шықпаймын,

Атым-пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан мен сақтаймын.


Нұрылайым:

Исім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.


Динара:

Көрсең егер бақшада

Доп екен деп қалма.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алма!


Тосыннан бақшаға мыстан кемпір келіп, жайпауға кіріседі. Күз ханшайымына тиіспекші болады, бірақ аңдар оны қорғап аман алып қалады. Мыстан кемпірді сөйтіп қуып жібереді. Әуен ойналады. Барлығы бірігіп бақша ортасында билей бастайды.


Жүгізуші:

Құрметті қонақтар атамыз бен әжеміздің бақшасындағы жеміс-жидектері мен көкөністері пісіп жетілді. Оларды мыстан кемпірдің жалмауынан аман алып қалған біздің аңдарымызға ата мен әже алғыстарын айтып, егіндерінен беріп, барша қаум олардың еңбектерңн пайдаланыпты. Ата мен әже осылай мақсат-мұраттарына жетіпті. Мінекей сіздер де ауыз тиеңіздер, дәм татыңыздар. Арнайы ыдыстарға салынған жеміс-жидектер ұсынылады.

Сонымен біздің күз мерекесіне арналған шағын ертеңгілік қойылымымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

































Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп






Шағын орталық ІІ сәбилер тобы





Өткізген: Төлеу Айжан Бірлікқызы

Әбибулла Бибіжан Дәуітқызы







2010/2011 оқу жылы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мен Отанды с?йемін» атты ерте?гілік

Автор: Т?леу Айжан Бірлік?ызы

Дата: 29.11.2014

Номер свидетельства: 137065


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства