kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сүйікті Отанымыз – Қазакстан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:                                   «Сүйікті  Отанымыз – Қазакстан»!

«Қазақстан»  әуенімен  балалар  залға  кіреді.

1-Жүргізуші:  Құрметті  ата-аналар, қадырлы  қонақтар  бүгін  бізге  үлкен  мейрам – отанымыздың  тәуелсіздік  күні.

Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Өз  халқыммен  бірге  ғұмыр  кешу  ол  мереке  деген  қазақ  халқының  нақыл  сөзі 

бар.  1991  жылы  16-шы  желтоқсанда  қазақ  халқы  өзінің  егемендігін  жариялап, дербестікке  талпынды. Биыл  қазақстандықтар  егеменді  еліміздің  мерей  тойын  атап  өтуде. Мерекелеріңіз  құтты  болсын!

Әнұран  орындалады.

2-Жүргізуші:Келесі тамашалайтындарыныз тәуелсіздік күніне шағын филм

2-жүргізуші: Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 26 -жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 26 жыл толып отыр.

Ал, ендігі кезекті тәуелсіз мерекеге аналған балалардың тақпақтарына берейік.

Балалардың  тақпақтары.

Алмат: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.


Даулет:Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын!


Богдан:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

 Аида:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

 Еркеназ:

Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі

 Амина

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

Ержанов Арнур

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн

1-Жүргізуші:  Әр мемлекеттің  белгісі  болады. Бұл белгілерді  рәміздер  дейміз.

  балалар ҚР рәміздерін  білеме екен соны тексеріп көрейік? ҚР рәміздеріне не жатады?

Балалар:  Елтаңба, Ту, Әнұран.

2-Жүргізуші: Рәміздерге арналған тақпақтар білесіңдер ме?

Ту туралы тақпақ: 3 бала

Айнара:

Бәрі болған қазақ сынды көне елде

Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де

Жаһандағы ең жауыргер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге.

Іңкар:Матасы қандай,матасы – көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою – өрнегі, қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,

Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.

 Ән: «Отаным Қазақстаным»

1-Жүргізуші:

Жарайсыңдар  балалар! Мемлекетіміздің  рәміздерін  жақсы  біледі  екенсіңдер. Ал осы  біздің елбасымыз кім?

Балалар: Н.Ә. Назарбаев  

1-Жүргізуші: 1992 жылы 4-ші маусымда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  ту шашағын сүйіп  тұрып, «Қасиетті  ту желбіресін, күніміз  мәңгі  сөнбесін!»- деген.

 1-Жүргізуші:  Президентімізге арналған тақпақтарын тыңдайық

Қ.Арнур: Қазақтың елі – ең кең ел!
Басшысы жайсаң, кемелді ер!
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұратасы кемеңгер! 

Айзере: Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!

2-Жүргізуші: Балалар ҚР астанасы қай қала? 

Отанымыздың  жүрегі  тәуелсіздігіміздің  тірегі  астана-қазақстанның  жаңа  бейнесі, жарық келбеті. Дүние  жүзіндегі  астаналардың  ішіндегі  ең  жас қала – Астана.

Астана жайлы кім тақпақ айтады екен.

Іңкар:  Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған

Данара:Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.

1-Жүргізуші  Ал тағы Қазақстанның  қандай  үлкен  қалаларын  білесіңдер?

Балалар: Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау….

1-жүргізуші:  Жарайсыңдар

1-Жүргізуші: «   Туған ел   »  әні

2-Жүргізуші  Ендеше мерекеге арналған «Қыздардың»  биін тамашалайық

 Мансур:

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

 Чингиз:

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн

 Айсауле:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

 Жанназар

Өзіңдікі туыңда

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да!

 Али:

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

Мөлдір:

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

1-жүргізуші:  Мен  білемін  балалардың  бәрінен  де  ойын  ойнауды  жақсы көретіндерің. Ал  сендер  ұлттық  ойындарды  білесіңдер  ме?

Жүргізуші:  Білеміз,  ойнап  көрсетеміз.

«                                 »  ойыны (асық  ойыны)

2-жүргізуші:   Тамаша!  Ұлттық  ойынды  ойнадық, ал енді   қандай  мақал-мәтел білесіңдер?

(балалар  мақал-мәтел  айтады)

Алинур: Отан үшін күрес — ерге тиген үлес. 

 Сәния: Отан оттан да ыстық, 
жалыны бар шоқтан да ыстық.  

 Алихан: Отаны бірдің жүрегі бір, 
Жүрегі бірдің тілегі бір. 

Айлана: Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.  

Ән: «      Туған жер»                                  »

1-жүргізуші:Ал, балалар  осындай  керемет  ертеңгіліктеріне  көптен  көп  рахмет, еліміз  тыныш, жұртымыз  аман  болсын, сендердің  шаттық  күлкілерің  жиылмасын,  еліміздің  қалаулы  үлкен  азаматы  болыңдар! Ал енді  мен  кетейін, сау  болыңдар!

Жүргізуші: Рахмет,   сау бол! Осымен  ертеңгілігіміз   аяқталды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сүйікті Отанымыз – Қазакстан

Автор: Тишбекова Кенжегуль Махметовна

Дата: 21.12.2017

Номер свидетельства: 445793

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Ашы? саба?: "Ту?ан жерім. Жіктік жал?ауы" 6-сынып "
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-tug-an-zhierim-zhiktik-zhalg-auy-6-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "155546"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421299321"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тәуелсіздік төрімде"
    ["seo_title"] => string(21) "t_uielsizdik_torimdie"
    ["file_id"] => string(6) "396120"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488189987"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) ""Тіл т?уелсіздігі-ел болаша?ы"  та?ырыбында?ы д??гелек стол "
    ["seo_title"] => string(67) "til-t-uielsizdighi-iel-bolashag-y-tak-yrybyndag-y-don-ghieliek-stol"
    ["file_id"] => string(6) "234735"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443518670"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Тіл т?уелсіздігі-ел болаша?ы"  атты  д??гелек ?стел"
    ["seo_title"] => string(49) "tiltuielsizdighiielbolashagyattydonghieliekustiel"
    ["file_id"] => string(6) "318992"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460711644"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства