kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен өз елімнің патриотымын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім күнінен арналған ашық тәрбие сағаты 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен өз елімнің патриотымын"»

Тақырыбы: «ХХІ ғасырдың патриоты»

Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт - дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, қима қағаздар

Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, пікірталас

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. әнұран орындау

ІІ. Негізгі кезең

  1. Тәрбие сағатының мақсатын анықтау

  2. Топқа бөліну

  3. Топ ережесін құру

  4. пікірталас

ІІІ. Қорытынды

  1. Рефлексия



Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Әнұран орындау

ІІІ. Негізгі бөлім.

« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».



«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сіздердің назарларыңызға « ХХІ ғасырдың патриоты » атты тәрбие сағатын бастайық.

Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.

Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады.

Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.

Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.

А.Байтұрсынов:

- Қазағым елім!

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның

Аш көзіңді оянып...- десе,

М.Дулатов:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.

Ал С.Торайғыров:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.

А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның

« Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.

Ендеше, біз бүгін ХХІ ғасырдың патриоты қандай екеніндебат – сабағы арқылы анықтаймыз. Ол үшін ең әуелі біз 6 топқа бөлініп алайық. Топқа бөліну: қима қағаздар арқылы топқа бөліну. Топ ережесін құру.

  • Бірін – бірі тыңдау

  • Тыныштық сақтау

  • Бірлесе жұмыс істеу

Біз бүгін 2 сұрақты қарастырамыз.

  1. ХХІ ғасырда патриот болу қазіргі заман талабына сай ма?

  2. Қазіргі заманауи әндер патриоттық сезімді оят ма?

Ең алдымен сендерді дебат ойынының ережесімен таныстырып өтейін. Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:

  1. Ой жүгірту арқылы алғашқы дәйектерді анықтау;

  2. Негізгі пікірлерді қолдайтын дәлел іздеу;

  3. Дұрыс түсіну үшін алғашқы дәйектерді жетілдіру;

  4. Кейс жазу;

  5. Кейсті әсірелеу.

Жақтау тобы жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан шыққан пайдалы нәтижені анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни жоспарынан келетін шығын мен зиянның салдарын көрсету керек.

Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау тобының логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады.

І жақтаушы топ: 1- сұрақтың кейсін құрайды. 3 мин

ІІ даттаушы топ: 1- сұраққа қарсы пікір білдіреді. 2,5 мин

ІІІ жақтаушы топ: 2- сұрақтың кейсін жасайды. 3 мин

ІҮ даттаушы топ: 2- сұраққа қарсы пікір білдіреді. 2,5 мин

Ү жақтаушы топ: 1,2-сұрақ бойынша сараптама – анализ жасайды. 3 мин

ҮІ даттаушы топ: 1,2-сұрақ бойынша сараптама жасайды. 3 мин



ІІІ. Қорытынды бөлім.

Мұғалім сөзі: Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Рефлексия: Барлығымыз ортаға шеңбер құрып тұрайық. Мына жіппен саусағымызды орап, ең басты арманымызды айтып, келесі жанында тұрған оқушыға береміз.

Мінеки, балалар не байқадық? Бұл жақсылықтың белгісі ме? Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Мен өз елімнің патриотымын"

Автор: Ибраимова Айжан Саненгазыевна

Дата: 18.05.2018

Номер свидетельства: 470046

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Мен - елімнің патриотымын"
    ["seo_title"] => string(27) "mien_ielimnin_patriotymyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "428571"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1505675731"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Мен, елімнің патриотымын !"
    ["seo_title"] => string(23) "men_elimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "560671"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1603203079"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен -?з елімні? патриотымын!" "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-oz-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "164008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422555441"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Мен, өз елімнің патриотымын."
    ["seo_title"] => string(31) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_10"
    ["file_id"] => string(6) "432050"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507808517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства