kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы бойынша дайындалған көрініс

Нажмите, чтобы узнать подробности

"100" кітап оқу жобасы аясында бейнероликке арнап жасалынған Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романынан  үзінді сценарий

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы бойынша дайындалған көрініс»

Мұғалім: Балалар, «100 кітап оқу» жобасы аясындағы кітап оқу айлығы да бітуге қалды. Біздің сыныпқа берілген Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы сіздерге ұнады ма?

Балалар: иә, қатты ұнады!

Мұғалім: кәне, қысқаша мазмұнын кім айтып береді?

Елжас: мен бастап айтайыншы?!

І бөлім:

(Соқыр қари Исахмет, осы елдің ерекше бір ақ көңіл адамдары Тайжан ұста, Нарғожа, Сүлеймен ақсақалдар зират аралап жүр екен)

Исахмет қари зиратқа жақындап келіп,құран оқи бастайды, бәрі қолдарын жайып отырады. Сосын жәйменен тұрады.

Қари: - Ғабит, сен бұл кімнің бейіті екенін білетін шығарсың?

Ғабит: -Білемін. Тастағы жазуын да оқып отырмын. Ұлпан шешеміздің бейіті.

Қари: -Шешеміздің дегенің бүкіл Сибанның құлағына жағатын сөз!... Ұлпан шешеміз аты жоққа ат берген, асы жоққа ас берген. Кедейге пана болған. Өзі Есенейдің ен байлығынан түк қызық көрмей кеткен адам.

Нарғожа қарт: - Ондай адам қайда? Адалдығына қарасаң әулие ме дерсің, ерлігіне қарасаң еркепе деп қаларсың кейде дейді екен бұрынғылар...

Тайжан ұста: -Есенейдей адамды көзі тірісінде билеп алып, осы елді ел қылған сол шешең.

Сүлеймен ақсақал: -Ұлпанның тұсында Сибанның әр үйінде бір жүйрік ат, әр ауылында бір балуан болған екен.

Тайжан ұста: -Ұлпан сөйлегенде Керейдің болыс-билері қайсымызды түйрей кетер екен деп қысылмай отыратын күні болмапты.

Қари: - Аяғында сол Керейдің болыс-билері күндесе-күңірене жүріп торсан жалмауыздың дозағына апарып құлатты ғой.

Ақгүлім айтып жатады

ІІ бөлім

(Есеней, түрікпен Мүсіреп, аңшы Мүсіреп, Бекентай батыр және Кенжетай аттың үстінде келе жатады)

Аңшы Мүсіреп: - Аға сұлтан пірім –ау!Айтпап пе едім? Қысқа қарай жылқы баласына бұдан артық жер болмайды, иесіз жатқан жер! Бір қыс жайладың –болды, аға сұлтанның шұбары атанадыда, балаңның баласына дейін кете барады.

Түрікпен Мүсіреп: -Жазы –күзі мал тұяғы тимеген шүйгін екені көрініп –ақ тұр. Бірақ осы күні иесіз жер бар ма, бір иесі бар шығар!

Аңшы Мүсіреп: -Жоқ, жоқ! Иесіз демедім бе? Бұл өңірде мен білмейтін жер бар ма, тәйірі! Қасқыры мен түлкісінің ен –таңбасына дейін білемін. Құдай біледі деп айтайын. «Қаршығалыда» 3000 қасқыр, 5000 түлкі, 12000 күзен, 7000 қоян бар!..

Түрікпен Мүсіреп: -Ақ құр, қара құрларын санамаған екенсіз, Мүсеке!

Есеней: -Үш мың қасқыры болса менің жылқымды бір қыста жеп тауыспас па екен? (Кенжетай ағасына қарап ну орманның орта тұсын көзімен нұсқады)

Түрікпен Мүсіреп: - Сонау қалыңның орта тұсында үш жерден түтін көріне ме деймін. (Есенейге бұрылып) Әне, бір салт аттылар да көрінді.

Салт аттылардың бірі Есенейлерге жақындап келіп сөйлеп кетті:

Ұлпан: -Армысыздар, ағалар!... Қаршығалы шұбарын паналап қонып қалған үш ауыл кірме күрлеуіттің арызын айта келдік. Биылқыс осында жан сақтаймызба деп жазбойы қорып келген жеріміз еді. Жетісіп отырған ел емеспіз... айтар арызымызға құлақассаңыздар екен...

Аңшы Мүсіреп: - Тоқта деген соң сүйрелеңдемей тоқта, бала! Ауылыңа сәлем айт: Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жеріне таласып әуре болмасын!

Ұлпан: - Есенейі жоқ елді деел екен, жұрт десеңіздер, қара өрттей қаптап келе жатқан жылқысының бетін кейін бұрсаңыздар екен. Осы арызымыз...

Аңшы Мүсіреп: - Мына көргенсіз кімнің атын атап тұр өзі! Құйрығыңды түріп тастап дүрелеп алсын деп тұрмысың? (Мүсіреп ашуланып тұрғанда, Есеней қолын сермеп тоқтатады)

Есеней: -Шырағым, арызың аяқсыз қалмас, аяқсыз қалдыратын арыз сияқты емес. Ауылдарыңа осыны айта барарсың. «Түсі игіден түңілме» дегендей, көргенсіз деуге ішім қимай тұр. Әттең, ашынғандықтан болса да азды-көпті асқақтай сөйлегенің де болды. Ауылыңа мұны да айта барарсың.

Ұлпан: -Арызымызды айтып кел деген жұрт асқақтай сөйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса айып өзімде. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. Міне, айыбым! (атынан түсіп, шылбырын Кенжетайға береді. Содан соң екі жолдасының бірін түсіріп, соның атына мініп алды да, жөнеле берді): Кешіре көріңіздер, ағалар!

Аңшы Мүсіреп: -Қап, құйрығын түріп жіберіп дүрелеп алу керек еді.

Түрікпен Мүсіреп: -Апыр-ау бұл кімнің қызы болды екен!

Есеней: -Қыз?

Түрікпен Мүсіреп: - Ие, қыз!... «Міне, айыбым!» дегенде көз құйрығымен өзіңді бір шарпып өткенін неғып байқамадың? Шарпып емес-ау, көз қиығын серпе тастап қарайтыны бар екен.

Аңшы Мүсіреп: - Қыз болса мені құдай ұрды төбемнен! Мен масқара болдым. бұл-Артықбай батырдың қызы Ұлпан. Үйіне қонып кеткеніме ай толған жоқ. Ең болмаса қара жорғасын танымай қалғанымды қарашы.

Аңшы Мүсіреп: - Дүре соққың келмеп пе еді? Бетіне қарамай-ақ соға бересің де! (мысқылдап)

Есеней: -Артықбай батырдың қызы деймісің? Ол мені бір рет намыс өлімінен, екінші рет өлімнің өзінен айырып алған кәрі жолдасым еді ау! Не істесек болады еді? Айыптымыз

Түрікпен Мүсіреп: - Қара жорғаның мойнына ат қосақтап қайтарған дұрыс болар!

Аңшы Мүсіреп: -Айналайын, адасым ай, таптың, таптың! Менің кәрі бозымды бірге қосақтап жібер!

Есеней: -Артекеңе сәлем айт, ертең сәлем беріп қайтармын! (Кенжетай кетіп қалады)

ІІІ бөлім: (Жанбота айтып жатады)

(Мүсіреп пен Ұлпан сөйлесіп келе жатады )

Ұлпан: - Құдай салды – біз көндік. Бірақ ағаңның есінде болсын –Ұлпан арзанға түспейтін қыз.

ІҮ бөлім (Сұлтан айтып жатады)

(Мүсіреп кіріп келгенде, Есеней қатты тұнжырап отыр екен)

Есеней: -Қандай қырсыққа ұшырап бөгелдің?

Мүсіреп: -Күйеужан, тым қатты кетпеңіз... себебі болған шығар... Қылауы түспеген құданы кім тез жібере қоюшы еді. (Есеней жадырап сала береді)

Бір ғана ескертетінім бар: Ұлпан арзанға түспейтін қыз. Барлық жайды өзімен сөйлесесің. Әке – шешесінде сөз жоқ.

Есеней: - Арзанға түспесе мейлі, Есенейдің малы жетер!

Ү бөлім: (Аяжан айтып жатады)

Отырған әйелдер: - «Мырза келін-ай, таң атқалы күтіп отырмыз сені»

Ұлпан: -Есен саусыздар ма?

І адам: -Шалымызбен екеуміз он екі бие сауамыз. Он екі биені күніне бес рет сауғанда нешеу болады, отыз бола ма?

ІІ адам: - Екі балам осы үйдің қойын бағып жүргелі алтыдан астам жыл... тым болмаса бір қозылы қой алып көрдік пе екен?

ІІІ адам: -Біздің үйдің жайын айтып керегі жоқ. Үй ішімізбен осы үйдің есігінде жүргелі неше жыл болғанын атам байғұс айтып отырушы еді. Мен көк ми ұмытып та қалдым.

Ұлпан: - Апайлар-ау, Есенейде қайсыңның қашаннан бергі аласыларың барын мен қалай есептеп шығарайын. Әйтеуір, бәріңнің де аласыларың барына көзім жетіп отыр. Есеней өзі сол аласыларыңды түгел бер деді.

І адам: - О, мың жасасын!

ІІ адам: - Балалы-шағалы болсын!...

Ұлпан: -Есеней үй басына бір құлынды бие, үй басына екі қозылы қой берерсің деді. Бұдан былай қойшы жазды күніжүз қойдан бір қой алып бағады, қысты күні екі қой алады... Жылқышы екі жүз жылқыдан бір жылқы алады. тағысын-тағы көре жатармыз. Бүгін кешке қойларыңды алыңдар. Жайлауға көшуге бір-бір түйе берілер. (Ұлпан кетіп қалады)

ІІІ адам: -Мырза келін-ай, сен келдің де көзіміз ашылды ғой!

ІІ адам: - Ұл тап, қарағым! Қоймен бірге қозыла!...

ҮІ бөлім: (Мерей айтып жатады)

Есеней дауысы:-Ақнарым-ай, көрмеген азабың қалады-ау!... Обалыңа қалған екенмін. Мұндай ит өмірден енді не күтіп жатырмын? Ана темір сандықты ашшы. Бір кішкене алтындатқан сауыттың ішінде аузы желімделген шыны болар. Соны алып берші...Бұл азаптың ініне біржола су құяиын! (қолына алып тұрып)

Ұлпан: - У ма?

Есеней дауысы:-Жорықта жүргенде жау қолына түсіп қалсам керегі болар деп, жоңғар саудагерінен аттың құнын беріп алып едім...

Ақнар-ау, саған менің осынша қиналып жатқаным батпай-ақ қойғаны ма? Ана бір сары кездікті ала салып, сол жақ өкпемнің тұсынан неге салып жібермейсің? (Ұлпан кездік пен уды алып жатады)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы бойынша дайындалған көрініс

Автор: Таскенова Айымгүл Оралқызы

Дата: 16.04.2018

Номер свидетельства: 466378

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы"
    ["seo_title"] => string(26) "g_musiriepov_u_lpan_romany"
    ["file_id"] => string(6) "400090"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489475789"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Презентация. "К?ркем с?з шебері - ?абит М?сірепов" "
    ["seo_title"] => string(55) "priezientatsiia-korkiem-soz-shiebieri-g-abit-musiriepov"
    ["file_id"] => string(6) "206619"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430229089"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства