kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация,  фотосуреттер.


1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

 

2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!

1-жүргізуші: 

Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
 

2-жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, фотосуреттер.


1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!


2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын!


1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2-жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.


Әнұран


1-жүргізуші: Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!


2-жүргізуші: Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық!

1-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп, дамып келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: 1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік, бұл-басымызға қонған бақ, бақыт.

Монтаж

1-оқушы

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.


2-оқушы:

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!


3-оқушы:

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!


4-оқушы:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

5-оқушы:

16 желтоқсан - Тәуелсіздік туған күн!
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.

1-жүргізуші
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1-жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.


1-жүргізуші: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.


2- жүргізуші: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі


1-жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


2-жүргізуші: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


1-жүргізуші: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.


2-жүргізуші: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.


1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.


2-жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

1-жүргізуші: Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқа-сында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
2-жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


Ән: «Атамекен»


1- жүргізуші:

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.



6-оқушы

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер



7-оқушы:

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.



8-оқушы:

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма



9- оқушы:

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.



10-оқушы:

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып



Ән «Жаса қазақстан»

11-оқушы: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.



12-оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.



13- оқушы: Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.



14- оқушы: Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.



15- оқушы: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

16- оқушы

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!


17- оқушы
Егеменді ерікті ел екенбіз,
Жылдан - жылға кіргендей берекеміз.
Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма төрт жыл -
Халайық құтты болсын мерекеміз!


18- оқушы
Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,
Дәулеттің тілеймін мен көл - көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағына
Жалғыз - ақ,
Құтты болғай енді осы күн!
Ұлы дархан, Ұлы елім!

19- оқушы
Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.



20- оқушы

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!



Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!


1-жүргізуші: Бүгінгі «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз аяқталды.


Жүргізушілер: Қош сау болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 15.01.2019

Номер свидетельства: 495370

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік !"
    ["seo_title"] => string(39) "elimnin_bakytyn_terbetken_t_uelsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "622992"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673595303"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ерте?гілік "Елімні? ба?ытын тербеткен Т?уелсіздік!""
    ["seo_title"] => string(58) "iertien-ghilik-ielimnin-bak-ytyn-tierbietkien-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "273649"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452254303"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik_2"
    ["file_id"] => string(6) "380348"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484638846"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik_1"
    ["file_id"] => string(6) "379201"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484389506"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!"
    ["seo_title"] => string(43) "ielimnin_bak_ytyn_tierbietkien_t_uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "366139"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480956779"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства