Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік.»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Типі: өнеге сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап,ойын, ой бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл өздер,бейне ролик,доп.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
Мұғалім:
Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымызды бастамас бұрын мына видео роликті тамашалап көрейік.
- Видео роликте не туралы көрсетілген?
- Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
Ойын: Кім алғыр?( Әдепті бала қандай болу керек? Сұрақтар қою.)
Оқушылар: әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқор
шы. Үлкенді - құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақ - та амандасып жүру керек. Кішіні - ізет, қамқоршы болу.
- Ал, ендеше әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
1 оқушы:
«Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
2 - оқушы:
- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
3 - оқушы:
Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
4 - оқушы:
Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.
5 - оқушы:
Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
6 - оқушы:
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
7 - оқушы:
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
8- оқушы:
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ тамақты.
9 - оқушы:
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
10 - оқушы:
Су құйдым да құманмен,
Қолына мен әкемнің,
Содан кейін оған мен,
Орамалды әпердім.
Мұғалім: Балалар қазір әр топ жат мінезге байланысты қысқа көрініс қойып берулерің керек. Қалған балалар шағын көріністерден көрген балалардың жағымсыз іс-әректтерін сипаттап берулеріңіз қажет.
(1, 2,3 – көріністер, жат мінез - қылықтарға байланысты.)
- Жаңағы көріністерден қандай қорытынды шығаруға болады?
Мұғалім:
Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі, тәртіпті,
әдепті боламыз. Ендеше әр топпен әдептілік туралы мақал-мәтелдер жарысын өткізейік.
Қорытынды:Мұғалімнің сөзі:
- Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар. Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар.
Алдағы уақытта тәртіпті де, тәрбиелі ұл - қыз болып, адамгершілік қасиеттерді биік ұстап, мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!
Предмет: Классному руководителю
Категория: Прочее
Целевая
аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт