Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ.»
Тақырыбы:Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ.
Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап
Барысы:
І – Кіріспе бөлім
ІІ – Негізгі бөлім.
а) Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын
ә) Балалар құқығын қорғау
б) Білімді ұрпақ ел ертеңі (сұрақ - жауап)
ІІІ – Қорытынды бөлім
І - Кіріспе.
Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам ждәне адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып- соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмастық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар болып табылады. адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал ата заңнан басқа балалардың құқығын қорғайтын заң бар ма? Әрине бар. 1989 жылдың 20- қарашасында Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе жөнінді, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір- бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлайық.
(қатысушылар дөңгеленіп тұрып, хормен айтады, қол беріп, бір-бірімен амандасады.)
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
ІІ - Негізгі бөлім:а) «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын»
Айдана: Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.
Айгул: Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасынылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.
Диас: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь.
Ислам: Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:
Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;
Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.
Қымбат: Міне, достар осыдан барып Қазақстандағы тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық – зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі азамат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандаға ескертеді емеспе?
Балжан: Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.
Диас: «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.
Вика: Дұрыс айтасың Диас «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.
Диас: Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық- зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.
Ислам: Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.
Айдана: Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр «л Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.
Мұғалім:
Зорлық – зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына , оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балны тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқытарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек.
Балалардың өмір сапасын жақсарту- ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек.
ә) Балалар құқығын қорғау.
Айгул: 7- тарау. Бала мен қоғам.
36- бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау.
Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.
Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.
Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немес жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуі тиіс.
Айдана: 4- тарау. Бала және отбасы
22- бап. Баланың отбасындағы құқықтары.
Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызметі аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туған.
Зорлық –зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндет і.
б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі.
(Сұрақ – жауап айдары.)
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
2. Құқықтың қандай түрлері бар?
3.Адамның негізгі құқығы.
4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?
5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы.
6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? )
7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды?
8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады.
9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды .
б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.)
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
(Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)
3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы)
4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)
5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.)
6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан)
7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша)
8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап)
9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды .
(1948 ж 10- желтоқсан)
Тәртіп орнат айдары.
1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы
2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат – Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі.
6. Президент Е - Заң шы ғарушы орган
7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны
Тәртіп орнат айдары.
1. Құқық А- Еліміздің негізгі заңы
2. Конституция Б. – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат – Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі.
6. Президент Е - Заң шы ғарушы орган
7. Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны
(1-д, 2-а, 3-в, 4- з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г)
Сандар сыры айдары.
(қатысушылар бір- біріне сұрақтар қояды. )
1-Маусым –
20- қараша -
10- желтоқсан -
10- желтоқсан 1948 жылы -
1979- жылы –
20- қараша 1989- жылы -
8- маусым 1994- жылы -
30- тамыз 1995 жылы -
Сандар сыры айдары.
(қатысушылар бір- біріне сұрақтар қояды. )
1-Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.
20- қараша - Дүниежүзілік балалар күні.
10- желтоқсан - адам құқығы күні.
10- желтоқсан 1948 жылы - Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1979- жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті.
20- қараша 1989- жылы - БҰҰ- да Бала Құқықтары туралы конвенция қабылданды.
8- маусым 1994- жылы - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.
30- тамыз 1995 жылы - Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Қымбат: Сонымен, достар БҰҰ – ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8- маусымында бекіткен
Қорытынды бөлім.Бала құқықтары туралы Конвенциядан...
Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
Әрбір бала өз отбасында, ата- анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы
Әрбір баланың ой- пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
Бала денсаулығын сақтауға , емделуге құқылы.
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Мұғалім: Құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар бүгінгі «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты жұмысымызды былай қорытындылағым келеді.
Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын.
Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме , оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?
Қатысушылар:
1. Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін.
Өзіме, жанымдағыларға
Күннің шуағын сыйлаймын
2. Гүлдің нәзіктігін сыйлаймын
3. Қараңғыны нұрландырамын
4. Суықты жылытамын
5. Егерде маған қиын жағдай болса да жасымаймын
6. р күні өзімнің жан дүниемді таза ұстаймын
7. Менің жүрегім әр күні қуанышқа толы болмақ
8. Жүрегім махаббат пен мейірімге бөленеді
9. Әрқашан жақсылық жасауға тырысамын
10. Келер күннің шұғылалы боаларына сенемін.
«Біз зорлық- зомбылыққа қарсымыз.» Біз нені білдік?