Просмотр содержимого документа
«Шайдың пайдасы мен зияны»
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
Шайдың пайдасы мен зияны
Аты - жөні :
Бекзатқызы Гүлзат
Сыныбы:4 “ә”
Жетекшісі: Ауезбекова Қарлығаш Ибинияқызы
Мектебі:
Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі
Аңдатпа
Мен бұл тақырыпты таңдау барысында шайдың түрлері туралы көп мағлұмат алдым.
Шайдың сан алуан түрлілігін, оның құрамында қандай пайдалы және зиянды заттар бар екендігін білгенде, менің одан әрі қызығушылығымды оятты.
Шайды қай мезгілде ,қандай мөлшерде ішу керектігін білдім.
Мақсаты :
Шайдың тарихын білу арқылы оның адам ағзасына тигізетін пайдасы мен зиян әсерін
айқындау. Түрін, құрамын саралай отырып, даярлау әдісін меңгеру.
Туындайтын міндеттер:
- шай туралы деректермен танысу.
- шайдың түрлері мен сорттары жайлы мағлұматтар жинақтау.
Жинақталған мағлұматтарды зерттеу жұмысында қолдану.
Зерттеудің тәсілдері:
презентация
иллюстрациялық суреттер
Мазмұны:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Шай тарихын білу
2 Шайдың адам ағзасына әсері
3 Шай түрі,құрамы
4 Шайды даярлау әдісі
5 Шай тыйымы
ІІІ.Қорытынды
ІY.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақ – шайқор халық. Ата-әжелеріміздің баяғыда «Шай ішсең, көңілің жай» деп мақалдайтыны тегін емес. Мұның сыры неде десек, шайдың адам ағзасы үшін пайдасы мен емдік қасиеті аз емес көрінеді. Шай-адамдар қолданатын ежелгі сусындардың бірі. Бірақ біз шайды сонау ерте заманнан бері ішіп келе жатсақта , бұл сусын туралы тым қарапайым нәрсенің өзін, мысалға, оны қалай дұрыс демдеуді де біле бермейміз. Бұл онша жеңіл-желпі қарайтын мәселе емес Менің достарым шайды әр түрлі бағалайды.Шөлді басатын сусын десе,біреуері. шай дастарханда бас қосу белгісі деп есептейді.Шайдың өзінің ерекше бір тарихы бар.Ол Қытай елінен келген.
II.Негізі бөлім
Шайдың тарихы
Шайдың отаны-Қытай делінген. Шай-мәңгі жасыл шай өсімдігінің арнайы өңделген жапырағы, сондай-ақ осы жапырақтан әзірленген сусын. Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Жас жапырақшалар қытайша «тщайей» дегенді білдіреді. Осыдан «шай» атауы шыққан. Байха шайы да қытайша «бай-хоа» аударғанда «ақ кірпікшелер" дегенді білдіреді. Шынында да шай жапырақшаларының бір беті ақ кірпікшелерге ұқсас жіңішке күміс талшықтармен қапталған. Қазіргі уақытта «байха» сөзі үгітілген деген мағынаны білдіреді.
Алдымен Қытай шай өндірушілерден жалғыз ел болғандықтан, оның құпиялары мықты қорғалған. Дегенмен, бір ағылшындық шай тұқымын ұрлап қана қоймай, оны өңдеудің күрделі жолын да біліп алған. Осының арқасында европалықтар шайды өз мекендерінде де егуді білген. Шайды тек әйелдер ғана жинаған екен. Себебі, әйелдің нәзік қолдары шайдың иісін одан сайын күшейтеді деп есептеген. Қытай императоры үшін шайды тек 16 жасқа дейінгі қыздар жинаған.
Шайдың емдік шипасы
Сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде нашадан, дәрі – дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда, оның (уланудың) бетін қайтаратын емдік сұйықтық ретінде пайдаланылады.
Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық тигенде терлететін дәрі орнын басады.
Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы (1 стақанға шай қасық мөлшеріндегі жүзім шарабы) тамызылған қара және көк шай қоспаларының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, коньюктивит кезінде көзді жууға болады.
Жас шай жапырағының шырынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға жақсы көмектеседі.
Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Кешегі шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа пайдалануға болады. Себебі бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор көбейеді. Тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Ол өте пайдалы.
Кешегі шаймен көзді сүртсе, қызарғаны басылады. Таңертеңгі және кешкі тіс тазалар алдында онымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.
Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді.
Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Шай қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады.
Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.
Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет – алды іше берсең, шай өңінді өзгертіп, ұйқыңды қашырады.
Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады, Сізге онша әсер етпейді.
Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды.
Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі
С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.
Шай тұнбасы қан капилярын бекітеді, жүйкені жақсартады. Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай.
Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуі- не ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамында поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, жапон елінде көк шай жоғары бағаға ие.
Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК – ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифеналдың сау клеткаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе? Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді
Шай түрлері мен сорттары
Бүкіл әлемдік шай өнідірісінің95 пайызықара шай үлесіне тиеді. Оның хош иісі, тіл үйірер дәмі болады, сондықтан, көпшілігі осы шайды ұнатады.
Көк шай– бұл атау Күн көзіне кептірілген соң берілген. Шайды дұрыс демдеу өте маңызды. Егер ыстық суды құярда сәл қателессеңіз, қатты қайнап кетсе немесе қайнамаған болса, дәмі бұзылады деп есептеңіз.
Сары шай- өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300 – 600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындалу процедурасын қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.
Улун шайы– жартылай ферментті, ашық түсті. Жапырақты. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.
Қызыл шай(бізше қара шай)– күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қарт адамдарға қуат – күші төмендегенде шипалы.
Қара –пуэр– тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздаған!
Пуэр– уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.
Гүлді шай– гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.
Көк шайдың иісі мүлдем басқа, оның дәмі сәл қышқылтым, шөлді жақсы қандырады. Сергітетін қасиеті менРвитаминінің құрамы жөнінен қара шайдан асып түседі.
Кірпіш шайды ерте солған ірі жапырақтарды жинап, арнайы әдіспен өңдейді де, сонан соң салмағы2 кгмөлшерінде кірпіш формасында престейді. Оның ауыз қуыратын дәмі мен сәл хош иісі болады.
Түйіршік шайдың тақта шайдан айырмашылығы, оның ең жоғары сортты қиқымдарын әуелі майдалап үкітіп,3-5 грамнантүйіршіктеп престейді.
Шай өсіру орнына қарай: Қытай, Үнді, Цейлон, Грузин және Краснодар болып бөлінеді. Шайды плантациядан алыс емес шай фабрикаларында дайындайды. Себебі, шай жапырақтары өзінің құнды сапасын жоғалтпау үшін алыс тасымалдауға болмайды.
Дәмді шай әзірлеу. Шай ішу дәстүрі қалай басталды?
5 мың жылбұрын Қытай императоры орманда демалып жүріп, ішу үшін су қайнатуын бұйырады. Кенеттен жел тұрып кесеге бірнеше шайдың жапырақтары түсіп кетеді. Император сусынды ішіп, өзін сергек сезінді. Осылай шай ішу дәстүрі басталған.
Әзірлеудің ең басты құпиясын білетін адам туралы мынадай бір шай анекдоты бар. Шай әзірлеу құпиясын ашуға мәжбүр болған ол не бәрі: «Шайды көбірек салыңыздар» деген үш-ақ сөз айтыпты.
Шай шығарғанда ерекше бап керек. Ең алдымен, шайдың өзі жақсы болсын, бірақ жұрт ойлайтындай, оның үнді шайы болуы міндетті емес. Ең бастысы-дұрыс сақталған шай болсын. Үшіншіден, шай қайнатуға ерекше су керек.
Шайнекті қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стакан суға 1 шай қасық) салып үстіне қайнап тұрған суды, әуелі шайнектің 1/3 мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып, бұқтырып алғаннан кейін шайнекті бүркеп, (сүлгімен), 5-7 минутта тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шайдың түбіне толық тұнса, онда оның әзір болғаны. Бұқтырылған шайды қыздыруға не қайнатуға, келесі күні шамасына шай қосып шығаруға болмайды. Шайға ас содасын не күйдірілген қант қосуға болмайды, себебі одан дәмі нашарлайды. Егер шайға жаңадан қайнатылған судың орнына, тұрыңқырап қалған жылы су құйса да дәмсіз болады.
Шайды фарфор не фаянс шәйнекте шығарған жөн. Металл шәйнекте шығарылған шай құсып кетеді, дәмі көңілдегідей болмайды.
Дұрыс қайнатылмаған шай тек пайдасыз ғана емес, тіпті зиянды болады.
Орыс халқында басқадай қайнаған тұнбаларды (итмұрын, бүлдірген, таңқурай) шай деп атайды. Олардың көпшілігі емдік-дәрі-дәрмек ретінде қолданылады (суық тигенде-кептірілген таңқурай тұнбасы, бүйрек ауырғанда ши бүлдірген жапырағының тұнбасы)
Шайды қай кезде ішуге болмайды?
Аш қарынға ішпеңіз.Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.
Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды.Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді.
Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.
Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.
Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз.Ол дәрінің күшін жояды.
Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды.Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы тиіс.
Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды.Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.
Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ.Керсінше, зияны бар. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал, одан кейінгісінде 10% пайдалы заттарды ала аласыз.
Көп мөлшерде ішуге болмайды.Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болады.
Қорытындылау:
Осы тақырыпты таңдамай тұрып,мені мазалағаны неге шайды адамдар жақсы көреді,оны ішпесе неге бастары ауырады деген сұрақтар.Осы тақырыпты алып,оны зерттеу барысында осы сұрақтарыма жауап таптым. «Шай - тоңса, бойды жылытатын, шөлдегенде, шөлді қандыратын, ұйқы басса, сергітетін» қасиеттері үшін оған қазақ халқы осындай мақал арнаған. Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан биологиялық пайдалы заттар бар. Шәй – жаныңызды жадыратып, бойыңызды сергітетін кереметтей сусын ғана емес, бейтаныс адаммен жақсырақ танысу үшін көмектесетін, құрбыңызбен болатын құпия әңгіменің майын тамызып, мәнін кіргізуде үлкен рөл атқаратын, Күткенде уақытты азайтатын пайдалы құрал да болып саналады екен. Кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда «бір шыны шәй ішу» ұсынысын жасауға әбден болады. Алайда, шәй ішу салтанатын өткізу оңай шаруа емес, кейбір кезде ол нағыз өнерді талап етіп жатады.
Әрбір қыз бала үй жағдайында шәй ұсынудың қыр-сырын жақсы білу керек.. Ол үшін ең бастысы: таза әрі бүтін ыдыс, қыртысы жазылған дастархан, қант, лимон, сүт немесе қаймақ, тәтті бәліштер мен жылы шырай керек. Сіздің үйіңізде аталғандардың барлығы болса, кез-келгенге «шәй ішіп кет, мен ұсынған кеседен» деуге болады.
Жұмысымның соңын Қадыр Мырзалиевтің « Қызыл шай және қызық әңгіме» –деген өлеңімен аяқтағым келеді.
Шынында да, көп ішесіз бұл күні.
Шат күлкі де,
Шай құю да үлгілі.
Маңдай терді сүртіп-сүртіп аласыз,
Мойныңызға асып қойып сүлгіні.
Ақ дастарқан - Ақ ниетің, Ырысың.
Ақ көңілмен айтасың сен дұрысын.
Қаймақ қатқан күрең шайдан жазылар
Қайдағы бір құрысың мен тырысың.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.В. В. Похлёбкин. Шай және оның тарихы мен құрамы.
2.Мұхтар Әуезов « Абай жолы »
3.Ана тілі хрестоматиясы 3-сынып
4. «Мөлдір бұлақ» журналы 3/2010ж
5. «Айгөлек» журналы 5/2008ж
6. «Ұлан» газеті беттерінен
Пікір.
Гүлзаттың ғылыми жоба жұмысына ұсынған «Шай және оның пайдасы мен зияны» атты зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Шай адамға ең бірінші керекті қажеттіліктердің бірі болғандықтан оны дұрыс ішу, даярлау керек екендігі туралы айтылған. Шайдың шығу тарихы мен ішу дәстүріне толық тоқталған. Сонымен қатар емдік жолында шай ми жұмысын күшейтеді, депрессияны, шаршаңқылықты бәсеңдетеді және зат алмасуды жақсартады делінген. Шайдың ағзаға әсер етуі оның мөлшеріне байланысты: Зияны:қара шайдың кезектен тыс қолданысы ұйқысыздыққа, күйгелектікке әкелуі ғажап емес делінген.Қорыта келгенде шайдың барлық құндылықтарын атап өткен.
Зерттеу барысында шайды дұрыс демдеп,құя білуде тәжірибелік жұмыстар жасаған.