kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Научная работа Шайдың пайдасы мен емдік қасиеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығарсірә…

     Бұл жоба қазақ халқының сусыны – шайдың пайдасын зерттеуге арналған. Шай ағашы – 100 жыл өмір сүретін көпжылдық өсімдік. Бұл сусын адам денсаулығына өте пайдалы. Жобада шайдың шығу тарихы, емдік қасиеттері және зияны туралы толық айтылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Научная работа Шайдың пайдасы мен емдік қасиеті»



Мазмұны



Кіріспе ......................................................................................................... 2-3

1.Негізгі бөлім.................................................................................................. 4-11

1.1 Шайдың шығу тарихы

1.2 Шай ағашы

1.3 Шай әзірлеу ерекшеліктері

2.Эксперименттік бөлімі..............................................................................12-17

2.1 Шайдың емдік қасиеттері

2.2 Көк шайдың пайдасы

2.3 Қандай кезде шай ішпейді?

2.4 Ыстық шай ағзаға зиян

2.5.Зерттеу проблемасы бойынша зерттеудің өзектілігіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау

3. Қорытынды бөлімі.................................................................................18

3.1 Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................19















Кіріспе

     Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығарсірә…

Бұл жоба қазақ халқының сусыны – шайдың пайдасын зерттеуге арналған. Шай ағашы – 100 жыл өмір сүретін көпжылдық өсімдік. Бұл сусын адам денсаулығына өте пайдалы. Жобада шайдың шығу тарихы, емдік қасиеттері және зияны туралы толық айтылған.

     Жобаның негізгі мақсаты:

  • Шай тарихын білу арқылы оның адам ағзасына пайдасы мен зиян әсерін айқындау.Түрін, құрамын саралай отырып, даярлау әдісін меңгеру.

Жобаның міндеттері:

  • Шайдің шығу тарихымен танысу;

  • шайдің пайдасы және емдік қасиеттерін зерттеу

  • шайды дұрыс әзірлеу технологиясымен танысу

Мәселе: Шайдың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу

Зерттелетін зат: Шайдың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.

Қазақтар үшін де шай ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына шай келе бастағанда оны аса жақтыра қоймаған.

Тар шалбар, бешпент шықты қынамалы

Жігітке шапан киген ұнамады.

Сары жез самауыры тағы шықты

Машина шүмегі бар  бұрамалы

Төсектен ерте тұрып бас ауырса

Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.

Әбубәкір Кердеріұлы шай алғаш келе бастаған тұста осылай жырлапты.

Жалпы осы тұста шай қайнататын самаурын шаймен бірге орыстардан келді деген түсінік бар. Бірақ тарихшы этнограф Мұрад Аджиев орыстардың  ұлттық нышан ретінде көретін самаурынды далалықтардан алған деген пікірі бар: «Осы самауыр бізге  шумерлерден келген, «су» – су түрікше, «мавар» – құмыра тәріздес ыдыс.»- деген мағына береді деп тұжырым жасайды. Менің зерттеу жұмысыммен толық таныссаңыздар, онда шайдың адам өміріне деген қажеттілігі туралы білесіздер.









































1.Негізгі бөлім

1.1 Шайдың шығу тарихы

Шай (лат. Camellia sinensis) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы.

Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды. Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Аңыз бойынша б.з.д. 2500 жылдары Қытай императоры Шен Йонг гигиена ретінде суды қайнатып ыстықтай ішкен екен. Жаздың ыстық күнінде қайнаған суына кездейсоқ екі-үш түйір жапырақ түседі. Император ыстығын басып, өзін сергіткен бұл сусынды қатты ұнатқан екен деседі. 758 жылы философ Лу Йу шай қалай өсіріліп өңделетінін, қалай демделетінін қаламға алып «Шай қаруы» атты кітап жазған. Жапондар шайды «Ча-но-йо» атты рәсіммен ұсынатын болған. Какузо атты ақындары шайнама атты еңбегінде шайды құдайдың берген ниғметі ретінде мақтап жазған. Европаға шайды Венециялық саудагрелер алып барған. Шайды кеңінен саудалағандар болса 1560 жылдардан бастап Португалиялық саудагерлер болды. Өте бағалы болғандықтан тек дәріханаларда сатылып, тек байлар ғана іше алатын. Ағылшындар Үндістан мен Цейлондағы коллонияларында шай өсіріп Қытайдың монополиясына бәсекелеп нарықты қолдарына түсірді.  Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

(1 –сурет) Шай плантациясы

Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты.  Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады. Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр.  Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао»  сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық»  деп атаған екен. Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды.  Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.

(2 сурет) Шайды сұрыптау

1.2 Шай ағашы

Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы — 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі  ең бағалысы —бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады. Шай (Thea) – шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі болып саналады. Оның жапырағынан шай дайындалады. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Олар: Қытай шайы (екі түр тармағы (қытай және жапон) бар) Оңтүстік – Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, 3 м бұта, ассам шайы (бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань т.б.) бар) Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10 – 15 мертлік ағаш. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріліп, өнім алынады. ТМД елдерінде Әзербайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жылдай өнім береді.Халық ежелден – ақ шайды «Өмір зәмзәмі» деп атаса, атақты Ибн Сина шай туралы былай деген: «Шай денені сергітеді, жүрекке жылу ұялатады, көңілді көтереді». Еуропада бұл сусынның екі атауының бар екені мәлім. Оны батыста «ти» деп, Шығыста «шай» деп атайды. Бірқатар тарихи деректер бойынша, шайдың алғаш шыққан жері Қытай, Вьетнам.Өткен ғасырдың ортасында Қытай тек қана шай өндіріп, дүниежүзін шаймен қамтамасыз етіп келді.Шайды мейлінше сүйсініп ішкен кісілердің бірі Л.Толстой. Ол шай туралы: «Тіпті мен онсыз жұмыс істей алмағандықтан, мен шайды көп ішуге тиісті болдым.Жүрегімнің түкпіріндегі бұғып жатқан мүмкіндіктер шай арқылы ғана босанып шығып, жасампаздық мүмкіндіктеріне жол берді» деген.Әубаста айлакер бір ағылшын шайдың тұқымын Қытайдан ұрлап алып, бір қытайлыққа көп ақша төлеп, одан шай әзірлеу технологиясын үйреніп алады да еліне келісімен оны жариялап, таратады.Қазір біз сатып алып, қайнатып ішіп жүрген шай – мәңгі жасыл өсімдіктің солдырылған, ширатылған, ферменттелген, кептірілген жапырақтары. Бұл өсімдіктің алуан түрі (Қытай, жапон, цейлон, грузин шайы) бұтасының биіктігімен, жапырақтарының мөлшерімен, басқа да бірсыпыра ерекшеліктерімен өзгешеленеді.Тек бәрін де біріктіретін басты қасиет - жапырақтарының құрамындағы шайдың бағалы үш қасиеті. Олар: илік заттар (олардың ішінде таниннің ерекше маңызы бар) және шайға тұтқыр, сәл ашқылтым дәм беретін катехиндер, шайға сергішкіш, қоздырғыш әсер дарытатын кофейн (шайдың құрамында оны көбіне теин деп атайды), хош иіс беретін эфир майлары. Негізінен, шай катехиндерінде өткізгіш дәруменнің (Рдәрумені) жоғары белсенділігі күшті.

Шай ағашы тек қана Аустралия жерінде өседі. Олар эвкалиптер секілді танымал мирталар классына жатады. Мәңгі жасыл болып тұратын, қағазды еске салатын жұмсақ, ашық түсті тамыры бар, ақ, сары түсті гүлдерімен қызықтыратын және көлеңке түсірмейтін жапырақтарымен ерекшеленетін шай ағашының майын әмбебап деп атауға болады. Жапырақтары эфир майына бай, олардан камфараның иісі шығады. Еуропалықтар мен азиялықтар шәй ағашының емдік қасиеті туралы Аустралияның көне тұрғындарынан білген. Ағаш өзінің атауы үшін Джеймс Кукке қарыздар екен. Ол 1770 жылдары жаңа құрлыққа саяхат жасап, өзіне белгісіз осы ағаштың ұзын жапырақтарынан өте дәмді сусын дайындап ішкен.

Жоғарыда атап өткендей, шай ағашының майы әмбебап келеді. Тіпті, әркімнің үйінде болуы керек майлардың қатарына енеді. Ендеше, "сиқырлы" майдың емдік қасиеттері туралы біле жүріңіз.

Шаш күтімі 

Өз сусабыныңыз бен бальзамыңызға 5-10 тамшы шай ағашының майын тамызып жіберіңіз де, шашыңызды жақсылап жуыңыз. Бұл қоспа шашты тазартып, жібектік сыйлайды. Ал проблемаңыз қайызғақ болса, жоғарыдағы әдісті тағы қайталаңыз. Бірақ сусабында бірнеше минутқа қалдырып қою керек. Шашыңыз тым құрғақ болса, 3 тамшы шай ағашының майы мен ыстық су қосылған қоспаға тарақты батырып алып, шашты тарау керек.


(3 сурет) Шай ағашының сиқырлы майы

 2.5 Шайды әзірлеудің ерекшеліктері

Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен  келтіреді. Ағылшындар  сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады. Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған «гя-до» шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай «отяны» қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде «отякумдар» яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады. 







(4 сурет) Шайды дайындау

Шайдың түрлері: Шай — байха (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай. Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді. Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.

Улун шайы — жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.

Қызыл шай — (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген.
Қара пуэр — тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты.
Пуэр —  уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.
Гүлді шай — гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.

  Дәмді әрі хош иісті шай тұнбасын алу үшін оны құрғақ орында, қақпағы жақсы жабылатын арнайы шай салғышта сақтайды. Шайдың жоғары сапасы мен хош иісі көбінесе дүкен мен үйде сақтау кезінде нашарлап кететін болғандықтан, мамандар шайды құрғақ жерде сақтауға кеңес береді. Құрғақ шайдың иіс тұтқыш қабілеті өте жоғары болғандықтан, оны иісі күшті жермай, балық, әтір, иісті сабын тәрізді заттарға жақын қоюға, олармен бірге сақтауға болмайды. Олай жасалса, шай жаңағы заттардың жағымсыз иісін өз бойына тез тартып алады, содан мұндай шайды қайнатқан кезде жағымсыз дәм пайда болады. Сол себепті, шайды саңлаусыз жабылатын ыдыста сақтау – басты шарт.Шайды қайнатқанда шайнекті отта ұзақ ұстауға болмайды. Ондай жағдайда оның құрамынан эфир майлары тез ұшып кетеді, одан буланған жапырақтың иісі шығатын болады.Шай шығарғанда ерекше бап қажет. Аққұманды (немесе кішкене шайнекті) қайнаған сумен 2 – 3 қайтара шайып, оған шай (2 стақан суға 1 шай қасық) салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі аққұманның (кішкене шайнектің) ½ мөлшерінде құяды да, сәл – пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып бұқтырып алғаннан кейін, шайнекті (аққұманды) бүркеп (сүлгімен, не арнайы жұмсақ шүберекпен), 5 – 7 минут тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шай түбіне толық тұнса, оның әзір болғаны деп біліңіз.Бұқтырылған шайды қыздыр-майды, қайнатпайды, келесі күні шамбасына шай қосып демдемейді. Шайға ас содасын, күйдірілген қантты қоспайды. Онда дәмі нашарлайды. Егерде шайға жаңадан қайнатылған судың орнына тұрыңқырап қалған жылы суды құйса да дәмі кетеді. Шайды фарфор немесе фаянс шайнекпен шығарады. Шайды метал шайнекпен шығарса, ол құсып кетіп, хош иісі мен дәмін жоғалтады. Қара шайды қантпен, қайнатпамен, балмен, кәмпитпен, лимонмен, кілегеймен, жаңғақпен тағы да басқа тәттілермен ішеді. Кейбір келіншектер шайды шығарғанда оған бал немесе қант қосып жатады. Ал енді көк шайдың қантсыз ішілетіні есіңізде болсын. Орыс халқы басқадай қайнаған тұнбаларды да шай деп атайды. Олар: жөке, таңқурай, итбүлдірген т.б. жеміс – жидек тұнбалары. Оны емдік дәрі – дәрмек ретінде пайдаланады. Мұның ішінде жөке гүлі мен кептірілген таңқурай тұнбасы – суық тигенде, ит бүлдірген жапырағының тұнбасы т.б. – бүйрек ауырғанда шипалы ем. Төрт түрлі шайды әзірлеу:

1. Сүт қатқан шай.Оны әзірлеу үшін 2/3 литр мөлшерде қою шай тұнбасы мен 1/3 литр мөлшерде сүт қажет. Кесеге сүт құйып, оған шай тұнбасы қосылады. Бұл шай ішек-қарын жолдары ауыратын адамдарға өте пайдалы.
2.Қытай шайы.Бір кесе қайнатылған суға бір шай қасық көк шай қажет. Жылытылған ыдысқа, құрғақ шай салынады, үстіне ыстық су құйылып, 3 минут өткен соң алдын-ала жылытылған фарфор ыдысқа аударып құяды. Қытай шайын ыстықтай сораптап ішеді. Оған қант, басқа да тәтті заттар қосылмайды.

3. Жапон шайы. Оны әзірлеуге ½ литр қай-натылған су, 1,2 шай қасық құрғақ шай қажет. Арнайы ыдысқа салынып ұнтақталған шай алдын-ала жылытылған ыдысқа салынады. Оның үстіне 60 градусқа дейін ысытылған қайнаған су құйып, қою шай дайындалады. Сонда бұл шайдың хош иісі бұрқырайды.

4.Ағылшын шайы. Бір кесеге бір шай қасық шай, оған қоса шайнекке осыншама шай, қайнаған су, сүт, қант қажет. Шайға қайнатылған су қосып, 5 минут ұстайды. Сосын ыстық ыдысқа аударып құяды. Жақсылап жылытылған кесеге сүт құйып (көлемі ¼ деңгейінде) шай тұнбасын қосады.
Қытайдағы дәстүрлі шәй ішу рәсімі – Гунфу-Ча деп аталады. Мұндағы соңғы буын «шәй» деп аударылса, алғашқы екеуі «асқан шеберлік» немесе «асқан өнер» деген мағынаны білдіреді. Әрине, соңғы уақыттары қытайлықтар да кофе, минералды сусын, кола сынды бөтен елден келген сусындарға үйренісіп жатыр, десе де, шәйді құрметтеп, көңіл бөлетіндердің қатары өзге елдерге қарағанда аса жоғары.


(5 сурет) Кітапханадан материалдар жинастыру кезі

2.Эксперименттік бөлімі

2.1 Шайдың емдік қасиеттері

Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағанынан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен. Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем. Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады. Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы тамызылған қара және көк шай қоспала рының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, конъюктивит кезінде көзді жууға болады.Жас шай жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау — жүрек айнығанды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Шайды тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады.Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс тазалар алдында шай тұнбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді. Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды. Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет-алды іше берсең, шай өңіңді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады. Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды. Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.
Шай тұнбасы қан капиллярын бекітеді, жүйкені жақсартады.

  Бүгін шайдың құрамын тарқатып айтайын. Расында да, зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы дәрумендер жүректің жұмысына оң әсерін тигізіп қана қоймай, жалпы ағзаға да пайда келтіреді екен. Ұйқышылдықты сейілтіп, адамға сергектік сыйлайтыны да мәлім. Сусынның бұл әсері оның құрамындағы кофеин алколоиды мен  оған туыс пурин қосылыстарының себебінен байқалады екен (теобромин және теофиллин). Сонымен қатар, шай құрамында танин комплекстері, амин қышқылдары, минералдық тұздар, органикалық қышқылдар болады.

Енді шай құрамындағы дәрумендерге тоқталатын болсам, шай құрамындағы дәрумендерді зерттеген ғалымдар көп болған. Солардың бірі ретінде орыс ғалымдары  И. Голяницкий мен М. Ануфриевті айтуға болады. Барлық ғалымдардың бірауыздан айтатыны шайда С дәрумендерінің көп екендігі. Басқаша айтсақ, бәріміз білетін кәдімгі аскорбин қышқылы. Көптігі соншалық, біртектес өсімдіктердің арасындағы С дәруменіне ең бай өнімдердің бірі осы шай болып табылады. Бірақ бұл дәрумендер зауыттарда жүргізілетін технологиялық өңдеу кезінде біраз азайып қалатындығын айта кету керек.  Шай құрамынан сонымен қатар, Егоров және Бредфорд атты ғалымдар В тобындағы дәрумендерді тапқан. Атап айтсақ, антиневрикалық B1 дәрумені (тиомин), В2 дәрумені (рибофлавин), антиаллергияық РР дәрумені (никотин қышқылы), сонымен қатар, пантотен қышқылдары. Жас шай жапырағының шырынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Кешегі шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа пайдалануға болады. Себебі бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор көбейеді. Тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Ол өте пайдалы.Кешегі шаймен көзді сүртсе, қызарғаны басылады. Таңертеңгі және кешкі тіс тазалар алдында онымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін. Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай дәрінің күшін жояды. Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы керек. Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады. Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал, одан кейінгісінде 10% пайдалы заттарды ала аласыз. Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар.Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн.
Шайшөп – биіктігі 15-20 сантиметр келетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, сыртын киіз тәрізді тұтаса түк басқан, түсі ақшыл. Шайшөп өттің жүруін жақсартады, асқазан бездерінің жұмысын күшейтеді. Ол мұнымен қатар несеп айдағыш дәрі ретінде және қан қысымын арттыру үшін де қолданылады. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайшөпті өт жолдары қабынғанда және асқазан, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бір-екі күннің ішінде-ақ аурудың жағдайы күрт жақсарады: жүректің айнуы және құсу азаяды, бауыр кішірейіп орнына келеді, бауыр тұсының ауырғаны тоқтайды, көз қабыршығының және дененің сарғаюы біртіндеп жойылады.



(6 сурет) Шайшөп

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Оны Рим дәрігері Гален өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуын олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

2.2 Көк шайдың пайдасы

  Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жан- ын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәру мендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие. Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны.Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

 2.3 Қандай кезде шай ішпейді?

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зер теу- ші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрында, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.
1. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян.

  1. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді.

  2. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

  3.  Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді.

5. Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

6.Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. «Шай дәріні бұзады», — дейді ежелгі қытай ойшылдары.

2.4 Ыстық шай ағзаға зиян Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс. Шай дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айырылады. Шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлде болмайды. Әдетте үш-төрт рет қайнатқаннан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.Сондай-ақ бұл сусынды кішкентай шыныаяқпен ішу керек. Сонда шайдың керемет дәмін шын мәнінде сезінуге  болады екен. Дәмді әрі хош иісті шай тұнбасын алу үшін оны құрғақ орында, қақпағы жақсы жабылатын арнайы шай салғышта сақтайды. Шайдың жоғары сапасы мен хош иісі көбінесе дүкен мен үйде сақтау кезінде нашарлап кететін болғандықтан, мамандар шайды құрғақ жерде сақтауға кеңес береді. Құрғақ шайдың иіс тұтқыш қабілеті өте жоғары болғандықтан, оны иісі күшті жермай, балық, әтір, иісті сабын тәрізді заттарға жақын қоюға, олармен бірге сақтауға болмайды. Олай жасалса, шай жаңағы заттардың жағымсыз иісін өз бойына тез тартып алады, содан мұндай шайды қайнатқан кезде жағымсыз дәм пайда болады. Сол себепті, шайды саңлаусыз жабылатын ыдыста сақтау – басты шарт. Шайды қайнатқанда шайнекті отта ұзақ ұстауға болмайды. Ондай жағдайда оның құрамынан эфир майлары тез ұшып кетеді, одан буланған жапырақтың иісі шығатын болады.Шай шығарғанда ерекше бап қажет. Аққұманды (немесе кішкене шайнекті) қайнаған сумен 2 – 3 қайтара шайып, оған шай (2 стақан суға 1 шай қасық) салып, үстіне қайнап тұрған суды, әуелі аққұманның (кішкене шайнектің) ½ мөлшерінде құяды да, сәл – пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып бұқтырып алғаннан кейін, шайнекті (аққұманды) бүркеп (сүлгімен, не арнайы жұмсақ шүберекпен), 5 – 7 минут тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды.Егер шай түбіне толық тұнса, оның әзір болғаны деп біліңіз.









































2.5.Зерттеу проблемасы бойынша зерттеудің өзектілігіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау

Осы тақырыпты таңдамай тұрып,мені мазалағаны неге шайды адамдар жақсы көреді,оны ішпесе неге бастары ауырады деген сұрақтар.Осы тақырыпты алып,оны зерттеу барысында осы сұрақтарыма жауап таптым.  «Шай тоңса, бойды жылытатын, шөлдегенде, шөлді қандыратын, ұйқы басса, сергітетін» қасиеттері үшін оған қазақ халқы осындай мақал арнаған. Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан биологиялық пайдалы заттар бар. [3] Шай – жаныңызды жадыратып, бойыңызды сергітетін кереметтей сусын ғана емес, бейтаныс адаммен жақсырақ танысу үшін көмектесетін, құрбыңызбен болатын құпия әңгіменің майын тамызып, мәнін кіргізуде үлкен рөл атқаратын, күткенде уақытты азайтатын пайдалы құрал да болып саналады екен. Кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда «бір шыны шай ішу» ұсынысын жасауға әбден болады. Алайда, шай ішу салтанатын өткізу оңай шаруа емес, кейбір кезде ол нағыз өнерді талап етіп жатады.Әрбір қыз бала үй жағдайында шай ұсынудың қыр-сырын жақсы білу керек. Ол үшін ең бастысы: таза әрі бүтін ыдыс, қыртысы жазылған дастархан, қант, лимон, сүт немесе қаймақ, тәтті бәліштер мен жылы шырай керек. Сіздің үйіңізде аталғандардың барлығы болса, кез-келгенге «шай ішіп кет, мен ұсынған кеседен» деуге болады. Біз неге шай ішеміз? Адамдар шайды алғашында шипалық сусын ретінде іше бастаған. Мысалы, қытайдың халық медицинасында шайды түрлі жағдайлармен уланғанда ішкен. Шай эмульсиясы ауыр тері сырқатына көмектескен. Ауыр дене және ой еңбегімен шаршап шалдыққанда жәрдемдескен. Кейінірек шайдың, әсіресе көк шайдың гипертония ауыруына қарсы тамаша емдік зат екені анықталды. [5] Сонымен қатар шайдың біз біле бермейтін керемет қасиеттері де бар.Тақырыпты зерттеу барысында көптеген кітап, журнал, газеттерден «Чай. Книга о том, как наслаждаться вкусом настоящего чая» [1],«Шай мен кофе»[2], мақалаларын оқып, шайдың пайдасы мен түрлерімен таныстым. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып өзіме қажетті материалдары оқыдым.Күнделік дәптеріме оқыған, зерттеулерімді жазып отырып талдадық. Ғаламтордан «Сұрақ-жауап» айдарынан шайдың пайдасы мен емдік қасиеті жайында оқып, біраз пайдалы нәрселерді өзіме алдым.







3.Қорытынды

3.1 Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық.

Шайдың басты құндылықтары туралы Тамақтану саласының белгілі ғалымы американдық Алиса Чейз өзінің кең тараған «Денсаулық тамағы» атты кітабында шай мен кофені «ауруға душар ететін және адам денесінің өмірлік маңызды құрылымын бұзатын» улы сусындар тобына жатқызғанымен, көптеген ғалымдар шай мен кофе туралы басқаша пікірде.[9] Кезінде жапон тарихшысы Окакура Какудзо: «Адамзаттың бір-бірімен дастарқан басында бір шыны шай ішу арқылы тіл табысқаны – таңғаларлық жағдай», – деп жазған еді. Әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлшегіне айналған шай – қазақ халқы үшін ең сүйікті сусын. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде тағы бір жапондық зерттеуші М.Киттар былай деп жазған: «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрында, кейін де шай іше береді». Жоғарыдағы жазбалардан байқағанымыздай, біздің ата-бабаларымыздың шай ішкеніне басқалар таңғала қарайды.Ал өзіміз таңғалмаймыз.Себебі қазіргі кезде біз бір күнімізді сүт қосылған ыстық қызыл күрең шайсыз елестете алмаймыз емес пе? Етпен бірге шай, шайдан кейін де шай іше беретін қазақ бір қонағын, тіпті кіріп-шыққан көршісін шай бермей жібермейді. Әлемде шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1,2 келі шай ішеді екен. Бұл көрсеткіш Үндістанмен салыстырғанда тек 650 грамм кем.Сондай-ақ шай ішудің өзіндік мәдениетін қалыптастырған ағылшындардың шайға сүт қосып ішкені қазақтарға ұқсайды. Ал ала шапанды ағайындарымыз көк шай ішуден алдына жан салмайды. Бұл сусындарды жақсы көретіндер оның өте пайдалы, тіпті шипалық қасиеттерінің бар екендігіне кәміл сенімді.Сол себептен шай – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім.Бұл сусынның емдік пайдасы бар.Өз сыныптастарымнан шай туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Дүниетану сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға шайдың өте маңызды сусын екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық сусыны – шай адам денсаулығына қажетті сусын.


Ұсыныстар:


  • Шайдың пайдасы туралы көптеген мақалалар баспа беттеріне жариялап тұру.

  • Адамдар өздерінің денсаулықтарына қажетті шайдың емдік қасиетін пайдалана алуы.

 





Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1.Савельевских А.В. «Чай. Книга о том, как наслаждаться вкусом настоящего чая», 2005.

2.Иофина И. О. «Шай мен кофе», 2005ж.

3.Ахметова А. Қ. «Барлығы шай туралы», 1989ж.

4.Журнал «Домашний очаг», 2006ж

5.Емші» журналы, 2014ж.

6. Шаңырақ энциклопедиясы. 197 бет

7. Емші газеті № 19(2015) 12 қазан 2012 жыл

8.Жүз жасаңыз газеті №23 (27) қараша 2012 жыл

9. Алиса Чейз «Денсаулық тамағы» ,2006жыл













9



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Научная работа Шайдың пайдасы мен емдік қасиеті

Автор: Жайсанбекова Айгуль Амирбековна

Дата: 16.02.2017

Номер свидетельства: 392593


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства