Сайыстың жүрісі:
І айналымда үш ойыншы шығады. Бір сөз айтылады, сол сөзді мақалдың құрамында келтіру керек.10 ұпай беріледі.
1. Отан.... Отан- елдің анасы, ел-ердің анасы. Отанды сүю
отбасынан басталады.
2. Алтын... Ел іші-алтын бесік. сабыл түбі -сары алтын. Аз сөз
алтын, көп сөз- көмір.
3.Қыз..... Қызға-қырық үйден тыйым. Қыз қылығымен жағады.
Қыз- халқының гүлі, өлең- сауықтың гүлі.
4. Дос..... Дос-егіз, дұшпан-сегіз. Дос жылатыа айтар, дұшпан
күлдіріп айтар. Доссыз өмір- тұссыз ас.
5. Білім..... Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні- кәріп.
Алтын алма, білім ал. Білім арзан, білу қымбат.
6. Еңбек...... Еңбек ет те, міндет ет. Еңбек ерлікке жеткізер,
ерлік елдікке жеткізер.
7. Тіл.... Өнер өзегі талмас. өнерлі бала сүйкімді. Өнер көрке де
жеткізер, көкке де жеткізер.
8. Ұят.... Ұлдың ұяты- әкеге, Қыздың ұяты- шешеге.
9. Байлық.....Денсаулық байлық- зор байлық. Артық байлық
аздырар, артық күлкі тоздырар. Ақыл байлық- тозбас байлық.
- ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
ІІ айналым Жұмбақтың шешуін табу керек. Шешуін қатыстырып мақалшы мақал айту.
1.Аспандағы алып доп
Жарқырайды жарық боп ( Күн)
Адамның күні адаммен.
2. Жеке өзін жей алмайсң
Онсыз асты да аузыңа алмайсың (тұз)
Доссы өмір-тұзсыз ас.
3. Ат сабылтып алыстан
Борандатып жетеді
Үш ай төрде қонақ боп
Аунап-қунап кетеді (қыс)
Жаздың қамын қыс ойла, бір ойлама -үш ойла.
4. Зулап түсіп төменге
Шықпас менсіз төбеге (шана)
Қыс арбаңды сайла, жаз шаныңды сайла.
5. Болса да көкте мекені,
Кезпеспейді екеуі ( Ай мен Күн)
Ай -ортақ, Күн-ортақ, жақсы-ортақ.
6. Бөрене тұмсық
Емен аяқ
Жануар бар
Некен-саяқ (піл)
Піл көтермегенді тіл көтереді.
7. Мысықтан бұл қорқады
Бұдан піл қорқады (тышқан)
Ажалды тышқанға аш мысық тап болар.
8. Дүниеде бір дария беті қатқан
Бетінде бетегесі шығып жатқан
Қараса сол құдыққа көз жетпейді
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (кітап)
Күш- білімде, білім- кітапта.
9. Шік түсті, бүк түсті
Алшы тұрды
Тәйке тұрды
Шеше алады
Ал кім мұны? (асық)
Асық ойнаған озар.
ІІІ айналым соңғы қалған ойыншыға 10 сұрақ қойылады. Оған нақты, тез жауап болу керек.
1. Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін бөлім.
( пунктуация)
2. Қазақ тіліндегі буын саны? 3
3. Екі кісінің сөйлесуі (диолог)
4. Желтоқсан құрбандарын ата: Қ.Рысқұлбеков. Л.Асанова.
Е.Сыпатаев.
5. Үш би: Төле.Қазыбек. Әйтеке.
6. "Алтын адам" табылған жер.( Есіл қаласы, Алматы облысы)
7. "Қалқаман-Мамыр" поэмасының авторы. Ш.Құдайбердиев
8. Бөбек қорының президенті. С.Назарбаева
9. "Фариза" өлеңінің авторы. М.Мақатев
10. 100жыл (ғасыр)