«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Л.Қыдыралиева
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі 2016-2017 оқу жылындағы 30 қыркүйек Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазыңды- ұлықта» атты акциясының
іс-жоспары
№ | Атқарылатын іс-шара | Жауапты |
1 | Жүргізуші | А.Әліппекова |
2 | Құттықтау тілек сөз | Мектеп директоры : Л.Қыдыралиева |
3 | Ән: «Ұстазым менің» | Абдрахман Асылзат |
4 | Би: «Қамажай» | Мектеп оқушылары |
5 | М.Шахановтың «Ұстаз» өлеңін оқу | Мұрат Әдемі |
6 | Жеке шығармашылық | Жақсыбек Ринат |
7 | Ұстаздарға сыйлық табыс ету | Мектеп ұжымы |
8 | Қонақтарға сөз беру | Келген қонақтар |
9 | «Ұстаздарға арнау» | 9-сынып оқушысы Таңат Индира |
10 | Ән: «Ұстазым» | Мектеп түлегі – Абдрахман Нүркен |
ДТІЖО:
Н.Боранбаев
Тәлімгер: А.Әліппекова
Қосымша білім беру педагогы: А.Тажиева
Жүргізуші:
Армысыздар , ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған-ұлағатты ұстаздар!
Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың :
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға,- деп айтуында терең мағына жатыр.
Мерекелеріңіз құтты болсын ұстаздар!
Келесі құттықтау сөз мектебіміздің директоры Қыдыралиева Лаисира апайымызға беріледі.
Есімде мектепке алғаш келгенім,
Өз қолыңмен Әліппені бергенің.
Санай ашып Әліппенің парағын,
Әріптерді үнсіз тұрып көргенім.
Келесі кезекте тыңдайтын әндеріңіз 7-сынып оқушысы Абдрахман Асылзаттың орындауында «Ұстазым менің»
Жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек!
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ұстаздар тойларыңа тарту етем
Мың бұралған бишіден сый алыңдар!
7-сынып оқушыларының орындауында «Қамажай» биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан,-деп мектептегі екінші анамыз болып жүрген сіздерге осы әнді тарту етеміз!
5- сынып оқушысы Мұрат Әдемінің орындауында М.Шахановтың «Ұстаз» өлеңі
Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге
Білімнің бұлақ көзін аршығандар.
Ардагер ұстаздарымызға сөз кезегін береміз
Таңат Индира өз шығармашылығынан «Ұстаздарға арнау» қабыл алыңыздар.
Жақсыбек Ринат өз шығармашылығынан «Ұстаздарға арнау» қабыл алыңыздар.
Құрметті қонақтар , осымен «Ұстазыңды - ұлықта» атты акциямыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!