Мақсаты:Оқушылардың бойындаы патриоттық сезімді жандандыру, Отанға деген ұлтжандылық пен мақтаныш сезімін өрбіту.
Міндеті: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялануы туралы мағұлмат беру; тәуелсіздіктің тарихи және халықаралық маңызын ашу; Елдің қоғамдық өміріндегі оқиғаларды, өзгерістерді бағалай білу, ақпаратты технология әдісімен интерактивті тақтаны пайдалана жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, біліктілігін арттыру. Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, ұлт көшбасшысының көрегендік саясатын үлгі ету, оқушыларға саяси, патриоттық, ұлттық тәрие беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: "Мен өз елімнің патриотымын"»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын
Сынып жетекші: Г.Қ.Бексеитова
Ақжар 2016
Мақсаты:Оқушылардың бойындаы патриоттық сезімді жандандыру, Отанға деген ұлтжандылық пен мақтаныш сезімін өрбіту.
Міндеті: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялануы туралы мағұлмат беру; тәуелсіздіктің тарихи және халықаралық маңызын ашу; Елдің қоғамдық өміріндегі оқиғаларды, өзгерістерді бағалай білу, ақпаратты технология әдісімен интерактивті тақтаны пайдалана жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, біліктілігін арттыру. Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, ұлт көшбасшысының көрегендік саясатын үлгі ету, оқушыларға саяси, патриоттық, ұлттық тәрие беру.
Сабақтың түрі : Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: Ой қозғау, сұрақ-жауап электронды оқулық суреттері, интерактивті тақта
Тәрбие сағатының барысы:
І.Тәуелсіздік жолындағы қадам...
Құрметті оқушылар, ата-аналар, сынып сағатымызға қатысушы қонақтар, барлықтарыңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Аталмыш жылы оқушылар 11-сыныпқа келіп отыр, ағымдағы жыл олар үшін көп қажырлылық пен еңбекқорлықты қажет ететін жыл болмақ, себебі алда бірнеше кезеңнен тұратын ҰБТ сияқты сын тұр. Оқушыларға сәттілік, ата*-аналарға төзімділік тілей отырып, «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Барлығымызға мәлім ағымдағы жылы Тәуелсіздік, бостандық, азаттық алғанымызға 25 жыл толып отыр. Ал осы ата – балаларымыз жырлаған, ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік бізге қандай жолмен жетті?
/Оқушылар барлығы жаппай дауыс береді/
/Қосымша ақпарат/
ІІ. Мен өз Отанымның тарихын мақтан тұтам.../Интербелсенді тақтада Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қол жеткізген жетістіктері, тарихи белестері, ішкі-сыртқы дамуы туралы мағлұмат беріліп, оқушылар Қазақстан тарихы пәнінен бұл кезеңдердің барлығын қарастырғандықтан, ой бөлісіп, талқыға салып, әңгіме өрбітеді. /
ІІІ. «Мерзімді жатқа жаз» оқыта үйрену ойыны
Оқушыларға тақырыптағы мерзімді кітаптан қарап, есте сақтау тапсырылады, одан соң мұғалім жылдарды көрсетеді, оқушылар болған оқиғаны жатқа жазады.
ІV. Қорытындылау бөлімі.
Патриот, яғни ұлтжанды азамат деп кімді атаймыз?
Сен өз Отаныңның , ауылыңның патриотысың ба?
Сен өз ауылыңның, мемлекетіңнің патриоты ретінде не істей аласың?
Мен өз Отанымның патриотымын тақырыбында синквейн немесе 3-4 сөйлемдік ой-толғау жаз. /әр оқушы өз ойын білдіреді/
«Мен өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Белсене қатысқан барлық оқушыларға алғысымды білдіре отырып, Ата заңымыз –Конституция күнімен, Тәуесіздігіміздің 25 жылдығымен , келе жатқан ауылымыздың 85 жылдығымын барлықтарыңызды шын жүректен құттықтап, мынандай өлең жолдарымен сынып сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер: