kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?нерімен ?рнектеген ?мірін

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Бізді? ауыл тумасы, к?п жылдар мектепте д?ріс беріп, ?з ?нерін жеткіншектерге  ?йреткен, тілімізді? жанашыры болып, мектепте жар?ырап т?р?ан  ?олта? басын  ?алдырып  кеткен ?ріптесіміз, жаны жайса? т?л?аны  болаша? ?рпа??а, о?ушылар?а таныту, адамгершілік  ?асиеттерінен  ?лгі- ?неге алу?а т?рбиелеу, жас жеткіншек бойында бейнелеу ?неріне деген ??лшыныс тудыру, дарындылы?тарын арттыру. ?з  де?гейлерін, ?абілеттерін жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?нерімен ?рнектеген ?мірін »

Сағымбаев Төлеген Жақыпұлын еске алуға байланысты өткізілген сыныптан тыс тәрбие сағатының жоспары.

Тақырыбы : « Өнерімен өрнектеген өмірін»

Мақсаты : Біздің ауыл тумасы ,көп жылдар мектепте дәріс беріп,өз өнерін жеткіншектерге үйреткен ,тіліміздің жанашыры болып, мектепте жарқырап тұрған қолтаңбасын қалдырып кеткен әріптесіміз ,жаны жайсаң тұлғаны болашақ ұрпаққа ,оқушыларға таныту,адамгершілік қасиеттерінен үлгі- өнеге алуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: портрет, суреттер,

«Көңіл толқыны» атты күй баяу ойнап тұрады

Мұғалімнің туындысы : Арнау (Гүлбаршын Анасқызы)

Көптен бері ойландырып жүр еді,

Сіздің бейне көз алдыма келеді.

Жас ұрпақты таныстырсам сізбенен,

Орындалар көкейдегі бір арман.

Өнерімен өрнектеді өмірді,

Қолтаңбасын өшпестей ғып қалдырды.

Туған жерін қимайтұғын сезімде,

Көшіп кетті Ереймендей өлкеге.

Сурет салып,пікір айтты тартынбай,

Өз өнерін танытты ол баршаға.

Еркеледі еңбегімен еліне,

Тамсандырды талантымен талайды!

1-жүргізуші : Төлеген Жақыпұлы жаны жайсаң, көңілі таза адам еді ерекше.Көзқарасы салмақты,ойлы жанары өзіндік бір ой тастайтын.

2-жүргізуші : Қазақша дұрыс сөйлемеген адамға қатты кейістік білдіретін.Менің тілім – қазақ тілі , тілім менің ерекше деп әрқашан ана тілін мақтан тұтатын.Тіл туралы өлеңдерді жақсы көретін.

Русак Елена «Ана тілім» өлеңі Н.Айтов

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім ,

Егер сені білмесем.

Ана тілім –

Дана тілім,бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім,шаттығым,

Сенсің менің тазалығым,пәктігім.

Ана тілім – алтын ұям ,құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жазың,сенің әнің айтарым,

Санам сөніп,

Байланғанша тіл жағым!

  1. Жүргізуші : Отбасы – өмір аясы дегендей ,өшпестей өнері, қазағым деп соққан жүрегі «үлкенге құрмет көрсеткен ерекше тұлғасы» жадымызда сақталады мәңгілік. (отбасы туралы суреттері)

  2. Жүргізуші : Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында –

Ендеше, адамның бүкіл жан дүниесін билеп әкететін құдіретті күйге Төлеген ағайдың ерекше ұнататын күйіне құлақ тосайық,тыңдайық.

Ауылымыздың күйші жігіті Қайрат Мүшкеновтің орындауында :

«Ерке сылқым»

  1. Жүргізуші : Өнер - мәңгілік!

Мына – сурет, мына – портрет бар кезде,

Төлеген ағай ұмытылмас бір сәт те.

Қолтаңбасы жарқырап тұр алыстан

Өткен күнді ойландырып сан мезет. ( мектептегі суреттер)

2-жүргізуші : Суретшінің өзіндік символы – киіктің лағы – сүп – сүйкімді құралай еді.Жаны осы құралайдай нәзік,пәк сезімге лайық .Елім деп еміренетін, менің кең байтақ Республикам деп мақтанататұғын.

Русак Елена «Менің Республикам» өлеңі С.Мәуленов.

1 – жүргізуші :Өн бойынан қазақылық лебі есіп тұратын.Қазақ халқы, туған жері дегенде шығарда жаны бөлек еді ғой.Ұлтым деп өзегі өртенетін.

Лесная Любовьтің орындауында «Жаса Қазақстан» әні.

2-жүргізуші :Қайсыбір жылдары Ереймен өңіріндегі әнші,күйші және ақын Сайлау ағаны ертіп келіп «Туған елге шашу» атты концерт ұйымдастырған болатын.Ауыл адамдары бір қуанып қалған еді.

Бақытбек Жанерке М.Мақатаевтің «Елім барда» өлеңі

Не сыйлайды, не береді келер күн

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын 6несін берсін ел маған?!

Тұрсам екен елім де аман, мен де аман.

Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым – ұланғайыр кең далам....

1-жүргізуші : Жақсының аты өлмейді –демекші енді естелікке көңіл аударайық.

- өнер жолына түсуіне ықпал еткен Роза Кәрімбекқызы

- жастық шақты бірге өткізген Ораз Серікбайұлы


2 –жүргізуші: Өмірінің соңғы сәтінде көп ойланып,жолдастарын,туғандарының арасында отырып «Салтанат» күйін орындағаны белгілі болды.Ендеше бәріміз сол күйге көңіл бөлейік.

Эрген Амангелді Сайлау Байбосынның «Рух» атты өлеңдер жинағынан Соңғы кеш немесе «Салтанат» күйі (Марқұм Төлеген Сағымбаевты еске алу) өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.

Көңіл –ай, алабынан мұң есілген,

Өмір-ай, қызығы оңай түгесілген.

Отырған сіздің үйде шер тарқатып,

Сол бір кеш шықпай қойды түк есімнен!

Ту еткен тірлігіне ізгі үмітті,

Деуші едік,- жасыта алмас мұң жігітті.

Соңында ескі жылдың сол отырыс –

Боларын соңғы отырыс кім біліпті!....



1 – жүргізуші : Адамның арманы таусылған ба, - Төлеген ағайдың арманы туралы келіні Гүлмира Амантайқызы айтып өтсе дейміз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі : Өмірін өнерімен өрнектеп өткен дара тума аруағы бізді әрқашан қолдап,тек жақсылыққа жетектесін.Ауылымызда талабы таудай жастар көп болып,өмірде өз орындарын адаспай тапсын. Жаны жайсаң,пейілі кең адамдардан үлгі - өнеге алатын болайық. Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі өркендеп,әнұранымыз бейбіт аспанда шарықтасын.

2 – жүргізуші : Құрметті көрермендер сыныптан тыс тәрбие сағатымызды бәріміз бірігіп, «Есіңе мені алғайсың» әнімен тәмамдаймыз.



Күншалған орта мектебі













Сыныптан тыс тәрбие сағатының жоспары.

Тақырыбы : «Өнерімен өрнектеген өмірін»





Өткізген : Садвокасова Г.А

















































2014 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?нерімен ?рнектеген ?мірін

Автор: Садвокасова Гульбаршын Анасовна

Дата: 14.04.2015

Номер свидетельства: 201126

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""?мірін ?нерімен ?рнектеген ел анасы""
    ["seo_title"] => string(42) "omirin-onierimien-orniektieghien-iel-anasy"
    ["file_id"] => string(6) "270057"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450977668"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Сыныптан тыс шара "?нермен ?рнектеген ?з ?асырын" "
    ["seo_title"] => string(55) "synyptan-tys-shara-oniermien-orniektieghien-oz-g-asyryn"
    ["file_id"] => string(6) "216300"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432924201"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "«Мен ?мірді жырлау ?шін келгемін!» "
    ["seo_title"] => string(37) "mien-omirdi-zhyrlau-ushin-kielghiemin"
    ["file_id"] => string(6) "180114"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425126027"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "10 саусақтың құдіреті"
    ["seo_title"] => string(25) "10_sausak_tyn_k_u_dirieti"
    ["file_id"] => string(6) "396958"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488372788"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Көркемдік кесте."
    ["seo_title"] => string(18) "korkiemdik_kiestie"
    ["file_id"] => string(6) "433554"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1508517150"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства