kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Менің құқығымды бұзуға жол жоқ!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

Түрі: пікірталас, викториналық сұрақтар

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер

 Мұғалім: Құрметті, оқушылар және қонақтары «Менің құқығымды бұзуға жол жоқ!» атты пікірталас және викториналық сұрақтар әлеміне  қош келдіңіздер!

     Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

    

«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу - ақ»

Ж. Баласұғұн

І Психологиялық тренинг

Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатнастарыңызды ізглендіру мақсатында біз бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.

Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

 

ІІ. Құқық туралы жалпы түсінік

     Құқық – жалпыға міндетті мемлекет бекіткен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы

     Құқықбұзушылық - міндеттер нормасын бұзатын, заңға қайшы іс-әрекеттер.

    Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы  мына заңдарда көрініс тапқан

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

  • Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
  • Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
  • Бала оқу орында кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
  • Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Менің құқығымды бұзуға жол жоқ!»»

Тақырыбы: «Менің құқығымды бұзуға жол жоқ!»


Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

Түрі: пікірталас, викториналық сұрақтар

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер

Мұғалім: Құрметті, оқушылар және қонақтары «Менің құқығымды бұзуға жол жоқ!» атты пікірталас және викториналық сұрақтар әлеміне қош келдіңіздер!

Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

«Балам бол, басқа бол – бәріңе заң біреу - ақ»

Ж. Баласұғұн

І Психологиялық тренинг

Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатнастарыңызды ізглендіру мақсатында біз бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.

Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

ІІ. Құқық туралы жалпы түсінік

Құқық – жалпыға міндетті мемлекет бекіткен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы

Құқықбұзушылық - міндеттер нормасын бұзатын, заңға қайшы іс-әрекеттер.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан




«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

  • Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

  • Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

  • Бала оқу орында кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

  • Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

Оқушының міндеті:

  • Білімді менгеруге

  • Мемлекеттік нышандарды құрметтеуге

  • Табиғатты қорғауға

  • Заңдары орындауға

  • Қазақ тілін құрметтеуге

  • Денені шынықтыруға

  • Үлкенді сыйлауға

  • Шындықты айтуға

  • Қоғамдық жұмысқа қатысуға

  • Мұғалімді сыйлауға

  • Уәдеде тұру

  • Тиянақты болу

  • Мектеп мүлкін бүлдірмеу

  • Тәртіпті бұзбау

  • Жаман сөз айтпау

  • Досына көмектесу

  • Оқушы ережесін орындау

  • Кітапты күтіп ұстау

  • Күн тәртібін бұзбау

  • Талапты орындау

  • Әдепті болу

Жалпы құқықбұзушылықты мына схема арқылы түсіндіріп өтуге болады.


Сұраққа жауап бер

Құқық деген не?

Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?

БҰҰ-ның мақсаты не?

Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?

Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?

Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата?

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?

Заң бойынша бала деп кімді атайды?

Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?

Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған?

Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы

Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?

Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?

Қазақстандағы ең қымбат қазына

«Жеті жарғы» заң жинағының авторы

Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?

Отанға деген сүйіспеншілік

Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды?

Қазақстан азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?

Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері

  • Отбасындағы ақау тәрбие;

  • Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

  • Жұмыссыздық;

  • Баланың бос уақытының шамадан тыс көп болуы;

  • Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

  • Мінез-құлқының ауытқушылығы;

  • Рухани құлазуы

Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер

  • Себептердің бірі – балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.

  • Екінші себеп – бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу.

  • Үшінші себеп – кей жағдайларда ұл балаға жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді.

Берілген сөздерді әкімшілік, қылмыстық, азаматтық және тәртіптік деп 4 түріне ажыратыңыз;

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ҰРЛАУ (Қ)

СЫНЫПТАСЫНЫҢ ОҚУЛЫҒЫН ЖЫРТУ (А)

СЫНЫПТАСЫН СОҚҚЫҒА ЖЫҒУ (Қ)

ДОПТЫ ТЕУІП ТЕРЕЗЕНІ СЫНДЫРУ (Ә)

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА БАЛАҒАТ СӨЗ АЙТУ(Ә)

РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ЖЕРДЕН ӨТУ(Ә)

САБАҚТАН ҚАШУ, СЕБЕПСІЗ ҚАТЫСПАУ (Т)

Топтық жұмыс:



ІІ. «Құқың бар ма әлде жоқ па?» (сұрақ-жауап)

1.Оқырман залында досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен сөз бостандығына құқым бар деп есептейсің.

2.Кітапханада ұялы телефон арқылы музыка тыңдап отырдың, өйткені мәдениет жетістіктерін пайдалану құқығым бар деп есептейсің.

ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

Ер балалар қорқытып ақша сұрау, яғни бопсалау туралы шағын көрініс қояды.

Қыз балалар алаяқтық туралы шағын көрініс қояды.


Рефлексия. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)

Қорытынды

Бүгінгі ж астар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?

Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.

(оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)

Мұғалім: Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орйда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.


Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба,

- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Менің құқығымды бұзуға жол жоқ!»

Автор: Жұмағұлова Жанар Мырзағалиқызы

Дата: 26.02.2020

Номер свидетельства: 541162

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""Менің құқығым-менің міндетім!" ашық тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(57) "mienin_k_u_k_yg_ym_mienin_mindietim_ashyk_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "460855"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1520301631"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Жем?орлы??а жол бермеуге міндеттіміз" "
    ["seo_title"] => string(47) "zhiemk-orlyk-k-a-zhol-biermieughie-mindiettimiz"
    ["file_id"] => string(6) "220646"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1434720147"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫНДА  ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ?ОЛДАНУ"
    ["seo_title"] => string(69) "k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-tarynda-oiyn-eliemienttierin-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "294263"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455628341"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Отбасылық дәстүр"
    ["seo_title"] => string(66) "duniietanu_1_synyp_sabak_tak_yryby_mienin_otbasym_otbasylyk_d_stur"
    ["file_id"] => string(6) "375136"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483457482"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Коучинг саба?ына рефлексивтік есеп "
    ["seo_title"] => string(41) "kouchingh-sabag-yna-rieflieksivtik-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "153024"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420959923"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства