kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Химия ?леміне саяхат» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Химия ?леміне саяхат» сайысы
Ойынны? ма?саты: О?ушыларды?  химия п?нінен ал?ан білім де?гейін бай?ау ж?не оларды тез ойлану?а, ал?ырлы??а, тап?ырлы??а, ізденуге баулу.
К?рнекілігі: интерактивті та?та,
І ж?ргізуші: -

«С?лем с?зді? анасы»

Дейтін ?аза? данасы.

С?лемдесіп, танысып,

Кеш бастайы? жарысып

 Армысыздар, ??рметті ?стаздар, о?ушылар ж?не ?ымбатты сайыс?а ?атысушылар!
Б?гінгі бізді?  «Химия ?леміне саяхат»» атты сайыс?а ?ош келіпсіздер!

Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елді?
Б?гін осы сайыста же?іске жет
Білімді ?рі білікті жас жеткіншек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Химия ?леміне саяхат» сайысы »

Тақырыбы: «Химия әлеміне саяхат» сайысы
Ойынның мақсаты: Оқушылардың  химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,
І жүргізуші: -

«Сәлем сөздің анасы»

Дейтін қазақ данасы.

Сәлемдесіп, танысып,

Кеш бастайық жарысып

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты сайысқа қатысушылар!
Бүгінгі біздің «Химия әлеміне саяхат»» атты сайысқа қош келіпсіздер!

Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.

Химияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химиядан «ЖАРЫС» кешін өткізгелі отырмыз. Ғали Ормановтың химия кереметтерін суреттейтін мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалып бірі жаралған.

Өмірдің бірақ керегін,

Осылар тауып берер ме?

Табар ма ешкім дерегін,

Телмірмей, сірә, тереңге

Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз қажетті тұрмыс бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.

Болсын дейміз жарысымыз жемісті,

Озып шықсын кім білімді, кім күшті.

Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек

Берер дейміз әділдікпен жеңісті.

(Әділ қазылар алқасы таныстырылды)

Қазылар алқасы сайланып, білім додасы басталады.

Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін – құрметті сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. Оқушылармен танысу рәсімі (музыка орындалады).
Әр оқушы өз ұстанымын айтып, өзін таныстырады. (Сайыскер өзінің аты - жөні, сыныбы туралы қысқаша мәлімет және өзінің атын.

Бүгінгі сайысымыз 5-кезеңнен тұрады

«Ойлан, тап»

«Формула жаза білесің бе?»

«Тапқыр болсаң тауып көр»

«Формулалар сайысы»

«Ойлы болсаң озып көр»

Ойынымыздың бірінші кезеңі «Ойлан, тап» бөліміне өтейік.

  • Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.

  • Топқа 10 сұрақ беріледі,

Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады,

І кезең. «Ойлан, тап»
Сұрақтар:

1-топ

1.Сүйекті қаптайтын элемент. ? (кальций)

2.Атом - молекулалық теория негізін қалаушы.? (М.В.Ломоносов)

3.Периодтық кестеде неше период бар? ( жеті)

4.Тыныс шығарғанда шығарылатын газ ? (көмір қышқыл газы)

5.Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл ? ( иод)

6.Ең жеңіл металл? ( литий)

7.Тұз қышқылының формуласы? (HCI)

8.Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең? 23

9.Сөндірілмеген әк ? ( кальций оксиді)

10.Қышқылдар нешеге бөлінеді? 2

2-топ

1.Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? ( тұз қышқылы)

2.Бейорганикалық қосылыстардың төрт класын ата? ( оксидтер,негіздер, қышқылдар, тұздар)

3.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ? ( моль)

4.Қанның құрамына кіретін металл ?( темір)

5.Хлордың салыстырмалы атомдық массасы? ( 35,5 )

6.Күкірт қышқылының формуласы ?( H2SO4)

7.Иодты қай жылы, кім ашты? ( 1811 ж. Крутуа)

8.Отынның жануы қандай құбылыс ? ( химиялық)

9. Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты нешеге бөлінеді? 2

10.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең ? 16

3-топ

Химия ғылымы нені зерттейді?

Заттарды, олардың қасиеттерін, бір күйден екінші күйге айналуын

Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі ? Атом

Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті ? Валенттілік

Азоттың салыстырмалы атомдық массасы ?14

Молекула сөзі ? Бөлінбейтін бөлшек

Темірдің химиялық атауы ?Феррум

Қышқылдар нешеге бөлінеді ? екіге

Период нешеге бөлінеді? 2

Ең қиын балқитын металл? Вольфрам

Құбылыстар нешеге бөлінеді? 2

4-топ

1. «Атом» сөзі грекше? «бөлінбейтін»
2. ең ауыр металл ?осмий
3. Күкірттің салыстырмалы атомдық массасы? 32
4. Суда ерімейтін заттарды қандай әдіспен алады? Қайта кристалдау, айдау
5. Дененің пішіні заттың агрегаттық күйі өзгеріске ұшрайтын құбылыс? Физикалық
6. Оттектің тұрақты валенттілігі нешеге тең? ІІ
7. Ең жеңіл газ? сутегі
8. Д.И.Менделеев қай жылы туылған 1834

9.Периодтық кестеде неше топ бар? 8

10. “Химиялық элемент” сөзін алғаш енгізген ғалым? Бойль

5-топ

Реакция жылдамдығын тезетін, бірақ реакцияға қатыспайтын заттар.( катализатор)

Валенттік нешеге бөлінеді? 2

Электронды қосып алу үрдісі ?Тотықсыздандыру

Электролиттердің түрлері? Күшті, орташа, әлсіз

Азот қышқылының тұздары? Нитраттар

Хлордың салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең? 35,5

Ең қатты металл ?Хром

Отынның жануы қандай құбылыс ?Химиялық құбылыс

Біреуі оттек болып келетін екі элементтен тұратын қосылыс ? Оксидтер

Жылу бөле жүретін реакциялар ? Экзотермиялық

6-топ

1.Химиялық реакцияның неше типі бар? 4

2.Периодтық кестеде неше топ бар? 8

3.Бейметалдардың жалпы санып? 22

4.Адам тыныс алатын газ? оттек

5.Оттегінің молекулалық формуласы ? О2

6. Периодтық кестеде 1-ші тұрған элемент? Н

7. Заттар дегеніміз? Денелерді құраушылар

8.Сұйық металл? Сынап

9.Гологендер орналасқан топ ? 7

10.Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі? атом

(Әділ қазылар әр топтың ұпай санын хабарлайды.)
(1 топ ойыннан шығарылады).

Жүргізуші

Білмейтінін білем деп олжа қуар

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар

Химияны болжаммен ұға алмайсың

Формуланың оң жағы, сол жағы бар

Ойынымыздың екінші кезеңі 2.«Формула жаза білесің бе?» бөліміне өтейік.

Са,Fe,AL,Na,Cu,P қосылыстарын теріп жазыңдар

  • Қай топта формула көп болса сол ұпай саны.

  • Бір формула екі рет қайталанбау керек

Жүргізуші:

Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойынымыздың үшінші кезеңі кезеңі 3. «Тапқыр болсаң тауып көр» бөліміне өтейік.

  • Әр жұмбақтың дұрыс жауабына бір ұпай беріледі

1.Сыныптан бір шықпайды

Тимесең жұқпайды

Жәрдемсіз бұл заттың

Оқушы сабақ ұқпайды ( Бор)

2. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың (Ас тұзы)

3. Өзі ауыр металға жатады

Балалар осы металл

құйған сақамен атады (Қорғасын)

4.Шыдасаңда алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (Су)

5.Өзім газбын, менімен демаласың

Жоқ болсам,ауа жетпей қиналасың (Оттек)

6. Бірінші буыным "көп" сөзінің антонимі

Екінші буыным "тілсіз жау"

Ал, өзім химиялық элементпін (Азот)

7. Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны ( Темір)

8. Күмістей түсі жылтыр, өзі суық

Буланбас, қайнасаңда отынды үйіп

Көрмейтін суықты, жылуды анық,

Қандай зат? Құрал жасар соны құйып (Сынап)

9. Атомның бір бөлшегі,

Тұрады ол ортада.

Элемент орны екенін,

Көрсетеді қашанда. (Ядро)

10.

Өсімдіктен аламын,

Өміріме нәр қыламын.

Бойыма ол сіңген соң,

Сыртқа оны шығарамын. (СО2)

11. Әрекеттесемін, жанамын,

Жаңа затты түземін. (Оксид)



12 Күштілігі артып тұр,

Ал, қанекей айтыңдар.

Қай қышқылды айтып тұр (H2SO4 )

Ойынымыздың төртінші кезеңі «Формулалар сайысы» бөліміне өтейік.

  • Мұнда формулалардың аттары берілген химиялық формуласын жазамыз

Тұз қышқылы - HCl

Күкірт қышқылы - H2SO4

Кальций хлориді - CaCl2

Натрий гидроксиді - NaOH

Калий оксиді - K2O

Мыс (ІІ ) сульфаты – CuSO4

Темір (ІІІ) гидроксиді - Fe (OH)3

Күкірт оксиді - SO2

Кальций оксиді - CaO

Магний гидроксиді - Mg(OH)2

Азот қышқылы - HNO3

Кальций силикаты - CaSiO3

Ойынымыздың бесінші кезеңі 5. «Ойлы болмаң озып көр» бөліміне өтейік.

Оқушылардың әрбір дұрыс жауабы 1-ұпаймен бағаланады

  • Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді, жауабы дұрыс болмаған жағдайда қарсылас топ жауап береді.

1.Дәрігерлер беретін анттың авторы? Гиппократ

2.Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент? Калий

3.Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент? Бром

4.Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент?Йод

5.Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?

Активтелген көмір

6. Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді? Температура

7. Жер бетінде химиялық таза темір барма, бар болса ол қайдан шыққан? Метеорит темірі



Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,- дей отырып, ұпай сандарымызды анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасы береміз. 

Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - деп бүгінгі «Химия әлеміне саяхат» атты ойынымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!!!














































1. Оттек газын бос күйінде алған ғалымдар?
2. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
З. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
4. Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл? (Алюминий)
5. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)
6. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)
7. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл (қорғасын – Pb)
8. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық атауы.калий перманганаты
9. Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды?
(Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар).
10. Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның қандай әсері бар?
(Ауадағы NO2, SO2, SO3 газдары жаңбыр жауғанда жерге қышқыл жаңбыр болып түседі)
11. Оң зарядталған ион (Катион)
12. Өсімдік тіршілігіне қажетті элементтерді ата. (Р, К, N)
13. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды. (Фтор)
14. Азот металдармен әрекеттескенде қандай қосылыс түзеді? (нитридтер)
15. Аммиактың судағы ерітіндісі? (мүсәтір спирті)
16. Фосфордың табиғи қосылыстарын ата? (фосфорит, апатит)
17. Карборунд деген не?
18. Na2CO3 тұзының ортасы қандай? (сілтілік)
19. Күкірттің сутекті қосылысы? H 2S
20. Шыны өндірісіне қажетті басты шикізаттар? (Құм, әктас, сода)

(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)

II кезең «Полиглот»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
1. Қатысушылар берілген жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)
2. Екі кезеңде ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығарылады.

1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,)

2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа, воздух, air)
3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron
4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water)

5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)
6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7. Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, oxygen
8. Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен.
Жауабы: Күміс, Серебро, silver

(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
(2 оқушы ойыннан шығарылады).

IІІ кезең «Дода».
Бүгін де химия барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,
1. Бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша таңдау жасайды: медицина, ұлы тұлғалар, қилы сұрақтар, т. б
2. Қатысушыларға төрт тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20; 30; 40, 50 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 5, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде жалауша көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.

«Ұлы тұлғалар»:

10 - Универсалды тұрақты - идеал газдың 1 мольндегі молекула санын ашқан итальяндық ғалым(А. Авогадро)
20 - Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Д. Пруст)
30 - «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» қай ғалымның сөзі? (Қ. Сатпаев)
40 - Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым (И. А. Каблуков)
50 - «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик ғалымы? (Д. И. Менделеев).

Биология және медицина:
10 - Адам ағзасында кездесетін микроэлементтер.
20 - Дені сау адамның асқазанында болатын қышқыл?
30 - Адам дем шығарғанда қанша % СО2 бөледі? (4%)
40 - Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста да қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий хлориді)
50 - Бұл затты тамақпен уланғанда дәрі түрінде қолданады, оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бүл қай дәрі? (белсендірілген көмір)

Қилы сұрақтар:
10 - Қай элемент ертерек күннен, кейін жерден табылған? (Не)
20 - 1400 С және 58 атмосфера қысымда ауа өзгеріске ұшырай ма, қандай? (сұйылады)
30 - Ежелгі грек ертегісіндегі батырдың атына сәйкес элемент (тантал)
40 - Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
50 - Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз? (оттек)

Химиялық қосылыстар:
10 - Көміртектің сутекті қосылысын ата. (метан)
20 - Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ ( көмірқышқыл газы)
30 - Тау хрусталі минералының латынша аты. (Кварц)
40 - «Химиялық өндірістің наны» деп аталатын қосылыс. (күкірт қышқылы)
50 - Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз?

(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
(2 оқушы ойыннан шығарылады).

IІІ кезең «Жорға».
Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Бұл кезеңге 2 оқушы қатысады. Жүргізуші 1 минут ішінде сұрақтарды оқиды.

1. Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар)
2. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы (аллотропия)
3. қышқылдық ортада лакмус қағазы қандай түске боялады?
4. Калий қандай металл (сілтілік)
5. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром)
6. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды (нитраттар)
7. Г. Кавендиш алған химиялық элементті А. Лавуазье «гидроген» деп атаған. Ал қазір қалай аталады?
8. Жану үрдісі үшін 3 жағдай қажет: оттектің болуы, белгілі температура және.... 3 - ші компонентті атаңдар. (отын)
6. Д. И. Менделеевтің туған жері?
7. Сұйық күйде болатын 2 жай затты ата (Нg, бром )
8. Жанбайтын, суға батпайтын, концентрлі күкірт, азот қышқылы ерітіндісінде де тотықпайтын, түссіз СuО (ІІ) қосылысының түсін өзгертетін қатты сутекті қосылысты ата.
9. Ең алғаш адамзатқа белгілі болған металдар. (Ag, Au, Cu)
10. Жер қабатында ең көп тараған зат (Н2О)
11. Химиялық элементтердің таңбасын кім енгізді? (Берцелиус)
12. Оттек газын бос күйінде алған ғалымдар? (ағ химик Д. Ж. Пристли, швед ғалымы
К. Шееле)
13.«ион», катион, анион электролит терминдерін енгізген физик? Майкл Фародей
14. Н2S лоб - да қандай құралдың көмегімен алады алады? (Кипп аппараты )
15. Күкірттің тұрақты аллотропиялық түр өзгерісі? (ромбалық)
16. Көміртектің металдармен түзілетін зат (карбид)
17. Өткір иісті, тұншықтырғыш қоңыр түсті, улы газ. (NO2)
18. Қазақстанның қай қалаларында фосфор өңдейтін заводтар бар? Тараз, Шымкент.
29. Су газының басқаша атауы? (генератор газы)
20. Түркістанда құйылған тайқазан неше металдан құйылған? (Fe, Zn, Sn, Pb, Cu, Ag, Au)
21. Құрғақ мұз бола ма? (СО2)

Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала бер жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Химия ?леміне саяхат» сайысы

Автор: Каржаубаева Амангуль Оракбаевна

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205593

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Биология ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(28) "biologhiia-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "181393"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425326196"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "274245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452350451"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "Дене шыны?тыру п?нінде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру."
    ["seo_title"] => string(95) "dienieshynyktyrupnindiezhanainnovatsiialyktiekhnologhiialardypaidalanaotyrypbilimsapasynarttyru"
    ["file_id"] => string(6) "304024"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457631730"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) ""Кәсіптік бағдар беру бойынша оқу жылына жоспар""
    ["seo_title"] => string(49) "k_siptik_bagdar_beru_boiynsha_oku_zhylyna_zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "495599"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1547639611"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства