kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қиын оқушы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қиын оқушы»

«Қиын»оқушылармен «қолайсыз»отбасынан шыққан оқушылардың жазғы демалысы.

2 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Зинекешова Б.Е.

Жадырап жаз келдi.

Табиғаттың осы бiр мезгiлiн ең алдымен балалар асыға күтедi.

 Өйткенi бұл санасын сабақтан арылтып,

алаңсыз балалық шақтың аралында сайрандайтын уақыт.

Кекiлiн күнге сүйдiрiп,

 табанын құмға күйдiретiн ойын баласы

үшін бұдан асқан қызықты шақ болмас.

Сондықтан дәл осы жолда еліміздің

балалары қайда және қалай демалады

 деген сауалдың туындауы заңды.

 


            Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін - өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.

         Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.

         Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру, жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.Осыған орай біздің мектебіміздің ыстық тамақпен қамтылған «Жұлдыз»лагеріне алдымен тізмге азқамтылған,көп балалы ,тұлдыр жетім, қиын және қолайсыз отбасылардың балалары тізімге жазылып ,қамтылады.Қай бала болсада ,балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді. Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді.  

      Жыл сайын елімізде әр түрлі үлгідегі  мыңнан астам лагерлер жұмыс істеп, 1 миллионнан астам балалар демалады. Балалардың жазғы кезде демалуы үшін лагерлердің екі типі болады: мектептегі және қала сыртындағы.Біздің №2 орта мектептің жанындағы лагерьге 168 бал тегін тамақпен қамтылды .Өкінішке орай, көптеген қала сыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың қалтасы көтере бермейтіні анық. Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары белсенді демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді. Жетім, аз қамтамасыз етілген және көп балалы, толымсыз отбасы балалары мен үздік оқушылар да сол жерде тегін дем алады. Ал, жұмыс істейтін ата-аналар балалар қараусыз қалады деп алаңдамайды, мектеп жанындағы лагерде олардың демалысы қамтамасыз етілген.

Мектеп лагері - белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.

Лагерь - кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерьде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.

Балалардың сауықтыру лагерлері - балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бір жағынан, жазғы лагерь-жасы, жынысы және даму деңгейі әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, екінші жағынан-бұл сауықтыру, көркемдік, техникалық, әлеуметтік шығармашылықты дамыту кеңістігі. Жыл сайын оқушылар үшін күндізгі уақыттағы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Онда бастауыш сынып оқушылары, оның ішінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тарту міндетті болып саналады.

              

Қала сыртындағы орындарының негізгі міндеттері - балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын  нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың  тиімді демалысын және  бос  уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған және биыл 2015-2016 оқу жылында қала сыртындағы «Жарық»лагеріне 18 бала , «Сағашилі»лагеріне 9 бала,емдеу-сауықтыру лагеріне 11 бала дем алды. Оқудан бос  демалыс кезінде жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады.  Лагерьлік ауысым - арнаулы педагогикалық жүйеге негізделген арнаулы ұйым немесе уақытша балалар ұжымы. Лагерь ауысымы - баланың ортасының өзгеруі, өмір  сүру стилін өзгертуі болып  табылады, кей жағдайда баланың түбірімен өзгеруі жағдайлары кездеседі. Әлеуметтік – педагогикалық мәселені шешуге көмектеседі, яғни баланың бос уақытын мәдени-құнды мазмұнмен толықтырады әлемдік және отандық мәдениетке баулиды, әр баланың санасының  қалыптасуына ықпал етеді және  адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, салауатты өмір сүруге  деген көзқарастарын  қалыптастырады.

Бүгінгі күнде қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – тәрбиесі қиын балалардың көбеюі.Осыған орай осы қоғамдағы өзекті мәселені шешуге жазғы лагерьаусымы –осы балаларға көп өзгеріске ұшырауына көмектеседі.



Әлеуметтік педагог :Зинекешова Б.Е.

















































      Ауысым құрылымын үш кезеңге бөлуге болады: ұйымдастыру кезеңі, негізгі кезең, қорытынды.

      Ұйымдастыру кезеңі. Бұл ауысымының алғашқы 3-4 күні - лагерге бейімделу уақыты. Баланың жаңа ортамен танысып, алдағы істелетін істерді танып-білу кезеңі болады. Бұл  кезендегі педагогтың басты міндеті - баланың өзінің жақсы жақтарын көрсете алуына, ашылуына жағдай  жасау.

      Бұл мезгілдегі балалардың ара қатынасы тұрақты болмайды, ортақ қоғамдық пікірлері жоқ, бірақ берілген ұйымының қалыптасуына деген  адамгершілік - психологиялық негіздері қаланады. 

      Лагерь ауысымының негізгі кезеңі - балалардың жеке тұлғалық өзін-өзі көрсетулері кезеңі. Бұл қысқа уақыт бөлігінің басты мәні - балалардың тұлғалық шығармашылық потенциалдарының барынша ашылуына ықпал жасайтын іс-қимыл түрлерін таңдау. Педагог бұл тұста басты ұйымдастырушы және басшы қызметінен кеңесші, үйлестіруші қызметіне көшеді. Жеке тұлғалық қатынастарды - бұл мезгіл тартыс, қақтығыстар кезеңі. Қатыныстарды іскерлік жағдайы  туйындайды. Бұл уақытта балалар бірлестігінде қалыптасып келе  жатқан қоғамдық (қауымдық) пікірлер үлкен маңызға  ие.

 

 

      Қорытынды  кезең - баланың өз ісіне өзі талдау  жасайтын және қорытынды шығаратын  кезең. Балалар лагерден не  көрді, не  үйренді және  осы әрекеттердің кейінгі лагерден тыс  уақытта тигізетін  пайдасы қандай деген сұрақтарды түсінулері керек. Педагог бұл  тұста басты ұйымдастырушы және басшы қызметіне қайта ауысады.

      Көңіл көтеретін ойын-сауық түріндегі өткізудің жалпыға  арналған түрлері мен (лагерь деңгейіндегі шаралар) ойын-сауықтырудан бөлек шартты-талдаушы (отряд  ішіндегі жұмыстар) жеке - топтық жұмыстардың арасындағы тепе- теңдік орнатылуы  қажет.

         Осындай кезеңдерге бөлінген ауысымдар өткізетін, жыл бойы жұмыс істейтін, №4 орта мектебне қарасты «Одуванчик» лагері.

            «Одуванчик» - балалардың толық, белсенді демалуы мен сауықтыруда жағдайларды жасаудың стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыруда.























































«Одуванчик» лагерінде жүйелі түрде ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдердің табиғат аясындағы демалысы өте маңызды әлеуметтік – педагогикалық мәселені шешуге көмектеседі, яғни баланың бос уақытын мәдени-құнды мазмұнмен толықтырады әлемдік және отандық мәдениетке баулиды, әр баланың санасының  қалыптасуына ықпал етеді және  адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, салауатты өмір сүруге  деген көзқарастарын  қалыптастырады.

«Одуванчик» - ауысымға қатысушы балаларға әртүрлі қызығушылық үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Үйірмелер мен спорттық секциялардың, топтық және ұжымдық-шығармашылық іс-шаралар алуан түрлі бағыттылығы балалардың ішкі жан дүниесін және шығармашылық қабілеттерін  дамытады.

Жазғы демалыс кезеңімен балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалануда арнайы түрде оқу-тәрбие және сауықтыру жұмыстарын жоспарлы түрде іске асыруға арналған іс-шаралар көптеп өткізіледі.

            Бос уақытын ұйымдастыру- бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерьде болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады. Оның негізі әртүрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық ережелерін бекіту жүзеге асырылады. Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене және рухани қабілеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.

         Концертке, спорт жарыстарына, қойылымдарға бару, қыдыруға, саяхатқа шығу да баланың көңіл көтеріне ықпал жасайды. Демалыс белгілі бір шамада балаларды күнделікті шаруаларынан босатады, оларға эмоциялық көңіл - күймен өз сезімдерін ашып көрсету мүмкіндігін береді. Өздігінен білім алу балаларды мәдени құндылықтарға тәрбиелейді. Өздігінен білім алуға экскурсиялар, пікірталастар, іскерлік ойындар жатады.

          Балалардың демалысының ұйымдастырылуы жайлы сөзімізді қорыта келгенде,   біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал тереңірек ойлап қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады.

Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт

Бүгінгі күнде қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – тәрбиесі қиын балалардың көбеюі. Сонымен, тәрбиесі қиын бала дегеніміз кім? Оларды неге қиын деп атаймыз?

«Қиын оқушы», «Тәрбиесі қиын бала» ұғымдары өте кең. Бұл ұғымдар ғылымға 30 жылдары А.С. Макаренко, В.Н. Сорока-Росинскийдің еңбектерінде орын тапқан. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар – бұл оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар.
Баланың бас ұстазы-ата-ана. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі рөлі ерекше. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар тарпынан жасөспірімдерді тәрбелеуде жіберілетін төмендегідей қателіктер байқалады:
Девиантты жүріс-тұрыс пен мінез-құлыққа душар болған балалармен жұмыс түрі мен технологиясы – алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады. Бейімдеудің бірнеше түрі бар, олардың бірі-психологиялық бейімдеу. Психологиялық жолмен бейімдеу – баланың сана сезімінде терең орын алып қалған «менің ешкімге қажетім жоқ», «менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл кеңес беру, иландыру жолымен өзіне деген сенімін арттыру.
Сондықтан барлық мектептердегі психолог мамандар оқушылардың ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты одақтастыруға жағдай жасауы тиіс.
Тәрбие отбасынан басталады.
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы — отбасында қолайлы қарым-қатынасты орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі–Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде», — деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:
ұрпақжалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз – өз жұмысына, ісіне сену. Себебі, нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талашылдық, еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың – болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әракетті үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «мендігін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу. Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс-керіс, дау-жанжал), бірін-бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, міне-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, оны әрбір баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін — өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс-тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
— дайындық кезеңі;
— қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
— екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора-жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
— үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
— соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін — өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады.
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс-шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
Қазақ халқы-ғажап тәлімгер.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі – салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс ана тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, ертегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың»,- деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса, олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет.

Қиын бала және отбасы тәрбиесінің әсері
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін адамға берілген мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін әрбір адамның психикалық даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу керек. Үлкендер балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан ата-аналардың тәжірибесінің жетіспеуінен, балада елестетудің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз дамуынан мінез-құлқының қалыптасуында қиындықтар пайда болады.
Егер зерттелу нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен белгілі бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі қалыпты болады.
Қиын балаларға кімдерді жатқызуға болады? Сабақтан көп қалатын, тәртібі мен білімі нашар, адамгершілігі төмен, қарым-қатынас жасай алмайтын, ойлау қабілеті төмен, ашуланшақ, мұғалім талабын орындамайтын оқушыларды «қиын балаға» жатқызамыз. Осындай оқушыларды мектептің педагог-психологтары анықтап, олармен жұмыс жүргізуіміз қажет.
Көбінесе, баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл – отбасы кемшілігі.
Бала мінез-құлқының қиын болып келуі 2 факторға байланысты:
Мінез-құлықтағы қиындықтар
Биологиялық фактор

Ұсақ әлеуметтік фактор

Биологиялық фактор – әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақат алудан, уланғыш заттардан және т.б. зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады.
Ұсақ әлеуметтік фактор – баланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жандалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.
Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін басқалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік басым болады.
Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:
Қабылдамау
Гиперсоциалды
Қорқақ-секемшіл
Эгоорталықты
Қабылдамау – егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, сүю болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.
Гиперсоциалды – мұндай ата-аналар – «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.
Қорқақ-секемшіл – бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіңе «Мен ауырып қалмаймын ба?», «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқақ-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қорқынышпен қарайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.
Эгоорталықты – бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уақытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.
Міне, осылай дұрыс тәрбиелемеуден баланың мінез-құлқы қиын болып қалыптасады. Сондықтан әрбір отбасы дұрыс тәрбие бермеуден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейді.

Қиын оқушылармен жүргізілетін бірнеше жаттығуды ұсынамын:
«Бұдан да жылдамырақ бола ма?»жаттығуы (15 мин.)
Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау.
Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды (бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұраңыз). Топта барлығы жақсы араласқан соң. «Тоқта» дейсіз.
Бәрі жабулы көздерімен тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. Ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа айтыңыз: «Сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деңіз.
Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беріңіз; есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл – оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді.
Ойынның әр раундынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раундқа, ойыншыларға, қанша уақыт қажет болғанын айтыңыз, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз.
Нұсқаулар: Ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың бәрі қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады.
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

«Танысу» жаттығуы 
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатынын өзінің 3 қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады.
Осындай қойылым қатысушылардан өз қасиеттеріне, жеке ерекшеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икемділігін, тапқырлығын талап етеді.
Талдау: Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді?

«Біз» жаттығуы 
Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: «Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан ынтымақты қауым құрайық. Мұны бірнеше кезеңмен ақырындап жасаймыз. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз /қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші бір шеңбер жасауға болады/. Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топқа ынтымақтастық ықпалын тигізеді – бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады /бірлікке әкеледі/, ортада тұрған әлде біреуге шабуыл жасау жақсы, дәл осы жағдайда маған… Енді шеңбердегі орындарыңызды ауыстырыңыздар, бәрі – ұл – қыз «арқылы» тұратын болсын.
Келесі адым – өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірлеріңізге өте жақын тұрыңыздар және бір-бірлеріңізді қолпаштаңыздар. Қолдарыңыздан, иықтарыңыздан, белдеріңізден ұстаңыздар – кімге қалай ыңғайлы.
Әрі қарай – қауымдастығымызды сезініп көрейік. Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңбермен тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты – сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? /топ өлең таңдайды/. Сонымен, бастайық…
Соңында, қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік».
Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі.
Қазір өзімізді қалай сеземіз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды /бірлікті/ аз да болса біз сездік пе? Біз шеңберге тұрғанға дейін және осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз? Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөлді. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады.

 «Алфавит» жаттығуы (20 мин.)
Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.
Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді.
Олар «Команда сезімін» жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.
Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлаңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адым — әркім өз есімін дауыстап және анық айтады (фамилиясыз).
Жүргізуші: «Есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталаңызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды».
Бәрі есімдерін айтып болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса алдына, соңғы әріптен басталса аяғына тұру керек. Қатарға тұру кезінде сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз көрсетілген ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреулеріне ғана, өз орнына тұру үшін орындарын ауыстыруына белгі беруге болады.
Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі – бәрі өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады.
Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады. Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?
Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

«Мәке Жәке Қоқиев» жаттығуы (10 мин.)
Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.
Бұл жаттығу әсіресе кішкене топпен жұмыс жасауға арналған. Ол қатысушылардың босаңсуына, көңіл күйлерін көтеруге бағытталған. Егер жұмыс үлкен топпен жүргізілсе, оларды 6-8 адамнан ішкі топтарға бөлу қажет. Қажетті жағдайды жасау үшін, келесі оқиғаны айтыңыз: «Бұл ескі кавказдық салт. Бір тайпаның көсемі жоғалды. Күнде кешкілік сол тайпа адамдары жиналып, алау маңында шеңбер жасап отырып, бір-бірінен Мәке Жәке Қоқиевты кімде-кім көрді деп сұрайды. Ең бастысы тайпалардың ішінен ешкім күлмеу керек, себебі көсемнің жоғалуы – ол жаман қасиет».
Қатысушылар шеңбер болып отырады. Ойын бастайтын жүргізуші алыңыз. Ол оң жағындағы көршісіне былай дейді: «Сен Мәке Жәке Қоқиевты көрген жоқсың ба?». Осы сөздерді айтқан кезде жымиюға, тіпті күлуге болмайды.
Оң жақтағы көршісі мынадай белгіленген жолдарды айтады: «Қап, мен оны көрген жоқпын. Мен өзімнің көршімнен сұрайын».
Ол да сол сұрақты күлмей, жымимай оң жақтағы көршісіне қояды. Бірақ ол басқалардың күлкісін келтіретіндей бірдеңелерді қосуына болады.
Кім жымиса немесе күлсе, сол ойыннан шығады.
Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз?

«Рөлдік билер» жаттығуы 
Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.
Жүргізуші: «Қазір біз рөлдік билерді билейміз. Яғни мен сіздерге образ ұсынамын, сол образды көрсете отырып билеп көрейік. Мұқият болыңыздар. Сонымен, біз «роботтар биін» билейміз… Енді «1-ші курстардың билерін» және т.с.с.»
Талдау: Осы тапсырма ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді? Образдарды көрсету барысында өзіңді қалай сезіндің? Бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар.

 «Біз қандаймыз?» жаттығуы
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу.
Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қоямыз. «Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. «Минус» белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші жеке өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.
Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?

Әдебиеттер

Қиын» балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру

  Мақсаты: сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге әр түрлі әлеуметтік топтағы отбасылар«мінез-құлқы қиын балалар және отбасылардың  психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.

 және отбасылармен қарым-қатынас жасау  »

 Сергіту.

Тапсырма: Алдарыңыздағы қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті  құндылықтарды жазыңыздар. Саны  - 11. Мысалы, ақша, денсаулық, білім

     Енді төртеуін шығарып тастаңыздар, тағы үшеуін шығарыңыздар. Енді екеуін шығарыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды және ол  көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала - ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.

         «Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден;

            Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;

            Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса,    бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» - деген М.Жұмабаев.

     Ал біз, мұғалімдер, «қиын» деген сөзді көбіне-көп жасөспірімдерге  қарата айтамыз. Оған себеп не?

       Қиын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу  қазіргі таңда педагогикалық-психологиялық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырған мәселе «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға артуы. «Қиын оқушылар» тек жасөспірімдер арасында емес, бастауыш сынып оқушыларының арасында да бар. Сондықтан оқушыларды ерте жастан, бастауыш кезеңінен бастап қолға алу керек. «Қиын бала» деп тек тек қана сабақ оқымайтын, қиқар, тәртіпсіздікке бой алдырған балаларды ғана атауға болмайды. Психологияда үндемейтін, ішімдегіні біліп ал деп томаға тұйық жүретін балаларды да «қиын балаға» жатқызады. Осы орайда ғалым педагог В.Трифонов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған  шағын ортасы, отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсетті. Зерттеу барысында қиын балалардың 44%-ы толық отбасы болмағанынан, 30%-да жақын туыстарының заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15%-да әке-шешенің біреуі ішімдікке салынғандар екен. Бұдан шығатын қорытынды: қиын балалардың пайда болуының себебі – отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы.     Тіпті жағымды отбасының өзінде бала тәрбиесіне 18 минут қана бөлінеді екен. Қалған уақытта бала компьютер, телефон, телевизор, дискотека,  т.б. сияқты балаға өзіне ұнайтын нәрселермен айналысады.

    ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары да «қиын» балалардың шығу себептеріне бей-жай қарамаған.  Ж. Аймауытов «Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жеткіліксіздігінен баланы бұзуға,  яғни түзетуге себеп болатын бір шарт жас күнінде алған өнеге» - деген. Мектеп пен отбасы байланысының дұрыс жолға қойылмауы да бала мінез-құлқына теріс әсер етеді. Үшіншіден, бұқара халықтың, қоғамдық ұйымдардың тәрбие ісіне немқұрайлы қарауы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінбеуден туындайды.

     Қиын балалардың пайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге экономикалық жақтарын да ескеру  керектігі туралы белгілі педагог А.С.Макаренко былай деді: «Ерекше заң бұзушылар жоқ, тек қиын жағдайға тап болған адамдар бар, яғни белгілі бір ортасыз, достарынсыз қалған, жанашыры жоқ, тұрмыстың бар ауыртпашылығы бір өзінің мойнына түскен өмірлік тәжірибесі жоқ кез-келген бала заң бұзушылыққа барады». Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын мінез-құлқында өзгерістер орын алған, қозу күйін дәрі-дәрмекпен тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы жасөспірімдер жатады. Соңғы жылдары қоғамда жүріп жатқан түрлі өзгерістер, әсіресе, ел экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі ұрпақ тәрбиесіне өз салқынын тигізді. Күн көрістің қамымен көптеген отбасылар сауда-саттықпен айналысып, бала тәрбиесін босаңсытып алды.

     Өкінішке орай жастардың әрекеттерінде негізінен физиологиялық күштер мен еліктеу басым болады. Бұл осы жас кезеңіне сай нәрсе, бірақ кейде осының  әсерінен жаманшылықтарға ұрынады. Адам балаға жақсылықты түсіну және жасай білуді үйрету керек. Әрине бұл жерде отбасының рөлі өте зор, оның балаға тигізетін әсерін алмастыра алатын ешқандай мемлекеттік мекеме жоқ. Баланың әлеуметтенуі толығымен негізінен отбасында жүреді. Сондай-ақ балалардың мінез ауытқушылығына ұшырауына сол отбасындағы тәрбиенің қателіктері әсер етеді. 

         Жасөспірімнің мінез-құлқы -  отбасындағы қарым-қатынас қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені отбасынан бастаған жөн. Отбасындағы өзара қарым-қатынасты түзеу керек. Сынып жетекшісі әрбір отбасы ерекшелігіне байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Ол үшін сәтсіз отбасының пайда болу себептерін анықтау керек. Ол әр отбасында әртүрлі болуы мүмкін. Ондай отбасын бес түрге бөлуге болады.

      1.Толық емес отбасы.

      Жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасында «қиын» бала көбірек кездеседі. Бұндай отбасындағы жағдай өте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың жоқтығы аңғарылады. Сынып жетекшісі осындай отбасымен жұмыс жүргізуде жетістікке жету үшін мынадай бағыттарды ұстануы қажет:

  • Баланың анасының сеніміне кіру, баланың анасының орнына өзін қойып көру,. Себебі ол оған деген көзқарасын бақылай білуге көмектеседі.

  • Баланың болашағына қызықтыру, балаға деген ананың және баланың анаға деген жауапкершілігін ояту. Баланың жан дүниесін түсінуге, ойын бөлісуге шақыру. Баласына ашылып, өзінің жоспарын айқындау жөн екендігін түсіндіру.

 

     2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ отбасы.

     Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір болып келеді. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсіністік, тіпті бала мен ата-ана арасындағы байланыстың болмауы. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеуі қажет?

       Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зиян келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар әке-шешенің осындай жүріс-тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен қиналысына көңіл аударту. Отбасында ата-ананың қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның отбасы өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл отбасындағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.

 

    3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы.

    Бұл отбасындағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді.  Тек мектеп пен мұғалімді кінәлап, баланың көзінше беделін түсіреді.

    Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес, дәріс, іскерлік ойындар өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін көтеруге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.

 

     4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын отбасы.

     Бұндай отбасындағы бала өзімшіл келеді, ата-анасы баласының бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады.

     Бұндай жағдайда сынып жетекшісі басқа отбасындағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.

 

     5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін отбасы.

     Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайтын ата-аналар. Әдетте бұл үйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді.

      Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көздерін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмыстарына ата-ананы араластыру қажет. Себебі, педагогикалық іш-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қарым-қатынасын өзгертеді.

 

Психолог: Қиын баланың мінез-құлық ерекшеліктері:

     Мінез-құлқы бұзылған балалар өз қылықтарына жауапкершілікпен қарамайды, ата-анасының рұқсатынсыз жүріп-тұрады, сабақтан қашады, қаңғырып кетіп қалады, алкоголизм, наркомания және т.б. тұлғаның патологиялық даму формалары да көрініс береді. Қоршаған ортадан агрессивті түрде қорғанады, өзінің іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмайды, көңіл-күйдің құлазуына бейім болады, сондықтан басқалармен жиі керісіп қала береді. Құрбыларымен де дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайды. Олар көбінесе өзінен үлкен немесе кішкентай балалармен жиі тіл табысады. Бұндай балалардың оқу үлгерімі төмен болады және оқу дағдылары өз деңгейінде қалыптаспайды. Сонымен қатар өздерінің әлеуметтік теріс қылықтарын жасырмайды, өйткені олардың өзімшілдік сезімі өте жоғары болады.    Ал алып жатқан ескертулер мен жазалар тек ішкі қарама-қайшылығын күшейте түседі. Мұндай балаға әкімшілік жазаларды қолдануға болмайды (мысалы, елдің көзінше ұрсу, жиналыстарда талқылау т.с.с). Сол сияқты оның бағасын төмендететін позициялардан «Олай етуге болмайды», «Өзіңді олай ұстама», «Сенің олай етуге қалай дәтің барады» аулақ болған жөн.

«Қиын» балалармен жұмыс істеу жолдары:

1.Балаға ілтипатпен, ізгі  тілектестікпен қарау;

2.Оның жақсы қасиеттеріне сүйену;

А.Бебельдің: «Әр адамның бойында ояту және жетілдіру ғана керек сан-алуан қабілет болады» деген керемет сөзін есте ұстап, әр оқушының жақсы жақтарын табу және оны дамыту.

3.Оның бойында қоғамдық қызметке бейімділігі бар екенін дәлелдеу.

Сынып жетекшінің қызметі:

  1. Оқушы және оның отбасының жағдайы туралы білу;

  2. Отбасымен қарым-қатынас құра білу;

  3. Тәрбие мақсатын орынды қоя білу және іс-шаралардың баланың жас ерекшелігіне қарай құру;

  4. Ата-аналар жиналыстарында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеру;

  5. Оқушының мектепке келуін және сабақ үлгерімін  қадағалау;

  6. Әр оқушының көңіл-күйіне және жеке ерекшелігіне назар аудару;

  7. Әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай үйірмелерге тарту;

  8. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту;

  9. Егер сыныбында ерекше назардағы бала болатын болса, мамандарға алғашқы болып сұраныс жасау және бала туралы алғашқы мәліметтерді беру;

  10. Оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу және түзету жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді.

    Қиын оқушыларды жөнсіз қорқыту, айтқанды мүлтіксіз орындату, айқаймен тәртіп сақтаудың тиімсіз әдіс екені, керісінше тәрбие өз беделінен айрылып қалатыны анық.

    Кез-келген мұғалім педагогикалық теорияларды жете білемін дегенмен, педагогикалық такты меңгермесе, ол шебер әрі тәжірибелі тәрбиеші бола алмайды. Ушинский: «Такт – жеке адамның қасиеті, адам мінезінің ерекшелігі. Такт – ол мұғалімнің сапасы, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу. Сезімталдық, дұрыс, ақылды талап қоя білу».

    Мұғалімнің қиын оқушылармен қарым-қатынасы әр түрлі формада жүреді: сұрау, талап ету, сендіру, бұйыру, мадақтау, жазалау т.б. осының бәрін қолдануды білгенімен, ретін, жөнін, мөлшерін білмей жатады. Оны педагогикалық тактыны жете меңгерген адам ғана біледі.

1-топқа: Қиын баланың шығу себептері

2-топқа: Қиын балалардың мінез-құлық ерекшеліктері

3-топқа: Сынып жетекшісі қандай қызметтер атқаруы керек?

4-топқа: Жағдаят

5-топқа: Жағдаят

Тренинг: Шеттетілген оқушы

Сынып жетекшісі агрессиялық мінез-құлқы

бар балаларға қалай қарауы керек?

 

    Профессор Н.Е.Щуркованың және оның әріптестері мінез-құлқы күрделі балаларға арналған педагогикалық әрекет алгоритмін ұсынады.

 

  • Мінез-құлқын түсіну. «Ия, осылай болады...», «Сенің жасыңда мен де осындай жағдай болған...».

  • Мінез-құлқын ақтау. Балаға жартылай қолдау білдіру: «Сенің орныңда басқа біреу болуы да мүмкін еді...», «Мүмкін, мен де сөйтер ме едім...».

  • Баланың жасағанына ой жіберу үшін оның заттық әлеуметтік нәтижесіне талдау жасау:«Сен, сірә, .... жасағың келген шығар, ал ол ... болып шықты», «Сен оны ... болып шығады деп ойламаған да шығарсың...».

  • Өзін-өзі анықтау үшін балама мінез-құлық тәсілін көрсету: «Былай жасағанда ... болар еді», «Мұндай жағдайда кейбіреулер ... жасайды».

  • Бала болған оқиғаның уәждемесі мен себептерін анықтай алуы үшін, оны ойлануға шақыру: «Сен өзің қалай ойлайсың...», «Бұл енді қалай аяқталады деп ойлайсың...», «Сен туралы басқалар не ойлайды...».

  • Басқа мәдениет деңгейінде өзін-өзі жүзеге асыра алуына жағдай жасау үшін, сыртқы қорлаудан "қорғаныс": «Бұл есейе келе қалатын әдет...».

  • Тиісті әсер түріне қарама-қарсы күтпеген дербес шешім: «Мен сені ... жазалауым керек еді, бірақ мен   ... жасайын деп тұрмын», «Мен сені түсінеді деп сенемін...».

    Тапсырма: Мына жағдаяттар кезінде жоғарыдағы педагогикалық әрекет алгоритмдерін немесе «Мен-пікірін тәсілін қолданып көріңіз.

Мысалы: «Оқушыңыз сабақтан қашып кетті», «Оқушыңыз сыныптағы бір оқушымен төбелесті», «Сіздің оқушыңыз берілген тапсырманы орындамай келді», «Сіздің оқушыңыз бір мұғалімнің сабағында отырмайды», «Оқушыңыз мұғалімге ерегесіп сабақты мүлде оқымай қойды»

      Тәрбиесі қиын бала берекесіз жанұяда қалыптасатыны белгілі болды. Осындай жағдайда сынып оқушыларының, мектеп ұжымының, сынып жетекшісінің ролі зор. Сынып жетекшісі нәтижеге қол жеткізу үшін  отбасымен де жұмыс істеуі маңызды.

1-Жағдаят

      Бір күні 1-сыныпта оқитын Самат сабақтан қашып, мектепке бармай қалды. Соңғы кезде ол тек мектептен емес, бәрінен қашқалақтайтынды шығарды.

     Жағдайға сипаттама: Кішкентай Самат әке-шешесінің көптен күткен баласы еді. Ол биыл 1-сыныпқа барғанда әке-шешесі қатты қуанды. Оның әкесі араққа жақын еді. Арақ ішіп келген күні үйде береке болмайтын, айқай шығаратын, анасына тиісетін. Анасы  қашып-пысып жүргенде Самат қараусыз қалып, сабаққа сол күйі дайындықсыз келетін. Сол үшін мұғалімнен де талай рет ұрыс естіді. Сондай күндері сабаққа келгісі келмейді, бірақ басқа амалы жоқ. Мұғалім: «Неге сабақ оқымадың? Сабақтан соң қамап қоям» - деп қорқытып, қолына кітабын беріп, бұрышқа тұрғызып қоятын. Сол кезде мұғалімнің бетіне қарай алмай, кірерге жер таппай қатты қиналатын. Соңғы уақытта Самат сыныпта ешкімге қосылмай, оқшауланып жүретінді шығарды.  Бір күні Самат сабаққа бармай қалды. Мектептен келетін уақыты әлдеқашан асып кеткесін, анасы мұғалімге телефон шалғанда оның сабаққа бармағанын біледі. Күн болса, салқын, қанша дегенімен қыс мезгілі.  Анасы не істерін білмей, жылап, айналасындағы барады-ау деген үйлердің бәріне кіреді. Ешбірінде жоқ болып шығады. Амалсыздан болған жайды әкесіне айтады. Әкесі істің байыбына бармастан, салып ұрып «Баламды тауып бер» - деп мұғалімнің үйіне барып айқай шығарады. Ал Самат болса, өзінің сарайына барып, қаптағы қырқылған жүннің үстіне 1-2 сағат отыра тұрайын деп ұйықтап қалған. 

       Осы болған жайға байланысты ата-анасы мұғалімді, мұғалім ата-ананы кіналады. Талдау: Сіздің ойыңызша бұл жерде кім кінәлі?

 Мұндай отбасында психологиялық күйзелістің күштілігінен бала өзін жоғалтады. Бұдан әрі Саматтың тағдыры не болады? Мұғалім енді не істеуі керек? Оның алдында қандай міндет тұр?

2-жағдаят

 

     Қанат ашық-жарқын бала болатын, ешқашан анасынан сыр жасырмайтын. Бірақ бір күні ол шұғыл өзгеріп, тұйықталып, ашушаң болып алды.

Жағдайға сипаттама: Қанат мектептен ерте келетін еді, баланы өздерімен бірге тұратын әжесі қарсылап алатын.

Әжесі себепсізден-себепсіз Қанатқа ұрсып, ештеңемен айналыспай, бос жүресің, достарыңды жиі ертіп келесің деп кінәлайтын еді. Жұмыстан оралған анасына бас салып, баланың сыртынан жала жаба бастайтын. Алғашында анасы сенбей, қарсылық білдіріп жүрді, кейін бұл дағдыға айналып, ұлының істемеген істерін істеді дегенге сенетін болды. Сөйтіп, себепсізден-себепсіз ұлына ұрсатынды шығарды.

    Бір жолы Қанат мектепте «Бокс» секциясы ашылатын болып, соған қатысқысы келеді. Сыныптастарының көбі қатысуда. Бірақ ақылы секцияның  құны  1000 теңге. Шешесі бұдан бірден бас тартып, босқа уақыт өткізгені үшін мұнша ақша төлей алмайтынын айтты. Әжесі де қызын жақтап шықты.

 Өанат бұндай көзқарасқа қатты ренжіп, өз-өзінен тұйықталып қалады. Ол секцияға барып, басқа балалардың не үйреніп жатқанына қорлана бақылап тұратын болды. Үйде туыстарымен арақатынасы мүлде суып бара жатты.

     Талдау:

  • Анасы нені ескермеді?

  • Қанат не ойлап еді?

  • Әжесінің қылығы туралы не айтуға болады?

Енді қандай ұсыныс бересіз?

(Бала жаны өте жараланғыш болады, ал анасы ол жағын ескермеген. Қанат анасына өз тілегін айтқанда, оны бірден қарсы болады деп күтпеген еді.

   Балаға еш негізсіз ұрса беретін, анасына жамандап, жала жапқан әжесінің қылығы тіпті кешірімсіз. Оның секцияға баруына тыйым салу арқылы әжесі баланы істемеген істері үшін жазалаймын деп ойлаған.

Ұсыныстар:

  Анасы ең алдымен әжесімен сөйлесіп, шындығында мәселе қалай болғанын, баланың қай дәрежеде кінәлі екенін анықтау керек. Баланың сеніміне қайтадан ие болуы үшін, Қанатпен ашық сөйлескені жөн. Егер мүмкіндік болып жатса, ұлын секцияға жібергені дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмай жатса, оған түсіндіріп айтып, оған айналысатын басқа бірдеңе қарастырғаны жөн. Ал әжесі немересіне қатысты мәселеде ұстамдылық танытуы керек-ақ.

    Қорытынды: Отбасылық өмірдегі осындай қайшылықты бағыттың барлығында да баланың ішкі жан дүниесінен алшақ болу, оның тұлғалық қасиеттеріне мән бермеу байқалады.Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың әлеуметтік-психологиялық себептері

 

ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС.


1 . Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден  жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде  «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады. 
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың  тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері  мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни өзіндік «менгің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи  психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады. 
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.  
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді. 
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді. 
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
-    дайындық кезеңі;
-    қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
-    екінші кезең – қиын оқушылар  мен көш жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау. 
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың  арасында күрес басталады.  
Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге  талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек. 
3.Қазақ халқы-ғажап тәлімгер.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.

Қиын балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері

«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.

Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы - отбасында қарым - қатынастарды орнату.
В. Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой - өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3 - 4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4 - сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата - аналарды балалармен сырласуға шақырады.

Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар - намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата - мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс - тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.

А. С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде»,- деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір - қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым - қатынас жасаған абзал..

Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулеріне де «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата - аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден - бір жолы - отбасындағы ізгілікті қарым - қатынастарды орнату.

Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр - түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.

Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым - қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі - өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.

Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Педагог – ғылымдар «қиын» балалар мәселелерін жан - жақты зерттеуде. Бұл мәселемен 20 - 30 жылдары еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психолгтары А. Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский шұғылданды. Ол елуінші жылдарға дейін объективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек сол жылдардан кейін «қиын» балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми еңбектері шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда «қиын» балардың шығуына бірнеше себептер болады.

Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап қоймаушылық жағдайлар себеп болады. «Қиын» балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себебі жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық көңіл бөлмеуінен. Балалардың тәртіптерінің төмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бөлінеді. І - топқа күнделікті мектеп режимін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда - санда темекі тартып шаршап ішетін оқушылар жатса, ІІ - ші топқа осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді сыйламайтын оқушылар жатқызылады. ІІІ - ші топқа денсаулығы нашар, ақыл - ойы өз жасына сәйкес дамымаған, нерв жүйесі әр - түрлі ауруларға ұшыраған жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде «қиын»балалар деп аталады.

М. Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қиын оқушы

Автор: Зинекешова Бибигуль Есбосыновна

Дата: 25.10.2016

Номер свидетельства: 352240

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "баяндама "?иын бала""
    ["seo_title"] => string(20) "baiandama-k-iyn-bala"
    ["file_id"] => string(6) "288267"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454602343"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Қиын оқушымен жұмыс"
    ["seo_title"] => string(25) "k_iyn_ok_ushymien_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "401696"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489981729"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "«?иын» о?ушылармен ж?мыс жасау жолдары"
    ["seo_title"] => string(37) "kiynokushylarmienzhumyszhasauzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "334647"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465971126"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Мені? е? ?иын о?ушым"
    ["seo_title"] => string(20) "mieninienkiynokushym"
    ["file_id"] => string(6) "313921"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459579914"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Статья на тему; "Работа с трудными детьми" "
    ["seo_title"] => string(42) "stat-ia-na-tiemu-rabota-s-trudnymi-diet-mi"
    ["file_id"] => string(6) "161042"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422175492"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства